Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Тақырыбы: Қалқанша маңы безі Гипер-және гипопаратиреоз. Этиологиясы. Патогенезі. Патологиялық анатомиясы. Ақыры және асқынуы Орындаған: Абдуакасов А.С Қабылдаған: Маусумбаева А. М Жоспары: - Кіріспе
- Негізгі бөлім
Гипер-және гипопаратиреоз анықтамалары.Этиологиясы. Патогенезі. Патологиялық анатомиясы. Ақыры және асқынуы - Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Қалқанша маңы безі (glandula parathyroideae, лат. glandula - без; гр. рага - маңы, қасы; thyreos — қалқан) — қалқанша безі маңында немесе оның ішінде орналасқан кішкене денешік тәрізді ішкі секреция безі. Ол сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Без паренхимасында жасушалар тізбектеліп немесе топталып орналасып, безді жасушалар бағандарын құрайды. Олардың аралықтарында қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасының жұқа қабаттары болады. Қалқаншамаңы безі жасушаларын паратироциттер деп атайды. Олар негізгі (базофилді) және ацидофилды (оксифилді) паратироциттер болып екі топқа бөлінеді. Негізгі паратироциттер қандағы кальцийдің деңгейін жоғарылататын паратирин гормонын бөліп шығарады. Ацидофильді жасушалар — қызметін тоқтатқан, ескіру кезеңіндегі паратироциттер.
Достарыңызбен бөлісу: |