ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ НЕГІЗІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Тұжырымының ерекшеліктері:
оқыту құралдарының (ЭВМ бағдарламаланған оқулық, кино – тренежер т.б.) көмегімен бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл, адым сияқты оқыту кішкентай бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен беріледі.
Мазмұнының ерекшеліктері:
сызықтық бағдарлама;
тармақталған бағдарлама;
құрастырылған бағдарлама;
Әдісі:
блоктық және модульдік оқыту;
Блоктық (ақпараттық блок, тестілік – ақпараттық, түзету – ақпараттық, проблемалық).
Модульдік (блоктық оқытуды дамыту ретінде), оқушылар модульдерден құрастырылған оқу бағдарламасымен жұмыс істейді. Модульдік оқыту технологиясы уақытты реттеумен оқу материалдық мазмұнында ыңғайлаиуға мүмкіндік береді.
Дифференциалды оқыту (саралап) технологиясы
Өткен ғасырдың 30-жылдарында Америкада, ал 60-жылдары білім беру мен оқытуда саралау үрдісі кеңінен етек алғаны мәлім. Бұл үрдіс бүгін таңда Қазақстан мектептеріне келіп жетті. Бүкіл әлем мектептерін даралап, саралап алмайтынымыз анық.
Оқушылардың бейімділігін, қызығуын, үлгерімін анықтай отырып, оқыту яғни саралап оқыту қазіргі мектептердің даму бағытына айналып отыр. Саралау – оқу мекемелерінің түрлеріне, бір мектептің кәсіби бағдары мен өз ішіндегі ағымына және сыныптағы топқа бөлінеді. Білім беруде, саралап оқытуда қарама-қайшылық та кездеседі.
Жалпы саралап оқыту бастауыш мектепті бітіргеннен кейін басталады. Англияның мектептерінде, Германияның нақты училище, гимназия және негізгі мектептерінде, Францияның технологиялық, кәсіби және жалпы білім беретін лицейлерінде, Ресей мен Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектеп, лицей, гимназияларында және басқа мемелекеттердің әр түрлі атақты мектептерінде саралап оқытылады.
Бұл оқу мекемелердің ерекшелігі – олардың оқу бағдарламаларында. Бір мекеменің өз ішінде саралап оқыту, әсіресе Америка мен Жапония мектептерінде кеңінен тараған. Бұлардың жоғары орта мектептері екі түрлі: жалпы білім беретін және арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізеді.
ДЖ. Конант бастаған педагогикалық топ 50-жылдары “барлығын қамтитын мектеп” моделін ұсынды. Әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы балалар үшін, олардың қабілеті мен қызығуын ескере отырып, әр топқа сәйкес бағдарлама жасады. Конанттың ұсынысы АҚШ мектептерінде саралауды енгізуде іске асты.
Достарыңызбен бөлісу: |