«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы
1-бағыт бойынша жыл көлемінде кәсіби даярлауға- 95 азамат,
қайта даярлау курстарына - 100 азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына – 177 азамат, жастар парактикасына – 118 азамат. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен барлығы 78047мың теңге бөлінді.
2013 жылдың 1 мамырынан бастап 100 азаматты қайта даярлау курстарына 8 мамандық түрі бойынша 10486 мың теңге қаржыға конкурстық рәсімдер өткізіліп, 05 маусымынан бастап Жаңақорған аграрлық техникалық колледжіне 80 азамат оқуға қабылданды.
-
«Аспазшы»-10 адам
-
«ЭЕМ оператоы»-10 адам
-
«Іс қағаздарын жүргізуші»-10 адам
-
«Шаштараз»-5 адам
-
«Тас қалаушы»-10 адам
6.«Дәнекерлеуші -сантехник»-35 адам
2013 жылдың 1 шілдесінен бастап қызылорда қаласындағы «Маман» оқу өндірістік орталығына «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» -10 адам, «1С-Бухгалтерия»-10 адам, барлығы 20 адам қайта даярлауға жолданды, қайта даярлауға бөлінген қаржыдан 9206 мың теңге, яғни 87,7 пайыз игерілді.
Кәсіби даярлауға- 93 азамат бағдарламаға қатыстырылып, 2013 жылдың қыркүйек айының 1 жұлдызынан бастап оқу орындарына жолданды.
-
«Аспазшы»- 31адам
-
«Газ құбырларын пайдалану жөндеу слесарі»-2адам
-
«Аппаратура жөндеу қызмет көрсету радиомеханигі»-1адам
-
«Электронды есептеу машинасының операторы»- 21адам
-
«Тігінші»-2адам
-
«Химиялық анализ жасау лаборанты»-2адам
-
«Электр жабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер»- 15адам
-
«Электрогазбен пісіру»-2адам
-
«Автокөлікті жөндеу слесары»- 16адам
-
«Ағаш ұстасы»-1адам
2011-2012 жылдары бағдарлама аясында және 2009-2010 жылғы Жол картасы бойынша кәсіби даярлау курстарына 652 азамат оқуға қабылданып, осыдан бүгінгі таңда 336 азамат оқуын аяқтады. Оқуын аяқтағандар қатарынан 215 азамат жұмысқа орналастырылды.Оның ішінде:
Әлеуметтік жұмыс орындарына-40 адам,
Жастар тәжірибесіне- 45 адам,
Тұрақты жұмыс орындарына-37 адам,
Өз бетінше жұмыс жасайтындар- 93 адам,
Обьективті себептермен жұмысқа орналастыруды қажет етпейтіндер-99.
Қалған 22 азаматты жұмысқа орналастыру шаралары жүргізілуде.
Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 118 азаматқа 27403 мың теңге бөлінді. Жыл басынан бері 196 мекемеден 103 мамандық бойынша 668 орынға өтінімдер жинақталды. Бүгінгі таңға 171 азамат жастар тәжірибесіне жұмысқа жолданып,бөлінген қаржыдан 20600 мың теңге, яғни 75,2 пайызы игерілді. Жастар тәжірибесіне жолданған азаматтардан
12 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін 2013 жылы республикалық бюджеттен 40158 мың теңге бөлінді. Жоспар бойынша
2013 жылы 177 адам болса, бүгінгі таңға 282 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып,бөлінген қаржыдан 35158 мың теңге, яғни 87,5пайызы игерілді.Оның ішінде айелдер саны-93, жастары-125. Тұрақты жұмысқа орналасқаны-6.
2-бағыт бойынша Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу бағыты аясында 2013 жылға 167000 мың теңге қаралып, жоспар бойынша 93 азаматқа таратылды. Осыған қосымша 200000 мың теңгеге сұраныс беріліп, жоспар бойынша 130 азаматқа таратылуы тиіс. Аталған қаржыларға 275 жаңа жұмыс ашылады деп күтілуде. 167000 мың теңгенің 66000 мың теңгегесі 2013 жылдың 1 сәуірінен бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ аудандағы несие алуға өтініш білдірген азаматтардың кепіл заттарын зерттеп, нәтижесінде 41 азаматқа шағын несиеге жолдама берілді. Осыдан 41-азаматқа 66000 мың тенге қаржы толық таратылды.
101000 мың теңге қаржыға «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы өткізілетін конкурсқа «Қайсар табыс», несие серіктестігі және «Шаңырақ», микро қаржы ұйымы құжаттары толық рәсімделіп конкурсқа қатысты. Нәтижесінде: «Қайсар табыс» несие серіктестігі 30000 мың теңге қаржыға женімпаз атанып, 10-мүшесіне толық таратып берді. «Шаңырақ» микро қаржы ұйымы 71000 мың теңгеге 42 азаматқа толық таратып, 175 азамат жұмыспен қамтылатын болады.
3-бағыт пилоттық режимде іске асырудың қосымша шарттары негізінде:
Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасын iске асыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия шешімімен айқындалған өңірлерде Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу қызметтік тұрғын үйлер салу, сатып алу, салып бітіру және қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. Осыған орай 2014 жылға 30 тұрғын үй, 2015 жылға 40 тұрғын үй, 2016 жылға 50 тұрғын үйге ұсыныстар жасалып, жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ аудан бойынша 2014 жылға құрылысы салынуы межеленген 30 қызметтік тұрғын үйлерге әзірленетін жобалық –сметалық құжаттамалардың және үйлердің нақты салынатын жерлерін орналастыруға қажетті қаражат аудандық бюджеттік комиссияда қаралып, сессияда 6,0 мың теңге болып бекітілді.
4- бағыт: Аудан бойынша аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарына 2013 жылы Республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 234113,0 мың теңге қаржы бөлініп 16,0 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын және елді мекендердің ауылішілік көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жұмысқа жолданған азаматтар саны-58, оның ішінде әйелдер-17, жастар-27. Сонымен қатар Келінтөбе, Аққорған, Сунақата, Өзгент, Қандөз ауылдық округтері және «Самара-Шымкент-Қосүйенкі» автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына қосымша жалпы 200993 мың теңге (оның ішінде жергілікті бюджеттен 20000,0 мың теңге) қаралды. Осыған ауылдық округтер мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізуде. Осы аталған жұмыстарға жоспар бойынша 53 азамат жолдану керек. Осыдан 39 азамат бағдарламаға қатыстырылып, жұмысқа жолданды.
Достарыңызбен бөлісу: |