«Оралхан Бөкеевтің әдеби мұрасы»
«Литературное наследие Оралхана Бокеева»
(Сценариі)
Ленинская сельская библиотека
2014год.
Жобаның мақсаты «Бір ел – бір кітап» қазақ әдебиетінің жоғарғы мәртебесің, кітапты насихаттау, өнегелі – патриотқа тәрбиелеу эәне оқырмандарды кітапханадағы кітаптарды оқуға тарту.2012 жылы жалпы оқу үшін О.Бокеевтің «Атау – кере» шығармашылығы таңдалды.
Цель проекта «Одна страна – одна книга» - пропаганда книги, высокого статуса казахской литературы, нравственно-патриотическое воспитание и, конечно, привлечение читателей к чтению, к библиотеке.
Для всеобщего прочтения в 2012 году было выбрано произведение Оралхана Бокеева «Человек - олень».
(Литературно-музыкальная композиция, посвященная творчеству Оралхана Бокеева)
Участники: Учащиеся 9-11 классов. Учителя литературы, специалисты отдела образования, внутренней политики, и корреспонденты редакции газеты «Сарыколь», библиотекари сельских филиалов, отдела обслуживания районной библиотеки.
Цель: активизировать познавательный интерес у учащихся к казахской литературе, развивать общий кругозор, воспитание чувства патриотизма.
Обоснование выбора темы: по акции «Одна страна – одна книга» выбрано произведение «Человек - олень» Оралхана Бокеева активизировать поддержку чтения
Оформление: подготовлена слайд – презентация «Үзілген жыр», персональная выставка «Наследие Оралхана Бокеева», рекомендательный список литературы, портрет О.Бокеева.
Оборудование: слайды о биографии О.Бокеева, музыкальные заставки из коллекции «1000 казахских традиционных кюев»
Форма: Литературно-музыкальная композиция -мероприятие (на двух языках : казахском и русском), цель которого раскрыть различные грани личности писателя, ознакомить читателей с его творчеством.
Время проведения: в течение года.
Подготовительная работа:
1.Подготовительный этап:
-
определение темы мероприятия, его названия, читательского и целевого назначения;
-
составление программы (проекта) массового мероприятия;
-
формирование аудитории (предварительные беседы, обзоры, опросы и т.д.);
-
реклама массового мероприятия (подготовка пригласительных).
2.Основной этап:
-
написание сценария массового мероприятия (оформление книжной выставки);
-
подготовка электронной слайд-презентации
-
проведение массового мероприятия.
3.Заключительный этап:
-
оценка эффективности массового мероприятия;
-
учет массового мероприятия.
Ход мероприятия:
Ведущий 1
Көрінуші ең көнелердің көзіндей,
Жазғандарың -қара өлеңнің сөзіндей,
Асқақ едің, атақты едің,
Нар едің
Туған өлкең -өр Алтайдың өзіндей
(С.Тұрғынбеков)
(под фоновую музыку идет слайд-презентация, посвященная о жизни и творчестве О.Бокеева)
Оралхан Бөкеев 1943 жылы 28 қыркүйекте Катон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған. 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторист болып төрт жылдай жұмыс істеген. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекетік ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тәмамдап шығады. 1965-1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық "Еңбек туы" газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық "Коммунизм туы" газетінде әдеби қызметкер болған. 1968 жылы республикалық "Лениншіл жас" газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді, осы газетте мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеді, ал 1974-1983 жылдарда "Жұлдыз" журналы проза бөлімінің меңгерушісі әрі редколлегия мүшесі болған. Өмірінің соңғы күніне дейін "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторлық қызметін атқарады.
Ведущий 2. (музыкальная заставка из коллекции «1000 казахских традиционных кюев»
Оралхан Бокеев… Хорошо и приятно на душе от одного сознания, что был на свете такой талантливый писатель, обладающий огромным чувством ответственности за всё происходящее, вместивший в своё сердце любовь к своему народу и древней земле казахов. Вот уже много лет его произведения стали составной частью нашей жизни. Он проник в душу читателей свободно и вольно, согревая её теплом и радостью. В каждом его произведении, начиная с первых, главное действующее лицо – родной край Восточный Казахстан: его люди, его леса и горы, ветры и снега, всё, что окружало писателя с детства, окрыляло его, подвигало к творчеству.
Ведущий 1.
Шынында да осы Оралхан Бөкеев деген кім?
Оның көзі тірісінде де, бақиға аттанған соң да аттандап: "Алтайдың кербұғысы!", "Мұзтаудың мұзбалағы!" деген сынды эпитеттерді қарша боратқанымыз өтірік емес. Әлі күнге Оралхан туралы әңгіме қозғала қалса әлгі эпитеттерді малданып келеміз. Осы астам сөздердің екінші бетіне көп үңіле қоймағанымыз да, үңілуге батпай жүргеніміз де шындық. Үңілуге әрекеттеніп көрелікші.
Бала Орашты, бозбала Оралханды, жазушы әрі қайраткер Бөкеевті танығысы келген кез келген адам оның шығармаларын екі қайтара оқып шықса, сол жеткілікті шығар. Екі қайтара деп отырғаным, жалқы оқумен Бөкеевтің будақ - будақ бу атқылап жатқан иін -иірімдеріне малтығып, тұншығып қаласыз. Оның үстіне екінші қайталағанда Оралханмен ілесіп жеті қат көкті шарлап кеткен көңіліңіз сәл - пәл байсал тартып, жерге түсесіз. Ақбаз дүниенің аппақ тұманының арқасында Ор екеңнің жартылай адам, жартылай пері кейіпкерімен бірге адасып жүрген сіз, сансырай шаршағаныңызды сезесіз. Шаршау - салқын қандылықтың өзегі.
Ведущий 2.
Оралхан Бокеев родился 28 сентября 1943 года в селе Чингистай Катон-Карагайского района Восточно - Казахстанской области. После окончания школы работал пионервожатым, трактористом в совхозе «Алтайский». В 1969 году заочно окончил факультет журналистики Казахского Государственного университета им. С. М. Кирова. Был корректором, переводчиком заместителем редактора Большенарымской районной газеты «Еңбек туы», литературным сотрудником Восточно-Казахстанской областной газеты «Коммунизм туы». В 1968 году перешёл на работу заведующим отделом республиканской молодёжной газеты «Лениншіл жас». Много лет (1974 – 1983) заведовал отделом прозы журнала «Жұлдыз». С 1983 года до последнего дня жизни работал главным редактором литературной газеты «Қазақ әдебиеті».
Творчество О. Бокеева отличается разносторонним художественным мастерством, романтичной одухотворённостью, глубоким знанием жизни и характеров людей. Он был тонким мастером, обладающим богатой и колоритной палитрой слова и художественного языка. Оралхан вошёл в литературу своим неповторимым почерком и стилем.
Ведущий 1.
Оралхан - жазушылыққа өзін бала кезінен дайындаған адам. Жиырма жасына дейін ел деген, Өр Алтай деген құнарлы да қыз - табиғат өңірдің уызынан қанып ішкен ол, өз санасында сандаған повестер мен сарытап сағыныштарға толы әңгімелердің негізін қалап үлгерген екен. Алтайда жатып асқақ та өршіл дауысымен алты алашты елең еткізген өренді, Алматыдағы қазақ жұртының қаламының желігі бар жастарын құтпан айғыр секілді үйіріне қуып тығатын Шерхан Мұртаза сынды аймүйіз ағасы аяқ- қолын жерге тигізбей астанаға алғызған. Сөйтіп… Қазақтың шоқ жұлдыздарының қатарына мұрты жаңа ғана тебіндеп келе жатқан, жүрісі де, тұрысы да кербез, жұмбақ, өр де астам, басына сынық түймедей сөз асырмайтын түз тағысы - Кербұғы келіп қосылған.
Ведущий 2.
Портреты свидетельствуют: был он человеком красивым, гордым, знающим себе цену, и это выражалось в его высоколобом узком лице — в обрамлении черных, по-шопеновски, до плеч волос. Всегда при галстуке — сосредоточен и самодостаточен. Может быть, это уже сознательный культ художника, нашедшего себя и почувствовавшего себя в литературе отдельно, кто знает? Но вот читаешь его трепетную и в то же время жесткую, убедительную прозу, и проступает сквозь слова особый, духовный облик Оралхана.
Ведущий 1.
Оралханды өз биігіне шығарған, "Бөкеев - нағыз талант" дегізген шығармасы - "Мұзтау" повесі. Міне, дәл осы шығармасынан бастап Оралхан Бөкеев қоғаммен, оның кереғарлығымен, адамзатқа қасірет әкелетін сойқанды іс - әрекеттермен тайталасқа түседі. Бөкеевтің мәңгіге бітпес айтысы басталады. Міне, осы "Мұзтаудан" басталған қоғам кереғарлығымен Бөкеевтің жекпе - жегі оның қалған ғұмырындағы шығармаларының лейтмотивіне айналғаны рас.
Ведущий 2. Герои писателя – это его современники: охотники, чабаны, механизаторы, жители горных аулов – носители сознания, не осложнённого интеллектуальными наслоениями, то есть «первозданный» человек, особенно поэтому болезненно реагирующий на зло и несправедливость. Старики и молодые – вот кто привлекает внимание прозаика прежде всего. И пристрастие к этим возрастным категориям не случайно. Истоки жизни и её итоги, рассвет и закат. Ведущий 1. Оралханның қазақ әдебиетінде салып кеткен өзіндік жолы бар. Жазушы Алтайды, еңбектің сан түрлі саласында ерліктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарын тек өзіне ғана сыйымды, ғажап пейілмен сүйе білді. Олардың сан - салалы, қилы-қилы тағдырларын өзінің үлкенді -кішілі шығармаларына өзек етті. Жазушының қандай да бір шығармасын қолымызға алып, парақтай бастасақ оның әр бетінен ауыл иісі, ауыл тұрмысы аңқып тұрады.
Ведущий 2.
В 2012 году определена книга ежегодной читательской акции «Одна страна – одна книга» вся страна будет читать повесть Оралхана Бокеева «Человек – Олень».
…Особенность прозы О. Бокеева – в том, что почти всех его героев-чудаков объединяет их особое отношение к природе, близость к ней. Не всегда им удаётся быть понятыми людьми, и тогда лишь природа способна даровать им гармонию просветлений, несмолкающую мелодию жизни. Оралхан Бокеев в первую очередь - поэт. Каждый рассказ его, каждая повесть рождены в глубинах его сердца, где тихо звучат подвластные только ему поэтические струны.
О. Бокеев – художник. Своим зорким взглядом поэта он подмечает неразличимые для других тайны природы и души человека. В его зарисовках есть присущая только ему загадочная недосказанность.
Сарыкольская районная библиотека имени Н.К.Даулетовой по ежегодной акции «Одна страна –одна книга» провела мероприятие «Библиотека под открытым небом» посвященная творчеству Оралхана Бокеева. Мероприятие проходило в течение недели в различных местах на улице. Жителям района была представлена книжная выставка «Одна страна -одна книга», где была представлена литература о жизни деятельности и творчестве О.Бокеева, новая версия произведения «Человек - олень» аудиокнига, рекомендательный указатель литературы «Үзілген жыр, папка- досье «История акции «Одна страна – одна книга» мн.др. И библиотекарями был проведен обзор литературы.
sarikol_biblio2 mail.ru
www. Sarikol- biblio.ucoz.ru
факс (714251) 21-1-03
Редактор: В.С. Первухина
Құрастырушы: А.Ғ. Түктібаева
Компьютерде өңдеген : А.Ғ. Түктібаева
Достарыңызбен бөлісу: |