Лекция жоспары: (1 сағат,1 апта)



бет1/27
Дата24.09.2023
өлшемі338.5 Kb.
#478438
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
экономика-дріс


ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ” ПӘНІ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ


МОДУЛЬ 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯҒА КІРІСПЕ.
Тақырып 1,2. Экономикалық теорияның пәні және әдістері.
Қоғамдық өндіріс. Экономикадағы таңдау мәселесі.


Лекция жоспары: (1 сағат,1 апта)

  1. Экономикалық теорияның пәні және оның құрылымы. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

  2. Экономикалық заңдар және категориялар, олардың қолданылуы.

  3. Өндіріс және оның қоғам өміріндегі рөлі. Өндіріс факторлары мен ресурстары.

  4. Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.

Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Ксенофонттың (430-355ж.ж.) «Табыс туралы», «Экономика» атты еңбектері экономика ғылымына бастау берді. Оның зерттеулерінде экономиканы бірнеше салаға: ауыл шаруашылығына, қолөнерге және саудаға бөліп қарастырған. Платон (427-347ж.ж.) еңбек бөлінісі туралы, еңбекті мамандыру мен олардың ерекшеліктеріне мән беріп зерттеген. Аристотель «Саясат» және «Этика» трактаттарында ең алғаш рет экономикалық процестерді, құбылыстарды қарастырады. Аристотельдің пікірі бойынша экономика шаруашылықты жүргізудегі әмбебап тәртіптердің жиыны, яғни ол арқылы байлықты өсіруге болады. Ол байлық деп осы шаруашылықта өндірілген өнімдердің жиынын санады. Сонымен бірге, ол шаруашылықты көркейту үшін айырбас, сауда қатынастарын дамытудың қажет екендігін түсінген.
Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы— меркантелистер мектебі. Ол итальян сөзінен аударғанда саудагер, көпес ұымын береді. Бұл мектептің өкілдерінің алға қойған мәселесі-қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге барынша көп сатып, олардан мейлінше аз сатып алу арқылы елдегі ақша және алтын қорын молайту жолдарын іздеу. Олар акша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Бұл жердегі бір кемшілік сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш болып табылмайды, себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды.
Меркантелистік мектептің осы кемшілігін келесі бір мектеп-физиократтар (грекше физис-табиғат, ал кратос-билік дегенді білдіреді) сынға алды. Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте, соның ішінде тек ауыл шаруашылығында. Осы бағыттың негізін қалаушы Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі қате пікір болды. Оны буржауазиялық саяси экономияның көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.
Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың адғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған карама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық енбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты, олардың бірі-маржинализм (французша marginal-шекті) теориясы.
Бұл бағыттың ортаға салған мәселесі-шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамды субъективті-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Олардың пікірі бойынша кезкелген адам игіліктің құндылығын өзі субъективті түрде анықтайды, яғни пайдалылығына қарай бағасын орнатады. Осы мектептің өкілдері — К. Менгер, Э. Бем-Баверк, В. Визер. Экономикалық теорияның келесі бір-жаңа бағыты "неоклассикалық" бағыт, негізін қалаушы ағылшын экономисі А. Маршалл (1842—1924). Оның басты еңбегі "Эко­номика ғылымының принциптері" 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда немесе шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысты. АҚШ-та Дж. Кларк (1847—1938) шекті өнімділік және өндіріс факторларының, кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары неғұрлым өскен сайын, оның өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп XIX—XX ғасырларда экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Бұл бағыттың негізін қалаушылар — М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс.
Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Экономикалық теорияның пәні – адамдар мен әртүрлі әлеуметтік топтар арасында игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестері барысында қалыптасатын экономикалық қатынастар. Нобель сыйлығының лауреаты П. Самуэльсон экономикалық теория пәнін өзінің «Экономика» аттыеңбегінде тұтыну және өндіруді жүзеге асыру, қалыпқа келтіру, адамдар арасындағы айырбаспен, ақшалай келісім-шартпенбайланысты қызмет түрлері дей тұра, көптеген мысалдар келтіре отырып, экономикалық теория пәні тек осы және ол өзгермейді, ол нақты деп айту қиын деген.
Экономикалық процестерді танып-білу әдістеріне тоқталар болсақ, бірнеше зерттеу әдістері бар . Олар: ғылыми абстракция, талдау және синтездеу, индукция мен дедукция әдістері және объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет