ОҚО,Созақ ауданы,Шолаққорған ауылы, А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектеп География пәнінің мұғалімі



Дата20.06.2016
өлшемі65.99 Kb.
#149073
ОҚО,Созақ ауданы,Шолаққорған ауылы,

А.Байтұрсынов атындағы

жалпы орта мектеп

География пәнінің мұғалімі:

Дүрменова Сырғакүл Жұматайқызы

. Сабақтың тақырыбы: Кең байтақ Қазақстан атты телекөпір ойын сабағы

Сабақтың мақсаты: Экономикалық аудандастыру тақырыбы бойынша алған білімдерін ойын арқылы қайталау.

а) Білімділігі: Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

б) Дамытушылық: Тақырыпқа ынта қоюға, оның мақсатын, мазмұнын,

болашағын түсініп, іс жүзіне асыру, оқушылардың

сөйлеу тілін дамыту.

с)Тәрбиелігі: Өз елін, жерін сүюге, тіл мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Карта, графопроектор, буклет.

Сабақтың түрі: Ойын.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

2. Жүргізушілер.

3. Аймақ қонақтары.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті көрермендер! Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерекесіне орай еліміздің барлық экономикалық аймақтары арқылы тікелей эфир Кең байтақ Қазақстаным - атты телекөпір хабарымызды бастаймыз.

Жүргізуші: Асқар таулар бақша баулар әлемі

Қазақстан ғажап өлке әдемі

Көк байрағы желбірейді биікте

Естіледі әнұранның әуені.

Қазақстан күлімдеген

Күн шығыстан Қазақстан

Барлық елмен бір туысқан

Қазақстан, Қазақстан деп,- ақын ағаларымыз жырлағандай Қазақстан Республикасы бүкіл жер шары көлемінің 2 %-ын, Азияның 6,1 %-ын құрайды. Жер көлемі жөніде тоғызыншы, Еуразияда төртінші орын алады.



Жүргізуші: Астана, Қазақстан іргең алтын,

Сондықтан гүлстан деп айтан халқың.

Елімді енші беріп өркендеткен,

Жолы еді қайта құру, берген салтын.

Ілініп алдыңғы елдің қатарына,

20 жылда көтерілді көкке даңқың.



Жүргізуші: Белгілі ғалым Н.Н.Баранский Қазақстан аумағын бес экономикалық ауданға бөлді. Экономикалық аудандар шаруашылықтың кемелді дамуымен сипатталады.

Жүргізуші: Экономикалық аудан дегеніміз – аумақтық еңбек бөлінісі нәтижесінде қалыптасып, бір-бірінен шаруашылықтың мамандануы және кешенді дамуы жөнінен айырмашылық жасайтын елдердің бір бөлігі.

Жүргізуші: Солтүстік аймақ шаруашылығы жаздық бидай етті, сүтті мал шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, темір рудасын, көмір өндіруге маманданған. Жүргізуші:Солтүстік Қазақстандықтар бізді көріп отырсаңыздар сөз кезегі сіздерде.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме тікелей эфир орталығы, бізді көріп отырсаңыздар барлық облыс әкімдері түгел жиналып ой бөлісуге әзірміз.

Сексен көл Көкшетаудың саясында,

Әрқайсы алтын кесе аясында.

Ауасы дертке дауа, жұпар иісі,

Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?- деп Сакен ағамыз жырлағандай республика көлемінде жиналатын астық өнімінің 90%-ы Солтүстік Қазақстанның үлесіне енеді. Аудан ет, сүт, май шайқау, ұн-жарма тарту салаларына маманданған. Жеңіл өнеркәсіпте тігін, аяқ-киім сияқты салалар, ауыр өнеркәсіптен тау кен ісі дамыған және тас, құм, саз, әктас сияқты құрылыс материалдары мол. Бірнеше өнеркәсіп тораптары қалыптасқан. Кеш қонақтарымен таныстырайын.

Қостанай облысының әкімі: Ізбасар

Ақмола облысының әкімі: Рахымжанова Әсем

Павлодар қалалық әкімшілігінің бас маманы: Оспанова Меруерт



Жүргізуші: Сөз кезегі Әкімдер сіздерде.

Жүргізуші: Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Жүргізуші: Армысың аты әйгілі Қарағандым,

Жылуым, қара алтыным, қара наным.

Кімдердің пальмасынан артық маған,

Бозарған көде, жусан, қарағаным.



Жүргізуші: Орталық Қазақстан көмір – металлургия, химия – машина жасау салаларына маманданған.

Жүргізуші: Орталық Қазақстан көлеміне Еуропаның Англия, Бельгия, Голландия, Дания сияқты мемлекеттер сиып кетеді. Жер бедері ұсақ шоқылы, қуаңшылық басым. Сөз кезегі Орталық Қазақстан сіздерде.

Жүргізуші: Өлкенің негізгі байлығы Қарағанды алабының кокстелетін бас көмірі мен Жезқазған, Қоңырат, Саяқ мыс кендері құрылыс материалдары, темір, марганец кендері полиметалдар, сирек металдар кездеседі.

Сирек металдардан вольфрам, молибден, ваннадий, висмут, сурьманың тағы басқа қоры табылған.

Кокстелетін көмірдің, шойын мен болаттың, маргенец кенінің 100% - ы Орталық Қазақстанда шығарылады. Дей келе біздің қонақтар:

Қарағанды облысының әкімі: Медеу

Теміртау қалалық әкімшілігінің бас маманы: Амангелдітегі Арай.

Балхаш қаласының әкімі: Айдана



Жүргізуші: Барлық Қазақстандықтарға денсаулық, байлық тілеймін. Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Сәлем берем Алтайлық туысыма.

Мынау жатқан Марқакөл Зайсаныма,

Толар мекен Алтайдың уысына.

Шығысыма тарт мені, шығысыма.



Жүргізуші: Көлемі жөнінен ең кішкентай аймақ Шығыс Қазақстан орталығы Өскемен қаласы. Шаруашылығының маманданған саласы полиметалл және энергияның көп қажет ететіні түсті металургия, агроөнеркәсіп кешені.

Жүргізуші: Ендігі сөз кезегі Шығыс Қазақстандықтар сіздерде.

Жүргізуші: Шығыс Қазақстан – республикамыздың полиметалл кендері мен арзан су электр энергиясын өндіретін аудан. Ауданның агроөнеркәсіп кешендерінде мал шаруашылығы 7-орын алса, егіншілік пен олардың шикізаттарын өңдейтін салалар қосалқы орында. Қазақстан аумағының 10%-ы, халқының 12%-ы, өнеркәсіп өнімінің 18%-ы сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімінің 13%-ы осы ауданның үлесіне енеді. Бізде қонақта:

  1. Менеджмент: Жанар

  2. Шығыс Қазақстан облысының әкімі: Дүрдана

  3. Семей қалалық білім бөлімінің әдіскері: Айгүл

Жүргізуші: Тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Рахмет. Ендігі сөз кезегін Батыс Қазақстандықтарға береміз. Сөз еткелі отырған Батыс Қазақстанда халық сирек қоныстанған, шөлді аудан.

Жүргізуші: Армысың, Атырауым, бозаң далам!

Каспименен Жайықтан көз алмаған.

Амансың ба, от далам, ажар далам,

Түйе орнына бұл күнде ақ қалалар.



Жүргізуші: Республика шаруашылығында ерекше орын алатын мұнай-газ өндіретін және өңдейтін сонымен қатар, газ, хромит, никель, ферроқорытпа минералды тыңайтқыштар және мұнай өнеркәсібі үшін құрал-жабдықтар өндіретін аудан.

Жүргізуші: Батыс Қазақстандықтар сөз кезегі сіздерде.

Жүргізуші: Еліміздің батысында орналасқан бұл экономиаклық аудан Ресей Федерациясының Шығыс Еуропа жазығы мен Орталық Азия шөлдерінің аралығында орналасқан. Климаты шұғыл континентті, әрі құрғақ. Қысы суық, аумағының көпшілік бөлігі шөл және шөлейтті алып жатқандықтан, тұщы су тапшылығы байқалады. Өсімдігі өте сирек. Жер қойнауында пайдалы қазбалар көп.

Біздің қонақтарымыз:



  1. Атырау облысының әкімі: Нұрлыбай

  2. Ақтау қаласының әкімі: Данияр

  3. Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығының бас маманы: Мадина

Жүргізуші: Бізді көріп отырсаңыздар барлықтарыңызға денсаулық, байлық, аманшылық тілейміз. Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Рахмет

Жүргізуші: Жер таппай жерге жетер Жетісуым:

Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым.

Бөленген бұлтқа мәңгі меңіреу құз,

Ну тоғай, қоғалы көл қоңыр құмым..



Жүргізуші: Аумағы жөнінен Батыс Қазақстаннан кейінгі екінші орынды алады. Аудан су ресурсына бай, еліміздегі ресурстарының 49% - ы осы ауданда кездеседі. Жер қойнауы жан-жақты зерттелеген. Республика бойынша бұл экономикалық ауданда халықтың табиғи өсімі жоғары жер қойнауының әр алуан пайдалы қазбаларға бай болуы аудандағы өнеркәсіп салаларының дамуына мүмкіндік туғызады.

Жүргізуші: Оңтүстіктер бізді көріп отырсаңыздар сөз кезегі сіздерде!

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме көрермендер!

Біздің Оңтүстік өңірі шаруашылық салаларының ішінде кен өндіруге, өңдеуге ауыр, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына мамандалған – дей келе ой бөлісуге бірнеше қонақтарымыз келіп отыр. Олар: Созақ ауданының «Жастар орталығының» нұсқаушысы Ақниет

2. Қызылорда облысының әкімі: Ұлдана

3. Алматы қаласының әкімі: Балжан.



Жүргізуші: Қазақстандықтар барлықтарыңызға мол байлық, бейбітшілік, денсаулық тілейміз. Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Рахмет. Құрметті көрермендер, біздің хабарымыз да өз мәресіне жетті.

Жүргізуші: 20 жылда қалды елім масаттанып

Жетіліп бар жағынан жасақталып.

Құрғаққа көл орнады жатқан шөлден,

Салынып завод, фабрика қосақталып.



Жүргізуші: Еңбекпен гүлденуде бәрі тегіс,

20 жылда атқарылып небір ер іс.

Ғылымның жетік өскен жолыменен,

Мәңгілік халық үшін берді жеміс.



Жүргізуші: Бірлікпен, ынтымақпен қосып тілек,

Өсті ел басып алға ілгерілеп.

Бүгін де қазыналы Қазақстан,

Талай ұл тобын жазбай өскен түлек.



Жүргізуші: Кең байтақ Қазақстан жасыл жиек,

Болғандай көрінеді көкке тиек.

Құлпырып дархан елім қанат жайып,

Өрлеуде еркіндікке арқа сүйеп.



Жүргізуші: Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектеп

телекөпір ойын сабағы
Сыныбы: 10 ЖМБ

Күні: 23 қараша

Пән мұғалімі: Дүрменова С.Ж.
Шолаққорған 2011

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет