"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы №254 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#8160
  1   2   3


"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысы


      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.04 № 738 Қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған «Өнімділік 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, мониторингілеу қағидаларына сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2011 жылғы 14 наурыздағы
№ 254 қаулысымен 
бекітілген     
«Өнімділік 2020» бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
      Ескерту. 1-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1499 қаулысымен.



Бағдарламаның атауы

«Өнімділік 2020» бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама)

Әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Бағдарламаның мақсаты

Экономиканың басым секторларында еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Бағдарламаның міндеттері

1. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру;
2. Кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау

Іске асыру мерзімдері

2011 – 2020 жылдары:
1-кезең – 2011 – 2014 жылдар, 2011 – пилоттық;
2-кезең – 2015 – 2020 жылдар

Нысаналы индикаторлар

Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында 2020 жылға дейін мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:
Бағдарламаның бірінші міндеті шеңберінде қатысатын өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек өнімділігін кемінде екі есеге ұлғайту;
Бағдарламаның бірінші міндеті шеңберінде қатысушы кәсіпорындардың қуаттарының орташа жүктемесін 80 %-ға дейін ұлғайту;
10 кәсіпорын үшін жыл сайын еңбек өнімділігін ұлғайту және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің топ-менеджерлерін оқыту;
кемінде 3 кәсіпорында жыл сайын техникалық диагностика жүргізу;
кемінде 3 кәсіпорында жыл сайын еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізу

Қаржыландыру көздері

2011 жылғы республикалық бюджетте 15 764 910 мың теңге, 2012 жылы – 10 133 367 мың теңге, 2013 жылы – 134 050 мың теңге, 2014 жылы – 225 187 мың теңге, 2015 жылы – 225 187 мың теңге көзделген. Инновациялық гранттарға және қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізуге арналған шығыстар тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 және 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулыларымен бекітілген Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада және Елдің 2020 жылға дейін ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарында көрсетілген. Республикалық бюджеттен келесі жылдарды қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланады.


2. Кіріспе
      «Өнімділік 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Мемлекеттік бағдарламаны және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар Кеңесінің 23-ші пленарлық отырысының 2010 жылғы 4 маусымдағы № 01-8.1 хаттамасын іске  асыру шеңберінде әзірленген.
      Бағдарлама Дүниежүзілік банктің әдістемелік қолдауымен әзірленді және Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру құралдарының бірі болып табылады.
      Экономиканың жалпы өнімділігі оның айтарлықтай деңгейде бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын фактор болып табылады. Ғылымды көп қажетсінетін өнімді шығаратын өңдеуші салалар кәсіпорындары үлесінің ұлғаюы экономикадағы еңбек өнімділігінің деңгейін едәуір арттырады. Сондықтан да мемлекетке оның өнімділігін арттыруды ынталандыру, инновациялық әзірлемелерді ендіру, қазіргі заманғы басқару технологияларын ендіру және жалпы кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңғырту өмірлік маңызды. Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті  жаңа өндірістерді құру, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және сөзсіз, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу бірінші
дәрежелі міндет болып табылады.
      Бұл ретте, еңбек тиімділігіне бизнестің инновациялық белсенділігі, күшті бренд, персоналдың біліктілігі, өткізу нарығының тартымдылығына қол жеткізу, бәсекелі ортаның сапасы, өнімдерді немесе қызметтерді шебер жылжыту және сату қабілеттілігі де әсер етеді. Бұдан басқа, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу мәселелерінде менеджменттің рөлі басты болып табылады.
      Қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, тиісті Бағдарламаны әзірлеу арқылы қазіргі заманғы басқару және энергия үнемдеуші технологияларды енгізудің, кәсіпорындарды жаңғыртудың және жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер құрудың жүйелі құралдарын қабылдау қажет.
      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:
      мемлекет Бағдарлама әкімшісі (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) және арнайы белгіленген комиссиялар және кеңестер арқылы мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;
      қажет болғанда Бағдарламаны іске асыру шеңберіндегі құжаттарды мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен келісуді Бағдарлама операторы «бір терезе» қағидаты бойынша орындайтын болады;
      Бағдарлама шеңберінде оның бір қатысушысына Бағдарлама құралдарын кешенді ұсынуға жол беріледі.
      Бағдарламада пайдаланылатын ұғымдар:
      ведомствоаралық комиссия - кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық комиссия - орталық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, даму институттарының өкілдері мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен Бағдарлама әкімшісінің жанында құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
      Бағдарлама әкімшісі - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
      Бағдарлама операторы - «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы;
      құрал операторы - мемлекеттік қолдау құралдарын ұсынатын, жарғылық капиталында мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға;
      өтінім беруші - Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаның іске асырылуына қызығушылығы бар кәсіпкерлік субъектісі;
      қатысушы – бірінші міндет шеңберінде қатысушыларға қойылатын өлшемдерге сәйкестігі туралы Бағдарлама операторының сараптамалық оң бағалауы бар немесе сервистік қолдау шеңберінде құралды(дарды) алған кәсіпкерлік субъектісі;
      инвестициялық жобаның кешенді жоспары - қажетті экономикалық, техникалық, басқару және өзге де құжаттама пакеті;
      басқару және өндірістік технологиялар - белгілі бір алгоритм бойынша түрлі бейінді кәсіпорындарда орындалатын немесе өндірісті және еңбек өнімділігін тиімді ұйымдастыруды арттыруға бағытталған ғылымның, техниканың және қоғамның жалпы жетістіктерін пайдалана отырып ақпараттық, есептеушілік, ұйымдастырушылық, өндірістік және логикалық іс-қимылдардан тұратын басқару және өндіріс үдерістерін орындау жөніндегі ұйымдастырушылық шаралар кешені;
      тренингтік компания – кәсіпорынды басқару саласында дөңгелек үстелдер, семинарлар, оқыту тренингтерін өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      еңбекті нормалау жөніндегі консультант – кәсіпорында еңбекті техникалық нормалау жүйесін жүзеге асыратын заңды тұлға;
      техникалық диагностика жөніндегі консультант – кәсіпорында техникалық диагностиканы жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
      топ-менеджер – заңды тұлғаның басшысы немесе оның атқарушы органының мүшесі немесе өндірісті немесе оның жекелеген кезеңдерін ұйымдастыруға жауапты тұлға (жоба менеджері, өндіріс жөніндегі басқарушы директор және т.б.).
      Ескерту. 2-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 999; 31.12.2013 № 1499 қаулыларымен.
3. Ағымдағы жағдайларды талдау
      Мемлекеттік бағдарлама экономиканың әртараптануы мен бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін, оның шикізаттық емес секторларын жедел дамытуды көздейді.
      2010 жылы Қазақстанның өнеркәсібі тұрақты өсу қарқынын көрсетеді. 2010 жылдың 1 жартыжылдығында жалпы ішкі өнім (бұдан әрі - ЖІӨ) көлемі 8 733 001, 3 млн. теңгені құрады және алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 8,0%-ға өсті. 2010 жылдың 1 жартыжылдығында ЖІӨ-дегі тауарлар өндірісі мен қызметтер өндірісінің үлесі тиісінше 40,5%-ды және 56,8%-ды құрады. ЖІӨ өндірісіндегі негізгі үлесті - 32,0%-ды өнеркәсіп құрайды.
      Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2010 жылғы қаңтар-тамыздағы қолданыстағы бағаларының 7467,6 млн. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 10,9 %-ға көп. Тау-кен өндірісі өнеркәсібінде өндіріс 5,8 %-ға, өңдеуші өнеркәсіпте 19,1 %-ға, электрмен қамту, газ беру, бу жәнеауа желдеткіші 7,6%-ға өсті. Тамақ өнімдері мен мұнайды қайта өңдеу, тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, металлургия, химия өнеркәсібінің өнімдері мен машина жасау өндірісі артты. Өндірістің өсуі республиканың 15 өңірлерінде байқалады.
      Құндық мәндегі Республиканың экспорт көлемі 2005 - 2009 жылдар аралығында 55,1%-га 27,9-дан 43,2 млрд. АҚШ долларына дейін өсті, сонымен қатар 2008 жылмен салыстырғанда экспорт көлемі 2009 жылы 39,3%-ға, 71,2-ден тиісінше 43,2 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды. Құндық мәнде экспорт көлемінің төмендеуі ең алдымен, әлемдік нарықта тұтынушылар сұраныстарының төмендеуімен және елдің негізгі экспорттық  баптары болып табылатын негізгі энергия тасымалдаушылар мен шикізат ресурстарына бағаның төмендеуімен байланысты болды.
      Бүгінде 1000 жуық қазақстандық компания экспорттық операцияларды жүзеге асырады, олардың 750 өңделген өнімді экспорттайды. Қазақстан өнімдерінің негізгі сатып алушылары Қытай (Республиканың барлық экспортынан 15,7 %), Италия (15,7%), Франция (9,2%), Ресей (9,1%) - болып табылады.
      Өңдеуші өнеркәсіп экспортының үлесі 26,8%-ды құрайды, оның 14,9 % үлес салмағын металлургиялық өнімдер экспорты алады. Негізгі экспорттық тауар топтарына минералдық шикізаттар мен одан жасалған өнімдер, металдар мен одан жасалған бұйымдар, химия саласының, мал шаруашылығының және өсімдік шаруашылығының өнімдері жатады. 2005-2009  жылдар ішінде жоғары қосылған құны бар өңделген экспорттың басты баптары - машина мен жабдықтар, дайын азық-түлік тауарлары, барлығы 2,6-3,5% немесе 0,7- 2,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Өнеркәсіп өнімдері экспортының тауарлық құрылымында айрықша үлесті шикі мұнай
мен табиғи газ иемденеді (64,8%).
      Қазіргі заманғы әлемде еңбектің жоғары өнімділігі бәсекелестік артықшылық болып табылады, оны статистика да растайды. Мәселен, жоғары өнімділік арқасында өндірістік жағынан дамыған мемлекет көшбасшылығын сақтап отыр, бұл - АҚШ, Франция, Германия. Оларға
өндірістегі лайықты бәсекелестікті Ирландия, Бельгия, Люксембург, Норвегия және басқа елдер құрайды.
      Бүгінгі күні Қазақстандағы еңбек өнімділігі төменгі деңгейде қалып отыр. Орта есеппен бір адамға ол 30-40 мың АҚШ долларын құрайды, сонымен бірге дамыған елдерде бұл көрсеткіш 200 мың АҚШ долларына тең. Мәселен, Қазақстанда ең төменгі еңбек өнімділігі ауыл шаруашылығында байқалады - жылына жұмыс істейтін бір адамға 3 мың АҚШ долларына жуық, ал дамыған елдерде - 50-70 мың АҚШ доллары. Қазақстанның машина жасауында бұл көрсеткіш 10-17 мың АҚШ долларын құрайды, шетелдік бәсекелестерде -90 мың АҚШ доллары. Бұл артта қалушылық бірқатар факторлармен, солардың біреуі болып табылатын: ағымдағы қуаттылықтарының толық жүктелмеуімен, негізгі қорлардың жоғары тозуымен және менеджменттің қазіргі заманғы технологияларды енгізе және қолдана алмауымен түсіндіріледі.
      Табиғи және моральдық жағынан ескірген технологиялық жабдықтар мен жоғары шығындар көптеген отандық кәсіпорындарға толық көлемде шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерін шешуге мүмкіндік бермейді. Кәсіпорындар үшін өндірістік әлеуетті тек жетілдіру ғана емес сол бұрынғы деңгейде қолдау да проблема болып табылады. Осындай жағдайда қалыптасқан өндірістік әлеует толық көлемде кеңейтілген жеделдетілген шығаруға көшуді қамтамасыз ете алмайды.
      Осылайша, өнеркәсіптік кәсіпорындарда табиғи және моральдық жағынан тозған қорлардың жинақталуының қарқынды үдерісі оларды пайдалану тиімділігіне теріс әсер етеді және жаңғырту жөніндегі іс-құралдарды өткізу қажеттілігін растайды. Сонымен қатар, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы басқару технологияларын белсенді түрде ендіру қажет. Олсыз жаңғырту тұрақты бәсекеге қабілетті кәсіпорындар құруға мүмкіндік бермейтін, қымбатқа айналады.
      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту, қайта құру немесе өндірістердің экспортқа бағыттылығын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістерді құру арқылы орта және ірі бизнесті дамыту мемлекеттік бағдарламаның басымдықтары болып табылады. Орта және ірі бизнес халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыс істейтін қызметкерлердің санын арттыруға айтарлықтай әсер етеді.
      Қазақстан Республикасының өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғыртудың жүйелі құралдарын жасау мақсатында Бағдарлама операторы Атамекен одағымен бірлесіп, 16 өңірді және 10 өнеркәсіп салаларын білдіретін 187 өнеркәсіптік кәсіпорынның технологиялық аудитін жүргізді.                Технологиялық аудит барысында өндірістердің дамуына кедергі келтіретін проблемалар анықталды, атап айтқанда:
      қарызға алынған қаражаттың жоғары құны;
      индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;
      кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы;
      кәсіпорында алдыңғы жылдары құрылған үлкен борыштық жүктеме олардың инвестициялық белсенділігін шектейді;
      басты түрде технологиялық жабдықтарды жаңартудағы және жаңғыртудағы, оның ішінде металлургия саласының кәсіпорындарында -58,4%, ал жекелей алғанда - 70% дейін жететін инвестициялардың төменгі деңгейімен шартталған, өндеуші өнеркәсіп салаларының көптеген  кәсіпорындарының негізгі қорларының тозуы (60% асады). Тозу машина жасау кәсіпорындарында - 56,7%, химия және фармацевтика - 45,3%, құрылыс индустриясы - 39% құрайды.
      ресурсты қажетсіну және бірінші кезекте, өнімнің энергияны көп қажетсінуі және тиісінше ресурстық-энергия үнемдейтін технологияларды, «жасыл» технологияларды және т.б. енгізудегі объективті қажеттілігі;
      өнеркәсіп құрылымында шикізат салаларының, тікелей, негізінен шетелдік инвестициялар ағынының тау-кен өндіру өнеркәсібінде басым болуы;
      қазақстандық кәсіпорындар мен экономиканың толығымен жоғары технологиялық өнім импортына тәуелділігінің күшеюі, бұл едәуір дәрежеде ұлттық қауіпсіздік көрсеткіштерін нашарлатады;
      жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды ендіруге және іске асыруға қабілетті техникалық профилдің жоғары кәсіби басқарушы кадрларының жетіспеушілігі;
      өндірістік үдерістерді жаңғырту үдерісінде жабдықтар мен көлік құралдарына қызмет көрсететін жұмысшы персоналы біліктілігінің төмен деңгейі.
      Технологиялық аудиттің алдын ала нәтижелері жаңғырту үдерісін іске қосу үшін «пилоттық» жобаларға шоғырлануы қажеттігін, ол ерте демонстрациялық табысқа арналған мүмкіндіктерге ие екендігін көрсетті. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, «пилоттық»  жобаларды әзірлеу жұмыс істеу үшін демонстрациялық алаң болып
табылады.
      Мемлекет шикізаттық емес секторлардың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал ірі әлемдік көшбасшылардың кәсіпорындарын жаңғыртудың әлемдік тәжірибесінің талдауы көрсеткендей жаңғырту үдерісі мемлекеттің экономикаға және өзінің өндірушісін қолдауға ауқымды араласуымен сипатталды.
      Жаңғырту кезінде Жапонияда экономиканы инновациялық дамытудың және оларды мемлекеттік қолдаудың алуан құралдарының көмегімен іске асырудың ұзақ мерзімді жоспарлары әзірленді, ол мынадай құралдарды қамтыды:
       басым ғылыми-техникалық жобаларды мемлекеттік қаржыландыру;           саланы дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларын және шешімдерді іске асыру;
      кәсіпорындарды экспорттық кредиттеуді жүзеге асыратын арнайы банктерді құру;
      патент беруге өтінімдерді қараудың жедел рәсімі, зияткерлік меншік құқықтарын тиімді қорғау;
      импорт тарапынан бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған саясат жүргізу;
      шетелдік технологияларды лицензиялауға көмек көрсету;
      кәсіпорындарды біріктіру саласында көмек көрсету;
      Аталған құралдарды қолдану нәтижесі әлемдегі технологиялық көшбасшылық болып табылады.
      Германияда жүргізіліп жатқан жаңғыртудың басты мақсаты - бұл ресурстарды жұмылдыру және оларды капиталды қажетсінетін жобаларға шоғырландыру. Осы мақсатпен инвестициялық банкілерді өндірістік кәсіпорындармен қаржы-өнеркәсіптік топтарға біріктірді. Үш ірі топтың басында ұлттық банктер - DеntsсhВаnk, DrеsсіеrВаnk АG тұр. Осындай өнеркәсіптік концерндердің өндірстік қызметі негізінен жоғары технологияларды қолдану негізінде ірі және жаппай өндіріс дамыған экономиканың бір ірі саласын немесе кіші саласын қамтиды.
      Жаңғырту үшін сапаларды таңдау бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
      экспорттық әлеует, бәсекелі артықшылық;
      өсу перспективасы;
      жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
      Кәсіпорынды жаңғырту кезінде барынша ең аз салымы бар мемлекеттік қолдау құралдары мынадай құралдарды қамтыды:
      қолайлы салық режимін құру;
      валюта бағамын қолдау;
      орта және шағын кәсіпорындарды қолдау.
      Алайда, жеке бизнестің дамуына бөгет жасамай, мемлекет қатаң монополияға қарсы заңдарды және қатаң техникалық мемлекеттік стандарттарды белгіледі.
      Осылайша, Қазақстан Республикасының экономикасын индустриялық-инновациялық дамытудың маңызды бағыттарының бірі мемлекеттің қолдауы кезінде жеке амалға негізделген өнеркәсіптік жаңғырту болып табылады.
      Бағдарламаны табысты іске асыру және өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнімділігін арттыру үшін өнеркәсіптік қаржылық және қаржылай емес қолдау саясатын қайта қарау талап етіледі.
4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары
мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
      Ескерту. 4-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1499 қаулысымен.
1. Бағдарламаның мақсаты
      Экономиканың басым салаларында еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
2. Міндеттері
      1. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру.
      2. Кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау.
3. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары
      2020 жылға дейінгі нысаналы индикаторлар:
      Бағдарламаның бірінші міндеті шеңберінде қатысатын өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек өнімділігін кемінде 2 есеге ұлғайту;
      Бағдарламаның бірінші міндеті шеңберінде қатысушы кәсіпорындардың қуаттарының орташа жүктемесін 80 %-ға дейін ұлғайту;
      10 кәсіпорын үшін жыл сайын еңбек өнімділігін ұлғайту және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің топ-менеджерлерін оқытуды ұйымдастыру;
      кемінде 3 кәсіпорында жыл сайын техникалық диагностика жүргізу;
      кемінде 3 кәсіпорында жыл сайын еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізу.
      2015 жылға дейінгі нысаналы индикаторлар:
      Бағдарламаның бірінші міндеті шеңберінде қатысатын өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту;
      Бағдарламаның бірінші міндеті шеңберінде қатысушы кәсіпорындар қуаттарының орташа жүктемесін 70 %-ға дейін ұлғайту.
4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
      индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жеке сектордың кәсіпорындары үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру;
      экономиканың шикізат емес секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке сектордың, бірінші кезекте қаржы ұйымдарының қаражатын тарту;
      өнеркәсіп кәсіпорындарының, бірінші кезекте орта және ірі бизнестің қаржы-экономикалық тұрақтылығын арттыру көзделеді.
      Бағдарламаның негізгі сандық және сапалық нәтижелері:
      Бағдарламаның бірінші міндеті шеңберінде қатысатын өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек өнімділігін кемінде 2 есеге ұлғайту;
      Бағдарламаның бірінші міндеті шеңберінде қатысушы кәсіпорындар қуаттарының орташа жүктемесін 80 %-ға дейін ұлғайту. 
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
      Ескерту. 5-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1499 қаулысымен.      
      Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады:
      1-кезең – 2011 жылдан 2014 жыл аралығында жүзеге асырылатын болады, бұл ретте 2011 жыл – пилоттық болып табылады.
      2011 жылы Бағдарлама жаңа бизнес бастамаларды қолдау, жұмыс істейтін кәсіпорындарды жаңғырту және индустриялық кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін нығайту бойынша іске асырылатын болады. Пилоттық кезеңді іске асыру нәтижелері бойынша Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қосымша мемлекеттік қолдау құралдары енгізілуі мүмкін.
      2012 – 2014 жылдары Бағдарлама жаңа бизнес бастамаларды қолдау және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және индустриялық кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін нығайту бойынша іске асырылатын болады.
      2-кезең – 2015 – 2020 жылдар.
      2015 – 2020 жылдары Бағдарлама жаңа бизнес бастамаларды қолдау және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту бойынша іске асырылатын болады.
1. Бағдарлама қатысушысына қойылатын критерийлер
      1. Мынадай критерийлерге сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері Бағдарламаның «жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру» атты бірінші міндеті шеңберінде қатысушылары бола алады:
      1) осы Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыратындар және (немесе) іске асыруды жоспарлайтындар;
      2) машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату бойынша қызмет көрсету саласында инвестициялық жобаларды іске асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда (ЭҚЖК коды 33), осы Бағдарламаға 2-қосымшаға ұсынылған өнімдерді өткізетіндер және (немесе) шығаруды жоспарлайтындар және тау-кен өндірісі және мұнай-газ салаларындағы техникалық қызметтер көрсететіндер (ЭҚЖК коды 09);
      3) қаржылай тұрақты (банк(тер) немесе банк(тер) филиалы(дары) алдында барлық міндеттеме түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің және салықтық берешегінің болмауы және басқалар);
      4) инвестициялық жобаның кешенді жоспары бар (инвестициялық жобаның кешенді жоспарын өтінім берушінің жеке өзі немесе Бағдарлама әкімшісі бекіткен тізбеден консалтингтік компанияны тарту арқылы әзірлеуі мүмкін).
      Инвестициялық жобаның кешенді жоспары мына көрсеткіштерге қол жеткізуді көздеуі тиіс:
      1) инвестициялық жобаның қаржылық өтемділігі;
      2) еңбек өнімділігін екі есе, бірақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту жобалары бойынша салалық орташа деңгейден бір жарым еседен кем емес немесе жаңа инвестициялық жобалар бойынша салалық орташа деңгейден үш есе арттыру;
      3) өнімнің бәсекеге қабілеттілігі (ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнім).
      2. Бағдарламаға «кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау» атты екінші міндет шеңберінде қатысу кәсіпкерлік субъектілері үшін мәлімдемелік сипатқа ие. Әрбір құрал шеңберінде қатысушыға осы бөлімнің «Бағдарлама құралдары» деген 4-кіші бөліміне сәйкес талаптар жеке қойылады.
2. Бағдарламаға қатысу тәртібі
      Бағдарламаға «жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру» атты бірінші міндет шеңберінде қатысу мәлімдемелік сипатқа ие және мемлекеттік қолдау мынадай схема бойынша ұсынылады:
      1. Өтінім беруші Бағдарлама операторына жүгінеді және қажетті құжаттар пакетін (оның ішінде белгіленген талаптарға сәйкес тізбедегі консалтингтік компаниямен бірлесе отырып әзірленген немесе консалтингтік компанияның сараптамасы бар инвестициялық жобаның кешенді жоспарын) ұсынады.
      2. Бағдарлама операторы ұсынылған құжаттар пакетіне сараптамалық бағалау дайындайды. Сараптамалық бағалау Мемлекеттік бағдарламаның, салалық бағдарламалардың басымдықтарына, Бағдарламаның 1 және 2-қосымшаларына сәйкестігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындыны және еңбек өнімділігі мен энергия тиімділігінің көрсеткіштерін салыстыруды, сондай-ақ консалтингтік компанияның инвестициялық жобаның кешенді жоспарының немесе консалтингтік компания әзірлеген инвестициялық жобаның кешенді жоспарын сараптамалық бағалау негізінде жаңғыртуды өткізу және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қажеттілігі туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
      3. Бағдарлама операторы сараптамалық бағалауды Бағдарлама әкімшісіне, өтінім берушіге және құрал операторына жібереді.
      4. Сараптамалық бағалау оң болған жағдайда Бағдарлама операторы Бағдарламаның осы бөлімінің «Бағдарлама құралдары» деген 4-кіші бөліміне сәйкес инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптау кезінде өтелген шығындардың бір бөлігін қатысушыға төлейді.
      5. Одан әрі өзге де құралдарды алу қажет болса, өтінім беруші құрал операторына жүгінеді.
      6. Құрал операторы белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық жобаға сараптаманы жүзеге асырады. Құрал операторы өтінім берушіні және Бағдарлама операторын қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
      7. Құрал операторының оң шешімі болған кезде Бағдарлама операторы, құрал операторы және қатысушы мониторинг туралы тиісті келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:
      1) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
      2) құралды енгізу нәтижелерінің индикаторлары;
      3) құрал операторының және қатысушының жауапкершілігі және т.б.
      8. Бағдарлама қатысушыларының инвестициялық жобаларының іске асырылуының мониторингін Бағдарлама операторы мен құрал операторлары инвестициялық жобаның барлық іске асырылу мерзімінде жүзеге асырады.
      9. Бағдарламаны іске асыру регламентін, өтінім нысандарын, өтінім беруші ұсынатын құжаттар тізбесін, өтінімдерді қарау мерзімдерін, келісімнің үлгілік нысанын, жалпы Бағдарламаның және жеке құралдардың іске асырылу мониторингінің нысандарын және мерзімін, инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге қойылатын талаптарды ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарлама әкімшісі бекітеді.
      Бағдарламаға «кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау» атты екінші міндет шеңберінде қатысу мәлімдемелік сипатқа ие және мемлекеттік қолдау осы бөлімінің «Бағдарлама құралдары» деген 4-кіші бөліміне сәйкес жеке ұсынылады.
3. Консалтингтік және тренингтік компанияларға, техникалық
диагностика жөніндегі және еңбекті нормалау жөніндегі
консультанттарға қойылатын критерийлер
      1. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптау үшін тартылатын консалтингтік компаниялар мынадай критерийлерге сәйкес келуі тиіс:
      1) компанияның инфрақұрылымдық жобалар мен өңдеуші өнеркәсіп жобалары бойынша бизнес-жоспарларды, ТЭН, ЖСҚ әзірлеу саласында біліктілігі мен кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
      2) компанияның активінде инфрақұрылымдық жобалар мен өңдеуші өнеркәсіп жобалары бойынша бизнес-жоспарларды, ТЭН, ЖСҚ әзірлеу саласында кемінде 3 ірі еңбектің болуы;
      3) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы.
      2. «Еңбек өнімділігін және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша топ-менеджерлерді оқыту үшін ақы төлеу» құралы шеңберінде тартылатын тренингтік компаниялар мынадай критерийлерге сәйкес келуі тиіс:
      1) компанияның кәсіпорынды басқару саласында дөңгелек үстелдер, семинарлар, оқыту тренингтерін өткізуді ұйымдастыру саласында біліктілігі мен кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
      2) компанияның активінде кәсіпорынды басқару саласында дөңгелек үстелдер, семинарлар, оқыту тренингтерін өткізуді ұйымдастыру саласында кемінде 3 (үш) ірі еңбектің болуы;
      3) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы.
      3. «Кәсіпорынның техникалық диагностикасын жүргізуді бірлесіп қаржыландыру» құралы шеңберінде тартылатын техникалық диагностика жөніндегі консультанттар мынадай критерийлерге сәйкес келуі тиіс:
      1) өнеркәсіптік кәсіпорындарда салалық құзыры бойынша техникалық диагностика, энергия аудитін, техникалық және технологиялық аудит және т.б. жүргізу саласында біліктілігі және кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
      2) активінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда техникалық диагностика, энергия аудитін, техникалық және технологиялық аудит және т.б. жүргізу саласында кемінде 3 ірі еңбектің болуы;
      3) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы.
      4. «Еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізу бойынша шығыстарды өтеу» құралы шеңберінде тартылатын еңбекті нормалау жөніндегі консультанттар мынадай критерийлерге сәйкес келуі тиіс:
      1) өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізу саласында біліктілігі және кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
      2) активінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізу саласында кемінде 3 ірі еңбектің болуы;
      3) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы.
      5. Консалтингтік және тренингтік компаниялар, техникалық диагностика жөніндегі және еңбекті нормалау жөніндегі консультанттар тізбесін Бағдарламаның операторы компаниялар мен консультанттар өтінімдерінің негізінде қалыптастырады, ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарламаның әкімшісі бекітеді.
      6. Консалтингтік және тренингтік компаниялар, техникалық диагностика жөніндегі және еңбекті нормалау жөніндегі консультанттар тізбеден Бағдарлама операторының ұсынысымен шығарылады және ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарлама әкімшісі бекітеді.
4. Бағдарлама құралдары
      Бағдарламаның «жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру» деген бірінші міндеті шеңберінде берілетін құралдары
      Бағдарламаны «жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру» атты бірінші міндеті шеңберінде мемлекеттік қолдау мынаны білдіреді:
      1) инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер;
      2) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру;
      3) инновациялық гранттар беру.
      Бағдарламаның бірінші міндеті шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын беру мынадай түрде жүзеге асырылады.
      Консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер
      Бағдарлама шеңберінде консалтингтік компанияның инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін шығыстарының 50 %-ын, бірақ 7,5 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде төлеу көзделген.
      Бағдарлама әкімшісінің қатысушыға консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлем тетігі:
      1. Өтінім беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу үшін бекітілген тізбеден консалтингтік компанияны өз еркімен айқындайды.
      2. Өтінім беруші және консалтингтік компания инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу туралы шарт жасасады.
      3. Өтінім беруші Бағдарлама операторына құжаттардың толық пакетін ұсынады.
      4. Оң сараптамалық бағалау және инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге немесе сараптамаға қатысушының шығыстарын растайтын құжаттардың негізінде Бағдарлама әкімшісі Бағдарлама операторына бюджеттік бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражатты аударуды жүзеге асырады.
      Бағдарлама операторы Бағдарлама әкімшісі аударған қаражатты толық көлемде қатысушыға аударуды жүзеге асырады, бұл ретте Бағдарлама операторына қатысушыларға қаражатты аударғаны үшін сыйақы көзделмеген.
      Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну
      Бағдарлама шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды қатысушыға құрал операторы ұсынады. Құрал операторы – «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «ҚДБ – Лизинг» акционерлік қоғамы.
      Өтінім беруші ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру құралын пайдаланғанда жобаны іске асыруда лизинг мәнінің жалпы құнының кемінде 15 %-ы мөлшерінде ақша қаражатымен қатысуды қамтамасыз етуі тиіс.
      Лизинг мәнінің жалпы құны кемінде 150 млн. теңге болуы тиіс (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін 75 млн. теңгеден кем емес).
      Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасы қатысушы үшін 5 %-ды құрауы тиiс, бұл ретте құрал операторының бюджеттік кредит пен өзге де қорландыру құралдарының арасалмағы 80/20 құрауы тиіс. Осы талаптар 2011 – 2012 жылдары жасалған шарттарға да қолданылады.
      Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну тетігі:
      1. Құрал операторына ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруға өтінім беруді қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейін белгіленген нысанға сәйкес жүзеге асырады.
      2. Құрал операторы өтінімді белгіленген тәртіппен қарайды және ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну (ұсынбау) туралы шешім шығарады.
      3. Құрал операторының оң шешімі болған жағдайда құрал операторы мен қатысушы қаржылық лизинг шартын жасасады.
      Инновациялық гранттар беру
      Инновациялық гранттар Бағдарламаның бірінші міндеті шеңберінде жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық жобаларға:
      1) инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шетелде арттыру;
      2) біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту;
      3) консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту;
      4) басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу бағыттары бойынша беріледі.
      Құрал операторы – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты.
      Инновациялық гранттарды беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Инженерлік-техникалық персоналдың біліктіліктерін шетелдерде арттыруға, біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Бағдарламаның «кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау» екінші міндеті шеңберінде берілетін құралдары
      Бағдарламаның шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік сервистік қолдау мынаны білдіреді:
      1) инновациялық гранттар беру;
      2) топ-менеджерлер үшін еңбек өнімділігін және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша оқу ақысын төлеу;
      3) кәсіпорынның техникалық диагностикасын жүргізуді бірлесіп қаржыландыру;
      4) еңбекті техникалық нормалау бойынша шығындарды өтеу;
      5) халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және басқалар) сәйкес өнімді сертификаттау және сапа менеджменті жүйелері бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу.
      Бағдарламаның шеңберінде сервистік қолдау шараларын беру мынадай түрде жүзеге асырылады.
      Инновациялық гранттар беру
      Инновациялық гранттар жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық жобаларға мынадай бағыттар бойынша беріледі:
      1) біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту;
      2) консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту;
      3) инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шетелде арттыру;
      4) басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу;
      5) өнеркәсіптік зерттеулер (ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар) жүргізу;
      6) технологиялар сатып алу;
      7) бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдау;
      8) шетелде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патент беру;
      9) технологияларды 2 кезең бойынша коммерцияландыру (жоба тұжырымдамасын негіздеу және өнеркәсіптік прототип жасау).
      Құрал операторы – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты.
      Инновациялық гранттарды беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Инженерлік-техникалық персоналдың біліктіліктерін шетелдерде арттыруға, біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларына; Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларына және Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Еңбек өнімділігін және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша топ-менеджерлерді оқыту үшін ақы төлеу
      Бағдарлама шеңберінде төлем тренингтік компаниялардың кәсіпорындардың топ-менеджерлерін оқытуға жұмсаған шығындардың (жол жүру және тұру шығындарын есепке алмағанда) 60 %, бірақ 1 (бір) топ-менеджерге жылына 1,5 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде және 3 (үш) топ-менеджерден аспайтын менеджерге жұмсалған шығындар төленеді.
      Бағдарлама әкімшісінің оқу үшін төлеуақы тетігі:
      1. Өтінім беруші Бағдарлама операторына жүгінеді және қажетті құжаттар пакетін ұсынады.
      2. Бағдарлама операторы өтінім берушінің құжаттар пакетін қарайды, сонымен қатар Бағдарламаның 1 және 2 қосымшаларына сәйкестігін тексереді.
      3. Өтінім беруші топ-менеджерлерді оқытуды өткізуге арналған тізбеге сәйкес тренингтік компанияны өзі айқындайды.
      4. Өтінім беруші тренингтік компаниямен оқыту бойынша қызметтерді ұсынуға арналған шартты жасайды.
      5. Өтінім беруші Бағдарлама операторына сертификатты және топ-менеджерлерді оқыту жөніндегі өтінім берушінің шығыстарын растайтын құжаттар пакетін ұсынады.
      6. Бағдарлама әкімшісі Бағдарлама операторының өтінімі, сертификат және топ-менеджерлерді оқыту жөніндегі өтінім берушінің шығыстарын растайтын құжаттардың негізінде бюджеттік бағдарлама шеңберінде бөлінген тиісті ақша қаражатын Бағдарлама операторына аударуды жүзеге асырады.
      7. Бағдарлама операторы Бағдарлама әкімшісі аударған тиісті ақша қаражатын аударуды толық көлемде жүзеге асырады, бұл ретте, өтінім берушіге ақша қаражатын аудару үшін Бағдарлама операторына сыйақы көзделмеген.
      Кәсіпорынға техникалық диагностика жүргізуді бірлесіп қаржыландыру
      Бағдарлама шеңберінде 80 % мөлшерде, алайда шағын және орта кәсіпорындар үшін 8 млн. теңгеден аспайтын, ірі кәсіпорындар үшін 16 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде кәсіпорындарға техникалық диагностика жүргізуді бірлесіп қаржыландыру көзделеді.
      Бағдарлама әкімшісінің кәсіпорынға техникалық диагностика жүргізуді бірлесіп қаржыландыру тетігі:
      1. Өтінім беруші Бағдарлама операторына жүгінеді және қажетті құжаттар пакетін ұсынады.
      2. Бағдарлама операторы өтініш берушінің құжаттар пакетін, соның ішінде Бағдарламаның 1 және 2-қосымшаларына сәйкестігін қарайды.
      3. Өтінім беруші Бағдарлама операторымен бірлесіп бекітілген Салалық құзыреттілік бойынша тізбеден техникалық диагностика жөніндегі консультантты айқындайды.
      4. Бағдарлама операторы, өтінім беруші және техникалық диагностика жөніндегі консультант кәсіпорынға техникалық диагностика жүргізу жөніндегі үш жақты шарт жасасады.
      5. Өтінім беруші техникалық диагностика жөніндегі консультантқа кәсіпорынға техникалық диагностика жүргізу қызметі құнының 20 % мөлшерінде аванстық төлемді жүзеге асырады.
      6. Техникалық диагностика жөніндегі консультант жасалған үш жақты шарт талаптары мен мерзімдеріне сәйкес кәсіпорынға техникалық диагностиканы жүзеге асырады.
      7. Техникалық диагностика жөніндегі консультант кәсіпорынның техникалық диагностикасы жөнінде есепті ресімдейді және оны Бағдарлама операторы мен өтінім берушіге ұсынады.
      8. Бағдарлама операторы, өтінім беруші және техникалық диагностика жөніндегі консультант кәсіпорынға техникалық диагностика жүргізу бойынша орындалған қызметтер актісіне қол қояды.
      9. Бағдарлама операторы Техникалық диагностика бойынша есеп, кәсіпорынға техникалық диагностика жүргізу бойынша орындалған қызметтер актісі және шот-фактура негізінде Бағдарлама әкімшісіне кәсіпорынға техникалық диагностика жүргізу үшін техникалық диагностика жөніндегі консультанттың қызмет құнының 80 % мөлшерінде бюджеттік қаражатты аударуға өтінім жолдайды.
      10. Бағдарлама әкімшісі бюджеттік қаражатты Бағдарлама операторының есептік шотына аударады.
      11. Бағдарлама операторы Бағдарлама әкімшісі аударған тиісті қаражатты толық көлемде техникалық диагностика жөніндегі консультантқа аударуды жүзеге асырады, бұл ретте Бағдарлама операторына техникалық диагностика жөніндегі консультанттарға қаражатты аударғаны үшін сыйақы көзделмеген.
      Қажетті құжаттар тізбесін, өтінім мен үш жақты шарттың нысандарын, техникалық диагностика бойынша есепке қойылатын талаптарды Бағдарлама операторы әзірлейді және ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарламаның әкімшісі бекітеді.
      Еңбекті техникалық нормалау бойынша ақы төлеу
      Бағдарлама шеңберінде еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізу кезінде келтірілген шығындарды 50 % мөлшерде, алайда ірі кәсіпорындар үшін 5 млн. теңгеден аспайтын және шағын және орта кәсіпорындар үшін 2 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде төлеу көзделеді.
      Бағдарлама әкімшісінің еңбекті техникалық нормалау шығындарды өтеу тетігі:
      1. Өтінім беруші Бағдарлама операторына жүгінеді және қажетті құжаттар пакетін ұсынады.
      2. Бағдарлама операторы өтініш берушінің құжаттар пакетін, соның ішінде Бағдарламаның 1 және 2-қосымшаларына сәйкестігін қарайды.
      3. Өтінім беруші Еңбекті нормалау жөніндегі тізбеден еңбекті техникалық нормалау жөніндегі консультантты өз еркімен айқындайды.
      4. Өтінім беруші мен еңбекті нормалау жөніндегі консультант еңбекті техникалық нормалау жөнінде шарт жасасады.
      5. Өтінім беруші Бағдарлама операторына қажетті құжаттар пакетін ұсынады.
      6. Бағдарлама операторы еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізуге өтінім берушінің шығыстарын растайтын құжаттар пакеті негізінде Бағдарлама әкімшісіне бюджеттік қаражатты аударуға өтінім жолдайды.
      7. Бағдарлама әкімшісі бюджеттік бағдарлама шеңберінде бөлінген тиісті ақша қаражатын Бағдарлама операторына аударуды жүзеге асырады.
      8. Бағдарлама операторы Бағдарлама әкімшісі аударған тиісті қаражатты толық көлемде қатысушыға аударуды жүзеге асырады, бұл ретте Бағдарлама операторына техникалық диагностика жөніндегі консультанттарға қаражатты аударғаны үшін сыйақы көзделмеген.
      Қажетті құжаттар тізбесін, өтінім мен шарттың нысандарын Бағдарлама операторы әзірлейді және ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарламаның әкімшісі бекітеді.
      Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және басқалар) сәйкес өнімді сертификаттау және сапа менеджменті жүйелері бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу
      Құрал операторы – жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты.
      Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және басқалар) сәйкес өнімді сертификаттау және сапа менеджменті жүйелері бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
      Бағдарлама құралдарын іске асыру мониторингін Бағдарлама операторы мен құрал операторлары жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет