ОҚО, Кентау қаласы Б. Момышұлы атындағы



Дата08.07.2016
өлшемі65.5 Kb.
#185329


ОҚО, Кентау қаласы

Б.Момышұлы атындағы

12 жалпы орта мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі

Маймақова Айгүл

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша коуч сессия ЖОСПАРЫ



Сабақтың тізбегі

Оқыту үшін бағалауда оқушылардың өзін-өзі бағалау түрлерін пайдалану

1

Жалпы мақсаты

Коуч сессия қатысушыларына «оқуды бағалау»(суммативті бағалау) және «оқыту үшін бағалау» (формативті бағалау), критериалды бағалау түсініктерін қалыптастыру, формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділігін үйрету.

2

Күтілетін нәтиже

Коуч сессия қатысушылары формативті бағалаудың күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үрдісін жақсарту, оқушыларды оқытуға жетелеу

3

Түйінді идеялар

Формативті бағалау, суммативті бағалау

4

Материалдар және ресурстар

компьютер, проектор, оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер



Сабақтың барысы

Коуч сессияны өткізу этаптары

Мерзімі

Мұғалім және коуч қатысушылардың іс-әрекеттері

Сәлемдесу

3 мин

Коуч тақырыппен таныстырады.

Сергіту сәті

2 мин

Серіктестік орта құру. Коуч қатысушыларды шеңбер бойына тұрғызып мотивация кезеңін орындату. Басқа қатысушылар оны жалғастырады.

"Бүгінгі жаңалығым қандай?", "Тілек айту" Мұғалім бір шарды алып өзінің жағымды жаңалығы мен тілегін айтып бір қатысушыға береді. Ол өз жаңалығын айтады. Қатысушылар аяқталғанша осылай жалғаса береді.

Шағын топқа бөлу

5 мин

Коуч қатысушыларды 2 шағын топқа бөледі. Ол үшін 2 қатысушы шығып, қалғандары солардың артқы жағына тұрады. 2 қатысушы кезекпен шарды лақтырғанда қағып алған қатысушы сол адамның тобына қосылады.

Топ ұстанымын құрғызып, коуч қатысушыларды жауапкершілікке шақыру. Әр шағын топ бірлесе отырып, өз топ ережелерін құрып, таныстырып, тұстарына іледі.



Түйінді идеялар

3 мин

Оқу үдерісін бағалау қажет пе? Сіз сабақта нені бағалайсыз? Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін Сіз қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз?

Жеке жұмыс

2 мин

«Мақсат ағашы» арқылы «сізге білім алуға біреудің көмегі керекпе, жоқ әлде өз күшіңіз жете ме?» деп сұрақ қоя отырып мақсат ағашының суретін сызып, белгілеп беруді ұсыну. Кейбір суреттер комментарий арқылы бағаланса, қалған суреттерге комментарий қажет емес. /Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау/

Рефлексия


5 мин


Коучке сұрақтар: Сізге неліктен бұндай баға қойылғаны түсінікті ме? Сізге қойылды... Неге? Сіз жаныңызда отырған әріптесіңізге баға қою кезінде неге көңіл аудардыңыз? Жұмысты бағалау қиын болдыма? Сіздің бағалауыңыз қандай қиындықтар туындатады? Сіздің бағалауыңыз қандай аспектілерді қамтиды? Сіздің оқушыларыңыз не үшін және неге баға алғандығын түсінеді ма? Сіздің оқушыңыз әр тақырып сайын бағаланадыма?

Презентациялар таныстырылымы

2 мин

1.«Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау» таныстырылымы

Рефлексия

5 мин

«Ромб» тәсілімен «оқыту үшін бағалауға» тиісті негізгі 9 түсінік жазу.

Сергіту сәті:

3 мин

Ән шырқау. Әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған крточкалар таратылып беріледі. Әр топ тез арада дайындалып, бірлесе орындауы керек.

Жаттығулар:

10 мин

Коуч қатысушылары алдымен берілген тапсырмалар бойынша жеке, жұпта, топта серіктестік орта құра отырып сыни тұрғыдан ойлай келе талқылап, зерттеушілікпен айналысу барысында, дайындаған шағын жоба жұмыстарын А3 парағына түсіріп, тақтаның алдына шығып қорғайды. Берілген мәтін мазмұнының түсіну дәрежесін анықтау мақсатында 3 топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Тапсырма барлық топқа әртүрлі беріледі.

І топ. “Бағалаудың алты қағидасы” Маңыздылық 175 бет

(«Методическое пособие для тренера. Программа «Street Law». Сост. Мухтарова А.К., Булуктаев Ю.О., Калинина А.А., Асанбекова Г.С. – Алматы: Фонд «ХХІ век», 2001» кітабы бойынша. -58-59 беттер) (Мәтін бойынша кластер құрау).



ІІ топ “Бағалаудың алты қағидасы” Оқудың ажырмас бөлігі 176 бет (А.Әлимов: интербелсенді әдістемесіні ЖОО-да қолдану мәселелері) (Тәсілдерді зерттеп, постер қорғау).


Рефлексия

2 мин

3 мин


Формативті бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясына сүйене отырып топтың ең жақсы жетістігі және жіберген кемшілігіне ұсыныс айту.

Эссе:«Алған білімдеріңді қай жерде қалай қолданасың?»



Топтық жұмыс

10 мин

Әр шағын топ сарапшылары өз топ мүшелеріне критериялық баға береді.


Қорытындылау

5 мин

Коуч сессия қатысушыларға сабақ соңында «Мен бүгінгі сабақ жайлы не білемін?» бағдаршам арқылы өздерінің сабақты қаншалықты меңгергендерін көрсетеді. Коуч сессияны талқылау, стикерлерге кері байланыс жаздыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет