Шарт астана қаласы 2016 жылғы



Дата03.07.2016
өлшемі98 Kb.
#174992



Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген

статистикалық ақпаратты қалыптастыру бойынша қызмет көрсету туралы

_____________ШАРТ




Астана қаласы 2016 жылғы «_»______
___________________________________, ____________ сенімхат негізінде әрекет ететін директордың танытуындағы ____________, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын бір тараптан және бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» атынан Жарғының негізінде әрекет ететін _________________________________ екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталып, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39 бабы 3 тармағы 2 тармақшасына сәйкес төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:


  1. Шарттың мәні

    1. Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарттың 1.2. тармақшасында аталған қызметті көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші Шартта көзделген тәртіппен және құны бойынша ақысын төлеп, қызметті қабылдауға міндеттенеді.

    2. Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын №1 қосымшаға сәйкес ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесімен қарастырылмаған статистикалық ақпаратты қалыптастыру бойынша қызметті (бұдан әрі – Қызмет) ұсынады.



  1. Орындаушының құқықтары мен міндеттері

    1. Орындаушының:

      1. Қызмет құнын бір жақты тәртіпте өзгертуге;

      2. Тапсырыс беруші осы Шарттың 5.1. тармағына сай міндеттемелерін орындағанға дейін Қызмет көрсетпеуге;

      3. Тапсырыс беруші сұратқан статистикалық ақпарат бойынша респонденттерден тиісті есептер жоқ болған жағдайда Қызметтерді ұсынбауға құқығы бар.

    2. Орындаушы:

      1. қызмет құны өзгертілгенге дейін кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын ақы төлеу шарттарының және тарифтерінің өзгергені туралы Тапсырыс берушіні хабардар етуге;

      2. Шарт бойынша барлық хабарларды (хабарламаларды) Тапсырыс беруші өкілінің электрондық мекенжайына электрондық түрде беруге, қажет болған жағдайда құжаттың түпнұсқасын жіберуге;

      3. Тапсырыс берушіге Тараптардың келіскен мерзімінде Тапсырыс беруші өкілінің электрондық мекенжайына электрондық түрде Қызметті дайындап, ұсынуға;

      4. Шарттың 3.1.1. тармақшасына сай Тапсырыс берушінің жіберген кемшіліктерін және/немесе қателерін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жоюға міндеттенеді.




  1. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері

    1. Тапсырыс берушінің:

      1. Қызметті алған күннен кейінгі келесі күннен бастап есептелетін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Орындаушыға Шарттың 1.2. тармақшасында көрсетілген Қызметтің табылған кемшіліктері және/немесе жіберілген қателері туралы жазбаша электрондық хабарлама жіберуге құқығы бар.

Тапсырыс беруші Шарттың осы тармақшасында көрсетілген мерзімде Орындаушыға Қызметтің табылған кемшіліктері туралы жазбаша электрондық хабарламаны жібермеген жағдайда, Тапсырыс беруші Қызметті Шартқа сәйкес келетін әрі кемшіліктері және/немесе жіберілген қателері жоқ ретінде қабылдаған болып саналады және Қызмет Көрсетілген қызмет актісіне кіргізілуі тиіс.

    1. Тапсырыс беруші:

      1. Шарттың 4.1. тармақшасына сай тиісті түрде Қызмет құнын уақтылы әрі толық көлемде төлеуге;

      2. Орындаушы Қызмет құнын өзгерткен жағдайда, жаңа тарифтерге сай Шарттың 4.1. тармақшасында көрсетілген Қызмет құнының айырмасын төлеуге;

      3. Орындаушыға Шарт бойынша барлық хабарларды (хабарламаларды) кейіннен құжаттың түпнұсқасын беріп, Орындаушының info@statdata.kz электрондық мекенжайына электрондық түрде беруге міндеттенеді.




  1. Қызмет құны

    1. Тапсырыс беруші төлеуге тиісті осы Шарт бойынша Қызметтің жалпы құны ҚҚС-ты есепке алғанда _______ (____________) теңгені құрайды.

    2. Орындаушының қызметіне тарифтер осы Шарттың қолдану мерзімі ішінде өзгертілуі мүмкін және Тапсырыс беруші Орындаушыдан тарифтердің өзгергені туралы электрондық хабарлама алған күннен кейін 10 (он) күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.

    3. Қызмет құнының өзгерісі Қосымша келісіммен ресімделеді.




  1. Есеп айырысу тәртібі

5.1. Тараптар Шартқа қол қойғаннан кейін, Орындаушыдан төлеуге шотты алған күннен бастап 5 (бес) банк күнінен кешіктірмей Тапсырыс беруші Шарттың жалпы сомасының 100% (жүз пайызы) мөлшеріндегі алдын ала төлемді Орындаушының есепшотына аударады.


  1. Көрсетілген қызметті қабылдау-табыстау

6.1. Орындаушының Шарттың 1.2.тармақшасында көрсетілген Қызметті көрсетуі Тараптардың тиісті Көрсетілген қызмет актісіне қол қоюы және Орындаушының шот-фактураны беруі арқылы расталады.

6.2. Тапсырыс беруші Орындаушы бергеннен кейінгі 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Көрсетілген қызмет актісін қабылдап, қарап, қол қоюға және түпнұсқасын қайтаруға (келіскен жағдайда) міндетті.

6.3. Тапсырыс беруші Көрсетілген қызмет актісімен келіспеген жағдайда, Көрсетілген қызмет актісі берілгеннен кейінгі 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде Орындаушыға келіспеу себептерін көрсетіп, негізделген жазбаша жауабын жібереді.

6.4. Тапсырыс беруші 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Көрсетілген қызмет актісіне қол қоймаған кезде және қол қоймау себептері көрсетілген, негізделген жауап (Орындаушы өз кеңсесінде тіркеген) болмаған кезде Тапсырыс беруші Көрсетілген қызмет актісімен келісетінін білдіреді.



  1. Ерекше шарттар

    1. Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 16 бабына сәйкес алынған материалдар үшінші тұлғаларға берілмеуі және сатылмауы тиіс. Осы Шарттың аясында Орындаушыдан алған ақпаратты өз мақалаларында (басылымдарында) қолданған кезде Орындаушыға сілтеме жасау міндетті




  1. Тараптардың жауапкершілігі

    1. Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап береді.

    2. Тараптың (тараптардың) Шарт бойынша міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактісі Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоятын Ақау актісімен ресімделеді.

    3. Тараптардың төлемдерді Шартта белгіленген мерзімде төлемегені үшін мерзімі өткізілген әр күн үшін мерзімі өткізілген соманың 0,5 % (нөл бүтін оннан бес пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбы (өсімпұл) есептеледі.

    4. Орындаушы осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, жазбаша талапты алған сәттен бастап 5 (бес) банк күні ішінде Орындаушы алдын ала төлемді, одан нақты көрсетілген қызметтің құнын ғана шегеріп тастап, қайтарып беруге міндеттенеді.




  1. Дауларды шешу тәртібі

    1. Тараптар арасында Шарт бойынша туындаған барлық даулар және/немесе келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.

    2. Шарт бойынша дауларды және/немесе келіспеушіліктерді Тараптардың арасында келіссөздер жүргізу арқылы 21 (жиырма бір) күнтізбелік күннің ішінде шешу мүмкін болмаған жағдайда, даулар және/немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.




  1. Еңсерілмейтін күш жағдайлары (форс-мажор).

10.1. Тараптар еңсерілмейтін күш жағдайларының (оған қоса, бірақ шектелмей: Орындаушының электрмен жабдықтауындағы апаттық бұзылулар мен іркілістер болған кезде электр қуатының апаттық сөнуі), өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, мемлекеттік органдардың Қызмет көрсетуге тыйым салатын немесе қандай да бір өзге жолмен кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілер немесе өкім шығаруы) салдарынан міндеттемелерін орындамаған жағдайда, бұл жағдайлар Тараптардың еркінен тыс болған және Тараптардың кез келгеніне Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік бермеген жағдайда, Шарт бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

10.2. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайдан туындаған салдары әрекет еткен уақытқа тең жылжытылады.

10.3. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде бұл жағдайлардың басталғаны туралы екінші Тарапқа 10 (он) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Кең тараған жағдайларды қоспағанда, бұл жағдайларды тиісті уәкілетті органдар растауы тиіс.


  1. Шарттың қолдану мерзімі

    1. Шарт Тараптар оған қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және _________________________дейін қолданылады.




  1. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі

    1. Тараптардың атауы өзгерген жағдайды қоспағанда, Шартқа жасалған кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қосымша келісіммен ресімделуі тиіс, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл жағдайда атауын өзгерткен Тарап әділет органдарында қайта тіркелген күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде екінші Тарапқа атауының өзгергені туралы хабарландыру (хат) жібереді.

    2. Шарт кез келген Тараптың бастамасымен бұзылуы мүмкін. Бұл кезде Шартты мерзімінен бұрын бұзуға бастама жасаған Тарап өзінің ойы туралы екінші Тарапқа кем дегенде 30 (күнтізбелік) күн бұрын жазбаша түрде ескертуі тиіс.

    3. Орындаушы Шарттың 12.2 тармақшасында аталған негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, Орындаушы Шартты бұзған күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде Тапсырыс берушінің төлеген алдын ала төлем мен Орындаушы көрсеткен Қызметтің нақты құны арасындағы айырмашылық сомасын қайтаруға міндетті.




  1. Қорытынды ережелер

    1. Шарт Тараптардың әрқайсысына бір данадан беру үшін мемлекеттік тілде заңды күші бірдей екі данада жасалды.

12.2. Тараптар бір-бірінен қашықта болған жағдайда құжат шарт бойынша Тараптан келгендігін дұрыс белгілеуге мүмкіндік беретін факсимильдік немесе электрондық байланыс арқылы шарттың факсимильдік немесе сканерленген нұсқасын алмасу арқылы Тараптар қол қоя алады. Сонымен қатар шарттың аталған нұсқасы Тараптар Шарттың түпнұсқасын алғанға дейін жарамды.

    1. Тараптар Шарт бойынша барлық хабарларды (хабарламаларды) Шартпен көзделген талаптарда жасайды және №1 қосымшада көрсетілген Тараптардың электрондық мекенжайларына электрондық поштамен жібереді.

    2. Тараптар орналасқан жерінің, заңды мәртебесінің, банктік деректемелері мен электрондық мекенжайының кез келген өзгерістері туралы бір-біріне дереу жазбаша түрде хабарлауға, сондай-ақ Шарт аясында келіссөздер жүргізу үшін, қаржы және міндетті құжаттарға қол қою үшін өз өкілдеріне уәкілеттік беретін құжаттарды (сенімхаттарды) беруге міндетті.

    3. Олардың өзгергені туралы хабарлама келгенге дейін ескі мекенжайлары мен шоттары бойынша жасалған іс-әрекеттер міндеттемелердің орындалғаны болып саналады. Шартта көрсетілген мекенжайда болмаған Тараптың хат-хабарды алмау фактісіне сілтеме жасауға құқығы жоқ.

    4. Тараптар Шартты орындау барысындағы болжамды өзгерістер туралы бір-бірін уақтылы хабардар етуге және Тараптардың Шарттың талаптарын орындауына тікелей әсер ететін қосымша белгілі болған жағдайлар туралы бір-біріне жазбаша түрде хабарлауға міндеттенеді.


13. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолтаңбалары:


Орындаушы:
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8 үй, 4-кіреберіс, 3-қабат.

ЖСК KZ466010111000161788

“Қазақстан Халық Банкі” АҚ

БСК HSBKKZKX

БСН 980 340 000 151

КБе 16


т.: 8(7172) 55-24-11,

ф.:8(7172)55-24-22



Директор
_____________



Тапсырыс беруші:

________________

2016 жылғы « ___ » _________

№ ____________

Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген

статистикалық ақпаратты қалыптастыру бойынша қызмет көрсету туралы

Шартқа № 1 қосымша


Статистикалық ақпарат тізбесі




Атауы

Кесінділік

Кезең

1










2












Статистикалық ақпарат электрондық мекенжайына электрондық түрде ұсынылады.
Қатынасхаттарға арналған Орындаушының электрондық мекенжайы info@statdata.kz





Орындаушы:

_______________



Тапсырыс беруші:

___________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет