«Операциялық жүйелер» пәнінен оқу-әдістемелік кешен 5B060200 – «Информатика»мандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдар



бет1/4
Дата25.04.2016
өлшемі0.83 Mb.
#89167
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті




3 деңгейлі СМЖ құжаты


ПОӘК

ПОӘК

042-14.2.02.01.20.78/03-2014



    «Операциялық жүйелер»

пәнінің оқу- әдістемелік кешені

№2 басылым 03.09.2014 ж.



    «Операциялық жүйелер»
пәнінен оқу-әдістемелік кешен

5B060200 – «Информатика»мандығына арналған


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР







Семей


2014

мазмұны

1. Дәрістер


2. Зертханалық және машықтану сабақтары

3. Студенттің өздік жұмысы




  1. ДӘРІСТЕР

ДӘРІС 1 ОЖ түрлері
Дәріс жоспары:

1.ОЖ тарихы

2.Windows-тың тарихы мен дамуы.

Операциялық жүйе дегеніміз - компьютерді басқару мен информация сақтайтын, барлық компьютерге қосылған құрылғылардың жұмысын басқаратын компьютерге қажетті компоненттер болып табылады. Қазіргі таңдағы Windows дербес компьютерге арналған ең кең тараған перациялық жүйе. Windows-ты танымал қыллған оның артықшылықтары ретінде мыналарды айтуға болады:



  • Ыңғайлы және қарапайым графикалық интерфейс (интерфейс – адам мен компьютер арассындағы қарым-қатынас);

  • Көптеген программалардың параллелль жұмыс жасауы;

  • Жаңа құрылғылардың автоматты түрде бапталуы:

Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру, жылдам жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезінде қате жіберілу сияқты оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау, т.б. Яғни, ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіде сақталып қойылады. Сондықтан ОЖ-ны дискілік операциялық жүйе деп те атайды (DOS). Процессордың типіне қарай, DOS-тың көптеген нұсқасы бар. Әдетте оларға арнайы атаулар беріліп қойылған. 16 не одан жоғары разрядты IBM PC –ге үйлесімді компьютерлерде пайдаланылатын операциялық жүйе – MS DOS (MicroSoft Disk Operating System).

Алғашқыда оның да бірнеше нұсқалары жарыққа шықты. Одан соң шыққан кәсіби компьютерлер командалар жүйесі кеңейтілген MS DOS 6.0 және т.б. нұсқаларын, ал қазіргі кездегі ЭЕМ-дер мен ДК-лер MS DOS-тан жүздеген есе күшті, параллельді бірнеше есепті шеше алатын MS Windows 95, 98, 2000, UNIX және т.б. операциялық жүйелерін пайдаланады. МS DОS-пен жұмыс істейтін компьютер іске қосылған кезде монитор экранының төменгі жағында операциялық жуйенің шақыруы деп аталатын С:\> не осы сияқты белгілеме көрінеді. Әдетте шақыру шыққан жол командалық жол делінеді. Пайдаланушы компьютерге беретін командасын шақыру белгісінен соң комаңдалық жолда теріп алып, Енг (енгізу) пернесін басуы тиіс.1985 жылы МісгоSoft фирмасы алғашқы рет МS DОS'қа қосымша пайдаланатын Windows 1.0 атаулы жүйелік программаны, ал соңғы жылдары оның кеңейтілген түрлі нүсқарын дайындап шықты. Одан соңғы жылдары мүмкіндіктері МS DОS -тан жүздеген есе артық 3.0, 3.1, 3.11 және т.б. нүсқалары жарыққа шықты. Мүндай жүмысын жеңілдететін Norton Commander сияқты қабықша программа (ол жөнінде 7қысқаша келесі дәрісте баяндалған), бірақ оған қарағанда мүмкіндігі мол және пайдаланудың басқа принципіне негізделген.

Windows-тың тарихы мен дамуы.

Windows-тың тарихы 1985 жылы оның алғашқы версиясы Windows 1.0 шыққаннан басталады. Оның құрамында операциялық жүйенің жұмысын көп ыңғайлы жасаған программалар болды. Сол кезде қолданылып жүрген MS-DOS операциялық жүйесіне қарағанда Windows-та графикалық интерфейс қолданылды. (MS-DOS-та командалық интерфейс болды) Сонымен бірге Windows-та информация түгелдей экранға емес, терезе деп аталатын экранның ішкі аймағына шығарылды. Сол кездегі 8086 процессоры бар компьютерлерде операциялық жүйе жөнді жұмыс жасаған жоқ.

Екі жылдан соң 1987 жылы қараша айында Windows 2.0 версиясы пайда болды. Ал шамамен бір жарым жылдан соң Windows 2.10 версиясы шықты. Бірақ бұл версиялар ондай аса танымал бола қойған жоқ.

1990 жылы Windows 3.0 жаңа версиясы шығып, ол көптеген дербес компьютерлерде қолданыла бастады.

Windows-қа арналған программа жазудың қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы, Windows-тың басқаруымен жасайтын программалардың көптеп жазылуына әкелді. Ақырында, жүйені танымал қылған оның әртүрлі компьютерлік құрылғылармен жұмысының жақсы ұйымдастырылуы болды.

Келесі Windows 3.1 және Windows 3.11 версиялары жұмыстың сенімділігін арттыруға бағытталды. Мұнда жадымен жұмыс жақсартылды, жоғары дәрежеде масштабталатын True Type шрифтілерін қолданды, белгілерді экран бетінде маус көмегімен жылжыту мүкіндіктері пайда болды, сонымен бірге параллель жасайтын программалардың арасында информация алмасудың жаңа механизмі қолданылды. Windows 3.11-дің тағы бір артықшылығы компьютерлік желіде жақсы жұмыс жасады.

1988 жылы Microsoft компаниясы Windows жүйесімен бірге параллель түрде Windows NT операциялық жүйесін жасауды қолға алды. Жаңа операциялық жүйе желілік жұмыстармен қуатты әрі сенімді жұмыс жасауға арналған операциялық жүйе жазу мақсатында жазылды. Сонымен бірге жүйенің интерфейсі Windows 3.0 жүйесімен бірдей болуы тиіс болды. Бір айта кететін нәрсе Windows NT жүйесінің де ең танымал болған версиясы үшінші, яғни Windows NT 3.0 версиясы болды. Ол 1992 жылы жылы пайда болды, ал 1994 жылы Windows NT 3.5 жазылды.

Операциялық жүйелерді дамыту ісі бір орында тұрмады. 1995 жылы Windows тарихында жаңа кезең болып табылған операциялық жүйе пайда болды. Жаңа жүйені жасау кезінде оның аты туралы көп әңгіме болды. Басында Windows 4.0 деп, кейіннен Windows Chicago деп, ал ақыр соңында Windows 95 деп аталды. Windows 3.1 –ге қарағанда интерфейс көп өзгеріске ұшырады, әрі программаның жұмыс жасау жылдамдығы да артты.

Windows 95-тің жаңалығының бірі компьютердің қосымша құрылғыларының бір-бірімен конфликтісіз жұмыс жасауы үшін оларды автоматты түрде баптау мүмкіндігі пайда болды. Бұл технология Plug end Play деп аталды. Жүйенің тағы бір ерекшелігі Интернетпен ешқандай қосымша программаларсыз жұмыс жасау мүмкіндігі болды. Windows 95 – тің интерфейсі Windows типті жүйлердің бәрінің негізі боды. 1996 жылы өзгертілген Windows NT 4.0 версиясы шықты. Мұның интерфейсі Windows 95 жүйесінің интерфейсіне ұқсас болды.

Windows 95 – тің дамуының жалғасы болып, 1998 жылы Windows 98 шықты. Мұнда Интернетпен жұмысқа көп көңіл бөлінді.

Windows дамуының келесі кезеңі Windows 2000 және Windows Me (Millennium Edition – редактор тысячелетия) шығуы болды. Windows 2000 жүйесі Windows NT жүйесінің негізінде жазылды. Ал Windows Me Windows 98 жүйесінің жалғасы болды, бірақ көптеген жаңа мүмкіндіктерді қамтыды. Соның ішінде мультимедиалық құралдармен жұмыс істеу жақсы дамытылды. Windows Me көмегімен кез-келген қолданушы үш-төрт компьютер негізінде файлдарды, папкаларды принтерді ортақ пайдалану үшін жергілікті желі жасай алады. Ең жаңа компонент жүйенің видеофильмдер редакторы болды. Бұл программа көмегімен фильмдерді монтаж жасауға болады. Цифрлық фотокамералар мен сканерлермен жұмыс жасау жеңілдеді. Мұнда фотоларды компьютер жадына енгізу үшін қосымша программалар қажет емес. Кең танымал МР 3 форматты дыбыстық файлдарды қолданушы өзі құра алатын болды. Жүйенің қауіпсіздігі мен қорғанысы да жақсартылды. Plug end Play технологиясының жақсартылуы компьютерге әртүрлі тұрмыстық приборларды жеңіл қосуға мүмкіндік берді.

Біртіндеп Windows жүйелерінің арасындағы айырмашылық жойылып, 2001 жылы Windows XP пайда болды. Ол Windows NT мен Windows 2000-ның қауіпсіздік жүйесі мен сенімділігін Windows Me-нің қолайлылығын біріктірді. Сондықтан да бұл жүйе қауіпсіз, сенімді және жылдам жұмысты қамтамасыз етті, сонымен бірге ол үйренуге қарапайым болды, әрі жеке үйдегі қолданушыларға арналған көптеген құралдар пайда болды.

Әртүрлі салада, бағытта қолдануға арналып, Windows XP жүйесінің көптеген варианттары шықты.

Microsoft Windows XP Home Edition үйдегі жұмыс жасайтын жеке қолданушыларға арналған.

Microsoft Windows XP Professional, аты айтып тұрғандай профессионалдарға арналған жүйе. Бұл версия мекемелерде көп қолданылады.

Компьютерлік жүйедегі көп қолданушылардың жұмысын ұйымдастыру үшін, қуатты компьютерлерге арналып Microsoft фирмасы Windows Server 2003 операциялық жүйесін жазды.

Қазіргі таңдағы Windows XP-дің мүмкіндіктері жоғары. Басқа версиялардың бәрі де уақыт өте келе ескірді. Сондықтан жұмыс жасауға тиімдісі әрі ыңғайлысы Windows XP жүйесі болып табылады.

Ал Windows XP жүйесімен жұмыс жасау үшін компьютерге қойылатын талаптар мынадай:



  • Компьютердің оперативті жады 128 Mb-тан кем болмауы керек. Жүйе жылдам жұмыс жасауы үшін 256 болғаны дұрыс.

  • Кез-келген процессор жарайды, бірақ тым ескі болмағаны дұрыс. Егер тактілік жиілігі 300 Мгц тен жоғары болса жарайды, бірақ 1 Ггц-тен жоғары болғаны дұрыс.

  • Қатқыл дискте операциялық жүйенің файлдары мен уақытша файлдар орналасуы керек әрі бос орын қалуы керек. Қазіргі уақытта кішкентай көлемді дисктер сатуда жоқ болғандықтан ол жөнінде қиындық болмайды.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

    1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

    2. Windows-тың даму тарихы қашаннан басталды?

    3. Windows 2.0 версиясы қашан пайда болды?

    4. Windows 3.0 версиясы қашан пайда болды?

    5. Windows NT версиясы қашан пайда болды және ол қандай мақсатқа арналды?



Дәріс 2 Жүйелік программалық қамтама

1.Жүйелік программалық қамтаманың құрамы

2.Базалық программалық қамтама
Қазіргі заманғы ЭЕМ-ді программамен қамтамасыз ету машинаның көптеген қызметін іске асыруға арналған программалар жиынтығынан тұрады. Мысалы, аудармашы программалар бір тілден екіншісіне аудару қызметін атқарады; принтерді қосу программасы; қол тетігін қосу драйвері. Компьютердің жұмысы операциялық жүйе арқылы басқарылатыны, ал пайдаланушының машинада түрлі информацияларды өңдеу үшін арнайы дайындалған программаларды пайдалануы тиіс екенін ескерту қажет. Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған программалар жеткілікті. Құрылымы бойынша ЭЕМ-ді программамен қамтамасыз ету екі топқа бөлінеді, олар:

1)    жүйелік программалар;

2)    қолданбалы программалар;

3)    аспаптық программалар.



Жүйелік программалар компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын үйлестіреді, пайдаланушыға машинаның ұтымды қызмет етуін қамтамасыз етеді. Жүйелік программалар түрлері:

       операциялық жүйе;

       драйвер;

       қабықша-программа;

       операциялық қоршау;

       утилит.

Windows арасындағы программалануды бастау үшін соншалықты маңызды деп саналатын екі сәтті қарастырамыз – бұл (АРІ – фүнкциясы) жүйелік функцияны шақыру және Windows-ға арналған программаның мүмкін болатын құрылымдары. Пирогов программаның 6 типін атап көрсетеді, оларды шартты түрде мынадай үлгіде атауға да болады:


  • классикалық құрылым – бір ғана басты терезеге ие;

  • диалогтық құрылым – басты терезесі диалогтық терезе болып табылады;

  • консольдық тип – басты терезесі диалогтық терезе (жасалатын немесе соған ілесіп отыратын) болып табылады;

  • Терезесіз құрылым - бұл басты терезесі жоқ Windows қосымшасы;

  • Сервистер – арнайы құрылымға ие және операциондық жүйеде айырықша рөл ойнайтындар;

  • Драйверлер – сыртқы қондырғыларды меңгеруге арналған бағдарламаның айырықша құрылымына ие болғандар.

Бірінші, классикалық құрылымды қарастырып көрейік.

Сонымен, Windows программалануы туралы бірнеше жалпы ережелерден басталық.



  1. Windows-дағы программалану API (Application Program Interface, программалық интерфейс қосымшасы) функциясын пайдалануға негізделеді. Сыртқы қондырғылармен әрі операциондық жүйенің өзара әрекеттесуі мұндай функциялардың тікелей ықпалымен өткізіледі.

  2. АРІ функциясының тізім, және олардың тізімдемесін дұрысы ең дұрысы мәселен Borland C+ пакетімен қойылып жүрген WIN32.HLP файлынан алуға болады. API функциясы бойынша және Windows арасында программалану бойынша нақты тізімдеме тұтастай Visual Studio NET құжаттамасында (документация) сақталады.

  3. Windows аралығындағы программалық басты элементі терезе болып табылады. Әрбір терезе үшін өзінің мәліметтерді өңдеу процедурасы анықталған.

  4. Терезе басқару элементтерінен құралуы мүмкін: (кнопкалар), тізімдер, редакциялау терезесі және басқалар. Бұл элементтер іс жүзінде терезе болып табылады, бірақ айырықша өзгешелік меңгерген болып саналады. Бұл элементтермен (және терезенің өзімен) өтіп жатқан оқиғалар процедураға мәліметтер келіп, түсуін туындатады (оқиғаны айқындайтын белгіні бір параметрлердегі процедура шақырылады).

  5. Windows операциондық жүйесі есте сақтаудың линиялық адресацияны пайдаланады. Басқа сөзбен айтсақ, барлық есте сақтауды бір ғана сегмент деп қарауға мүмкіндігі туады.

  6. 5-баптың (пункт) ізімен біз факт жүзінде берілген мәліметтер көлемінде шектелмегендіктен код немесе стектің (жойылмайтын ауыстырылу көлемінде) болып табылады. Программа мәтініндегі сегменттер кодтың (секцияның) жекелеген үзіктерінің белгілі бір өзгешеліктерін тапсыруға жазба немесе жалпы пайдалануға рұқсат тепеуге және тағы басқа мүмкіндік береді.

  7. Windows операциондық жүйесі көп тапсырмалы орта болып табылады. әр тапсырманың өзінің адрестік кеңістігі және өзінің кезектегі мәліметтеріне ие болады. Бұдан басқа, тіпті бір бағдарлама аясында көп тапсырма жүзеге асырылуы да мүмкін – кез келген процедура дербес тапсырма ретінде іске қосылуы мүмкін.


2.Базалық программалық қамтама

Процессорда орыдалатын барлық жасақтаманы бағдарламалық жасақтама деп те атайды.

Олар:

- жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау жұмыстарын басқаратын;



- қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;

- бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.

Жүйелік бағдарламалардың ішінде Опреациялық жүйе (ОЖ) негізгі болып табылады. Себебі:


  1. ОЖ компьютердің барлық мәліметтерін өңдеу жұмысын ұйымдастырады;

  2. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады.

  3. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырады.

ОЖ түрлері көп. Бірақ біз Windows типті Ож-ді қарастырамыз. Бұл ОЖ-ні әзірлеген американың Microsoft компаниясы.

Компьютерде жұмыс жасау негізінен оның ОЖ-мен жұмыс істеу болып табылады. Сондықтан компьютермен жұмыс жасаудың жеңіл, қиындығы оның ОЖ-нің адаммен қандай қарым-қатынас ұйымдастыруына байланысты. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі – интерфейс деп аталады. Интерфейстің екі түрі бар. Олар:командалық және терезелік.

Командалық интерфейсте адам компьютермен ОЖ-нің командалары арқылы қатынасады. Командалар көп және жазылу дұрыстығы сақталу қажет болғандықтан мұндай тәсіл жұмыс жасауға қиын. Командалық интерфейсі бар ОЖ – MS-Dos. Ол Windows-қа дейін қолданылды.

Терезелік интерфейс Windows типті ОЖ-де қолданылады. Мұнда компьютермен қатынас маус арқылы жүзеге асады. Команда жазып қажеті жоқ, тек керек әрекетті маус арқылы таңдап, жұмыс атқарылады.

Сонымен бірге Windows-тың MS-Dos-қа қарағандағы артықшылығы, бір мезгілде бәрнеше мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіні.

Жүйелік бағдарламалық жасақтамаға драйверлер де кіреді. Бұл компьютерге қосымша құрылғылармен бірге жабдықталатын бағдарламалары. ОЖ қосымша құрылғылармен олардың драйверлері арқыллы қатынасады.

Қолданбалы программалық жасақтама арнайы және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Арнайы бағдарламаларға бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын бағдарламалар жатады. Мысалы: бухгалтерлік бағдарламалар, проект жасаушылар, дәрігерлер пайдаланатын программалар.

Әмбебеп бағдарламаларға мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер, т.б. адамдардың көбі пайдаланатын бағдарламалар жатады.

Бағдарламалау жүйелерінң құрамына бағдарламалау тілдері және анайы бағдарламалар кіреді, олар көмегімен құрылған бағдарламалар компьютердің жадына енгізіледі, түзетіледі, тестіленеді және орындалады. Бағдарламалау жүйелерін көбінесе прораммистер қолданады.

Ақпаратты компьютерде сақтау.

Ақпарат компьютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады.

Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады, себебі процессор тек осы жадпен тікелей жұмыс істейді. Оны көп жағдайда оперативті (жедел) жады деп атайды. Компьюттер өшкенде жедел жады тазарады.

Мәліметтер мен бағдарламалар ішкі жадтың ұяшығына байт немесе байттар тобы түрінде орналасады. Олармен ұяшықтың адресі бойынша қатынасады.

Компьютердің сыртқы жады ақпаратты ұзақ уақытқа сақтауға арналған. Ол қатқыл дискіде, иілгіш дискіде, лазерлік дискілерде, магнитті таспаларда орналасады.

Ал сыртқы жадқа ақпарат белгілі бір үлестер (порциялар) түрінде жазылады. Мұндай үлестер файлдар деп, құрылым файлдық деп аталады. Басқаша айтқанда файл – бір типті байттар тізбегі.

Файл деген ағылшын тілінен аударғанда қапшық дегенді білдіреді. Нені файл деуге болады. Файл дегеніміз – бағдарламалар, мәліметтер немесе олардың бөліктері. Файл атауы өзара екі нүктемен бөлінген бөліктерден тұрады. Бірінші бөлігі өз аты, екінші бөллігі кеңейтілуі.

Файлдарды біртұтас обьект ретінде жазуға, көшіруге, жоюға, даярлауға, жылжытуға, қайта атауға болады.

Яғни сыртқы тасуыштағының бәрі де файл ретінде сақталады.
ДӘРІС 3. Операциялық жүйенің мақсаты


  1. ОЖ жіктеу

  2. Windows типт ОЖ

Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауының жұмысын басқару үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек,
Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес копьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.
Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі - операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.

Операциялық жүйелерді жіктеу.

Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:
■ Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
■ Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немесе графикалық (немесе екеуі
бірге) көп терезелі интерфейсі болуы мүмкін. Анығырақ айтқанда, мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режимде бір программаны және фондық деп аталатын режімде көмекші тағы бір програманы іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндер редакторын, ал фондық режимде басу программасын іске қосуға болады. Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді. Мысалы, бір программа адаммен шахмат ойнағанда, басқасы басқа компьютерлермен бірге модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін.
Бір міндетті жүйелер қарапайым, жинақы, қуатты аз компьютерлерде жұмыс істеу қолайлығы жағынан көп міндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтан да біртіндеп әрине, дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады. Кейбір бірнеше адам пайдаланатын жүйелер, мысалы, UNІХ, бір компьютерде бірнеше пайдаланушының қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнына терминал орнатылуы керек. Терминал ретінде не арнайы жасалған құрылғылар (пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес компьютерде іске қосылған арнайы программа болуы мүмкін. Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы өз терминалымен, бір-біріне кедергі келтірмей, бір компьютерде қатарласа жұмыс істей алады.
Соңғы жылдары графикалық көптерезелі интерфейс қажетті әрекеттер мен объектілердің сипаттамалары мәтін түрінде енгізілмейді, маустың көмегімен менюден, файлдар тізімінен және т.с.с. таңдалады.

ОЖ жiктелуi

1981 IBM/ PC компьютерлері үшін MS DOS 1.0 операциялық жүйесі дискі құрылғыларының жұмысын басқарады негізінен, онда диаметрі 5, 25 дюйм болатын иілгіш магниттік дискілер пайдалынады.

1982 MS DOS 1.1 операциялық жүйесінде екі жақты иілгіш магниттік дискілер пайдалынады.

1983 IBM/ PC/XT компьютерлері үшін MS DOS 2.0 операциялық жүйесі пайда болып, олар өлшемі 10 Мбайтқа дейінгі қатты дискілер жұмысын басқарады.

1984 MS DOS 3.0 операциялық жүйесі шықты. Онда өлшемі 20 Мбайтқа дейінгі қатты дискілер мен диаметрі 5,25 дюйм-ге тең иілгіш дискілер жұмысы басқарады.

1985 MS DOS 3.2 операциялық жүйесі пайда болды. Онда диаметрі 3,5 дюймге тең иілгіш дискілер жұмысы басқарылады.

1986 MS DOS 3.3 операциялық жүйесі пайда болды. Онда диаметрі 3,5 дюймге тең иілгіш дискілер жұмысы басқарылды.

1987 MS DOS 4.0 ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ. Онда өлшемі 32 Мбайттан жоғары қатты дискілер жұмысы басқарылды.

1988 MS DOS 4.01 операциялық жүйесі орыс тілінде жасалынып шығады.

1991 MS DOS 5.0 операциялық жүйесі пайда болды. Онда өлшемі 1 Мбайтқа тең оперативтік жад пайдалануға мүмкіндік туды.

1993 MS DOS 6.0 операциялық жүйесі пайда болып, ол CD- ROM дискі құрылғысының жұмысын басқаруға негізделді.

1995 Microsoft Windows 95 алғашқы графиктік операциялық жүйесі пайда болды.

1998 Бүкіләлемдік Интернет желісінің жұмысын басқаратын Microsoft Windows 98 операциялық жүйесі пайда болды.

Бірінші типіне Місгosoft компаниясының ұқсас екі жүйесі Windows 95 пен Windows NТ жатады. Windows 95 және Windows NТ операциялық жүйелер көпміндетті және олардың көптерезелі графикалық интерфейсі бар.


Өз тарихында Місгоsoft компаниясы алдымен Windows NТ жүйесін жасады. Бірақ сол кездегі дербес компьютердің қуаты бұл жүйені тиімді қолдануға жеткіліксіз больш шықты. Компьютердің қуатына лайықты шектелген жүйенің қарапайымдау нұсқасы Windows 95 деген атпен шығарылды да, бірден кең таралды. Бұл операциялық жүйе ЭЕМ пайдаланушыларының алдыңғы интерфейстерімен салыстырғанда, айтарлықтай тиімді болып табылады,
Windows жүйесінің ең маңызды ерекшелігі мыналар:
1. Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады.
Бұл - операциялық жүйе деңгейінде мүмкін болған кез келген операцияларды Windows -тан шықпай-ақ орындауға болады деген сөз. Қолданбалы программаны іске қосу, дискеттерді пішімдеу, мәтіндерді басуға шығару - мұның барлыған Windows-тан шақырып алуға және операция аяқталғаннан кейін Windows-қа кері қайтаруға болады.
Windows ортасында терезе және таңбашалар пайдаланушы интерфейсінің негізгі түсініктері болып табылады. Windows-та орындалатынның барлығы не таңбашасы (пиктограммасы) бар операция, не терезесі бар (немесе терезедегі) операция болып табылады. Барлық сервистік және қолданбалы программалар үшін терезелер құрылымы және оларды басқару элементтері, операциялар жиыны мен сервистік программаларға арналған менюдің қүрылымы, сондай-ақ маустың көмегімен орындалатын операциялар стандартталған, яғни белгілі стандарт бойынша орындалған.
2. Windows графикалық жүйе болып табылады.
Windows жүйесімен UNIX типті («Юникс» деп оқылады) операциялар жүйелер бәсекелесе алады.
UNIX - бұл командалық интерфейсі бар көпміндетті, бірнеше адам пайдаланатын
ОЖ. Ол бұдан 20 жылдан астам уақыт бүрын жоғары сенімділікті талап ететін міндеттерді шешетін, сол кездің ең қуатты компьютерлері үшін арналған.
Windows пен UNIX типті жүйелермен барлық операциялық жүйелердін көп түрлілігі тамамдалмайды. Көпшілікке арналған алғашқы дербес компьютерді американдық Аррlе компаниясы шығарған. Қазір барлық жерде қолданып жүрген Rапк Хеrох компаниясының жаңалығы графикалық көптерезелі интерфейсті алғашқы рет іске асырғандығында.

Ең алдымен жаңа операциялық жүйе құрушылар оған Windows Net 1.0. деп аталатын, себебі оның кардинальді жаңалығына  және ішкі құрлымына байланысты. Бірақ көптеген өңдеулерінен өткен  Windows XP ие болды. Шындығындада бұл жүйе көптеген сұраныстарға ие болып, сонын нәтижесінде жаңа процессор – Athloh XP көзге түсті.

Windows XP арқасында көптеген операциялық жүйелер тізімі әлемге әйгілі болды. Былайша айтқанда Windows версиясының ішкі құрлымы аса да өзгерген жоқ. Ең негізгі еңгізілген жаңалық ол дауыстық командалар және әдеттегі 32 разрядтық варианттарының орнына 64 разрядтық сервер орнатушы және 64 разрядтық процессоры Itanium бар операциялық жүйе пайда болды. Windows XP интерфейсті түгелімен орнататын Microsoft операциялық жүйесі болып табылады. Енді қолданушылар өзінің операциялық жүйесінің  түрін барынша өзгерте алады.

Windows XP ОЖ автоматтандыру әдістерін реттестіру.

Қосымшаның автоматтандырылған жүктеуіші. Қосымшаның втоматты түрде жүктеу үшін Windows XP операциялық жүйес жүктелгеннен кейін өте қарапайым әдіс қарастырылған – бұл арнайы папка \ Автозагрузка (\Негізгі меню\ Программалар \ автожүктеу). Қосымшаның автоматты жүктеуді жөндеуде осы папкада жүктелетін қосымшаның жарлықтарын көшіру орындалады. Кері жағдайда қосымшаның автоматты жүктеу өшіруде \ Автозагрузка папкасыннан оның жарлығы жойылады.

\Автозагрузка папкасының көмегімен тек қосымшаларды жүктеу ғана емес,құжатты ашуға болады.



Файл типті қасиеттерді реттестіру.  Windows XP-де коп автоматты амалдар – операциялық жүйе алдын ала  құжатпен жұмыс істеу үшін қандау қосымша пайдану керектігін біту тиіс. Файл типті қасиеттерді тіркеу үшін Папканың қасиеті (Пуск →Настройка → Панель управления →Свойства папки )сұхбат терезесінде файлдар типі вкладкасы арналған.

Ашу командасын реттеу. Ашу командасы - Windows XP-та жұсы барысында өте жоғары еңбек өндірісі болып табылады. Бұл команда контекстік менюде көп объектілері бар, мұнда объестіні сілтеу кезінде адресат болып қызмет ететін  объекттердің тізімдері байланысты. Ашу командасын пайдаланған кезде құжатты иілгіш дискіге көшіру, жұмыс столында оның жарлығын құру, берілген адрес бойынша электронды поштаға жіберу әдістері бар. Ашу меню командасы – жондестіріледі және реттестіреді. Қажет емес пункттерді жоюға болады, ал олардың орнына ынғайлыларды құруға болады.

Кесте бойынша қосымшаның жүктелуі. Компьютерде Windows XP операциялық жүйемен басқару жұмыстарын автоматтандыру әдістерінің бірі – белгіленген расписания бойынша қосымшаны жүктеу болып саналады. Негізгі әдістердің бірі, бұл Тапсырманың белгіленуі \Назначение задания ( Пуск  → Программы →Стандартные Служебные → Назначенные задания немесе Пуск→Настройка→Панель урпавления→ Назначения задания) болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет