Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын



Дата07.07.2016
өлшемі199.57 Kb.
#183446


Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы «27» наурыздағы

№ 253 бұйрығымен

бекітілген



Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленген және сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік меншіктегі мемлекет пайдаланбайтын ғимараттарды, құрылыстарды, көлік құралдары мен жабдықтарды және ғимараттар мен құрылыстар алып отырған жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) кепілдік жарнасы – тендерге қатысу үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері енгізетін ақша сомасы.

2) қатысушы – тендерге қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектісі;

3) объектілер – мемлекеттік меншіктегі мемлекет пайдаланбайтын ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары мен жабдықтар және ғимараттар мен құрылыстар алып отырған жер учаскелері;

4) тендер – бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) әкімдіктер коммуналдық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі - атқарушы органдар) өздері қабылдаған бастапқы шарттардың негізінде ең жақсы шарт талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылардың бірімен шарт жасасуға міндеттенетін тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;

5) теңгерім ұстаушы – объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;

6) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру шарттары бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

7) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар терімі;

3. Мемлекет бір жылдан астам уақытта мақсаты бойынша пайдаланбаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің (бұдан әрі - ұйымдар) объектілері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, бір жыл мерзімге мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беріледі.

4. Объектілерді беру тендер негізінде жүзеге асырылады.



2. Пайдаланылмайтын объектілер тізбесін қалыптастыру
5. Тендерге қойылатын пайдаланылмайтын объектілердің тізбесін ұйымдардың мемлекет бір жылдан астам уақыт пайдаланбаған, оның ішінде ұйымдар мүлкінің мақсатты пайдаланылуын тексерулер барысында анықталған мемлекеттік меншіктегі мүлкінің (ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары және жабдықтар) қатарынан:

республикалық мемлекеттік меншікке қатысты - аумақтық бөлімшелер;

коммуналдық мемлекеттік меншікке қатысты - атқарушы органдар қалыптастырады.

6. Объектілерді тендерге қою аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) шешімі негізінде жүзеге асырылады және ұйымдардың мемлекеттік басқару органымен келісіледі.

Республикалық мемлекеттік меншіктегі объектілерге қатысты аумақтық бөлімшелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен қосымша келіседі.

7. Қалыптастырылған тізбенің негізінде аумақтық бөлімшелер (атқарушы органдар) тендерлер өткізу кестесін жасайды.

8. Ұйымдар объектілер шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілгенге дейін олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

3. Тендер өткізуге дайындық
9. Тендер өткізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады.

Тендер комиссиясы мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды.

Аумақтық бөлімшелер, жергілікті атқарушы органдар, баланс ұстаушы, мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және өзге ұйымдардың өкiлдерi республикалық мемлекеттік меншіктегі объектілер бойынша комиссияның құрамына енгiзiледі. Аумақтық бөлімшенің өкілі комиссия төрағасы болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар, баланс ұстаушы, мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және өзге ұйымдардың өкiлдерi коммуналдық мемлекеттік меншіктегі объектілер бойынша комиссияның құрамына енгiзiледі. Атқарушы органның өкілі комиссия төрағасы болып табылады.

Комиссия:

1) өз жұмысының регламентін әзірлейді және бекітеді;

2) тендер шарттарын айқындайды;

3) тендер өткізеді;

4) тендер жеңімпазын айқындайды;

5) осы Қағидаларда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

10. Егер комиссия отырыстарына комиссия мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысса, олар заңды болып табылады.

Комиссия шешімдері қатысып отырған комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

11. Тендер өткізуге дайындықты аумақтық бөлімшелер (атқарушы органдар) жүзеге асырады, олар:

1) объектілердің техникалық жай-күйіне қарай, шарттың түрін (мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру) айқындайды;

2) жалдау ақысының мөлшерін (объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде) айқындайды;

3) кепілдік жарна мөлшерін айқындайды;

4) тендер өткізу күнін айқындайды;

5) тендер өтетіні туралы хабарламаны уақтылы жариялауды жүзеге асырады;

6) тендерге қатысушылардың өтінім білдіру шамасына қарай оларға беру үшін тендер құжаттамасы жиынтығын дайындауды жүзеге асырады;

7) барлық тілек білдірушілерге тендер объектілері және өткізу шарттары туралы ақпаратқа еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

8) түскен материалдарды комиссияның қарауына береді;

9) осы Қағидаларда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.



4. Тендер құжаттамасы
12. Аумақтық бөлімше (атқарушы орган) тізілімнің веб-порталында тендер өткізу туралы хабарламаның, тендер өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын мемлекеттік және орыс тілінде жариялануын қамтамасыз етеді.

Тендер өткiзу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:

1) тендер өткізу шарттарын;

2) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасын;

3) тендер өткізу күнін, уақытын;

4) жалдау ақысының мөлшерін (мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде);

5) тендерге қатысуды ресімдеу тәртібін;

6) кепілдік жарнаның мөлшерін және оны енгізу үшін банктік деректемелерді (кепілдік жарнаның мөлшері ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді);

7) тендер шарттарын қамтиды.

13. Хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен, аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) шотына кепiлдiк жарна енгiзіледi.

14. Кепiлдiк жарнаны:

1) тендер өткiзілгенге дейін күнтізбелік үш күннен аз уақыт қалғанда оған қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайда, тендерге қатысушыға;

2) жеңімпаз тендер жеңiмпазының ұсыныстарына сай келетін талаптарда шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, оған қайтармайды.

Қалған барлық жағдайларда қатысушының деректемелері көрсетіле отырып, қатысушы өтінім берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзiмде кепілдік жарналар қайтарылады.

15. Тендер өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн аумақтық бөлімше (атқарушы орган) тізілімнің веб-порталы арқылы объект туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуді, баланс ұстаушы объектіні тексеруге еркін қатынауды қамтамасыз етеді.

16. Комиссия тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда, тендер өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын тізілімнің веб-порталында мемлекеттік және орыс тілдерінде барлық өзгерістер туралы хабарлама жариялануы тиіс.

Тендер шарттарының өзгертілгені туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан адамдар өтініш негізінде кепілдік жарнасын қайтаруды талап ете алады.

17. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер өткiзiлгенге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

18. Тендерге қатысу үшін қатысушы:

1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

19. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерге қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

20. Қатысушылар тізілімнің веб-порталында арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік және бағалық ұсынысты қамтитын тендерге қатысу өтінімін төменде көрсетілген құжаттардың және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке басты куәландыратын құжат, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкер үшін), тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасының;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің, жарғының;

3) осы объектіде өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі бизнес-жоспарды;

4) қолдаухат берілген күн алдындағы соңғы есепті күнгі жағдай бойынша шағын кәсіпкерлік субъектісінің бухгалтерлік балансын;

5) шағын кәсіпкерлік субъектісімен бір адамдар тобына кіретін адамдардың тізбесін;

6) кепілдік жарнаның аударылуын растайтын төлем тапсырмасының көшірмелерін қоса тіркейді.

21. Тендерге қатысушылардың өтінімдері және оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың көшірмелері тізілімнің веб-порталы дерекқорында сақталады және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу мен қарау үшін қолжетімсіз болады.

22. Қатысушының осы Қағидалардың 18 және 20-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның түспеуі тізілімнің веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

23. Тізілімнің веб-порталы дерекқорында кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдауды және қатысушыны тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің веб-порталы дерекқорында кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің веб-порталы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

24. Тендерге қатысушы:

1) тендерге жеке өзі немесе тиісті түрде ресімделген сенімхаттың негізінде өзінің өкілдері арқылы қатысады;

2) тендерге қойылатын объект бойынша қосымша мәліметтерді, нақтылауларды алады;

3) объектіні алдын-ала қарайды;

4) оның құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгінеді;

5) өзінің тендерге қатысуға арналған өтінімін бұл туралы комиссияға оны өткізгенге дейінгі үш күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша хабарлай отырып, қайтарып алады.

25. Егер өтінімдерді қабылдау мерзiмi аяқталған сәтте бiр ғана өтiнiм тіркелген болса (екiншi және келесi тендерлердi қоспағанда), комиссия тендерді өтпедi деп таниды. Өткізілмеген тендер туралы шешім тиісті хаттамамен ресімделеді.

Өтінімдерді қабылдау мерзiмi аяқталған сәтте кемінде бiр өтiнiм тіркелген болса, екінші және кейінгі тендерлер өтті деп танылады.

Тендер өтпеді деп танылған жағдайда тендерге қатысуға өтінімдерді ашу жүзеге асырылмайды және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттан кейін жиырма төрт сағат ішінде аумақтық бөлімше (атқарушы орган) тендерді өтпеді тану туралы актіге қол қойып, тізілімнің веб-порталына орналастырады.

26. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

27. Тендерге қатысуға өтінімдерді комиссия мүшелері тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушылар тиісті талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды.

28. Комиссияның шешімі бойынша ұсыныстары тендер құжаттамасындағы барлық талаптарға сай келетін және тендер шарттарын орындау бөлігінде үздік болып табылатын қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады.

29. Қатысушылар ұсынған жалдау ақысының сомалары сәйкес келген (тең болған) жағдайда, комиссияның шешімімен тендерге қатысушыға өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

30. Егер тізілімнің веб-порталы қабылдаған не комиссия тендерге қатысуға рұқсат берген тендерге қатысуға өтінімдер екеуден кем болса, объект жалғыз қатысушыға берілуі мүмкін екiншi және келесi тендерлердi қоспағанда, комиссия тендерді өтпедi деп таниды.

31. Тендер нәтижелері туралы хаттамада мынадай деректер:

1) комиссияның құрамы;

2) тендердiң шарттары;

3) объект туралы мәліметтер;

4) тендерге қатысушылар туралы мәлiметтер мен олардың ұсыныстары;

5) тендердiң жеңiмпазы туралы мәліметтер немесе жеңімпаздың болмауы себебін көрсете отырып, тендердің қорытындылары бойынша өзге шешім;

6) шартқа қол қою бойынша тараптардың міндеттемелері қамтылады.

32. Тендер нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылып, оған комиссияның барлық мүшелері мен жеңімпаз тендер өткізілген күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

33. Тендер нәтижелерін және жеңімпаз бен аумақтық бөлімше (атқарушы орган) шартқа тендер нәтижесі болып табылатын шарттармен қол қою міндеттерін белгілейтін құжат тендер нәтижелері туралы хаттама болып табылады.

34. Жеңімпаз шартқа қол қойған кезде көрсетілген құжаттардың, оның ішінде тендерге қатысу өтініміне тіркелген құжаттардың:

1) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің, жарғының;

2) жеке тұлғалар үшін: жеке басты куәландыратын құжаттың, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (жеке кәсіпкерлер үшін);

3) заңды тұлға өкілі үшін - жеке басты куәландыратын құжаттың және заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың түпнұсқасын аумақтық бөлімшеге (атқарушы органға) салыстырып тексеру үшін ұсынады.

35. Тендердiң нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде тендер жеңiмпазының ұсыныстарына сай келетін талаптарда жеңімпазбен шарт жасалады.

Тендер жеңімпазын айқындайтын тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей бір жыл мерзімге аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) басшысы не оның міндетін атқаратын адам тендер жеңімпазымен шарт жасасады және тізілімнің веб-порталында мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысандар бойынша тіркеуге жатады.

36. Жеңімпаз белгіленген мерзімде шартқа қол қоймаған жағдайда, комиссия жаңадан тендер өткізу туралы шешім қабылдайды.



6. Тендер нәтижелерін ресімдеу және шарттың мазмұны
37. Белгіленген тәртіппен ғимараттар (құрылыстар, ғимараттар) мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға тапсырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43 және 52-баптарына сәйкес олармен бірге көрсетілген мүлік алып отырған және белгіленген нормаларға сәйкес оны пайдалану үшін қажет жер учаскесі жалға беріледі.

38. Шарт мынадай ережелерді қамтиды:

1) шағын кәсіпкерлік субъектісіне берілетін объектінің техникалық сипаттамалары туралы деректер;

2) объектіні пайдаланғаны үшін төлемақы енгізу тәртібі мен мерзімдері (мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде);

3) аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) және бизнес-жоспарға сәйкес алынған шағын кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары мен міндеттері (мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде);

4) аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) және шағын кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары мен міндеттері (мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде);

5) сенімгерлік басқарушының есеп беру мерзімдері мен нысандары;

6) шартты мерзімінен бұрын бұзу негіздемесі мен талаптары қамтылады.

39. Шартқа қол қойылғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде баланс ұстаушы тендер жеңімпазы тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органын бір уақытта хабардар ете отырып, аумақтық бөлімше (атқарушы орган) бекітетін объектіні мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы қабылдау-беру актісі бойынша объектіні тендер жеңімпазына береді.

Ғимарат пен құрылысты мүліктік жалға (жалдауға беру) шарты мемлекеттік тіркелуге жатады және осындай тіркеу сәтінен бастап шарт жасалған деп саналады.

Тендер жеңімпазының кепілдік жарнасы мүліктік жалға беру шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жатады.

40. Қабылдау-тапсыру актісінде мыналар:

1) акт жасалған орны мен күні;

2) өкiлдері оларға сәйкес тараптардың мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi құжаттардың атауы мен деректемелері;

3) объектіні беру жүргізілетін шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi;

4) берiлетiн объектiнiң атауы, орналасқан орны, анықталған ақаулардың тiзбесімен бірге, оның техникалық сипаттамасы мен жай-күйі көрсетіледі.



7. Объектіні меншікке беру тәртібі
41. Шарттың талаптары орындалмаған кезде аумақтық бөлімше (атқарушы орган) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 24-тарауына сәйкес шартты бұзады және комиссияға алдын ала хабарлама жібере отырып, объектіні тендерге қайта қояды.

42. Шарт бұзылған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісіне жалға алынған объект үшін зиян келтірместен бөлінбейтін, ол өз қаражаты есебінен жүргізген жақсартулардың құны өтеледі.

43. Объектінің сақталуын қамтамасыз етпеу, оны мақсатты пайдаланбау және т.б. салдарынан зиян келтірілген жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 27-тарауына сәйкес келтірілген материалдық залалды өтейді.

44. Шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін және оның талаптары толық орындалған кезде аумақтық бөлімше (атқарушы орган) объектінің шағын кәсіпкерлік субъектісінің тіркеу есебінде тұрғанын мемлекеттік кірістер органына хабарлай отырып, оны шағын кәсіпкерлік субъектісінің меншігіне өтеусіз беру туралы шешім қабылдайды.

Объект алып отырған жер учаскелерін өтеусіз беру жөнінде шешім қабылдау Қазақстан Республикасының Жер кодексiнің 32 және 33-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

45. Объектіні шағын кәсіпкерлік субъектісінің меншігіне беру қабылдау-беру актісімен және объектіні өтеусіз беру туралы шартпен ресімделеді.

Мәмілені тіркеу «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

46. Аумақтық бөлімше (атқарушы орган) объектіні шағын кәсіпкерлік субъектісінің меншігіне өтеусіз беру туралы шарт жасалған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеуші - шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органын объектіні шағын кәсіпкерлік субъектісінің меншігіне өтеусіз беру туралы хабардар етеді.

Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер

көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын

объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға

(жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру

қағидаларына

қосымша

нысан
Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік



басқаруға беру тендеріне қатысуға

ӨТІНІМ

1. Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы жарияланған хабарламаны қарап және Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен танысып,

__________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның
басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін
өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында ___________20____жылғы «___»_______ _____________ болатын
тендерге қатысуға ниет білдіреді.

2. Мен (біз) саудаға қатысу үшін _____________________________________________________________________


(Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімше не әкімдіктер коммуналдық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме көрсетіледі)
_____________ шотына жалпы сомасы ____________ көрсетіледі
(цифрмен)
(___________) теңге_______кепілдік жарнаны (жарналарды) енгіздім (к).
(сомасы таратып (саны)
жазылады)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіндегі


ЖСК № __________, БСН ________, төлем тағайындау коды _____, Кбе ______, мекеме коды _______

Кепілдік жарнасы енгізілген мүліктік жалға алу (жалдау) объектілері туралы мәлімет:





р/с

Объектінің атауы

Аударуға жататын кепілдік жарнасының сомасы, теңге

1

 

 

2

 

 

 

Жиыны

 

 

Енгізілген кепілдік жарналары туралы мәлімет:



 

р/с

Кепілдік жарнасын тағайындау және тендерге қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген объектінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

Жиыны

 

 

 

3. Тендерге қатысушыға (жалға алушыға, сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес емес екенім (-із) анықталған жағдайда, мен (біз) тендерге қатысу құқығынан айырылатыныма (-ызға), мен (біз) қол қойған тендер нәтижелері туралы хаттама және мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (-із).

4. Егер мен (біз) тендер жеңімпаз(-дар)ы деп танылған жағдайда өзімізге тендер нәтижелері туралы хаттамаға өткізілген күні қол қою және тендер өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) не сенімгерлік басқаруға беру шартына қол қою міндеттемелерін аламыз.

5.Мынадай:

1) тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан;

2) белгіленген мерзімде мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) не сенімгерлік басқаруға беру шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайларда мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшесінде немесе әкімдіктер коммуналдық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеде қалатынына келісемін (-із).

6. Осы өтінім тендер нәтижелері туралы хаттамамен бірге мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

7. Өзім(із) туралы мынадай:

Заңды тұлға үшін:

Атауы _________________________________________________________

БСН ___________________________________________________________

Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                _______________________________________________

Мекенжайы: ____________________________________________________

Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________

Банк деректемелері:

ЖСК ___________________________________________________________

БСК ___________________________________________________________

Банктің атауы _________________________________________________

Кбе ___________________________________________________________

Өтінімге мыналар қоса беріледі:

1) ____________________________________________________________

2) ____________________________________________________________

3) ____________________________________________________________

4) _____________________________________________ қоса беріледі.

Жеке тұлға үшін:

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): _______________________________________________________

ЖСН ___________________________________________________________

Паспорт деректері _____________________________________________

Мекенжайы: ____________________________________________________

Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________

Банк деректемелері:

ЖСК ___________________________________________________________

БСК ___________________________________________________________

Банктің атауы _________________________________________________

Кбе ___________________________________________________________

Өтінімге мыналар:

1) ____________________________________________________________

2)_____________________________________________________________

3)______________________________________________ қоса беріледі.
________ ______________________________________________________
(қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

немесе заңды тұлғаның атауы және


заңды тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат

негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған

жағдайда) 20__ ж. «___»____________.

М.О.


Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы

20__ ж. «___»____________20__ ж. сағат «___» минутта қабылдады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет