2015 жыл бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жұмысы Сумен қамтамасыз ету



Дата04.03.2016
өлшемі55.51 Kb.
#38987
2015 жыл бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жұмысы

Сумен қамтамасыз ету

Ауданда 50 елді мекеннің 21 орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 29 елді мекен тұрғындары орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етеді. Аудан бойынша су құбыр жүйесінің орташа ұзындығы 120 км. 33 су қысымды ұңғыма, соның ішінде 20 жұмыс істейді. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халықты сапалы сумен қамтамасыз ету 77,4% құрайды.

2014 жылы «Топаз» ЖШС-і Шыңғыстай, Топқайын, Үлкен Нарын, Катонқарағай, Аршаты, Коробиха , Солоновка ауылдарында жер асты су қорына мониторинг жүргізілді.

Су құбыры жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 2015 жылы 35 млн 996 мың теңге бөлініп, игерілді. Үлкен Нарын, Майемер, Солдатова, Еңбек, Белқарағай, Барлық ауылдарында созылымдылығы 3530 метр су өткізетін желілерді ішінара алмастыру және Солдатова ауылында ұңғыманы жаңалау жұмыстары жасалынды.

190 бірлік суық суды есепке алатын құралдардың қажеттілігі нақтыланды, соның ішінде жеке тұлғаларға-147 бірлік, бюджеттік объектілерге-30, басқа-13.

2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бюджеттік сала объектілеріне суық су есептейтін 30 құрал орнатылды. Басқа заңды тұлғаларға - 2, халыққа-43. Барлығы 75 бірлік, қажеттіліктің 39,4% құрайды.

2016 жылы созылымдылығы 2503 м Ново-Поляковка, Аққайнар, Ақсу ауылдарында су өткізетін желілердің және ғимараттардың ағымдағы жөндеу жұмыстары қарастырылған. Берел, Жамбыл, Ново-Хайрузовка ауылдарында екпіндерді жоюға, құбырларды ішінара алмастыруға 41 150 мың теңге.

Жылумен жабдықтау

Аудан аумағында «Нарын Сервис» ЖШС-нің қарамағында 5 жылу қазандығы бар. Катонқарағай және Үлкен Нарын ауылдарының тұтынушыларын жылумен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар емхана мекемелерін, ауылдық клубты және мектептерді жылытатын автономиялық қазандықтар бар.

Аудан бойынша екі құбырлы есептегенде жылу жүйесінің ұзындығы 13,1 км құрайды, соның ішінде 3,5 км тез арада ауыстыруды қажет етеді.

Инженерлік желілер 25-30 жылдардан бастап күрделі жөндеусіз пайдаланылып келеді. Катонқарағай және Үлкен Нарын ауылдарында жылу жүйелерін қалыпты пайдалану үшін кварталаралық жүйелерді қайта құру қажет.

Есеп беру жылы Үлкен Нарын ауылында ұзындығы 3,8 км орталық қазандықпен жылу жүйелерінің қайта құру жұмыстары аяқталды. Жалпы жоспарланған жұмыс құны 407,4 млн теңге. Сонымен қатар Үлкен Нарын ауылында ұзындығы 900 м жылу жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалынды.

2011-2015 жылдары қосымша орнатылған жаңа жабдықталған қазандықтардың есебінен Катонқарағай және Үлкен Нарын ауылдарында орталық қазандықты қайта құруына байланысты жылу қуатының өсуі байқалды.

2015 жылы ауданда жылу энергиясына тариф заңды тұлғаларға-5574,54 теңге/Гкал және тұрғындарға- 2169,07 теңге/Гкал құрады. Ағымдағы жылы 1 желтоқсаннан бастап жылумен жабдықтау тарифтерін қайта қарастырып, заңды тұлғаларға - 9620,38 теңге/Гкал және тұрғындарға -3158,17 теңге/Гкал құрайды.

Ағымдағы жылы есепті кезеңде жылумен жабдықтау бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 87 млн 766 мың теңге құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңіне 4,8 % немесе 3 млн 992 мың теңге.

2016 жылы Катонқарағай ауылында қазандық пен жылу жүйелерін қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу ескеріліп, республикалық бюджеттен 11 млн теңге бөлінді.

Терможанғырту әдісімен көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу туралы

2011-2020 жылдарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысында ағымдағы жылы ауданда 4 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде Улкен Нарын ауылында -3 және Катонқарағай ауылында -1. Жұмыс құны 25,9 мың теңге.

2011-2020 жылдарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге тапсырыс беруші ағымдағы жылы «Шығыс Қазақстан облысы тұрғын үй-пайдалану басқармасы» ЖШС-гі болып табылады.

ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен 4 көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге 2016 жылға бюджеттік өтінім берілді.



Елді мекендерді абаттандыру туралы

Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша ағымдағы жылы 15 сәуірден бастап 43 сенбілік өткізіліп, 5260 адам қатысты. Сенбіліктер өткізу барысында бюджеттік мекемелерді және тұрғын үйлердің аумағының ауласын тазарту бойынша жұмыстар орындалды. Скверлер мен саябақтар тазаланды. 9136 тонна қатты-тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар шығарылды және 11 дана техника әрекет етті. Катонқарағай, Үлкен Нарын, Ново-Хайрузовка ауылдық округтарында ағаштарды санитарлық тазалау бойынша жұмыстар орындалды. 47 заңдастырылмаған қоқыс орыны жойылды. Жеңіс күні мейрамына дайындық барысында ескерткіштерге ағымдық жөндеу жүргізіліп, аумағы тазаланды. Ұзындығы 136,7 км каналдар мен арықтарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Новополяковка, Катонқарағай, Белқарағай және Өрел ауылдық округтеріндегі елді мекендердің ішкі жолдарын грейдерлеу және себу жұмыстары жүргізілді.

73 дана құдық пен бұлақ абаттандырылды.

Екіайлықтар басында барлығы 6012 дана әр түрлі тұқымды көшеттер және 4653 шаршы метр гүлзарлар отырғызылды.

Үлкен Нарын ауылында саябақты сәулеттендіру бойынша жұмыстар жасалынып, «Мұңды ана» ескерткішін жөндеу және қайта құру жұмыстары жасалынды, 2500 шаршы метр көлемінде тратуарлық тақталар және 2500 шаршы метр асфальт төселініп, кіреберіс топтар алмастырылды, саябаққа 53 бірлік шырақтар қойылды.

Сонымен қатар Катонқарағай және Үлкен нарын ауылдарында шағын сәулеттік формалар құрылымымен елді мекендерді тәртіпке келтіру және аумақты тазалау жұмыстары жасалмаған. 2016 жылы 5 көппәтерлі тұрғын үйлердің аумағының ауласын сәулеттендіруге, күресін шұңқырларды жаңалауға бюджеттен 12421 мың теңге бөлінді.

Қоршаған ортаны қорғау

Ауданда қоршаған ортаны қорғаудағы қиыншылық тудыратын сұрақтардың бірі қатты тұрмыстық қалдықтарға орын табу.Үлкен Нарын ауылында аумағы 7 га ҚТҚ палигоны бар. Қатты тұрмыстық қалдықтар нәтижесі күтпеген апат өндіріп, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлер пайда болуына алып келеді.

Ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын жерлер бар, ол жерлерде мерзімді буртовка және қалдықты қайта өндейтін жұмыстар жүргізіледі. Осы сұрақты шешу үшін қатты тұрмыстық қалдық полигонын жаңалап, заңдастыру қажет, көрсетілген сұрақтың шешімі ауданда санитарлық және экологиялық жағдайды жақсартуы мүмкін.

Қазіргі уақытта барлық елді мекендерде қоқыс тастайтын жерлердің жер асты бөлімшелері ауылдық округ әкімдерімен рәсімделген.

48,9 млн теңгеге Катонқарағай ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар құрылысы үшін жобалық-смета жасалынып, қаржыландырудың жоқтығына байланысты есеп беру жылы жұмыс атқарылмады.

Автомобиль жолдары

Катонқарағай ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 383.7 шақырым.

2015 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына 69 249 мың теңге бөлінді, соның ішінде:

-«Жаңа-Үлгі-Жамбыл-Берел» автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 20 074 мың теңге;

-Ново-Поляковка-Ульяновка 12-25 шақырым автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына- 12 020 мың теңге;

-Үлкен Нарын ауылындағы Садовая, Октябрьская көшелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына (5576 шаршы шақырым қара жамылғы жабуға)-30 335 мың теңге.

Автомобиль жолдарын және көшелерді күтуге (ремпрофилированияға, шұңқырларды тегістеуге) - 6820 мың теңге;

Ұзындығы 110 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына төлқұжат алу үшін-4571 мың теңге.

2016 жылы аудандық бюджеттен 132 402 мың теңге бөлінді, соның ішінде:

-Үлкен Нарын ауылында Татаев көшесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына-19,8 млн теңге;

-Ново-Хайрузовка ауылныда Ленин көшесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына-19,8 млн теңге;

-Солоновка ауылындағы Советская көшесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына;

-Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтуге (ремпрофилированияға, шұңқырларды тегістеуге)-56,75 млн теңге;

-Үлкен Нарын ауылының аудан орталықтарының көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына-11,25 млн теңге;



-100 шақырым Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының төлқұжатын алуға-5 млн теңге.

Республикалық маңызы бар 399-418 шақырым «Өскемен-Зырян-Үлкен Нарын- Рахман қайнары» автомобиль жолы және облыстық маңызы бар 0-23 шақырым «Үлкен Нарын-Күршім» автомобиль жолдарының күрделі жөндеу жұмыстары жалғасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет