Кәсіптік қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Суға бату кезінде көрсетілетін көмек
Түбір және қосымша
Суға бату кезінде көрсетілетін көмек
1-тапсырма. Берілген мәтін түсініп оқып, түсінгендеріңізді мазмұндап қысқаша өз сөздеріңізбен жазыңыздар.
Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса, оның аяқтарын 40- 50 –қа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетеді, аяқ-қол мен кеуде тұсын ысқылайды. Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді. Зардап шегушіні клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде көрсетілетін шаралар төмендегідей болуы тиіс.
ауыз, мұрын қуыстарын құмнан немесе балшықтан тазарту;
тыныс жолдары және асқазаннан суды шығару;
жасанды тыныс алдыру;
қан айналымын тексеру.
Жоғары тыныс жолдарын босату мынадай ретпен жүргізіледі. Ауыз қуысын тез қарап шығып, дәке сүрткісі оралған сұқ саусақпен алынбалы протезді алады, ауызды сілекейден, балшықтан тазартады. Бұдан кейін таңдай қуысының бөгде заттармен кептелгендігін анықтау үшін саусақты сақтықпен қозғалтады. Тыныс жолдары мен асқазаннан су мен көбікті шығару, суға батушыны етбетінен жатқызып, оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне тірейді және кеуде тұсын қысады, алайда бұл кезеңге бар-жоғы бірнеше секунд қана жұмсалуға тиіс.
Жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.
ессіз – без сознания
мүсәтір спирті – нашатырный спирт
жасанды тыныс алдыру – искусственное дыхание
қанағаттанарлық – удовлетворительно
клиникалық өлім – клиническая смерть
қан айналымы – кровообращение
құтқарушы – спасатель
Түбір мен қосымша
Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген т. б. сөздердің түбірлері — жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді: жол — із немесе сапар, сау — сүт алу, мектеп — оқитын орын, көр — көзбен байқау.
Осы түбірлерге жалғанған -дас, -тық (жолдастық деген сөзде) -ын, -шы (сауыншы деген сөзде), -тер, -діқ (мектептердің деген сөзде) -ін, -ген (көрінген деген сөзде) бөлшектері қосымша деп аталады.
Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тық, -ын т. б. дегендерде ешбір мән жоқ. Түбірге қосылғанда, оған бүтіндей жаңа мағына қосады, мысалы, жол — із я сапар болса, жолдас — жолға бірге шығатын адам я серік; не қосымша мән үстейді: мектеп — оқу оқитын орын болса, -тер деген қосымша сол мектептің біреу емес көп екенін ғана білдіреді. Сөйтіп, қосымша түбірсіз қолданылмайды және оның мәні тек түбір арқылы айқындалады.
Қосымша екі түрлі: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын езгертеді немесе жаңа мағына тудырады.
Жалғау өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертпейді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырады.
Жұрнақтын өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар.
Мысалы: Жол деген із немесе сапар мәнін беретін сөз болса, оған -дас қосылып, жол+дас — серік мәніндегі адам, оған -тық қосылып, жолдас+тық — адамдар арасында болатын қарым-қатынас.
Сау деген сүт алу мәнін беретін, қимылды білдіретін сөз болса, оған -ын қосылып, сау+ын - саууға байланысты жаңа мағынадағы заттық ұғым, оған -шы қосылып саууды іске асыратын адам сауын+шы, сондай мамандықтың иесі сияқты жаңа мағыналарды беріп тұр. Осындай жұрнақтар арқылы жасалған сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады. Сөйтіп, жол, сау деген сөздер — негізгі түбірлер де, жолдас, жолдастық, сауын, сауыншы деген сөздер — туынды түбірлер.
Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы: өнім, өндіріс, өніс, өнгіш сияқты сөздердің негізгі түбірі — өн.
2-тапсырма. Жақ, тос, тақ сөздеріне қосымша жалғап түрлендіріңіз, сөйлем құраңыз
Мысалы: жақ-сы-лық, жақ-та-с, жақ-па.
3-тапсырма «Өз маманыдығым» деген сөзді жекеше, көпше түрінде тәуелдеңіз.
Менің Біздің
Сенің Сендердің
Сіздің Сіздердің
Оның Олардың
Достарыңызбен бөлісу: |