Ордабаева жанар мергалиевна



бет7/14
Дата11.06.2016
өлшемі1.08 Mb.
#128861
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Must етістігі әдетте фактілерге, білімге негізделген және сенімділікпен шекаралас болжамды білдіреді. Must етістігінің перфекті емес инфинитивпен үйлесуі болжамды іс-әрекеттің немесе қалыптың жасалған болжаммен мезгілдес болғанын білдіреді және осындағы болжам осы шаққа да, өткен шаққа да жатады [94].

Мысалы:


1) Your father must be nearly eighty now.

Сіздің әкеңіз қазір сексен жаста болса керек.

2) You must be hungry after your long walk.

Сіздің осындай ұзақ серуеннен кейін қарныңыз аш болса керек.

3) We must have taken a wrong turning.

Біз бұрыс жерден бұрылған сияқтымыз [94,52].

Must етістігі басым сенімділікпен айтылатын болжамды немесе мүмкінділікті білдіру үшін қолданылады. Сөйлеуші айтылған болжамды шынға ұқсас деп таниды. Бұл мағынада Must етістігі evidently, apparently, certainly, most likely, probably сияқты модаль сөздерінің мағыналарына сәйкес келеді.

Болжам мағынасын білдіру үшін Must етістігі төмендегідей жағдайларда қолданылады:


  1. Indefinite Infinitive-пен тіркесу арқылы қолданғанда осы шаққа қатысты болжамды білдіреді. Must бұл жағдайда қазақ тіліне керек деп аударылса, ал мұндағы инфинитив осы шақтағы шартты райда тұрған етістікке -са, -се жұрнақтары жалғануы арқылы аударылады

He must know her address. Ол оның мекен-жайын білсе керек.

He must be in the Library now. Ол қазір кітапханада болса керек.

You must introduce me now”, cried Lord Henry, laughing [100,14].



It must belong to some neighbour’s child in whom Jennie had taken interest, he thought. He would have to go and tease her about this [101,174].

You must let me introduce myself. [101,39].

I must speak, and you must listen. You shall listen. [101,127].

Сөйлеу барысында іс-әрекеттің орындалып жатқандығы туралы болжам айтылып жатқанда Continuous Infinitive must етістігінен кейін қолданылады:

Where is he? - He must be walking in the garden.

Ол қайда?- Ол бақта серуендеп жүрген болар.

Сонымен қатар must етістіктің қарапайым инфинитив формасымен бірге мүмкіндік білдіру мағынасында қолданылады. Әдетте созылыңқы шақ формаларымен қолданылмайды (to be, to think және т.б.).



  1. Өткен шаққа жататын Perfect Infinitive формасымен бірге must болжалдылық мағынасын білдіреді. Осындай жағдайда must етістігі болжалдылықты білдіреді. Қазақ тіліне болса керек, болса тиіс деп аударылады.

They must have forgotten to send us a copy of the telegram with their letter.

Олар хатымен бірге жеделхаттың көшірмесін жіберуге ұмытқан болса керек.

You must certainly send it next year to the Grosvenor [100,4].

Can-could осы шақ үшін can және өткен шақ үшін could сияқты екі формалары бар және to be able to конструкциясы дәл сондай мағынаға ие.

Can-could етістіктері істей алу қабілеттілігін, мүмкінділігін, мүмкін еместігін, күмәнді және таң қалу сияқты мағыналарын білдіреді.



    1. Физикалық немесе ақыл-ес қабілеттілігі. Can-could етістігі істей алу деген мағынаны білдіреді. Ол физикалық қабілетпен бірге санаға қатысты қабілетті білдіреді. Could-Can етістігінің өткен шақ формасы болып табылады [94].

Please dont, Mr.Kane,” she pleaded. Oh, please don’t. I can’t! I can’t! You mustn’t!.” [101,126].

    1. Мүмкінділік немесе болжалдылық. Can етістігі болжалдылық мағынасында көбінесе болымсыз сөйлемде қолданылады да, ал сұраулы сөйлесде сирек қолданылады. Ол перфекті және перфекті емес инфинитивпен қолданылуы мүмкін. Перфекті инфинитивпен қолданылғанда Can етістігі болымсыз сөйлемде істі орындаудың мүмкін еместігін көрсетеді.

You can’t really love me, or you wouldn’t hesitate.-Сен мені сүйгенінің мүмкін емес.

He cannot hope to carry it off successfully. Nobody can. He ought to marry her or he oght to quit” [101,197].



  1. Істің орындалуының мүмкін еместігі, күмән және таң-қалу.Осындай жағдайларда ол сұраулы және болымсыз сөйлемдерде бірдей кездесе береді. Көбінесе таң қалу сұраулы сөйлем арқылы беріледі.

Ертеректе Should-would етістіктеріміндеттілікті білдіретін етістіктің екі формалары болған. Біртіндеп тілдің дамуы барысында осы екі етістік екі түрлі модальді мағынаға ие бола бастады және жеке қарастырылды. Біртіндеп Should етістігі қалау мағынасын жоғалтып, міндеттілік мағынасынан басқа, болжалдылық мағынасын білдіреді.

It should be about five now.

Қазір сағат 5 болса керек [94,248].

И.П.Крылова Should етістігінің болжалдылық мағынасында сирек қолданылып, көбінесе must етістігінің қолданылатынын айтады.

May – might модаль етістіктері осы шақта may және өткен шақта might қолдаылатын екі формалары бар және to be allowed to мен to be permitted оған синонимдес болып келеді.

may – might рұқсат беру, сенімсіздік,мүмкінділік пен кінәләу мағынысын білдіреді [96].

Мүмкінділік мағынасына күмән немесе сенімсіздік реңкі қосылса, онда may етістігі қолданылады. Ол істің орындалу немесе орындалмау мүмкінділігін білдіреді. May модаль етістігі осында перфекті, я болмаса перфекті емес инфинитивпен бірге қолданылады.

It may rain tomorrow.

Ертең жаңбыр жаууы мүмкін.

I may be away from home tomorrow.

Мүмкін, мен ертең үйде болмаймын.

Сөйлеуші May модаль етістігін болжамының қаншалықты шын бола алатындығына күмәнданғанда қолданады. Осы жағдайда May модаль етістігі қазақ тіліне мүмкін модаль сөзімен аударылса, инфинитив ашық райда осы немесе келер шақта беріледі [96].

May модаль етістігі инфинитивпен бірге болжалдылықты білдіреді.

He may know her address.-Ол оның мекeн-жайын білетін шығар.

What might have followed if the child had been homely, misshapen, peevish, or all three, can scarcely be conjectured [101,188].

May модаль етістігі қазақ тіліне мүмкін, шығар деп аударылады. Оның өткен шақ формасы might етістігі болып табылады.

Might модаль етістігі кінәләу мағынасында да қолданылады. Осы мағынада тек might қана қолданылады may қолданыла алмайды.

You might have told me about. I wouldn’t have lost my chance.

Should, ought to

Shouldought to модаль етістіктері міндеттілікті немесе істің орындалуна кеңес беретіндігін білдіреді.

1.Моральді тұрғыдағы міндеттілікті білдіргенде should гөрі ought to көбірек қолданылады. Martin’s hand instinctively closed on the peace of gold. In the same instant he knew he oughtn’t to accept.

In particular Martha and Veronica must have a better opportunity to do for themselves than she had had. They should be dressed better; they ought to be kept now broaden their lives [101,101].


  1. Кеңес беру. Осы мағынада ought to етістігіне қарағанда, should көбірек қолданылады. Should көбінесе адамның субьективті қызығушылығын, ниетін білдіреді. You should be more careful.

  2. Орындалуды күтіп тұрған істі білдіреді. If it is Jennie’s father, he should be stern. It was the last letter left on the box, it ought to be from Mr.Gerhard.

To be +Infinitive.

To be +Infinitive модальді мағынаны білдіретін тіркес. Оның мағынасы міндеттілікті білдіретін must, have to, ought to, had to shall және т.б. модаль етістіктеріне ұқсас болып келеді. To be +Infinitive бұйрықты, келісімді, мүмкіндікті және міндетті түрде орындалу керектігін білдіретін істі білдіреді.



    1. Талқылауға жатпайтын екі адам арасында жасалған келісімге негізделген бұйрыты білдіреді. You are to go straight to your room.

    2. Келісім немесе жоспардың бөлігі. We were to meet at the entrance of the theatre at a quarter to eight. Келісім

    3. Міндетті түрде орындалатын іс-әрекет. I went about brooding over my lot, wondering almost hourly what was to become of me.

To have+Infinitive.

To have+Infinitive модальді тіркес жағдайға байланыстыміндеттілікті білдіреді. Оның мағынасы to be obliged to модальді тіркеске ұқсас. To have+Infinitive және to be+Infinitive модаль етістіктері міндеттілікті білдіргендігіне қарамастан, осы екеуінің арасында айырмашылық бар.



As I was there at 5 sharp (жоспардың бөлігі), I had to take a taxi (жағдайдан туған қажеттілік) [131].

Shall.

Shall таза модальді етістік емес. Ол бірде модаль етістігі, бірде көмекші етістіктің қызметін атқарады. Ол сөйлеуші тарапынан сөз беруді, алдын ала ескерту, бұйыру және тыйым салу, қорқыту мағыналарында қолданылады.



      1. Бұйрық. She shall go out today.

      2. Алдын ала ескерту немесе қорқыту. “That’s the last time!” she cried. “You shall never see me again!”

      3. Сөз беру. I shal take you away. I shall marry you.

Will модаль етістігі.

Ол да тек қана модаль етістігінің қызметін атқарып қана қоймай, сонымен бірге көмекші етістіктің қызметін атқарады. Ол көбінесе сөйлеушінің ниет-пиғылын, қалауын, мақсатын немесе сөйлеушінің табынды тілігін білдіреді.



        1. Қалау, мақсат. I won’t go with you any more [131,96].

Will сонымен бірге сыпайы сұраулы сөйлемдерде қолданылады.

Will you have a cup of tea?

        1. Болашақта орындалатын іске қатысты табандылық.

I will prove you that you were not right.

Well, You mustn’t worry. If you knew as much about life as I do, and about your neighbors, you would not cry. Your girl will be all right [101,97].



Would.

Would модаль етістігі will етістігінің өткен шақ формасы болып саналған. Ол да тілек және табандылық мағынасында қолданылыды, да істің орындалатындығын не орыналмайтындығын білдіреді.



She was going away and would not say where she was going.

I asked him not to bang the door, but he would do it [131,97].

Dare.

Модаль етістігі бір істі істеуге батылдығы бар немес жоқ екендігін білдіреді.



He didn’t dare to meet her [132].

Need модаль етістігі

Need модаль етістігі қажеттілікті білдіріп, қазақ тіліне керек, қажет деп аударылады.



We need talk of this no more.-Бізге осы туралы сөйлесу керек емес.

I shan’t go upstairs. I shall go hom. I must go home.” [153].

Күмәндану мағынасындағы модальділіктің берілу тәсілдерін бірнеше топқа бөлуге болады. Осы етістіктермен қолдаылған модальді конструкциялар:

А) seem

It seems (to me/him) + that-clause, there seems (to be), It seems as if / as though…

It seems to her as if the world was her [101,52].

Маған ... деп/сияқты көрінеді

б) appear көрінеді

It appears (to me / him) + that-clause – Маған ... сияқты көрінеді.

2. Модаль сөздер және демеулік шылаулар:



hardly, scarcely - Әрең дегенде, сияқты, күмәнді.

3. Модальді фразалар: I doubt if…



I am not certain + that-clause, It is doubtful + that-clause

It looks (to me / him) as if / as though…

Күмәнданамын

It was doubtful that it could happen [101,58].

Ағылшын тілінде сенімділік certainly, surely, perhaps, probably, maybe күшейткіш сөздері, яғни лексикалық тәсіл арқылы беріледі сонымен бірге it seems, it is sure, unlikely to be сияқты лексика-синтактикалық формалары және конструкциялары арқылы беріледі және I suppose, I think, I guess, I'm sure, I have no doubt сияқты модальді фразалар арқылы беріледі.



Ағылшын тіліндегі демеулік шылау

Демеулік шылау деп ағылшын тілінде сөздердің немесе сөйлем ішіндегі сөз тіркестерінің мағынаны күшейту, дәлдеп айту, болымсыдықтықты білдіру үшін қолданылатын көмекші сөз табы. М.А. Беляева демеулік шылаулардың екі негізгі тобын атап көрсетеді.

Болымсыз демеулік шылау not (n’t):

Ол етістіктердің болымсыз формаларын жсау үшін қолданылады.



I don’t smoke. – Мен темекі шекпеймін.

My elder brother is a student, not a teacher. – Мен үлкен ағам мұғалім емес, ал студент. Ол әр түрлі сөз таптары арқылы берілетін сөздермен болымсыз мағынаны жасайды [129].

We are going to the river, not to the lake. – Біз өзенге емес, көлге бара жатырмыз. I asked him not to do that again. – Мен одан бұны істемеуді сұрадым.

Кейде ол адыңғы айтылымда білдірілген болымсыз сөйлемдердегі жауап ретінде де қолданылады. Мысалы, I believe, I hope, I suppose, I expect, сонымен қатар of course, certainly, sure, perhaps және т.б. модаль сөздермен қолданылады.



Can you lend me this book? – I’m afraid, not, I’m still reading it. – Сен маған осы кітапті бере алмайсың ба?-Жоқ, мен оны әлі оқып жатырмын.

Do you smoke? – Of course not! - Сіз темекі шегесіз бе? Әрине, жоқ!

2. Күшейткіш және шектеуші демеулік шылаулар. Only – тек; even - тіпті; just – дәл, жай; simply - жай; merely - жай; still - әлі; almost – таман, жақын; hardly – әзер деп, екіталай; exactly – дәл.



We could hardly understand him. – Біз оны әзер дегенде түсінеміз.

I merely asked his name. – Мен одан жай ғана атын сұрадым.

Even a child can understand it. – Осыны тіпті бала да түсіне алады.

3. Жалғаулықты шылаулар:



Also - да; too - бірге; as well – солайша; either - солай. Осы шылаулар сөйлемдердің алдыңғы айтылымдармен байланыстыру үшін қолданылады. Either шылауы болымсыз сөйлемдерде қолданылады [130].

We are planning an outing tomorrow. Jack is coming too. – Біз ертең пикникке баруды жоспарладық. Джек те бізбен бірге барады.

Демеулік шылаулар көмекші сөз табы болғандықтан сөйлем мүшелері бола алмайды. Олар үстеулерден біршама ерекшеленеді.



I have just come. –Мен жаңа ғана келдім. Үстеу

I just come to see you. – Мен тек сені көріп кетуге келдім. Шектеулі демеулік шылауы

Осы аталған демеулік шылаулардың арасында модальді мағынаны күшейтіп, сөйлеушінің айтылымғадеген қатынасын айқындайтын сөздер жиі кездеседі. Осылайша біз шылаулар тобынан келісу, сенімділік, анықтылық сияқты субьективті мағынаны білдіретін сздерді атап көрсетуді жөн көрдік. Оларға: actually, exactly, indeed, easily, positive(ly), precisely, right жатады.



Actually шылауы нағыз шынымен болған іс-әректті білдіру үшін қолданылады. Қазақ тілінде шынымен, шынында деген сөздер сәйкес келеді.
2.2.2 Қазақ тіліндегі модаль сөздер мен демеулік шылаулар
Өмірдегі кез келген болмыс түрлері, белгілі бір заттың қимылы, іс-әрекеті сөйлемде тек жалаң түрде хабарланып қоймай, сөйлеушінің осы хабар туралы пікірі, яғни сөйлем мазмұнының бұл ақиқат шындықпен сәйкес жөніндегі көзқарасын бірге білдіреді. Сөйлем мазмұнының бұл ақаиқат шындыққа қатынасы лингвистикада предикаттылық аясында түсіндірілсе, сөйлеушінің осы қатынас жағдайындағы өзінің бағасы, яғни қатынасқа қатынасы лингвистикада млдальділік деп анықталады [38,408].

Жоғарыда айтқандай тіл білімінде субьективті және обьективті модальділік бар. Егер субьективті модальділік жеке сөздер арқылы берілсе, обьективті модальділік рай категориясы арқылы беріледі.

Сөйлемнің модальділігі сонымен қатар басқа да экспрессивті және эмоционалды мағыналарымен ұқсас және өзара байланысты. Таза модальды мағынадан өзге, бұған қоса экспрессивті және эмоционалды мағына бар. Осы күнге дейін жалпы модаль сөздердің саны және құрылымы туралы пікірлер сан алуан болуы осы модальділіктің екі түрі және таза модальді мағына мен эмоционалдық мағыналардан ажырата алмауымен тығыз байланысты [136,58].

Сөйлем модальділігі әр түрлі жолдармен беріле алады. Олар рай категориясымен қатар, шақ категориясы арқылы да беріле алады. Осындайда әсіресе қалау райдың, -ар, -ер, -р, -с формалары келер шақтың және -ып, -іп, -п қосымшасы арқылы келетін бұрыңғы өткен шақтың қызметі ерекше. Рай мен шақ жалпы етістік категориялары, ал модальділік етістіксіз де сөйлемде бала алады. Модальдік реңк сөйлемнің типтік түрлері де арқылы білдіріле алады. Бұл-сөйлем модальділігін білдірудің синтаксистік тәсілі. Сөйлеуші адамның сөйлемнің мазмұны жөнінде көзқарасын, пікірін білдіретін жеке сөздер мен демеуліктер де (-ғой, -ау т.б.) шылаулар бар. Модальділік реңк сонымен бірге одағай,қыстырма сөздерден және сұраулық шылаулардан да аңғарылады. Бірақ осы шылаулар, одағай сөздер және сұраулық шылаулардың бәрі модаль сөздерге жатпайды. Өйткені сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі айтушының арнайы пікірін білдіретін арнайы сөздердің модальділік сипаты бөлек болып келеді. Сондықтан да олар бөлек болғандықтан модаль сөздер деп аталады [109,508].

Сөйлеушінің сөйлемде айтылған хабардың ақиқаттығына әбден көзі жеткендігін білдіретін модальділік мағына бар. Қазақ тілінде бұл модальділік мағына көбінесе көрінеді етістігі және екен формасы білдіреді.

Мысалы, Ол Ақбілекті бұрыннан білетін көрінеді [124,85].

Біреудің сөзіне сүйену не бір нақты дерек негізінде білдіретін модальдік мағына. Бұл модальдік мағынаны қазақ тілінде «де» формасы атқарады. Көбінесе «дейді» немесе «деп атайды» болып келеді.

Мысалы, Халық арасында оны ең ақылды дейді [124,99].

Қазақ тілінде модаль сөздердің тағы бір семантикалық сөйлеушінің өз тарапынан қостау немесе растау пікірін білдіру болып табылады. Осы модальдік мағынаға рас, расында, шынында, шындығында, анығында сөздері жатады. Мысалы, Шынында, айтылғандардың бәрі рас екен [124,96].

Келесі бір модальдік мағына ол сөйлеушінің сенімін білдіруі болып табылады. Қазақ тілінде осы модальді мағына әлбетте, әрине сөздері арқылы беріледі. Бірақ бұл екі лексеманың еркшелігі: олар ауыз әдебиет үлгілерінде де, ақын-жырау шығармаларында ад кездеспейді екен.

Тілек, қалау, ниет-пиғыл мәнді модальдік мағына. Қазақ тілінде бұл модальді мағына са, -се екен, са,-се дейм деймін аналитикалық формалары арқылы беріледі. Мысалы, Олар сені түсінсе деймін [124,97].

Қазақ тілінде модальдік мағына күдік -күмән мәнін білдіретін сөздер бар. Осындай модальділік мағына -ар ма екен, -са неғылсын, кім біледі сияқты аналитикалық конструкциялар білдіреді. Қазақ тілінде кейде екі модаль сөз қатар қолданылады, мысалы: абылай мүмкін білем осы болар. Осындай модальділік қатарлар көркем әдебиет стиліне тән.

Әдеби тілімізде -ды білем, -а-тын (е-тін) шығар модальділік конструкциялары формасында қолданылады.

Сен білмейтін шығарсың [124,139].

Қазақ тілінде модаль сөздер хабарға деген қатынасын білдіретін тұрақты тілдік бірлік ретінде де, сонымен қатар өзінің негізгі мағынасында да қолданыла береді.

Сондай сияқты мүмкін, зайыры, әлпетті, сиқы, шығар және тағы басқа модаль сөздерге де тән болып келеді.

Модаль баяндауыштар

Көп жағдайда біз грамматикалық мағынаға байланысты, субьектінің айтылған пікірге қатынасын, пікірін, бағасын білдіретін формаларды ғана модальділік категория қатарына жатқызамыз.

1. Болжалдылық мағынасын білдіретін: алды-алған сияқты, кіші-кіші болу сияқты.

2. Істің предикативті сапасын субьектіге танылу сипатын білдіретін формалар: алды-алған екен.

3. Іс-әрекетті жасанды сипатта атайтын формалар.

4. Іс-әрекетті нұсқа ретінде сипаттайтын: алыпты-мыс.

Модальділік категория тілімізде тек баяндауыштық формалары арқылы ғана көрінінбейді. Сонымен қоса ол сөйлемде түрлі қыстырма сөздерді енгізу арқылы да жасала алады.Іс-әректті жасанды түрде етіп көрсетуге арналған баяндауыштар-модальдік топтың бір тобына жатады. Олардың өздерінің формалары, еркшеліктері және жасалу жолдары бар [109,645].


    1. Жедел өткен шақ етістік+болды, алды болды -ған, -ген формалары есімше+болды ретінде құралған баяндауыштар.

Мысалы, Біз оны естіген болдық [124,56].

    1. Жедел өткен шақ етістік+қылды -ған, -ген формалы есімше+қылды.

Мысалы, Ақбілекті есіктен көрді қылды [124,65].

Баяндауыштың болжауды білдіретін модальдік формасы мағынасы жоқ форманы негізге алып, түрлі көмекші компаненттері (шылау, көмекші етістік) үстеп жасалады: алған-алған сияқты, алған көрінеді [109,642].



Модальдік демеуліктер. Cөздің мағынасын түрлендіретін, оған әр түрлі мағына үстейтін, бүкіл сөйлем мәніне әсер етіп оған түрлі эмоциональді өң берітін шылыаулар демеулік шылаулар деп аталады.

Демеулік шылауларға мыналар атады.



      1. Сұрау мағыналы демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше. Мысалы:

      2. Тежеу мағыналы демеулік: ғана, қана.

      3. Жаланыш, тілек мағыналы демеулік: ғой.

      4. Күшейту мағыналы демеуліктер: ақ, да, де, ды, ді, ты, ті, ғой.

      5. Көңіл-күйді білдіретін демеуліктер: -ай, -ау.

      6. Сенімділік, кекесін мағыналы демеуліктер: мыс, міс (мыш).

Демеулік ғой, қой, көбінесе, сөйлеуші өзінің субьективті ойын айтқанда растай, құптай сөйлегенде пайдаланады. Мұндай жағдайда ол баяндауыштан кейін тұрады да, түгелдей сөйлемнің мағынасына қатысты болады.

Ғой айтылатын іс-оқиға тыңдаушыға бұрыннан белгілі екендігін ескерту үшін де жұмсалады [133].



О жолы біздің әкей тәлімнен құр қалған шығар, арыздығының басы осы ғой. [124,143].

Ал Жанболат ағаң болса, ол енді аузы жеңіл кісі ғой.

Менен тумады дейтін шығарсың... [124,223].

Әлде рас та шығар деген күдік бірте-бірте пайда болды [124,225].

-Менің күйеуім секілді бір топас екен ғой! [124,250].

Аталған демеулік жеке сөз не сөз тіркесінен соң тұрып оған ой екпінін түсіру үшін қызмет етеді. Ғой интонацияның көмегімен сұраулық мағына да туғызады. Басқа сұраулық демеуліктерден ерекше бұл демеулік, көбінесе, сөйлеуші өзіне аян, белгілі хабарды, жайды көзін жеткізе түсу үшін, не сұрақтың өзіне алдын-ала белгіліб сондықтан өзі оған күтінулі екндігін білдіру үшін жұмсалады.



Және біздің Мамекең секілді ел адамы төбенің басын, қораның бұрышын, қидың түбін босатпайтын әдеті ғой [124,224].

Қазақ тілінде көбінесе ғой модаль демеулігі кездеседі.

Қазақ және ағылшын тіліндегі лексика-синтактикалық жолмен модальділік түрлері:


Білдіретін мәндері мен реңктері

Қазақ тіліндегі модаль сөздер, аналитикалық форманттар мен демеуліктер.

Ағылшын тіліндегі модаль сөздер мен етістіктер.

Міндеттілік

Керек, тиіс, қажет, лазым, -у керек, -у қажет, -у лазым, -мақ керек, -маққа керек, -уға тиіс, -уы, -уі тиіс.

Must, have to, to be, ought to, need модаль етістіктері

Болжалдылық

Сияқты, сыңайлы, сынды, әлпетті, мүмкін, шамасы, аңғары, әлпеті, жобасы, қисыны, тәрізі, сықы, нәті, бәки, бәлкім, бәлкі, ықтимал, кәдік, болар, шығар, білем, -ды білем, -қан, кен білем, -са, -се керек, -у керек, -ға,-ге ұқсайды, -уы мүмкін, тәрізі, -түбі

Perhaps, may be, possibly, probably, evidently модаль сөздері мен may, can, would модаль етістіктері

Қостау

Рас, анығында, шынында. –ғой, -қой модаль демеуліктері

Indeed, naturally, obviously модаль сөздері

Сенімділік

Әрине, әлбетте

Certainly, of course, no doubt, surely, assuredly, undoubtedly, apparently, certainly, most likely модаль сөздері

Күмән

Мүмкін бе сұраулы сөйлемедерде

I doubt, Can it be that, can/could жалпы сұрақтарда,

Қосымша модальді мағыналар мен реңктер

Кеңес

-ған, -кен жөн


should


Кінәләу

-са, -се етті аналитикалық форманты


Might


Уәде беру, қауып білдіру

Ашық райдағы хабарлы сөйлем


shall


Бұйрық, тыйым салу

-ма, -ме, -ба, -бе, па,- пе немесе бұйрық райдағы етістік формасы

Must, must not, ought to, don’t/doesn’t have to, have to

Таңғалу

Мүмкін бе сұраулы сөйлемдерде

Can/could сұраулы сөйлемдерде

Рұқсат беру

-а, -й ғой, -ыңа, -ыма, -ыңызға болады

May, allowed to, let

Физикалық немесе ақыл-ой қабілеті

-а алу аналитикалық форманты

Can, to be able to, could

Жұмыста көрсетілген мысалдарға және сараптамаға сүйене отырып ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділік категориясының беруде лексика-синтактикалық тәсілдердің орны ерекше деген қорытынды шығара аламыз. Модальді мағыналардың екі тілде берілуінің өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары бар. Егер ағылшын тілінде модальділік мағыналардың басым бөлігі модаль етістіктері арқылы беріліп отырса, қазақ тілінде модаль етістігі деген тілдік лексикалық құбылыс болмағандығымен байланысты, дәл сондай модальді мағыналар мен модальді реңктерқазақ тілінде модаль сөздері, модаль демеуліктері, модаль етістіктері және модаль сөздерімен тіркесе қолданған аналитикалық форманттары арқылы беріледі. Ағылшын тілінің модаль етістіктерінің мағыналары осы модаль сөздерінің аналитикалық форманттарымен қолданысындағы формаларына сәйкес келеді.

Сонымен бірге екі тілдің типологиялық ерекшелігіне байланысты, яғни қазақ тілі аглюнативті, ал ағылшын тілі флективті тілдерге жататындықтан, қазақ тілінде модальді мағыналарды білдіруде модаль сөздер көп жағдайларда қолданылады. Ағылышын тілінде модаль етістіктері модальділікті білдіруде өте маңызды рөл атқарады. Қазақ тілінде модаль мағыналы аналитикалық форманттар, демеуліктер мен модаль баяндауыштардың орны ерекше.

Көптеген теориялар мен тұжырымдамаларға сүйене отырып, біз модаль сөздердің екі тілде де көмекші сөз таптарына жатады деген қорытындыға келе аламыз.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет