«Өнеркәсіптік биотехнология негіздері» пәнінен ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет3/3
Дата16.07.2016
өлшемі0.67 Mb.
#203536
1   2   3

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

Модуль 1 Типтік сұлба және биотехнологиялық өндірістің негізгі стадиялары

Тәжірибелік сабақ № 1

Тақырыбы: Технология түрлері

Жұмыстың мақсаты: Технологияның негізгі түрлері мен класстарын оқып білу. Биотехнологиялық үрдістердің артықшылығын білу.

Бақылау сұрақтары:

  1. «Технология» түсінігіне анықтама беріңіз.

  2. Технологияның қандай класстары бар?

  3. «Биотехнология» түсінігіне анықтама беріңіз.

  4. Адамшөп тамырынан дәрі-дәрмек алу биотехнологияға жата ма?

Тәжірибелік сабақ № 2

Тақырыбы: Технология түрлері

Жұмыстың мақсаты: Технологияның негізгі түрлері мен класстарын оқып білу. Биотехнологиялық үрдістердің артықшылығын білу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сүт, бал, шұжық, нан, өсімдік майының өндірісі биотехнология болып табыла ма?

  2. Биохимия саласының қандай түрі биотехнологияда қолданылады?

  3. Химия-технологиясымен салыстырғанда биотехнологиялық процестердің артықшылығы қандай?

  4. Жануарлар (мүйізді ірі қара мал), өсімдік( бұршақ), және микроағзалар (малазықтық ашытқылар).

Тәжірибелік сабақ №3

Тақырыбы: Халық шаруашылығының әртүрлі салалары үшін биотехнологияның маңызы

Студенттер 4 топқа бөлінеді:



  1. 6 топ тапсырманы орындайды

  2. 1 топ-сарапшылар-орындалған тапсырманы 5 балдық жүйе бойынша бағалайды.

Тапсырма:

Әр топпен биотехнологияның белгілі бір салаларда қолданылуын қысқаша көрсету



  1. топ- Экологиялық биотехнология

2-топ Биотехнология және энергетика

3 топ-Биотехнологияның басқа салалары

2. Өндірістің технологиясын толық талдамай, өнімнің нақты түрлеріне, олардың қолданылуына сипаттама беріңіз.

3. Тапсырма бойынша есеп беру.

Сарапшыларға анықтама

Сарапшылар әрбір топқа жекеше тағайындалады. Сарапшылар тапсырмаларға дайын болу керек. Орындалған тапсырманы келесі жүйе бойынша бағалайды:

5 балл-тапсырма толық орындалды, топтың барлық мүшелері белсенді қатысты.

4 балл- тапсырма орындалды, бірақ аздаған ескертулер болды,топтың барлық мүшелері белсенді қатысты.

3 балл- тапсырма орындалды, бірақ ескертулер бар, топтың барлық мүшелері белсенді қатысты.

2 балл- тапсырма орындалды, қатты ескертулер бар немесе топтың мүшелері толық қатыспады.

Сарапшылардың жұмысын оқытушы бағалайды.

Тәжірибелік сабақ №4

Тақырыбы: Халық шаруашылығының әртүрлі салалары үшін биотехнологияның маңызы

Студенттер 7 топқа бөлінеді:



  1. 6 топ тапсырманы орындайды

  2. 1 топ-сарапшылар-орындалған тапсырманы 5 балдық жүйе бойынша бағалайды.

Тапсырма:

Әр топпен биотехнологияның белгілі бір салаларда қолданылуын қысқаша көрсету

1 топ- Медицинадағы биотехнология

2 топ- Тағам өнеркәсібіндегі биотехнология

3 топ- Ауыл шаруашылығындағы биотехнология

2. Өндірістің технологиясын толық талдамай, өнімнің нақты түрлеріне, олардың қолданылуына сипаттама беріңіз.

3. Тапсырма бойынша есеп беру.

Сарапшыларға анықтама

Сарапшылар әрбір топқа жекеше тағайындалады. Сарапшылар тапсырмаларға дайын болу керек. Орындалған тапсырманы келесі жүйе бойынша бағалайды:

5 балл-тапсырма толық орындалды, топтың барлық мүшелері белсенді қатысты.

4 балл- тапсырма орындалды, бірақ аздаған ескертулер болды,топтың барлық мүшелері белсенді қатысты.

3 балл- тапсырма орындалды, бірақ ескертулер бар, топтың барлық мүшелері белсенді қатысты.

2 балл- тапсырма орындалды, қатты ескертулер бар немесе топтың мүшелері толық қатыспады.

Сарапшылардың жұмысын оқытушы бағалайды.



Тәжірибелік сабақ №6

Тақырыбы: Биотехнологиялық өндірістің типтік сұлбасы

Жұмыстың мақсаты: Типтік сұлба және биотехнологиялық өндірістің негізгі сатыларын білу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Типтік биотехнологиялық өндірістің басты сатыларын атаңыз.

  2. Әртүрлі биотехнологиялық өндірістердеқандай дайындық сатылары кездеседі:

  3. Өндірістің негізгібиотехнологиялық сатыларын жүзеге асыратын процесс түрлерін атаңыз.

  4. Ферментация сатысындағы биотрансформация және биокатализдердің қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

  5. Сұйықты ажырататын және биомасса сатыларын жүзеге асыратын процесс түрлерін атаңыз.

  6. Жасуша ішілік және жасушадан тыс метаболизм өнімдерінің сатыларында қолданылатын процесстерді атап беріңіз.

Тәжірибелік сабақ №7

Тақырыбы: Биотехнологиялық өндірістің типтік сұлбасы

Жұмыстың мақсаты: Типтік сұлба және биотехнологиялық өндірістің негізгі сатыларын білу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Дезинтеграция процесін және оның стерильденген микроорганизмдерден айырмашылығын сипаттаңыз.

  2. Қоспадан биоөнімдерді тазалау кезінде қолданылатын процесті атаңыз.

Тәжірибелік сабақ №8

Тақырыбы: Биотехнологиялық өндірістің типтік сұлбасы
Жұмыстың мақсаты: Типтік сұлба және биотехнологиялық өндірістің негізгі сатыларын білу.

Бақылау сұрақтары:


  1. Биоөнімдерді концентрлеу үшін қандай процесстер қолданылады:

  2. Биоөнімніңдайын түрінен алынатын процесті атаңыз.

  3. Биотехнологиялық өндірістің әртүрлі сатыларында арнаулы өнім концентрациясы қалай өзгереді?

Тәжірибелік сабақ №9

Тақырыбы: Биотехнологиялық өндірістің технологиялық сұлба түрлерін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Технологиялық сұлба үлгісі бойынша биотехнологиялық өндірістің классификациясын анықтау. Биотехнологиялық өндірістің толық блок-сұлбасын құрастыру.



Бақылау сұрақтары:

  1. Технологиялық сұлба үлгісі бойынша биотехнологиялық өндірістің классификациясы қалай анықталады?

  2. Ферментация сатысындағы өнім концентраттар өндірісінен қандай айырмашылығы бар:

  3. Инактивирленген биомасса өндірісі, биопрепараттар, микроорганизмдердің әлсізденген биомассасы және микроорганизмдердің өнделген биомассасының қандай артықшылығы бар?

Тәжірибелік сабақ №10

Тақырыбы: Биотехнологиялық өндірістің технологиялық сұлба түрлерін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Технологиялық сұлба үлгісі бойынша биотехнологиялық өндірістің классификациясын анықтау. Биотехнологиялық өндірістің толық блок-сұлбасын құрастыру.



Бақылау сұрақтары:

  1. Биотехнологиялық өндірістің блок-сұлбасына түсінік беріңіз.

  2. Кормовой лизин өндірісінің блок-сұлбасына сипаттап беріңіз.

  3. Нан пысыратын ашытқылар өндірісінің блок-сұлбасына сипаттап беріңіз.

Тәжірибелік сабақ №11

Тақырыбы: Биотехнологиялық өндірістің технологиялық сұлба түрлерін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Технологиялық сұлба үлгісі бойынша биотехнологиялық өндірістің классификациясын анықтау. Биотехнологиялық өндірістің толық блок-сұлбасын құрастыру.



Бақылау сұрақтары:

  1. Биомасса ферментализаторының өндірісінің блок-сұлбасын сипаттап берінің.

  2. Пеницилин өндірісінің блок- сұлбасын сиапттап беріңіз.

  3. Биологиялық науларды (сток) тазалаудың блок -сызбасын сипаттап беріңіз.


Модуль 2 Ферментация процессі және дайын өнімді бөліп алу әдістері.
Тәжірибелік сабақ №12

Тақырыбы: Ферменттеу процесі

Мақсаты: Ферменттеу процесін зерттеу. Ферменттеу процесінің жіктелуін білу.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ферменттеу процесінің жіктелуін айт:

а) арнаулы өнім сипаты бойынша

б) негізгі фаза сиапты бойынша

в) оттегіне қатысы бойынша

г) жарыққа қатысы бойынша

д) бөгде микрофлорадан қорғану дәрежесі бойынша

ж) орындалу тәсілі бойынша



  1. Ферменттеу процесінің күйін сипаттайтын негізгі параметрлер қандай?

  2. Ферменттеудің негізгі фазаларын ата

  3. Лаг-фазаның стационарлы өсу фазасынан айырмашылығы қандай:

Тәжірибелік сабақ №13

Тақырыбы: Ферменттеу процесі

Мақсаты: Ферменттеу процесін зерттеу. Ферменттеу процесінің жіктелуін білу.

Бақылау сұрақтары:


  1. Микроағзалардың жалпы және жеке өсу жылдамдығына анықтама беріңіз.

  2. Генерация уақыты деген не, және оның жекеленген өсу жылдамдығымен байланысы қандай:

  3. Субстраттың жалпы және жеке жылдамдық қолданысы деген не? Өздеріңе таныс ферменттеу процесініңкинетикалық сипатын атап шығыңыз.

  4. Өздеріңе таныс ферменттеу процесінің кинетикалық сипатын атап шығыңыз.

  5. Периодтық ферменттеу процесінің артықшылығы мен кемшілігі қандай?

Тәжірибелік сабақ №14

Тақырыбы: Микроағзаларды культивирлеу процесінің стехиометриясы

Мақсаты: Микроағзаларды культивирлеу процесінің стехиометриясын зерттеу

Бақылау сұрақтары:


  1. Химиялық реакцияның аналогиясы бойынша микробиологиялық процестің жалпыланған стехиометриялық теңестірілуін түсіндіріп беріңіз.

  2. Биомассаның шартты формуласын оның элементті құрамынан қалай анықтауға болады:

  3. Биомассаның С-моль түсінігін анықтаңыз.

  4. Биомассаға Стоухамер формуласын келтіріңіз. С-молдің молекулалық массасы қандай:

Тәжірибелік сабақ №15

Тақырыбы: Микроағзаларды культивирлеу процесінің стехиометриясы

Мақсаты: Микроағзаларды культивирлеу процесінің стехиометриясын зерттеу

Бақылау сұрақтары:


  1. Қолданылатын көміртектік субстраттан биомассаның стехиометриялық шығуын қалай санауға болады?

  2. Субстраттар мен биомассадағы қолжетімді электрондар деген не?

  3. Субстратты жалпы және жеке қолдану жылдамдығы деген не?

Тәжірибелік сабақ №16

Тақырыбы: Микроағзаларды культивирлеу процесінің стехиометриясы

Мақсаты: Микроағзаларды культивирлеу процесінің стехиометриясын зерттеу

Бақылау сұрақтары:


  1. Субстраттың, биомассаның және өнімнің метаболизмінің қалпына келу дәрежесін қалай санауға болады:

  2. Қолданылған субстрат пен қалыптасқан өнім мен биомасса бола тұрып, ферментация процесінің стехиометриялық коэффициентін қалай санауға болады:

  3. Субстраттың, қалыптасқан өнім метаболизмімен биомассаның қолданыс жылдамдығын біле тұра, ферменттеу процесінде бөлінген жылу көлемін қалай анықтайды?

Тәжірибелік сабақ №17

Тақырыбы: Ферменттеу процесіне арналған шикізат

Мақсаты: Биотехнологиялық өндірісте қолданылатын шикізат түрлерін зерттеу.

Бақылау сұрақтары:


  1. Технологиялық процестерге және стандарттарға арналған шикізаттың негізгі түсініктерін баяндаңыз

  2. Ферменттеу процесіне қолданылатын суға қойылатын талаптар қандай:

  3. Ферменттеу процесінде шикізаттың көмір-сулы көздерін атаңыз.

  4. Ферменттеу процесіндегі көмірсулы шикізаттың көмірсулы емес көздері туралы айтыңыз.

Тәжірибелік сабақ №18

Тақырыбы: Ферменттеу процесіне арналған шикізат

Мақсаты: Биотехнологиялық өндірісте қолданылатын шикізат түрлерін зерттеу.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ферментті орталардағы азотты тамақтану көздері-бейорганикалық заттардфы атаңыз.

  2. Ферменттік ортадағы органикалық азот деген не:

  3. Ферменттік ортада қолданылатын органикалық азоттың негізгі көздерін атаңыз.

  4. Ферменттеу процесінде фосфорлы тамақтану көздерін атаңыз.

  5. Ферменттеу процесіндегі микро және макроэлементтердің көздерін атаңыз.

Тәжірибелік сабақ №19

Тақырыбы: Микроағзаларды үздіксіз культивирлеу.

Мақсаты: Үздіксіз культивирлеудің тубулярлы және хемостатты процестерді зерттеу.

Бақылау сұрақтары:


  1. Микроағзаларды культивирлеудің тубулярлы процесі жөнінде және оның периодтық ферменттеу процесімен ұқсастығы:

  2. Микроағзаларды үздіксіз культивирлеудің тубулярлы процесінің кемшіліктерін атаңыз.

  3. Бірлік реактормен үздіксіх культвирлеудің хемостатты процесін сипатта

  4. Моно моделі негізінде хемостатты процестің математикалық анализін келтіріңіз.

  5. Үздіксіз хемостатты процесс пен периодты ферменттеу процесінде биомасса бойынша өнімділігін қалай салыстырамыз:

  6. Биомасса бойынша өнімділік процесі қайсысында көбірек: хемостатты да ма, әлде периодтық ферменттеу поцесінде ме:

Тәжірибелік сабақ №20

Тақырыбы: Микроағзаларды үздіксіз культивирлеу.

Мақсаты: Үздіксіз культивирлеудің тубулярлы және хемостатты процестерді зерттеу.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қарапайым хемостат пен реттеу контуры бар хемостаттың айырмашылығы

  2. Турбидостал не үшін қажет: Хемостаттан айырмашылығы қандай: Артықшылығы мен кемшілігі

  3. Респиростат, оксистат, рН-стат, нутристат, теплостатқа қысқаша анықтама бер.

  4. Үздік культивирлеудің кемшіліктері мен артықшылықтарын айтыңыз.

Тәжірибелік сабақ №21

Тақырыбы: Ферментация процестерін масштабтау.

Жұмыстың мақсаты: Масштабтаудың критерилерін анықтау

Бақылау сұрақтары:

  1. Ферментация процестерін масштабтау дегеніміз не:

  2. Аэробты үрдістер үшін масштабтаудың параметрі ретінде еріген оттегін қолдануға бола ма?

  3. Оттегі бойынша массаберілудің жоғары коэффициенті дегеніміз не? Ол туралы масштабтаудың параметрі түрінде айтып беріңдер.

Тәжірибелік сабақ №22

Тақырыбы: Ферментация процестерін масштабтау.

Жұмыстың мақсаты: Масштабтаудың критерилерін анықтау

Бақылау сұрақтары:

  1. Микроағзалардың жасушаларына механикалық араластырудың әсерін қалай анықтауға болады?

  2. Тірі жасушаларға өсімдік жасушасына, ашытқы, бактериялық жасушаға араластырудың қандай жылдамдығын қолдануға болады?

  3. «Астыдан үстіге» және «үстіден астыға» масштабтау деген не?

Тәжірибелік сабақ №23

Тақырыбы: Ферменттерді иммобилизациялау әдістері.

Жұмыстың мақсаты: Ферменттерді иммобилизациялау әдістерін оқып білу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ферменттерді иммобилизациялау принципі неге негізделеді:

  2. Ферменттерді иммобилизациялаудың негізгі әдістері қандай:

  3. Ферменттерді иммобилизациялау үрдістерінің сапасын бағалау тәсілдерін сипаттаңыз.

  4. Өмірге белгісіз және тірі иммобилденген жасушалардың арасындағы айырмашылықтарын сипаттаңыздар.

Тәжірибелік сабақ №24

Тақырыбы: Ферменттерді иммобилизациялау әдістері.

Жұмыстың мақсаты: Ферменттерді иммобилизациялау әдістерін оқып білу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Иммобильденген жасушалар мен ферменттер (гранула) түйіршіктеріндегі дуффузды шектеулері қандай:

  2. Иммобилденген жасушалар мен ферменттерге негізделіп, үрдістердің реализациялануының принципиалды технологиялық сызбаларын жасаңдар.

  3. Иммобильденген катализатормен биотрансформация процесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңдер.

  4. Өндірістік технологияларда ферменттерді қолданудың мысалдарын келтіріңдер.

Тәжірибелік сабақ №25

Тақырыбы: Культуралды сұйықтықтан биомассаның бөліну процестерін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Сұйық культурадан биомассаны бөлудің әртүрлі процесстерін оқып білу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Бөлшектердің өлшемдері бойынша суспензияларды бөлудің түрлі әдістерін қолдану шектерін атаңдар.

  2. Микроағзалар биомассасын бөлу үшін тұндыру әдістерінің ерекшеліктері неде:

  3. Иловты көрсеткіш деген не?

Тәжірибелік сабақ №26

Тақырыбы: Культуралды сұйықтықтан биомассаның бөліну процестерін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Сұйық культурадан биомассаны бөлудің әртүрлі процесстерін оқып білу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Коагуляция флокуляциядан немен ерекшеленеді? Культуралды сұйықтықтан микроағзалар биомассасының бөлінуі кезіндегі олардың рөлі.

  2. Фильтрлейтін ұнтақтың қабаты бар фильтрацияның мәні неде:

  3. Биотехнологияда фильтрлейтін ұнтақ ретінде қандай материалдарды қолданады:

  4. Микрофильтрлеудің артықшылығы мен кемшіліктері қандай:

  5. Микроорганизмдер флотациясы неге негізделеді?


Тәжірибелік сабақ №27

Тақырыбы: Метаболизм өнімдерінің экстаркциялық бөліп алу әдістері

Жұмыстың мақсатымақсаты: Метаболизм өнімдерінің экстракциялық бөліп алу әдістерін зерттеу.

Бақылау әдістері:

  1. Микроорганизмдер биомассаының бір сатылы экстаргирлеу процесінің көп сатылы экстрагирлеу поцесінен айырмашылығы неде?

  2. Суперкритикалық сұйықтықтармен экстрагирлеу не береді:

  3. Суперкритикалық сұйықтықтардың биомассасының экстрагенді ретінде қолданылатын заттарды атаңыз, және температурасы мен қысымы бойынша кртикалық нүктелерінің паратметрлерін ата

Тәжірибелік сабақ №28

Тақырыбы: Метаболизм өнімдерінің экстаркциялық бөліп алу әдістері

Жұмыстың мақсатымақсаты: Метаболизм өнімдерінің экстракциялық бөліп алу әдістерін зерттеу.

Бақылау әдістері:

  1. Суперкритикалық сұйықтықтар көмегімен қандай заттарды экстрагирлеуге болады:

  2. Микробиологиялық синтездің лабильді өнімдерінің сұйық фазалы экстракциясының ерекшеліктерін ата

  3. Неге пенцилин экстаркциясы кезінде төменгі рН қолданылады

  4. Неге пенициллин экстакциясы кезінде экстаркторы қолданылады?

Тәжірибелік сабақ №29

Тақырыбы: Өнімдерді бөлудің сорбциялы әдістері

Жұмыстың мақсаты: Өнімдерді бөлудің сорбциялы әдістерін зерттеу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Микробиологиялық синтез өнімдерінің сорбциялы бөлу әдістерінің негізгі түрлерін атаңыз

  2. Ленгюр изотермиясы дегеніміз не?

  3. Ионды алмасу процесінің қорғаушы күші болып не табылады?

  4. Ионды алмасу ашық түрдегі колоналарының жабық фильтрлардан айырмашылығы?

Тәжірибелік сабақ №30

Тақырыбы: Өнімдерді бөлудің сорбциялы әдістері

Жұмыстың мақсаты: Өнімдерді бөлудің сорбциялы әдістерін зерттеу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сұйық ионды алмасудың сұйық фазалы экстрогенттерден айырмашылығы?

  2. Микропориетті сорбенттермен адсорбциялаудың ионды алмасудан айырмашылығы?

  3. Хромотографияның дисорбциядан айырмашылығы?

  4. Хромотографияның қанлдай түрлері бар?

  5. Микробиологиялық синтез өнімдерінің бөліну кезіндегі хромотаграфияның артықшылықтары мен кемшіліктерін ата?

  6. Металдар абсорбциясының негізгі механизмдерін ата?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Дәрістің констептісі

  2. Бирюков В.В. «Основы промышленной биотехнологии» М. «КолосС», «Химия» 2004 г

  3. Егорова Н.К., Клунова О.О « Основы биотехнологии».

  4. Биотехнология /Клунова, С.М. – 2010

  5. Биотехнология: теория и практика / Под ред. Н. Загоскиной, Л. Назаренко / - 2009

  6. Жануарлардың өсіп-өну биологиясы мен биотехнологиясы/ /Аятханұлы, М. – 2010

  7. Микроағзалық биотехнология: қолданбалы микробиологияның негізгі қағидалары /Глейзер А.Н. – 2012

  8. Биотехнология /Жатқанбаев, Ж.Ж. - 2011




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет