Өндірістік практика есебі Жоспар


жылғы жаздың келу кестесі



бет9/12
Дата02.01.2022
өлшемі65.16 Kb.
#452032
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
stud.kz-34975

2009 жылғы жаздың келу кестесі

1 келу – 6 маусымнан – 15 маусымға дейін;

2 келу – 16 маусымнан – 25 маусымға дейін;

3 келу – 26 маусымнан – 5 шілдеге дейін;

4 келу – 6 шілдеден – 15 шілдеге дейін;

5 келу – 16 шілдеден – 25 шілдеге дейін;

6 келу – 26 шілдеден – 4 тамызға дейін;

7 келу – 5 тамыздан – 14 тамызға дейін;

8 келу – 15 тамыздан – 24 тамызға дейін.
Миротворец.
Демалыс кезінде «Миротворец» балалар тренинг мектебі балалардың қосымша білім алуын және демалуын ұйымдастырады. «Миротворец» «Чайка» балалар сауықтыру орталығының базасында орналасќан. «Миротворец» 7 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Қазір орталықты Қазақстан ғана емес, сонымен қатар жақын шетел мемлекеттері де таниды.

Мынадай үйірмелер бар: хореография, оригами, пластилинмен мүсін жасау, актерлік шеберлік, гитарамен өлең айту, «ертегімен емдеу».

Спорт және сауықтыру бағдарламалары: спорттық ойындар мен жарыстар, туристік жорық, театрлық көріністер, бард өлеңдері, дискотека, интеллектуалды және танымдық викториналар, ойындар, байқаулар.
Звездный.
«Звездный» балалар сауықтыру лагері лингвистикаға бейім. Лагерьге шет тілдерін үйренуге құштар адамдар келеді.

Ол үшін «Звездныйда» барлық жағдай жасалған. Төрт қабатты әкімшілік корпустың оқу аудиториясы мен компьютерлік класы қажетті құралдармен жабдықталған. Жетекшілер (вожатыйлар) балаларды арнайы бағдарламалар бойынша оқып-үйретеді.

Оқушыларға арналған тұрғын үй – екі қабатты жатақ корпус 200 орынға есептелінген. Жайлы бөлме, ыстық суы бар душ бөлмелері қолайлы жасалынған. Жеке корпустарда асхана мен медициналық-санитарлық бөлім орналасқан. Дәрігер мен медбике әрдайым кезекте болады.

Балдырғандарға жабдыќталған жазғы үрленбелі бассейн бар. Ал үлкен жастағы балаларға Бурабай өзеніне сапар ұйымдастырылған. Спортты ұнататындарға футбол алаңы, баскетбол мен волейбол алаңы жоспарланған. Балаларға арналған көршілес сауыќтыру лагерьлерімен спорттыќ жарыстар жиі болады. Мұнда әткеншектер де, алтыбаќан да, концерттер мен дискотекалар өткізілетін театр да бар.

Атап өтетін болсаќ, оќушылар туристік ғылымның негізін игереді. Ќотыркөл, үлкен Шабаќты, Лесное көлдеріне ұзынды-ќысќалы жорыќтар ұйымдастырылады. Туристер ќыдырғанда өзімен бірге палатка тәрізді жабдыќтар алады. Осындай жорыќтардан балалар үлкен әсер алады. Демалыстан соң балалар болған оќиғаларды ќуанышпен есіне алып, саяхат жайлы басќаларға әңгімелейді.

Жасыл түсті ќұпия әлем, ќарағай орманының ќұшырлы ауасы, әр кеш сайын биік ағаштардың ұшар басынан жұлдыздардың ірі болып көрінуі, костер жанындағы гитарамен өлең айту, достармен сырласу – осының бәрі романтика, ұмытылмас күндер. Біраќ, ќоштасудың кезі келетіні ренішті. Осындай ќызыќты да танымдыќ демалыс күндері есте ќалатыны сөзсіз.



Осының бәрін айтып көрсеткен соң ол «Континент» балаларды сауықтыру орталығын таңдады. Мен балаға жолдама, саќтандыру парағын толтырдым, оның мәліметтерін тізімге тіркеп отырдым. Жолдаманың жалпы мазмұнына келетін болсаќ, онда барушының жеке мәліметтері, әкесінің немесе анасының жеке мәліметтері, баратын мерзімі; саќтандыру парағында барушының мәліметтері, баратын мерзімі, жері, лагерь атауы және теңгедегі аќша сомасы көрсетіледі. Осындай ќұжаттарда клиент шарттармен таныстым, олармен келісемін және төледім деп ќол ќояды. Мен клиентке өзімен бірге не әкелу керек, ќашан, ќайда келу керек деген сауалдарға түсініктемелер бердім.
Кейінгі жолдамам Түркияға болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет