Орал қаласы қаржы бөлімінің 2011 жылға атқарған жұмысы туралы Есебі



Дата23.02.2016
өлшемі26.68 Kb.
#4802
Орал қаласы қаржы бөлімінің

2011 жылға атқарған жұмысы туралы

Есебі.
«Орал қаласы қаржы бөлімі» жергілікті бюджеттің орындалуы мен бақылауды және қалалық коммуналдық меншікті мемлекеттік басқару мен қадағалау құзырын атқаратын уәкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.

Орал қаласы қаржы бөлімінде төмендегідей 2 сектор бар:



  1. Бюджеттің орындалуын ұйымдастыру секторы

  2. Коммуналдық меншікті басқару секторы.


Бюджеттің орындалуын ұйымдастыру секторы
Негізгі міндеті – қала бюджетінің атқарылуы бойынша жұмыстарды орындау және ұйымдастыру.

1. Қала бюджетiнiң атқарылуы жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, соның ішінде жоғары бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің орындалуына бақылау жүргізеді.

2. Қаланың бюджетiне түсетiн түсiмдердi болжауға қатысады.

3. Қала бюджетi түсiмдерiнiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерiстердi әзiрлейдi, бекiтедi және енгiзедi.

2011 жылдың шығыстар бойынша жоспар 22 106 930 мың теңге орындалуы 21 358 562,3 мың теңге, немесе 96,6%. Бюджеттік түсімдердің жоспары мен қаржыландыруына 336 өзгеріс енгізілді, соның ішінде: сессия шешімдерін жүзеге асыру туралы қаулылармен - 43, резервтер бойынша – 10, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен үсынған өтініштер бойынша – 283 өзгеріс енгізілді.

4. Қала бюджетi атқарылуының мониторингісiн жүзеге асырады. Ай сайын бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне есепті уақытқа қалалық бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілмегені жөнінде ақпараттар жібереді.

5. Ай сайын бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне бөлінген қаржыны уақытында орындалуы туралы ақпараттар жібереді.

6. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен игерілмеген қаржы жөнінде, және де игерілмеген нысаналы трансферттер жөнінде есеп ұсынады.

7. Сектор қалалық бюджеттің айлық, жартыжылдық, жылдық орындалуы жөніндегі есепті, кредиторлық және дебиторлық берешегі жөніндегі есепті жүргізеді.

8. Әрбір бюджеттік бағдарламалардың кассалық шығындарының есебін қамтамасыз етеді.

2008 жылдың 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік кодексінің 132 бабына сәйкес 2011 жылғы 28 маусымдағы кезекті №39-3-ші сессия шешімімен «2010 жылдың Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы» есеп бекітілген.

Коммуналдық меншікті басқару секторы.
Сектордың негізгі мақсаты – қалалық коммуналдық меншікті басқару, қорғау, мемлекеттік меншіктің тиімді және дұрыс пайдалануы бойынша жұмыстар жүргізу.

Жыл басынан Орал қаласының коммуналдық меншігіне 1 209 дана меншік қабылданды, соның ішінде:



  • автокөліктер – 18;

  • ғимараттар – 6;

  • нысандарды – 34;

  • басқада құралдар – 1147

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға бекітілген мүліктерді теңгерімінен теңгерімге 190 дана нысан берілді, соның ішінде:

  • автокөліктер – 20;

  • ғимараттар – 2;

  • компьютерлер – 80;

  • басқада құралдар – 88

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге бекітілген мүліктерді есептен шығаруға 5430 дана рұқсат берілді, соның ішінде:

  • автокөліктер- 7;

  • компьютерлер – 47;

  • кітапхананын фонды – 1296;

  • басқада құралдар – 4080.

Жыл басынан Орал қаласының коммуналдық меншігінде тұрған мүлікті «Коммуналдық меншік нысанын мүліктік жалға (жалдауға) беру» шартына сәйкес 86 келісім –шарт жасалынды. Жыл басынан есеп салу – 16 999 526 тенге, жыл басынан ақша аудару – 15 956 778 теңге немесе 93,9%.

2011 жылдың маусым айында Орал қаласы бойынша коммуналдық меншік объектілерін түгендеу жүргізілді. 2011 жылдын 01 қаңтарына жалпы сомасы 26 428 051,83 мың теңге құрайтын 5340 объектісі тіркелген.
Каталог: fileadmin -> user upload -> otchet -> finansi
finansi -> Орал қаласы қаржы бөлімінің 2013 жылға атқарған жұмысы туралы Есебі
otchet -> 2013 жылдың 9 айына
otchet -> 2011 жылы 30 желтоқсанында 722
otchet -> Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің 2013 жылда атқарылған жұмыстары бойынша есебі
finansi -> Орал қаласы қаржы бөлімінің 2014 жылға атқарған жұмысы туралы Есебі
otchet -> Желаев кенттік округінде 2012 жыл бойына жасалған жұмыстарының есебі Желаев кенттік округінде
otchet -> Орал қаласы бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту туралы а қ пара т
otchet -> Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмыстарының жиынтығы 2011 жыл. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы»


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет