Өнеркәсіп пен
инвестиция
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 52 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 11 пайызды құрап отыр.
Жалпы өндіріс көлемінде өнеркәсіп өнімінің 69 пайызы өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тисе, 31 пайызы электр қуаты, су және газ өндірумен және таратумен айналысатын кәсіпорындардың үлесіне тиіп отыр.
Есепті кезеңде негізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемі 22 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 14 пайызға кем.
Республикалық инвестиция есебінен №2 перзентхана ауданында 150 кереуеттік онкологиялық диспансердің, Зашаған кентінде 200 кереуеттік облыстық көп салалы емхананың, 9-шағынауданда ауысымына 500 адам қабылдайтын қалалық емхананың құрылысы жүріп жатыр. Желаев кентінде 360 оқушыға арналған мектеп пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы 17 шм. болатын айналмалы қысымды канализациялық коллектор іске қосылды. Зашаған кентінде трансформаторлық қосалқы станцияны салу жалғасуда.
Шетелдік инвестиция есебінен 9-шағынауданда және Зашаған кентіндегі «Болашақ» шағынауданында 280 орындық балабақшалары салынып, пайдалануға берілді.
2009 жыл ішінде жалпы құны 9 млрд. теңгеге жаңа нысаналар салынып, пайдалануға берілді.
«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру
Мемлекеттің дағдарысқа қарсы негізгі құралының бірі болып Елбасының тапсырмасы бойынша Үкіметпен қабылданған «Жол картасы» бағдарламасы табылады. Жол құрылысы, инженерлік желілер мен коммуникацияларды жөндеу, мектептер мен ауруханаларды ретке келтіру, абаттандыру мәселелері – осылардың барлығы жинақтай келгенде, экономиканы дағдарыстан кейін дамытудың алғышартын құрайды.
2009 жылы «Жол картасы» дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыруға 1 млрд. 50 млн. теңге бөлінген болатын. Соның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына 800 млн.теңгеден астам қаржы жіберілген:
- алаңдар мен гүлзарларды абаттандыруға;
- қаланы көгалдандыруға;
- арықтарды жөндеуге;
- көшені жарықтандыруға;
- Еуразия даңғылы бойына қоршаулар орнатуға;
- орташа жол жөндеуге;
- тротуарлық тақтайшалар мен төсемтастарды төсеуге;
- жиектастарды ауыстыруға.
12 гүлзар мен алаң абаттандырылды, соның ішінде 7-еуіне субұрқақ орнатылды.
Аталған қаржыға Еуразия даңғылында 5 мың қума метрлік қоршаулар орнатылды, Достық даңғылы мен Еуразия даңғылы көшелерінің жиектастары бойымен және қиылыстарында жалпы көлемі 4 мың шаршы метрге жуық тротуарлық тақтайшалар мен төсемтастар төселді.
2009 жылы қалада және кенттік округтерде жол жөндеу бойынша қыруар жұмыстар атқарылды. Қаланың екінші деңгейдегі көшелерін жөндеуге көп көңіл бөлінді, осының нәтижесінде негізгі көшелерге түсетін салмақ азайтылды.
Ағымдағы жылы қала көшелерін жөндеуге және салуға 1,2 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде «Жол картасы» бойынша – 234 млн.теңге. Гринько көшесінің, сондай-ақ Брусиловский мен Аяз би көшелерінің құрылысы жүргізілді. Аталған көшелердің жолын салу көлік қатынасын, Зашаған кентіндегі жаңа шағынаудандардағы автобус маршрутының қозғалысын барынша жақсартуға мүмкіндік береді.
Московская көшесінде жол жабынын ағымдағы жөндеу жүргізілді, сондай-ақ осы көшені қайта құрылымдау үшін ЖСҚ дайындалды. Жұмыстарды жүргізу «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес 2010 жылдың жоспарына енгізілді.
Ружейников, Әйтиев, Карбышев, Нижегородская көшелері сияқты 13 көшенің учаскелеріне орташа жөндеу жүргізілді.
Алайда, ең бастысы «Жол картасы» бағдарламасының негізгі міндетін орындау болып халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін өсірмеу табылады. Ең алдымен, бұл – әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, жастар практикасын іске асыру. Сондай-ақ қаланың ірі кәсіпорындарымен қол қойылған үш жақты Меморандум арқасында жұмыс орындарын қысқарту көп орын алған жоқ. Алдымен халықтың нашар қамтылған топтарын жұмыспен қамту үшін қолдан келгеннің барлығы жасалды. Мамандығы жоқ адамдар қайта даярлау курстарына жіберілді.
«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында 2838 жұмыс орнын ашу көзделген болатын, яғни, жұмыстан қысқарту көп болады деп күтілгендіктен, пессимистикалық болжам жасалған еді. Алайда, болжам расталмай, бар болғаны 1300 жұмыс орны ашылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 614 адам жіберіледі деп күтілгенімен, нақты алғанда 1462 адам жіберілді (2,4 есе көп). Республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 55 млн. теңге бөлінді. Қаланың 87 ұйымымен әлеуметтік-жұмыс орындарын ашу үшін шарттар жасалды.
Жастар практикасына жыл ішінде 973 жас маманды жолдау көзделген болатын, нақты алғанда 1516 адам (60 пайызға артық) жіберілді. Республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 66 млн.теңге бөлінді. Қаланың 158 ұйымымен жастар практикасын ұйымдастыруға шарттар жасалды.
650 жұмыссыз азамат қайта оқудан өтті. Оқыту 22 мамандық бойынша 11 оқу мекемесінде жүргізілді.
Кәсіпкерлікті дамыту
Қалада 21 мың шағын бизнес субъектісі тіркелген, бұл 2008 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға артық.
Шағын бизнес саласында жұмыс жасап жүрген адамдардың жалпы саны - 50 мың, яғни, 9 пайызға артқан.
Шығарылған өнімнің (жұмыстардың қызмет көрсетулердің) көлемі 38 млрд теңгені құрады, бұл 2008 жылға қарағанда, 21 пайызға төмен. Өндіріс көлемінің азаюы ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемінің қысқаруымен және кейбір тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраныстың азаюына байланысты болып отыр.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын іске асыру аясында 2009 жылы қала әкімдігімен шағын бизнес субъектілеріне 149 жер телімі беріліп, пәтерлерді шағын бизнес нысаналарына бейімдеп қайта жабдықтау үшін 151 рұқсат берілген.
Негізгі азық-түлік
тауарларына деген бағаны тұрақтандыру
шаралары
Бағаны талдау тізіміне енгізілген 44 азық-түлік түрінің 28 түріне «Казагромаркетинг» АҚ-мен жасалған мониторинг нәтижесі бойынша республиканың басқа өңірлерімен салыстырғанда, 68 пайызға орташадан төмен. Сондай-ақ 2009 жылғы 28 қаңтардан бастап, яғни теңгенің құнсыздануынан бір апта бұрын қала әкімдігі тарапынан азық-түліктің 25 түріне мониторинг жүргізілді. Бүгінгі таңда 25 азық-түліктің 16 түрінің бағасы теңгенің құнсыздануынан бұрынғымен салыстырғанда 64 пайызға төмен. Республиканың басқа өңірлерімен салыстырғанда бүгінгі таңда нанға, жоғарғы сортты ұнға, ақталған тарыға, ет пен балық өнімдеріне және тұзға ең төменгі бағалар қалыптасқан.
Орал қаласындағы әлеуметтік-қоғамдық ахуалды сақтау мақсатында инфляциялық үдерістерді реттеу жөніндегі қалалық штаб құрылды. Негізгі өнім түрлеріне бағаны азайту бойынша іс-шаралар бекітіліп, маңызды азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармайдың бағасына апта сайынғы мониторинг жүргізіліп отырады.
Қала әкімдігі, қаланың негізгі көтерме жеткізушілері және базарлар мен бөлшек сауда нүктелері арасында негізгі тамақ өнімдеріне бағаны тұрақтандыру жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Ішкі нарықты негізгі тамақ өнімдерімен қамту және бағаны реттеу мақсатында «ЖайықБизнесОрталығы» ЖШС құрылып, жұмыс істеуде. Ол тауарларды тікелей өндірушіден сатып алып, тамақ өнімдерін ең төмен бағамен сатуды жүзеге асырады.
Аталған кәсіпорынның қалада 14 сауда нүктесі бар. Бұл сауда нүктелеріндегі тамақ өнімдері делдалдың көмегінсіз сатылады. Сондай-ақ 32 бөлшек сауда нүктесімен шарт жасалды, осы шарт бойынша «ЖайықБизнесОрталығы» ЖШС өз тарапынан қант, күнбағыс майы, күріш, тұз сияқты азық-түлік өнімдерін сатуға береді және жеткізеді, ал дүкендер өз кезегінде, 10-12 пайыздан аспайтын үстеме бағамен сатады.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Б.С.Ізмұхамбетовтің тапсырмасы бойынша Теректі ауданында «Батыс күнбағыс» ЖШС-нің май зауыты ашылды. Май зауыты 20 мың тоннаға дейін май тұқымын қайта өңдейтін болады және жылына 7 мың тоннадан астам көлемде тазартылған, иіссіздендірілген күнбағыс майын шығаратын болады. Бұл облыс халқын толықтай күнбағыс майымен қамтуға, импортты алмауға және басқа өңірлерге өз өнімін сатуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне өз кезегінде май дақылдарын егу алаңдарын кеңейтуге мүмкіндік туады. Өйткені олардың өнімдеріне тұрақты сұраныс қалыптасатын болады.
Қала әкімдігі тарапынан көтерме-бөлшек саудадағы тамақ өнімдерінің бағасына апта сайын мониторинг жүргізіліп отырады. Тамақ өнімдерінің бағасын негізсіз көтеріп отырған сауда орындарының басшыларына облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен және облыстық монополияға қарсы инспекциясымен бірлесе отырып, бағаны тұрақтандыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Қала әкімдігі тарапынан жеміс-көкөніс өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында жыл сайын ауыл шаруашылығы өнімдерін сату бойынша кеңейтілген маусымдық жеміс-көкөніс жәрмеңкесі өткізіліп отырады. Жәрмеңкеде облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге, саяжай учаскелері мен жеке аула иелеріне сауда орындары ақысыз берілді. Бұл оларға «дала-сөре» сұлбасы бойынша өз өнімдерін делдалсыз сатуға мүмкіндік берді. Жәрмеңкеде күн сайын 35-50 шаруашылық өз өнімдерін сатты.
Қаланың басқа базарларымен салыстырғанда көкөніс пен жеміс-жидектің кейбір түрлері 15-тен 30 пайызға дейін төмен сатылған. 2008 жылмен салыстырғанда, 2009 жылғы жәрмеңкеде шаруа қожалықтары 4 мың тоннадан астам өнім сатқан, бұл 500 тоннаға артқанын көрсетеді.
Агроөнеркәсіп кешені
Қазіргі уақытта қаланың агроөнеркәсіп кешені өндіріс көлемінің және оның тиімділігінің артуымен, АӨК саласын дамытуға бағытталған қаражаттың едәуір бөлінуімен сипатталады. Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 2 млрд. теңгені құрап отыр.
18 мың га жерге дәнді дақылдар егілсе, өткен жылғы көп жылдық өсімдіктерді ескерсек, азықтық шөптер 5 мың га жерді алды, 1 мың га жерге картоп егілсе, көкөніс-бақша өнімдері 700 га жуық жерді қамтыды.
Өкінішке орай, қолайсыз ауа райына байланысты (атмосфералық және топырақ құрғақшылығы) 40 пайыздан астам дәнді дақылдар күйіп кетті. Ал қалған жерлерде орташа өнімділік 4,2 ц/га құрады.
Қала бойынша 1250 тоннадан астам ет, 6200 тонна сүт, 60 млн. дана жұмыртқа шығарылды. 2008 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, мал шаруашылығы өнімдері 10 пайызға көтерілген.
Қаланың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 144 млн. теңгеден астам демеуқаржы бөлінген. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ желісі бойынша ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 34 млн.теңгеден астам несие берілген.
Көктемгі-егістік және жинау жұмыстарын жүргізу үшін қаланың ауыл шаруашылық құрылымдарына 703 тонна көлемінде арзандатылған бағамен дизель отыны бөлінді.
Қаланың өңдеуші кәсіпорындары 10 млрд. теңгеден астам сомаға өнім шығарған, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық.
Құрылыс
Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 4 млрд. теңгеден астам қаржы жіберілді немесе жалпы инвестиция көлемінің 20 пайызы бөлінді.
Барлық қаржыландыру көздері есебінен жалпы алаңы 104 мың ш.м. болатын 948 пәтер салынды, бұл 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда, 68 пайызды құрады.
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен жалпы алаңы 20 мың ш.м. болатын 4 тұрғын үй салынды. Оның 2-еуі «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынды.
«100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 9-шағынауданда жалпы алаңы 10 мың ш.м. болатын 128 пәтерлік монолитті тұрғын үйдің құрылысы жалғасын табуда, оны үстіміздегі жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Шетел инвестициясы есебінен халықтың әлеуметтік жағынан нашар қамтылған тобына 216 пәтерлік 9 қабатты тұрғын үй және апатты үйлердің тұрғындарына 48 пәтерлі тұрғын үй салынды.
Стелла ауданынан ЖЭО ауданына дейін жағалауды жайластыруға ЖСҚ дайындалып жатыр.
Қала әкімдігінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекте 47 мыңнан астам адам тұр. Орал қаласында 2008 жылы 251 жер телімі берілсе, 2009 жылы 46 жер телімі берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Зеленов, Теректі аудандарының кейбір аумақтары Орал қаласының шегіне кіргізілді. Қазіргі таңда Орал қаласының Бас жоспарына қажетті түзетулер жасалып жатыр. Толық жоспарлау жобасы (ТЖЖ) жасалатын болады және жер телімдері кезек бойынша беріледі.
Абаттандыру
Қаланы санитарлық тазартуды қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.
Жалпы пайдаланудағы топырақ жолдарды грейдерлеу және пішіндеу жұмыстары, қалалық қоқыс орнына және «Асан» ауданындағы карьерге 15 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары жүргізілді. Көктемгі су тасқыны кезінде 15 мың текше метр еріген қар суы шығарылды.
Қаланың жасыл қорын күтіп-ұстау және жаңарту мақсатында «Жасыл қала» МКК құрылды. Аталған кәсіпорын алаңы 450 ш.м. құрайтын жылыжайда 30 мың түрлі гүл көшеттерін өсіріп, олардың барлығын гүлзарларға және газондар мен вазондарға еккен. Кәсіпорынның тұқымбағында сәндік ағаштардың 16 түрінің көшеті егілген, мысалы: қайың, қарағай, бәйтерек.
Жол айырымы жолақтарында, гүлзарларда және алаңдарда 8 мың шаршы метр гүлзарлар отырғызылып, көшелер мен гүлбақтарында 111 вазон орнатылған.
Қаланың көшелері мен гүлзарларында 40 мың ш.м. алаңға газондар егілген. Сонымен қатар, 636 дана қурап кеткен және апатты ағаштарды кесіп алып тастау жұмыстары, 7 мың ш.м.-ден астам алаңда жасыл қоршауды қию, 2633 дана ағашты «шар» сияқты сәндік қию, 400-ден астам жапырақты және қылша ағаштарды отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Қазір «Жасыл қала» МКК көшеттерді отырғызу үшін жылыжайды және гүлзарлар үшін топырақ әзірлеу жұмыстарына дайындалып жатыр. Тұқымбағында қалада отырғызу орамды газондар өсірілетін болады. Бұл тұқым арқылы өсірілетін газондарға уақыт пен күшті зая кетірмей, дайын газондар салуға мүмкіндік беретін болады.
Қаладағы гүлзарлардан тұқымдар жинастырылып, енді түрлі құрылымдағы гүлзарлар (шағын нысандар, суреттер) салуға әзірлік жүріп жатыр. Өткен жылдың күзінде жаңа ағаштар мен көшеттердің 4 мың данасы отырғызылды және 2,5 мыңнан астамы көктемей қалғандарының орнына егілді (нашар тұқым, жеткілікті суарылмауы), бұған кінәлі адамдарға жаза қолданылды.
Жолдарды ағымдағы жөндеу жоспары
бойынша келесі жұмыстар атқарылды:
- 34 мың ш.м. көлемінде қаланың 81 көшесіне шұңқырларды бітеу жұмыстары;
- 12 мың ш.м көлемінде қаланың 62 көшесіне асфальтты бетон жабын салу;
- 6 мың ш.м. көлемінде қаланың 23 көшесіне қиыршықтастан негіз салу;
- 220 мың ш.м. астам көлемде қаланың 95 көшесіндегі жолдардың пішінін түзету;
- 99 мың қума метрден астам көлемде қаланың 6 магистралдық көшесінде сызаттарды құйып бітеу;
- 7 мың ш.м. көлемде қаланың 10 көшесінде тротуарлар салу.
16 мың қума метр көлемінде қаланың негізгі көшелерінде жиектастар ауыстырылды. Алғашқы рет қаланың арық жүйесінің кіші және үлкен шеңбері толыққанды жұмыс істеді. Достық, Құрманғазы, Комсомольская, Молдағалиева, Нұрпейісова, Шевченко көшелерінің арық жүйелеріне жөндеу жүргізілді. Ұзындығы 5000 м жуық Еуразия даңғылында жұмыстар жүргізілуде.
2009 жылы аула аумақтарын абаттандыру бағдарламасы бойынша 700 млн.теңге бөлінді. Осы қаражатқа келесі жұмыстар жасалған:
- 75 аулада махаллаішілік жолдар жөнделді;
- 45 аула аумағы жарықтандырылды;
- 33 балалар алаңшасы орнатылды;
- 51 контейнерлік алаңшалар қойылды.
12 жаңа аялдама павильоны орнатылды, оның ішінде 4-еуі соғылған материалдан жасалған. 8 қоғамдық дәретхана орнатылды.
294 орындықтар мен 405 қоқыс жәшіктері сатып алынып, олар қаланың магистралдық (Достық, Еуразия, Құрманғазы, Әбілқайыр хан) көшелерінде және қаланың аула аумақтарында орнатылды. Сондай-ақ қатты-тұрмыстық қалдықтар жинау үшін 526 контейнер сатып алынды.
2009 жылы 10 мың жарық нүктесін ағымдағы күтіп-ұстау үшін 153 млн.теңге бөлінді. Қалада 578 жаңа жарық нүктесі орнатылып, оның 327-сі кенттік округтерге қойылды.
241 жол белгісін, 561 бағдаршам шамдарын орнату мен ауыстыру жүргізілді және шамамен 400 мың қума метр көлемінде жол таңбалау жұмыстары жасалды.
Қалалық бюджет есебінен 84 млн.теңге сомасына 20 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді.
Қоғамдық көлік
Қазіргі таңда тұрақты қалалық жолаушы маршруттарында 7 тасымалдаушы кәсіпорын 36 қалалық маршруттары бойынша жұмыс істейді. Осы 36 маршрутта 504 бірлік көлік құралдары жұмыс істейді, олардың ішінде 314 автобус және 190 шағын автобустар қызмет көрсетеді.
2008 жылы әзірленген маршруттар сұлбасы қаланың барлық кенттік округтары мен шағынаудандарын қамтиды. Қазіргі негізгі міндеті барлық маршруттарды жабу мәселесі болып отыр.
Қаладағы және қала маңындағы жолаушы тасымалы қызметінің сапасын арттыру мақсатында тиісті шаралар алынды. Атап айтқанда, №7 маршруты толықтай орташа сыйымды автобустарға алмастырылды. Жолаушыларды толықтай қамту және балаларды мектепке жеткізу үшін Зашаған кентіндегі №10 жалпы орта мектеп ауданына кіретін етіп аталған маршруттың қозғалыс сұлбасына өзгерту енгізілді.
№14 автобус маршрутында қазіргі таңда ПАЗ маркалы 4 автобус қызмет көрсетеді. №14 және 38 маршруттардың жұмысын қадағалау үшін Желаев кентінде диспетчерлер жұмыс жасайды.
«УралТехСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет көрсететін №7, 16, 18, 53 маршруттарында негізінен кәсіпорынның өзінің автобустары жұмыс жасайды. Бұл өз кезегінде осы маршруттардың жұмысын дұрыстап қадағалауға мүмкіндік береді. №7, 16, 53 маршруттардың жұмысын қадағалау үшін Деркөл кентінде және «Көктем» шағынауданында диспетчерлік пункттер ұйымдастырылды.
«Базар-Круглоозерный-Серебряков» бағытындағы №51 маршрутында қазіргі таңда 3 үлкен класты автобустар қызмет көрсетеді. Қажет болған жағдайда тағы да бір кесте қосылатын болады.
Плодоовощной кенті тұрғындарының өтініші бойынша №39 маршруттың қозғалыс кестесі осы кентке дейін ұзартылып, автобус саны ұлғайтылды.
Қазіргі таңда қалалық маршруттары өтетін көшелерде 441 аялдама пункттері бар. Оның 102-сі аялдама павильондарымен жарақталған,ал 91 аялдамада шағын дүкендер салынған. Өткен жылы 4 соғылған аялдама павильондары салынған және қаланың орталық көшелерімен өтетін маршруттар бойынша жаңа заманға сай 8 аялдама павильондары салынып орнатылды. Ағымдағы жылы осындай павильондарды салу жұмыстары жалғасатын болады.
Сонымен қатар, өткен жылы такси қызметін реттеу бойынша жұмыстар басталған болатын. Осы мақсаттарға қала бойынша такси тұрағы үшін шамамен 70 орын белгіленген болатын. Күн жылынғаннан кейін сол орындарды таңбалау және жол белгілерімен белгілеу жұмыстары басталады. Осының барлығы автомобиль көлігі туралы заңнамаға өзгертулер енгізілуіне байланысты болып отыр. Енді заңды негізде жұмыс істейтін барлық таксилердің екі жақ бортында сары жолақтары болады. Жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау сапасын арттыру үшін осындай таксилер іске қосылып жатыр, өйткені ол таксилер желіге шығар алдында күн сайын техникалық тексерістен өтеді, ал жүргізушілер медициналық тексерістен өткізіледі. Екіншіден медициналық және техникалық тексерістен өтпеген, яғни бақылаусыз біздің көшелерде тұрып,такси болып жүрген “пираттарды” жою үшін жасалып отырған іс.
2009-2010 жылдарға арналған қысқы жылу беру маусымына дайындық
Қысқы мезгілге әзірленген кезде нақты жұмыстар атқарылған болатын:
“Жайықжылуқуат” АҚ-ы бойынша 12 км жылу желісі ауыстырылған, ЖЭО толығымен қыс мезгіліне дайын. Жайық өзені суының деңгейі төмендеуіне байланысты сорғы баржасында жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бас тоғанда үлкен диаметрлі ысырмалары толығымен ауыстырылған болатын. 10-12 км жылу желілері жыл сайын ауыстырылғандықтан оңды нәтижесін берді, құбыр желісін қосқан кезде құбырдың жарылуы төмендеді және сенімділігі артты.
“Орал Су Арнасы” МКК бойынша 6 км астам су құбыр желілері ауыстырылды. 400 км су құбыр желісі мен 80 км канализация желісі шайылды. Сорғы станциялары тексерілді және олар жөнделді.
Бюджет қаражаты есебінен 150 млн.теңге сомасына ұзақтығы 2,1 км су құбырын қайта құралымдау бойынша жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар, 84 млн.теңге сомасына қуаттылығы 10 кВ электр беру резервті желісін және сутартқышты қосатын Орал кен орындарының жерасты сулары бойынша 3 ұңғыманы бұрғылау жұмыстары атқарылды.
Облыс әкімі резервінен бөлінген қаражат есебінен Евразия даңғылы (“Әмбебап” СО учаскесі-нен 3-КСС дейін) өздігіне ағатын канализациялық коллекторды қайта құралымдау бойынша жұмыстары жүргізілді. Айналмалы арынды өздігінен ағатын канализациялық коллектор пайдалануға берілді.
“БатҚаз.РЭК” МФ ААҚ бойынша 0,4 кВ 4 км әуе желісі және 10 кВ 2,6 км кабелді желісі қайта құралымдалды; 127 км кабелді және 0,4-10 кВ әуе желілері жөнделді.
Қала бойынша көпқабатты тұрғын үйлер 100%-ға дайын (1091 тұрғын үй). Өткен жылы тұрғын үйлерді қыс мезгіліне әзірлеу бойынша ПИК-мен ауқымды жұмыстар атқарылды, қазіргі таңда барлық тұрғын үйлер жылу жүйесіне қосылды.
Пәтер иелері кооперативтерінің құрамына кірмейтін “иесіз үйлер” қаладағы күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда олардың саны 298 үйді құрап отыр. Бұлар негізінен пайдалану шығындарына төленетін төлемдердің аздығына және басқа да шығындардың көптігіне байланысты пәтер иелері кооперативтері қызмет көрсетуге бас тартып отырған 2-3 қабатты үйлер. Ал, мұндай үйде өздерінің пәтер иелері кооперативтерін құру тұрғындардың өздеріне тиімсіз, себебі, үлкен материалдық шығындарды қажет етеді.
Мұндай үйлердің негізгі проблемалары болып олардың қанағаттанғысыз жағдайы болып табылады. Себебі, тұрғындар жылпы мүлікті ұстап тұрудың шығындарын өтеуге қатысқылары келмейді, ал үй бойынша жауапты адамдар мұндай тұрғындарға ықпал етуге ешқандай мүмкіндігі жоқ.
Осындай үйлер бойынша әкімдік қызметкерлері тұрғындармен жиындар өткізіп, түсініктемелік жұмыстар жүргізіп келеді және бұл бағытта бірқатар оң нәтижелер де бар.
Қаладағы инженерлік желілердің тозуы 70 % және 100 %-ға жеткен, олар жедел жөндеуді талап ететіндігін атап өткен жөн. Соның салдарынан желілерде апаттар болуы мүмкін. Барлық инженерлік желілерде жылына шамамен 700 апат болады (260 жылу желілерінде, 100 электр желілерде және 400 су желілерінде). Соңғы жылдары желілерді жөндеу есебінен апаттар саны жыл сайын шамамен 16%-ға төмендеген.
Қаланың коммуналдық кәсіпорындар алдындағы тұрғындардың берешектері мәселе болып отыр. Қазіргі таңда тұрғындардың жалпы берешегі шамамен 900 млн. теңгені құрады, соның ішінде “Жайықжылуқуат” АҚ қызметі үшін 650 млн. теңге бережақ. Бірақ, ешнәрсеге қарамастан қала шаруашылығын және тұрғын үйлерді жылыту маусымына әзірлеу үшін біз барлық күшімізді салдық.
Білім беру саласы
Орал қаласының білім беру желісі 98 ұйымнан тұрады, соның ішінде 46 мектеп, 43 мектепке дейінгі мекемелер және 9 мектептен тыс ұйымдар. Білім берудің жалпы бюджеті шамамен 50 млрд. теңгені құрайды, соның ішінде материалдық-техникалық базасын нығайтуға шамамен 300 млн.теңге, білім беру нысаналарына күрделі жөндеу жүргізуге шамамен 600 млн. теңге бөлінген болатын.
Бюджеттен бөлінген қаражаттарға:
- 451 млн.теңге сомасына 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. (№3,5,6,20,26,27,39,41,42,43 ЖОМ);
- 59 млн.теңге сомасына №3 “Елочка” балабақшасына (І-кезең) және 9 млн.теңге сомасына “Атамекен” МКҚК күрделі жөндеу жүргізілді.
- 120 млн.теңге сомасына барлық мектептерге, балабақшаларға және мектептен тыс ұйымдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру аясында,”Жол картасы” жобасына сәйкес 106 млн.теңге сомасына №16 ЖОМ күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Білім беру нысаналарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қалалық бюджеттен 170 млн.теңге сомасындай қаражат бөлінді.
1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 48 млн.теңге бөлінді.
Республикалық бюджет трансферттері есебінен 126 млн.теңге сомасына пән кабинеттері әкелінді: биология кабинеті - 7 мектепке, мультимедиялық кабинет – 4 мектепке және интерактивті кабинет –12 мектепке әкелінді.
Мектептердің оқу кабинеттермен орташа қамтылуы: физика-93 %, химия-89%, биология - 93%, мультимедиялық кабинет - 78%-ға қамтылған. Жаңа ұрпақ оқулықпен 100 % қамтылған.
Қаланың 1-4 сынып оқушылары (14872 бала) 1 балаға 50 теңге есебімен ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күніне 1 баланың тамақтануы 100 теңгеге өсірілді. Сонымен қатар, отбасылары аз қамтылған 1 балаға 150 теңге есебімен 1402 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Жазғы уақытта балалардың демалысын ұйымдастыруға және сауықтыруға 27 млн.теңге бөлінді. 41 күндізгі мектеп жанындағы лагерлер, 8 мектеп жанынан 12 күрке лагерлер жұмыс істеді.
Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің желісі бойынша 16 жасқа толған 350 жасөспірім жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар, «Атамекен» сауықтыру лагерінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 540 балаға жазғы демалыс ұйымдастырылды.
Облыстық жастар қауымдастығының қолдауы бойынша девиантты мінез-құлықты 480 бала Шалқар өзеніне біркүндік демалысқа жіберілді. №12 және Круглоозерный мектептері жанында жазғы сауықтыру-еңбек лагерлері ұйымдастырылды, ол лагерге 275 бала қатысқан.
Тұтастай алғанда, демалыспен және сауықтырумен шамамен 21 мың оқушы қамтылған.
2008 жылы 8 балабақша пайдалануға берілді. Оның 4-і жаңа салынған, 1-і ғимарат арқылы сатып алынған, бұрынғы бос тұрған 3 балабақша ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілді.
Өткен жылы қала бойынша қосымша 8 балабақша ашылды. Атап айтқанда, Зашаған кентінде (3 балабақша – “Кеңдала” шағынауданындағы №38 “Жазира”, “Болашақ” ш/а №40 “Болашақ” және №42 “Алтын сақа”), Құрманғалиев көшесінде (2 балабақша - №41 “Ақтілек” және №43 “Өркен”), “Солтүстік-Шығыс” шағынауданында (№35 “Шұғыла” – бұрынғы “Русь” балабақшасы), 7 шағынауданда (№37 “Жұлдыз-ай”) және 9 шағынауданда (№39 “Салтанат”).
2008-2009 жылдарда қосымша барлығы 2,5 мыңдай бала балабақшаларға жолданды.
Сонымен қатар, 6 мектептің жанынан шағын-орталықтар ашылды, бұл жерлерде 4-5 жастағы 350-ден астам бала тәрбиеленуде. Осы жерлерде қосымша 300 баланы қамтитын 2 жаңа орталық ашу жоспарланып отыр.
Соңғы жылдары қалада 20-дан астам балабақша мен шағын-орталықтар ашылғанына қарамастан кезекте тұрған балалардың саны 2 еседей ұлғайып отыр (5700-ден 10550-ге дейін). Мұның негізгі себебі халықтың табиғи өсімі (бала туу көрсеткішінің жоғарылауы), қалалық жерге халықтың көптеп көшіп келуі және санитарлық нормалардың (2007 жылға дейін 1 балаға 2,2 шаршы метр болса, қазіргі уақытта – 5,5 шаршы метр) өзгеруі болып табылады. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан балабақшадан орын алу мүмкіндігіне сенім білдіруімен түсіндіріледі.
Дегенмен айта кету керек, біздер қазіргі уақытта балабақшамен 3 жастан 6 жасқа дейінгі кезекте тұрған 3335 баланы қамтамасыз етуіміз қажет.
2010 жылы 4 балабақша құрылысын салу жоспарланып отыр, соның ішінде республикалық бюджеттен – 920 орындық 3 балабақша (6 шағынауданда – 280 орындық, 9 шағынауданда – 320 орындық және Зашаған кентінде – 320 орындық) және облыстық бюджеттен Желаев кентінде 140 орындық 1 балабақша. 2011 жылы тағы да 960 орындық 3 балабақша салу жоспарда бар.
2009 жылы балаларды балабақшамен қамту 70% құрады, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 82%-ға жетеді, ал 2011 жылдың аяғына дейін аталған мәселені толықтай жабуды жоспарлап отырмыз.
Денсаулық сақтау саласы
Біздің облысымыздағы халыққа медициналық көмек көрсетудің қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған денсаулықты сақтау жүйесіндегі реформа белсенді жүріп жатыр.
Өткен 2009 жылы қала халқына медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында медициналық құрал-жабдықтарын сатып алу үшін 71 млн.теңге бөлінді, 472 млн.теңге қалалық емдеу ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге бағытталған.
№3 және 4 қалалық емханаларға, қалалық жұқпалы аурулар емханасына және облыстық туберкулезге қарсы емханаға күрделі жөндеулер жүргізілді.
Облыстық перинатальдық орталықты күрделі жөндеу аяқталды (бұрынғы №3 перзентхана).
Облыстық клиникалық аурухана жанынан офтальмологиялық орталық ашылды. Аталған орталықтың ашылуына С.Н.Федоров атындағы «Көз микрохирургиясы» Өңіраралық ғылыми-техникалық кешенінің Орынбор бөлімшесі үлкен көмек көрсетті.
Желаев және Круглоозерный кенттерінде дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды. Тиісті құжаттар мерзімінен кеш әзірленуіне байланысты Круглоозерный кентіндегі дәрігерлік амбулатория тек қана желтоқсан айында салынып басталды.
“100 мектеп және 100 аурухана” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылыстар жүріп жатыр:
- 9-шы шағынауданда ауысымына 500 кісі қабылдайтын қалалық емхана құрылысы.
- Зашаған кентіндегі 200 кереуеттік көп салалы облыстық балалар ауруханасының құрылысы.
Әлеуметтік
қамтамасыз ету
Біздің басты міндетіміз – халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмек көрсету, олардың арасындағы жұмыссыздықты жою бойынша белсенді нысаналарды пайдалану, оларды жұмысқа орналастыру, сауықтыру іс-шаралары арқылы мүгедектерге жәрдем беру.
2009 жылы 9 мың азамат жұмыспен қамту қызметіне жұмыс сұрап жүгінген, олардың ішінде 6 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, 3 мың адам қоғамдық жұмыстарға орналыстырылды, шамамен 3 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздардың саны 1020-дан 474 –ке дейін төмендеген, жұмыссыздық деңгейі 0,8 %-дан 0,5 %-ға дейін азайған.
Еңбек саласында әлеуметтік серіктестік және ұжымдық қатынастар аясында 258 ұйымның ұжымдық шарттары бар, жұмыс орнын сақтау және жұмыспен қамту бойынша 77 үш жақта меморандум жасасқан.
2009 жылы 9 млн. теңге сомасына 204 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек (535 адамға) тағайындалды. Өткен жылмен салыстырғанда кедей отбасылар саны 2 % (641 ден 630-ға) азайған. 1964 отбасыдағы 18 жасқа толмаған 3822 балаларға 36 млн.теңге сомадай жәрдемақы тағайындалды.
Үйде оқып және тәрбиеленетін мүгедек 1 балаға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын материалдық көмек төленетін болады. 2009 жылы 289 мүгедек балаларға 9 млн.теңге төленді.
2009 жылы тұрғын үй көмегін сұрап 5296 отбасы жүгінді, оларға 51 млн.теңге мөлшерінде көмек көрсетілді. 5119 азаматқа 51 млн.теңгеге көмек көрсетілді. Жергілікті уәкілетті органның шешімі бойынша 2009 жылы 18 жасқа толмаған мүгедек балаларды емдеуге 5 млн.теңге бөлінді.
Халықтың аз қамтылған топтарын қолдау мақсатында астық пен нанның қымбаттауына байланысты жергілікті бюджет есебінен кедей отбасыларға көмек көрсетілетін болады, әрбір адамға 1,5 АЕК мөлшерінде қаражат төленеді. Осындай көмек 2009 жылы 500 адамға көрсетілді, яғни оларға 7 млн.теңгедей қаражат төленді.
Облыс әкімдігінің шешіміне сәйкес кедейліктің шегіне жеткен отбасыларға 3000 теңге көлемінде коммуналдық қызмет құнын өтеу үшін ай сайын материалдық көмек көрсетілетін болады. 2009 жылдың мамыр айынан бастап 4 млн.теңге жалпы сомасына шамамен 200 отбасы осындай көмекті алды.
Әлеуметтік қызметкерлерден тұратын 7 бөлімше жұмыс істейді, олар 680 жалғызбасты және егде азаматтарға қызмет көрсетеді және 2 бөлімше мүмкіндіктері шектеу-лі 174 балаға қызмет көрсетеді. Гигиеналық құралдармен 460 мүгедек, сурдо-тифло құралдармен 553 мүгедек қамтамасыз етілген, 88 қол-аяқтарын протездеуге жолдама алды. 98 мүгедек кресло-арбалармен қамтамасыз етілді.
Орал қаласы әкімдігінің бастамасымен қалада тұрғылықты тұрағы жоқ тұлғаларды әлеуметтік қолдау мақсатында «Үйі жоқ адамдар үшін жылжымалы асхана» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны «Ақ Отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігі және еркін кәсіпкерлер және ақша,азық-түлік, киім, аяқ киіммен көмек көрсете алатын қала тұрғындары жүзеге асырады.
Осы жоба 2009 жылғы 21 қазанда басталды. Жобаны іске асыру басталғаннан шамамен 12 мың адам тамақтандырылды. Күніне шамамен 250 адам келеді. Қазіргі таңда аталған тұлғаларды тек қана тамақтандырып қоймай, оларға жылы киім және аяқ киім беріліп жатыр, 320 адам санитарлық тексеруден өтті, 10 адам бейімдеу орталығына орналастырылды. Жаңа жыл мейрамында оларға шағын азық-түлік сыйлықтары берілді.
«Ақ Отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің волонтерлары жақын туыстарын табу және құжаттарын қалпына келтіруге көмек көрсету үшін тұрғылықты тұрағы жоқ тұлғалар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |