УДК 004
ОНЛАЙН КҮНДЕЛІК
Жамбыл Н.А., Каракулов Е.М.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қ.
Ғылыми жетекші – к.п.н., доцент Аңдасова Б.З.
Қазіргі таңда кез келген нәрсені электронсыз түрде және ғаламторсыз елестету мүмкін емес. Ғаламтор жер жаһанды байланыстырып тұр, яғни кез келген жерден ғаламторға кіру арқылы өзіне қажетті мәліметтерді, материалдарды және т.б. заттарды алуға болады. Сол секілді күнделіктіңде электронды және онлайн түрі болуы тиіс.
Бұл жобаның негізгі мақсаты ғаламтор қолданушыларының жоспар-кестелерін, ескертулерін, маңызды кездесулерін, құпия кілттерін, пайдалы ссылкаларын, алға қойған мақсаттарын, күндік, айлық, жылдық - есептерін, жетістітерін және қосымша жаңалықтар мен жарнамаларын белгілі бір ретке келтіріп сақтау болып табылады.
Онлайн күнделік оқушыларға, студенттерге, мамандарға және ғаламтор қолданушыларына арналған.
Жоба міндеттері: ғаламтор қолданушыларына өте тиімді, жылдам және түсінікті интерфейсте қолданылуын, сонымен қатар қолданушының бүкіл мәліметтерін қорғалуын және сақталуын қамтамасыз ету.
Онлайн күнделіктің келесідей мүмкіндіктері бар:
-
Ескертулер жазу;
-
Контактілер енгізу;
-
Фразаларды оқу және жазу;
-
Құпия кілттерді сақтау;
-
Файлдарды сақтау;
-
Әр түрлі тақырыпта мақсаттар қою және оған жетудегі жасалынып жатқан қадамдар;
-
Жаңалықтар лентасы;
-
Пайдалы ссылкалар;
-
Жеке мағлұмат, резюме;
-
Істер тізімі;
-
Мәліметтерді сақтаудың кеңейтілген түрі (аты-жөні, аумағы, мамандығы, мектебі, жоғарғы оқу орны бойынша);
-
Жазбалар;
-
Есептер;
-
Түрлі акциялар мен конкурстар өткізу;
-
Пайдаланушылар арасында хатпен алмасу;
-
Бонустық жүйе (қолданушылар мотивациясы үшін);
Техникалық және бағдарламалық құралдарды таңдау.
Жоба ASP.NET MVC технологиясы бойынша C# тілінде жасалады. ASP — ірі масштабталатын Web-қосмшалар құрастыратын, Web-өңдеушілерге арналған, қуатты құрал. ASP www.microsoft.com және www.deli.com, сонымен қатар басқа да үлкен және кішкентай сайттар сияқты Web-түйіндерде үлкен табыспен пайдаланылды. Кейіннен ASP.NET — жаңа нұсқасын Microsoft корпорациясы ұсынды. Бұл технологияда көптеген жаңа функциялар пайда болып, «классикалық» түріндегі қызметтері бірталай жетілдірілді.
Келесі жаңартылған нұсқа ASP.NET MVC деп аталды. Model-View-Controller (MVC) архитектурасында қосымшаны үш компонентке бөлу қарастырылады: модель, ұсыныс және контроллер.
Модельдер. Модельдер объектісі қосымшаның деректер доменінің логикасын жүзеге асыратын қосымшаның бір бөлігі. Көп жағдайда модельдер объектісі модельдің жағдайын алып деректер қорында сақтайды. Мысалы: өнім объектісі деректерді қордан алып, оларды өңдеп, кейін жағартылған деректерді SQL Server серверіндегі өнімдер кестесіне жазуға болады.
Ұсыныстар. Ұсыныстар- қосымшадағы қолданушы интерфейсін бейнелеуге арналған компонеттер. Әдетте қолданушы интерфейсі модельдер деректеріннің негізінде құрылады. Мысал ретінде өнімдер кестесіне түзетулер енгізуді айтсақ болады. Мұнда тесттік өрістер, өнім объектісінің сол кездегі жағдайына байланысты ашылатын тізімдер мен жалаушалар көрсетіледі.
Контроллерлер. Контроллерлер — бұл қолданушымен арақатынасты, модельмен жұмысты және қолданбалы интерфейс бейнесін ұсынуды таңдауды қамтамасыз ететін компоненттер.
SQL Server, Web-серверлер бүкіл сайтты немесе бөліктерін оңай қорғауға мүмкіндік береді. Деректер базасын қолдану пайдаланушылардың парольдері мен аттарын сақтауға, пайдаланушылардың аутентификациясын жылдам жүзеге асыруға, пайдаланушыларды қосуға, жоюға және пайдаланушыларға паролін өзгертуге мүмкіндік береді.
Қазіргі Интернет желісінің дамыған кезеңінде осы онлайн күнделік ғаламтор қолданушыларына таптырмас көмекші құрал болып табылады.
Әдебиет
-
Роберт Вийера «Программирование баз данных Microsoft SQL Server 2005»
-
Марко Беллиньясо. Разработка Web-приложений в среде ASP.NET 2.0: задача-проект-решение. – М. : ООО «И.Д.Вильямс», 2007, 457 с.
-
Г.Бучек. ASP.NET. Учебный курс. – СПб.: Питер, 2002, 17 с.
-
Фаронов В. Создание приложений с помощью C#. -М.:Эксмо, 2008,576c.
-
Абрамян М. Visual C# на примерах. -БХБ-Петербург, 2008 ,375c.
Джейсон Прайс, Майк Гандэрлой. Visual C#. NET. ISBN 978-5-7931-0490-6; 2008 г.
Достарыңызбен бөлісу: |