Ескертулерін тіркеу кестесі



Дата23.02.2016
өлшемі70.79 Kb.
#4359
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

ғылыми құқықтық сараптамасының

ЕСКЕРТУЛЕРІН ТІРКЕУ КЕСТЕСІ


р/с


Құрылымдық элементі

Жобаның редакциясы


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының ескертулері

Ескертпе


1.

2.

3.

4.

5.

1.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдауда мүмкін болатын экономикалық, әлеуметтік, құқықтық салдарының болжамы.






Заң жобасын әзірлеушілермен заң жобасын қабылдауда мүмкін болатын экономикалық, әлеуметтік, құқықтық салдарының болжамы ұсынылды, бірақ оның мазмұнында бюджетке мемлекеттік бажды төлеуден күтілетін түсімдер ғана көрсетілген.


Қабылданды.

2

1-бап.

1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №9 65-құжат; №19, 147-құжат; №20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат, 134; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146,148-құжат; 2011 г., № 1, ст. 2, 3; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат):

...

2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130-құжат, 132; № 24, 145, 146, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат; № 2, 21-құжат, 25; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат):



...

3. 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат)



Әзірлеушілер өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге жататын нормативтік құқықтық актілерді толық мөлшерде белгілеген емес.

Еңбек кодексінен, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстен, «Халықтың көші-қоны туралы» Заңнан басқа шетелдіктің еңбек әрекеті бойынша (жұмыс берушінің іс-әрекеті түріне қарамастан) қоғамдық қатынастар «Халықтың жұмыстылығы туралы» Заңмен, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекспен (396-бап) реттеледі.




Қабылданған жоқ.

Көрсетілген заңдармен ҚР шетелдіктер еңбек әрекеттерін іске асыру мәселелері реттелген, сондай-ақ оны тиісті рұқсатсыз іске асыру үшін жауапкершілік.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 396-бабында қолданыстағы көші-қон заңнамасының нормаларын бұзумен шетелдікті жұмысқа алғаны үшін жауапкершілік көзделген: тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жеке адамдарға отыз мөлшерде (48540т.), лауазымды адамдарға – елу (80900т.), заңды тұлғаларға – мыңға дейін АЕК (1618000т.). Осы бапта жұмысқа орналасуға рұқсат алмай шетелдік Қазақстан Республикасында еңбек әрекетін іске асырғаны үшін альтернативсіз негізде 25 АЕК мөлшердегі айыппұл төлеуге тартылатыны көзделген, осындай рұқсатты алу еңбек әрекетін іске асырудың қажетті шарты болып табылады.

Сонымен қатар, жұмыс беруші-жеке адамдармен халықтың жұмыстылық мәселелері жөніндегі уәкілді органға және ішкі істер органдарына бастапқы статистикалық деректерді беру мақсатқа сай емес деп ойлаймыз. Осы дәрежедегі еңбекші көшіп-қонушылар біліктілікті талап етпейтін жұмысты іске асырады, осыған байланысты оларды жұмыстылық мәселелері жөніндегі уәкілді органда есепке алу қажет емес. Жұмысқа орналасуға рұқсатты көші-қон полициясы береді және ұзартады, яғни ішкі істер органдарында иммигранттардың болу орны мен жұмысы туралы толық ақпарат болады.



3

-




Үкіметтің 21.08.2003. № 840 қаулысымен бекітілген Заң жобалық жұмысты ұйымдастыру ережелердің талаптарына сәйкес «Заң жобалардың және олардың қосымшаларының әр парақтарына әзірлеуші-органның басшысы қол қояды».

Қабылданды.

4

Атау

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның талабына сәйкес атын тұжырымдау кезінде «Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы...» деп жазу керек.

Қабылданды.

5.

-

-

Заңнамалық реттеуді талап ететін мынадай мәселелер туындайды:

  1. жұмыс беруші-жеке адамдарды «халықтың жұмыстылық мәселелері жөніндегі уәкілді органға және ішкі істер органдарына бастапқы статистикалық деректерді беруді» міндеттеу мақсатқа сай ма; олар «бастапқы» бола ма; қандай тәртіпте және қай мерзімде.

2) егер рұқсатты алу кезінде жұмыс берушіге «байлау» болмаса, рұқсаттың қолданыс мерзім ішінде әр түрлі немесе бірнеше жұмыс берушілермен біржолы еңбек шарттарын жасауға және бұзуға құқықты болады. Бұған жол беруге болама?

Қабылданған жоқ.

Заң жобасының идеологиясына сәйкес шетелдік азаматтың жұмысқа орналасуға рұқсат алғаннан соң, рұқсат берілген мерзімнің шегінде (максималды – 3 ай) жұмыс беруші – әр түрлі жеке адамдармен еңбек шартын жасауға құқықығы бар.



6.

подпункт 2) пункта 3 статьи 1

3. «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына:

...


  1. 9-баптың 1-бөлімінің мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

«25-1) көшіп-келушілерге еңбек жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат береді, сондай-ақ көрсетілген рұқсатты тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;»;

Квотаға енгізу тәртібі туралы сұрақ туындайды, оны кім анықтайды. Заң жобасы қабылданған жағдайда, қазіргі таңда қолданыстағы Үкіметтің 13.01.12ж. № 45 қаулысымен бекітілген ҚР шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі және Жұмысқа орналасу үшін шетелдік жұмысшыға және шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушілерге рұқсат беру ережелері мен шарттары тиісті өзгерістерді талап етеді.

Қабылданды.

7.

-

-

Сарапшылар, заң жобасын әзірлеушілер ұсынған шара ішкі еңбек нарығы есебінен жұмыс күшіне сұранысты қанағаттандыру болмаған жағдайда ғана шетелдік жұмыс күшін тарту мәніне қайшы келеді деп санайды.

Осыдан басқа, еңбекші көшіп-қонушылар тарапынан ұсынған артықшылықты қиянат пайдалану қауіпі бар.

Жұмысқа рұқсатты алу қиынға түсетін болса шетелдік азаматтарда рұқсатты алу және оны ұзарту жолымен заңнаманы аттап өту мүмкіндіктері пайда болады. Осылайша, шетелдік жұмысшы жеке адамға емес кәсіпкерге жұмыс істейтіні айқындалғанша дейін осы мәртебеде қала беруі болады.


Қабылданған жоқ.

Заң жобасының басымды мақсаты қазіргі таңда еңбек әрекетін заңсыз іске асырып жатқан жақын шетелден келген еңбекші көшіп-қонушыларды заңдастыру болып табылады,оларды нәтижелі есепке алуды қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын сақтау мақсатында, сондай-ақ кірістер мен салықтардың айқындығы.

Сонымен қатар, рұқсаттар 1 айдан 3 айға дейінгі мерзіге беріледі, оны ұзарту кезінде иммигрант алдыңғы кезеңде қандай әрекетті іске асырғаны тексеріледі (еңбек шарттарын тексеру арқылы). Сондай-ақ, заң жобасына сәйкес олардың ҚР болатын шекті мерзімі бір жылдан аспайды.


8.

1-бап.

1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №9 65-құжат; №19, 147-құжат; №20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат, 134; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146,148-құжат; 2011 г., № 1, ст. 2, 3; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат):

...

2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130-құжат, 132; № 24, 145, 146, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат; № 2, 21-құжат, 25; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат):



...

3. 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат)



Заң жобасының 1-бабы 1, 2, 3-тармақтары «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 21-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейді. Барлық заңнамалық актілерге алдында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, демек, «Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы» жинағында немесе ресми жариялаушының басқа көзінде тиісті заңнамалық актіні жариялаған жылын, нөмірін және мақаланы көрсету қажет.


Қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет