Ағылшын және қазақ тіліндегі модальділік категориясының синтактикалық жолмен берілу тәсілдері
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің синтактикалық берілу тәсілдеріне сөйлемнің құрылымы бойынша өзіндік синтактикалық функциясы бойынша модальділікті білдіретін сөйлемдер мен сөз тіркестері жатады. Ең алдымен бұл сөйлем құрылымымен байланысты (номинативті, бір құрамды, псевдопридаточные), теріс сөйлем тәртібі қыстырма сөздер, конструкциялар және лексикалық қайталанулар жатады [39].
Ағылшын тілінде модальділіктің синтактикалық берілу тәсілдеріне сабақтас құрмалас сөйлемдердің шылаусыз жасалатын, кейде күрделі теріс сөз тәртібі арқылы жасалған тәсілдерін жатқызады. Should+infinitive арқылы жасалатын орындалуі екіталай гипотетикалық істі білдіретін шылау немесе шылаусыз да байланысатын құрмалас сабақтас сөйлемдердің өзгертіліп келуі мүмкін. [135].
Should you succeed where others have failed and lower her guard once more, do not disappoint her.
“ Should be miserable if I thought I should ever be more serious than I am at the present moment.” [101,63].
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің шылаусыз жасалатын, кейде күрделі теріс сөз тәртібі арқылы жасалған жағдайлары тек ирриальді модальділікті білдіретін сөйлемдерде кездеседі.
His great body was powerful and grossly fleshed; had he been smaller, he would have been fat.
Осындағы теріс сөз тәртібі (инверсия) ирреальді модальділікті білдіретін көмекші синтактикалық тәсіл ретінде қолданылған және ол негізгі морфологиялық құрал мен рай категориясымен бірге сөйлемнің модальді мағынасын білдіреді [24,45].
Should he come this way, I will speak to him.
Егер оның қолы тисе, мен онымен сөйлесемін.
Ағылшын тілінде шартты рай формасындағы тек кітаби стилде ғана қолданылатын were формасын қамтитын мысалдарда сирек, бірақ кездеседі.
Ал қазақ тілінде сөз тәртібі модальділікті білдірудің синтактикалық тәсілі бола алмайды. Өйткені қазақ тілінде сөз тәртібін сақтау маңызды және баяндауыш сөйлемнің басында тұра алмайды.
Сонымен қатар ағылшын және қазақ тілдерінде модальділіктің берілуінің синтақтикалық тәсілдеріне қыстырма сөздер жатады және олар тек синтактикалық құбылыс ретінде модальді мағынаа береді. Қыстырма сөздерді зерттеу барысында оларды модаль сөздерден ажырату қиындық туғызады. Модаль сөз бен қыстырма сөздердің анықтамалары бір-бірінен онша ажыратылмайды, сондықтан қиындық туғызады. Мысалға О.С.Ахманова қыстырма сөздер сөйлеушінің айтылғанға қатынасын білдіретін сөйлем мүшесі бола алмайтын және бір-бірімен байланыса алмайтын анықтамасы жағынан модаль сөздеоге ұқсас сөздер деп айтады. Қыстырма сөзбен модаль сөз айыру барысында қаратпа сөз жүзеге асырылу формасы, ал модальділікті функционалды семантиканың бірлігі ретінде қарастыру орынсыз болып табылады. Ағылшын тілінде қыстырма сөз бен кострукцияларға as it is said, according to the original sources, they say, the journalist report және т.б., ал қазақ тілінде қыстырма сөздер деп-оқшау сөздердің бір түрін айтады [131].
Сөйлемдегі басқа сөздермен, сөйлемнің жалпы мазмұнымен мағыналық байланыста ғана айтылатын, бірақ синтактикалық байланыста айтылмайтын оқшау сөздің түрін айтамыз. Қыстырма сөздердің міндеті сөйлемнің негізгі мазмұнына мағына жағынан, сөйлеушінің ойын түрлендіру, құбылту жағынан қосатын алуан түрлі модальділік мәндерге ие. Жоғарыдағы мысалдардағы қыстырма сөздер, я қыстырма сөз тіркестері (кейде қыстырма сөйлемдер да болуы мүмкін) бірде айтылған ойға кәміл сенімді немесе жорамал, болжауды білдірсе, бірде айтылған ойға басқа біреудің қатысы бар екенін көрсетеді.
Сөйлеуші немесе жазушы өз сөзінің ішінде қыстырма сөздерді орынсыз көп қолданбағаны дұрыс. Қыстырма сөздер тек ойды түсінікті, айқын, тұжырымды болуына көмегі болатын жағдайларда орнымен қолдану керек. Қыстырма сөздерді көп орынсыз қолдану әдеби тілдің сөйлеу номасының бұзылуына әкеліп соқтырады [136].
Қыстырма сөздерді дұрыс, әрі орынды қолданғанда көркем әдеби тілдің стилі көркейе түседі. Қыстырма сөздер әр түрлі сөз таптарынан жасалады. Олардың ішінде кейбіреулері үнемі қыстырма сөздер болып қолданылса (әрине, сірә, мін, тегі, мәселен, мысалы), ал кейбіреулері кейде қыстырма сөз болып, кейде сөйлем мүшесі функциясын атқарады [136,262]
Құрылымдық жағынан қыстырма, қаратпа бірліктер сөйлемдегі басқа сөздердің оқшауланып, айрықша интонациямен айтылады. Бұл бірліктер интонациясы өте бай болады. Олардың интонациялық көріністері бір-біріне сәйкес келмейді, себебі контекст пен сөйлеу ситуациясы интонацияға әсер етедію Бұл арқылы семантика мен интонацияның тығыз байланысын көреміз.
Қорыта айтқанда, қыстырма құрылымдар негізгі сөйлеммен мағыналық бірлікте айтылып, негізгі ойды әр түрлі модальдік реңкте толықтырып отырады. Грамматикалық жүйеден оқшауланғанымен бұл компаненттер сөйлемнің коммуникативтік мақсатымен, мазмұнымен тығыз байланыста болады [481].
Берілген конструкциялар өз бетінше болжалдылық, күмән, сенім және т.б. модальділіктерді білдірмейді. Алайда оның ұқсас мадальділік мағынасы бар, хабардың көзіне және айтушыға сілтеме жасайды.
Time, as they say, it is a great healer [101,137].
Онысы рас та ғой деймін: ең алдымен, оның кескін-кейпінде әкеме аздаған ұқсастықтар бар, сәресе мағолша қиғаштау біткен көзі, екіншіден, шапшаң мінезі.
Қыстырма сөздерге қарағанда модаль сөздер сөйлеушінің айтылғанға бағасын білдіру үшін қолданылатын нақты мағынаны қамтиды. Ағылшын тілінде модаль сөздерге perhaps, maybe possibly, probably және т.б.сөздер жатса, қазақ тіліндегі модаль сөздерге мүмкін, сияқты, сықылды, сынды және т.б. сөздер жатады.
“Perhaps you will tire soon than he will.” [101,12].
Әрине, мұндай жұмыс екінің бірі, егіздің сыңары, жалпылама адамның қолынан келмес [124, 92].
Модаль сөз бен қыстырма сөздерді салыстыру барысында тыныс белгілеріненазар аударған жөн. Қыстырма сөздердің сөйлем ішінде үтірлермен айырылуы оның сөйлемдегі дербес мәртебесін дәлелдейді. Егер үтірлерді алып тастаса да, сөйлемнің мағынасы өзгермейді. Демек, кез келген қыстырма сөздің негізгі қызметі сөйлеуші арқылы берілетін сөйлемге жаңа, қосымша ақпарат беруі болып табылады [24].
Модаль сөзінің негізгі функциясы обьективті шындық пен айтылғанның арасындағы қатынасы туралы сөйлеушінің пікірін білдіру болып табылады.
Сөйлеудің шындыққа қатынасын орнату барысында қыстырма сөздерге тән емес, модаль сөздер обьективті шындықтың субьективті шығылысына тән. Модальділік функционалды-семантикалық категория, ал қыстырма сөз формальді-грамматикалық категория болғандықтан мақал-мәтелдерде, қанатты сөздердер құрамында модальділікті бері тәсілі ретінде қолданыла алады
[41,233].
Г.П.Немец (1990), Э.У.Илебаев (1997), Т.А. Клепикова (1998) сынды авторлардың ағылшын тіліндегі модальділіктің зерттеулері туралы диссертациялық жұмыстарына сүйене отырып қыстырма сөздерді мынандай топтар бойынша топтастыруға болады [41,98].
Ағылшын тілінде:
-
Сенімділік, болжамдылық, ықтималдылықты және т.б. беретін сөйлемнің қыстырма мүшелері. (of course, most likely және т.б. )
-
Фактілердің басқа фактілермен байланысын білдіретін байланыстырушы немесе қарамақарсылық мағынасын білдіретін қыстырма мүшелері. (on the contrary, besides, moreover, vice versa және т.б)
-
Құбылысқа немесе фактіге қосымша ақпарат беретін және бағалағыш мағынасын білдіретін қыстырма мүшелері. (to tell the truth, by the way, frankly speaking, needless to say және т.б.)
Ағылшын тілінде қыстырма сөз дегеніміз сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысынбілдіретін құбылыс және ол берілген сөйлемді басқа сөйлеммен байланыстырады. Ағылшын тілінде бұл құбылыс (Parenthesis) деп аталады. Қыстырма сөз басқа сөйлемдермен грамматикалық тұрғыдан емес, ал семантикалық байланыста болады [24,58].
Ағылшын тілінде қыстырма сөздер осылар арқsлы беріле алады:
-
Indeed, certainly, assuredly, decidedly, in fac, truly, aturally, surely, actually, perhaps, possibly, evidently, obviousy, maybe сияқты модаль сөздер арқылы;
-
Байланыстыру қызметін атқаратын finally, thus, then, secondly, firstly, nevertheless, otherwise, therefore, anyway, consequently, still, yet, besides, moreover сияқты үстеулер арқылы;
-
Шылаулы фразалар арқылы. Мысалы: in a word, in truth, in my opinion6 in short, by the by, on the one hand, on the contrary, at least және т.б.
-
Инфинитивті және көсемшелі фразалар. Мысалы: to be sure, to tell the truth, to bigin with, generally speaking және т.б. [24,61].
Қазақ тіліндегі қыстырма сөздер мынадай төмендегідей негізгі мағыналарда қолданылады:
-
Сөйлеушінің әр түрлі көңіл-күйін білдіреді: Шіркін, амал қанша, бағымызға (бақытымызға) қарай, соры қайнағанда, өкінішке орай.
-
Айтылған ойға сенім, жорамал, күдік, болжау мәндерін қосады: сірә, әрине, мүмкін, рас, сөз жоқ, сөзсіз, өзіңе мәлім, шамасы, ұмытпасам, кім білсін, қалай, тегі т.б.
-
Ойдың айтылу тәртібін, жүйе, ретін білдіру, топшылау, қорыту мәнінде жұмсалады: демек, қысқасы, жалпы алғанда, ақырында, міне, сонымен т.б.
-
Айтылған ойға сөйлеушінің өзінің я басқа біреудің көзқарасын, кімнің пікірі екенін қоса білдіру үшінжұмсалады: меніңше, сізше, оның ойынша, оның айтуынша, айтуына қарағанда, айтуы бойынша, мен білсем т.б.
-
Айтылған ойлардың өзара байланысын, жалғас ретін білдіреді: біріншіден, екіншіден, бір жағынан, екінші жағынан, сонымен, мысалы, мәселен [136].
Осылайша ағылшын және қазақ тілдеріндегі қыстырма мүшелер мен сөздер модальділікті білдірудің синтактикалық тәсіліне жатады. Өйткені олардың модальділік мағынасы тек қана сөйлем құрылымда, яғни басқаша айтқанда басқа мүшелердің аумағында ғана беріледі.
Осы аталған синтактикалық тәсілдерден басқа Н.Е.Петров осылардың қатарына қаратпа сөзді де жатқызады. Ол оны қарату, көңіл аудару, шақыру сияқты модальді мағынаны білдіреді деп түсіндіреді. Осымен бірге қаратпа сөздің қалай берілгендігіне назар аудару керек. Арнайы жұрнақтар мен одағай сөздер автордың айтылғанға қатынасын білдіруде белгілі қатынасты білдіруі мүмкін [34].
Ағылшын және қазақ тіліндегі модальділіктің синтактикалық берілу тәсілдерін зерттеу осы екі тілдің модальділікті білдірудің синтактикалық тәсілдерінің ерекшеліктері, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтауға мүмкіндік берді. Жалпы екі тілде де бірдей синтактикалық тәсіл ретінде қыстырма сөздері мен мүшелерін қарастыруға болады. Оларды синтактикалық тәсіл ретінде қарастыру оарды тек қана лексикалық аясында қолданумен түсіндіріледі. Өйткені өз бетінше олар модальді мағынаны білдірмейді. Арнайы ағылшын тіліне тән синтактикалық тәсілге құрмалас сөйлемдердегі шылаусыз байланысу жатса, қазақ тіліне қаратпа сөз жатады. Барлық синтактикалық тәсілдер модальділіктің субьективті жағын құрайды, өйткені айтылымның бағасы туралы автордың қалауы бойынша хабарлауды білдіреді.
Одағай деп адамның сезімін, көңіл-күйін, бұйрығын, шақыру мәнін сөйлемнен тыс тұрып білдіретін сөз табын атаймыз [136,264].
Одағай сөздердің құрамы, мағынасы және сөйлемге қатысы да басқа сөз таптарынан ерекше болып келеді. Оның басқа сөз таптарынан осындай ерекшеліктері бар:
-
Одағай сөздердің мағынасы шындық өмірдегі затты, құбылысты, қимыл-әрекетті білдіруге қатысты емес. Осымен байланысты ол сөйлемдегі ойды білдіруге қатыспайды.
-
Одағай-түрленбейтін сөз табы, одағайдың грамматикалық категориясы жоқ.
-
Одағай сөйлем мүшелерімен байланысқа түспейді.
-
Одағай сөйлем құрамына кірмейді, сөйлемнен оқшау тұрады.
-
Одағай сөйлемнен тыс тұрып, сөйлемге қосымша реңк қосады.
-
Одағай сөздкр-сөйлемде ерекше интонациямен айтылады. Алдымен, одағайлар сөйлемнен оқшауланып, өзінен кейін сәл үзіліспен айтылады [136,266].
Одағайлар өз ішінде морфемдік құрамы жағынан екіге бөлінеді. Олар: 1) негізгі одағайлар, 2) туынды одағайлар. Негізгі одағайлар бір ғана морфемадан тұраы. Мысалы: әй, па, туу, оһо, я, қап, пай, бәсе, пәле, беу, уау, а, кә, беу, уһ, а, паһ, ой және т.б.
Туынды одағайларға сөздердің бір-бірімен кірігуі, бірігуі арқылы одағай сөзге ауысқан сөздер жатады. Мәселен, ойпырмай, япырмай, апырай, ой-пірім-ай, я-пірім-ай, мәссаған, масқарай, бәрекелді деген сөздерден шыққан. Мысалы, Ура! Стоп! Бис! Деген одағайлар орыс тілінен келген.
Одағайдың іштей мағыналық ерекшелікке бай. Одағай мағыналық құрамы жағынан үш топқа бөлінеді:
-
Көңіл-күй одағайлары.
-
Бұйрық типтес одағайлар.
-
Тұрмыс-салт одағайлары [136,265].
Көңіл-күй одағайлары адамның түрлі сезімін білдіреді: риза болу, қуану, жек көру, келеке ету, қорқу, таңдану,сүйсіну.
Риза болу мәнді одағайлар: бәрекелді, бәсе, иә, уә.
Қуану мәнді одағайлар: алақай, оһо, еһе.
Қорқу, шошу мәнді одағайлар: астапыралла, ойбай, оһ, аһ.
Өкініш мәнді одағайлар: әттең, қап, ойхой, уа, туу, апырай-ай.
Таңырқау, таңдану мәнді одағайлар: оһо, еһе, пай-пай, паһ-паһ, па, бәле.
Бұйрық мәнді одағайлар:
Бұйрық типтес одағайларға адам немесе жан-жануарға шақыру, бұйыру, жек көру мәнді одағайлар жатады.
Олар сонымен бірге адамға бағытталған және малға бағытталған одағайлар.
-
Адамға бағытталған одағайлар адамның адресіне бұйыру, жекіру, тыйым салу мақсатында айтылады. Бұйыру мәніндегі одағайлар: Айда! Сап-сақта! және т.б.
-
Тежеу мәнді одағайлар: жә, тек, тәйт, уа.
-
Шақыру назарын аудару одағайлары: әй, ау, уа.
-
Малға, жан-жануарға бағытталып айтылатын одағайлар шақыру, тоқтату, айдау, үркіту, қорғау мәнін білдіреді.
Тұрмыс-салт одағайлары
Тұрмыс-салт одағайлары адаммен байланысты қолданылады. Тұрмыс- салт одағайларына амандасу, қоштасу, бұйрық, сыйластық, мәзірет мағынасындағы сөздер жатады: ассалаумағалейкүм, уағалейкүмассалам, әлем, қош, кеш жарық, қайыр, қош болыңыз [136,265].
Одағайлардың мағыналық құрамы әр түрлі, кейбір одағайлар әр түрлі реңктерді білдіреді, кейбір одағайлар тек бір мағынада қолданылады. Осыған орай одағайлар көп мағыналы және бір мағыналы болып бөлінеді.
Әй, тірі болсам, бір қылармын деп кете бардым [124,85].
-Е, байғұс-ай!-деді [124,125].
- Құдай-ау, мына тұрған біздікіне келместен, есінен айрылған сорлы
Күмсінайдікіне не алғалы қонып жүр екен?!- деп саңқылдап келеді [124,125].
-Е, бәрекелді!..Япырай-ай! Түгел түсіп пе?-деді [124,134].
Ой, масқаралық-ай!..Әлгіде соныайтып күлгеніміз ғой...Бү қыз кәпірге дауа жоқ... [124,139].
-Япырм-ай, ә, япырм-ай, ә!-дегеннен басқа сөз айта алмады. [139].
-Е, еттікөп асып жатырсыңдар ғой? [124,147].
-Қалқам-ай! Қалқам-ай! Көрмегенді көрген екенсің ғой... [124,185]
-Ойпырым-ай! Тамаша түс екен! Мен қалай жориын? Құдай-ай! [194]
-Ой, жасаған не болды? [124,215]
-Тәйт ары! Албасты қатын қар! Сенікі не№ Сен неге қыстырыла қалдың!
Менен тумады дейтін шығарсың.... Қарғамақ түгілі отқа тастап жіберсем де, менің қолымнан алатын кісі жоқ. Балаларға ара түскенді көрсетпе! Паһ! Бауырың екен, көрдік! [124,223]
-Ойбай-ау! Ұят қой! Пәленшенің қатыны дейді ғой! [124,223].
-Шіркін-ай! Біздің ауылдың жайлаудағы шалғыны қандай еді! Бұзау көрінбей жатушы еді! [124,233].
Ағылшын тілінде де модальділік мағыналардың реңктері одағай сөздер (interjection) арқылы беріле алады.
Ағылшын тілінде одағай депэмоцияны білдіретін сөздерді атайды және олар төмендегідей сипаттамаға ие:
-
Оның грамматикалық категориясы болмайды және оның өзінің түбір құра алатын қасиеті жоқ.
-
Ол сөйлемде қыстырма сөз сияқты қызмет атқарады.
Кейбір одағай сөздер өзара омонимдес боып келеді. Мысалы: why! well! now! there! come! dear! fiddlesticks! etc. Ал басқалары басқаша жасалады. hey!, hallo!, ah!, pshaw!, alas! etc. [94,208]
Ағылшын тілінде де одағай сөздер кез келген сөз табы сияқты негізгі (hallo! come! dear!), туынды (goodness!), құрмалас (fiddlesticks!) және күрделі (hang it! dear me!) болып бөлінеді.
Мағынасы жағынан одағай сөздер әдеттеекі топқа бөлінеді: 1) көңіл-күй одағайлары (oh!, bless us!) және бұйрықты (hush!, come!)
Сонымен бірге одағай сөздер негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
-
Негізгі одағай сөздер басқа сөз таптарынан жасалмаған. Олардың көбі жай сөздер болып табылады. Мысалы: ah,oh, pooh, fie, bravo, hush. Тек кейбәр негізгі одағай сөздер құрмалас болып келеді. Олар: heigh-ho! hey-ho! holla-ho! gee-ho!
-
Туынды одағай сөздер басқа сөз таптарынан жасалады. Олар өздері жасалған сөздермен омонимдес болып табалады. Олар: well, now, here, there, come, why, etc.[94,209].
Одағай сөздер дербес сөз-сөйлем ретінде немесе сөйлемнің дербес элементтері болып қолданылады [138].
А.И.Смирнитскийдің пікірінше одағай сөздер yes/no жауап сөздері сияқты сөйлемнің ерекше түрі және олар сонымен бірге анық эмоциялық реңк береді.
Ah! Can’t you see that my heart is breaking?” [101,72].
“Oh, if you knew the trouble you’re causing me.”(өкініш)
“Oh, she is better than good-she is beautiful” murmured Lord Henry. [100,62].
“Ah! You don’t know what it cost me to tell you all that I have told you.” [100,98].
Poor Basil! How little he knew of the true reason! [99]. (аяныш пен өкініш)
Oh, she was so shy and so gentle. [100,46].
“Oh, here is really very little to tell, Harry”, answered the painter; “ and I am afraid you will hardly understand it. Perhaps you will hardly believe it.” [100,7].
“Ah! Harry, your views terrify me. [100,42]
“Oh, don’t be so serious, Jim.” [101,59].
“Ah, Jennie,” he said, speaking to her as he might have done to a child, “youth is on your side. You posess the most valuable thing in life”. [101,54].
Екінші бөлім бойынша қорытындылар.
Осы тарауда біз модальділік категориясынын функционалды-семантикалық өрісінде қарастырып, оның ағылшын және қазақ тілдеріндегі берілу тәсілдерінің классификациясына тоқталдық. Сонымен бірге ағылшын және қазақ тілдерндегі модальділік категориясының берілу тәсілдерінің айырмашылықтары, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтадық.
Тілдік модальділікті функционалды-семантикалық категориялардың қатарына жатқызудың арқасында, оның тілдің әр түрлі құралдары және тәсілдері арқылы беріле алатындығына көз жеткіздік. Салыстырмалы анализдің нәтижесі бойынша ағылшын тіліндегі модальділікті берудегі келесідей тәсілдері айқындалды:
- лексикалық тәсіл (модаль сөздері арқылы);
- морфологиялық (рай категориясы арқылы және конструкциялар);
- лексика-синтактикалық (модаль етістіктері, модальді конструкциялар және бағыныңқы шылаулар);
-синтаксические (қыстырма сөздер және конструкциялар және одағай сөздер).
Қазақ тілінде модальділікті берудегі келесідей тәсілдері айқындалды:
- лексикалық тәсіл (модаль сөздері арқылы);
- морфологиялық (рай категориясы және аналитикалық форманттар арқылы);
- лексика-синтактикалық (модаль сөздері тіркесіндегі аналитикалық форманттар, демеуліктер және күрделі баяндауыштардың құрамындағы модальді мағыналы етістіктер);
-синтактикалық (қыстырма сөздер және одағай сөздер).
Осы аталған тәсілдерден басқа ағылшын және қазақ тіліндегі модальділік мәтін деңгейінде жоғарыда аталған тісілдердің бірігуі арқасында жүзеге асырылады. Мәтін модальділігі лексикалық, морфологиялық, синтактикалық, лексика-синтактикалық, сонымен бірге синтактикалық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Саны жағынан модальділік категориясы білдіру тәсілдері өте көп және басқа категорияларға ұқсас емес.
Осындай модальділікті білдіретін лексикалық тәсілдерге жататын модаль сөздер болып табылады.
-
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ МӘТІН МОДАЛЬДІЛІГІНІҢ БЕРІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Мәтін модалділігінің сипаттамасы
Соңғы жылдары ғалымдар жекелей сөәлемдерді зерттеумен емес, ал мәтінді зерттеуге көп назар бөлуде. Осы жайт сөйлемдер арқылы құралатын мәтінге жеклей зерттеу нысаны болып қарастырылуға мүмкіндік береді. Г.В.Телегинаның пікірінше сөйлемге және мәтінге тән құбылыстардың бірі модальділік болып табылады [139].
Алдымен мәтін түсінігіне анықтама берген жөн, өйткені дәл осы мәтінді құрастыратын модальдылық сияқты категориямен тікелей байланысты. Негізгі анықтама ретінде осы жұмыста И.Р.Галперинның мәтін модальдылығының анықтамасы алынған: «Мәтін дегеніміз-жазбаша құжат түрінде аяқталған, осы құжатқа сәйкес әдеби өнделген сөйлеу шығармашылық процессінің туындысы және тақырыбы бар және әр түрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық және стилистикалық байланыспен байланысқан және белгілі мақсат-бағытқа және прагматикалық бағдарға ие ерекше бірліктер қатарынан тұратын шығарма [140].
Осы анықтамада мәтін жай ғана сөйлемдер бірізділігі ретінде қарастырылмағандығы маңызды. Мәтін-ол құратындардың соммасына апармайтын басқа және аса жоғара деңгейдің құрылуы. Мәтін сияқты құбылыстың сапалы өзгешелігін еске алу мәтін модальділігі оның құрамына енетін сөйлмдердегі модальділіктің соммасы бола ала ма деген сұраққа жауап беруге көмектеседі. Негізінен бола алмайтын сияқты, бірақ бұл мәтін модальділігі түсінігі бірден анық және екі ұшты емес деген сөз емес. Осыған байланысты Роджер Фаулер қызық көзқарасын білдіреді. Оның ойынша сөйлем модальділігінің теориясы толық зерттелмегендіктен, біз мәтінде қолданбалы теория құрып, оның түсіндірмелеріне сүйене алмаймыз. Осының нәтижесі ретінде қазірде бар мәтін модальділігін зерттеу тәсілдері сөйлем модальділігін зерттеу тәсілдері сияқты бір-бірінен біршама ерекшеленеді. Осыған орай бірнеше тәсілдерін қарастыруға болады [140,116].
Тіл біліміндегі әдебиетте модальдылық түсінігі бірмағыналы емес: ол түрлі анықтамалар мен түсіндірулерді біріктіреді. Сонымен бірге әр түрлі тіл бірліктерінің модальдық мағынасын дәстүрлі зерттеуден, мәтін модальдылығының мазмұнды өңдеудің түрлі-түрлі зерттеулері өмір сүреді.
М.Н.Кожина модальдылықты зерттеу маңыздылығындағы көп пікірлер жайлы былай жазады: «Модальдылық категориясы өз ішінде субьективті модальдылықты қамтығанда аса маңызды орын алады. Модальдылық-ол тіл үлгісінде көрініс табатын тілдік категория, басқаша айтқанда мәтін алды деңгейлі, яғни таза грамматикалық модальдылық» [141].
Мәтін модальділігіг зерттеумен көптеген ғалымдар айналысқан И.Р.Гальперин, 1981, Л.К.Жаналина 1988, Е.А.Дидковская 1991 осы жұмыста мәтін модальділігі көптеген модальді компаненттерден құралады делінген. Яғни мәтін модальділігі жекелей тіл құралдары арқылы жүзеге асырылатын және сөйлем құрамындағы жоғары фразалық бірліктердің модальділік мәндерден құралады [142].
Е.А.Дидковскаяның жұмысында жоғары фразалық бірліктер, яғни олардың бірдей модальдік мағына арқылы құралған сөйлемдер «бірқұрамды» деп аталады [143].
She might tell her family, she might tell Mrs.Bracebridge, she might leave the city. He wanted to know more of the conditions which surrounded her, and there was only one way to do that-talk to her. He must persuade her to come and live with him. She would, he thought. She admitted that she liked him. She would, he thought [125].
Осы сөйлемде бірқұрамды мүмкіншілік модальділігі көрсетілген. Оларды might және would сияқты модаль етістіктері арқылы байқауға болады.
Егер жоғары фразалық бірлік әркелкі модальді мәндерімен құрылған болса, бұл сөйлемдер «көпқұрамды» болып есептеледі. Онда оның модальділігін айқындау үшін оның модальділігі басым сөйлемді анықтау қажет және анықтау барысында сөйлеушінің мақсаты мен шарттарын есепке алған жөн [24,50].
“No, no, no! she replied in an agonized voice. I can’t do anything like that, Mr.Kane. Please listen to me. It can’t be. You don’t know. I can’t do what you want. You don’t want to. I couldn’t even if I wanted to. You don’t know how things are. But I don’t want to do anything wrong. I mustn’t. I can’t. I won’t. Oh, no! no! no!!! Please let me go home.” [101,126].
Осы мысалда кейіпкердің істі істей алуға қабілеті жоқтығы can’t етістігі арқылы беріліп тұр. Сонымен бірге біл істі істеуге міндетті еместігі mustn’t етістігі және won’t етістігі арқылы айтқанын дәлдеп, дәлелдеу тұрғанда, біз won’t модаль етістігін қолданғанда айтушының өзінің айтып тұрғанына нық сенімді екендігін байқаймы. Осы сөйлемдегі модальділік мағыналардың көп түрлері қолданғанына қарамастан, біз басым модальді мағына істей алу қабылеті, мүмкіндігін айтамыз және бұл осы айтылымның прагматикалық мазмұнын қамтиды [24,51].
Кейбір сөйлемдер модальділігі тарапынан нейтральный болуы мүмкін, сондықтан оның модальділігін тек түгел мәтіннің модальділігін біле тұра ғана айқындауға болады. Мысалға іскери стиль, бұйрық, жарғы және т.б. құрамындағы әр түрлі модальділікті білдіретін тіл құралдарына қарамастан, түгел мәтін модальділіні бұйрықты білдіреді.
Сондықтан да модальділік пен мәтін модальділігі арасында тығыз байланыс бар [140,117].
Достарыңызбен бөлісу: |