Бекітемін:
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің
бастығының орынбасары
__________________А. Бабайкин
2013 жылғы «29» шілде № 128-ө бұйрығы
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ
ЭЛЕКТРОНДЫ НЫСАНЫ
Электрондық сатып алу арқылы конкурс
«Шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы (ШЫХО) және «Қорғас» кеденнің ғимаратының ауданында Қорғас өзенінде қорғаныс ғимараттарының құрылыстарын салу (Хоргос-1)» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарын жасау үшін
Мемлекеттік сатып алудын тапсырыс берушіcі және ұйымдастырушыcы:
«Қазақстан республикасының Төтенше жағдайлар Министрлігінің Қазселденқорғау» Мемлекеттік Мекемесі
Мекен жайы:
Алматы қ., Ш.Қалдаяқов көшесі,70
БСК: 990640002468
СТН: 600900635535
ЖИК: KZ92070101KSN0000000
БИК: KKMFKZ2A
Банк: ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті ММ-сі
Кбе: 11
Мемлекеттік сатып алудын тапсырыс берушінің және ұйымдастырушының өкілі:
Ахманов А, ЖСН: 670313301721, лауазым: «Қазселденқорғау» ҚИҚЖДББ бастығы.
Тел-(факс) 8 (727) 291-83-51, 291-81-37, 8 (701) 869-30-39
Электронды поштасы:
sel_korgau@emer.kz, kazselezashita@mail.ru.
Конкурстық комиссияның хатшысы:
Әлімбеков А.Х., ЖСН: 870819301080, лауазым: «Қазселденқорғау» ММ-нің МСАжАТБ Мемлекттік сатып алу бойынша эксперті.
Электронды поштасы:
sel_korgau@emer.kz, kazselezashita@mail.ru.
-
Жалпы ережелер
1. Электрондық конкурс қоса берілген лоттардың тізбесіне сәйкес өнім берушіні(-лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.
2. Осы конкурстық құжаттама (бұдан әрі – КҚ) мыналардан тұрады:
1) осы КҚ-ның 1-қосымшасына сәйкес лоттардын тізбесін;
2) осы КҚ-ның 2-қосыишасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардын жұмыстардың, қызметтердың сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;
3) осы КҚ-ның 3-қосымшасына конкурсқа қатысуға арналған келісім нысаның;
4) осы КҚ-ның 4, 5-қосымшаларына сәйкес тауарларды беру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер нысанын;
5) Заңның 17-бабының 4-тармағына неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін қамтиды;
6) егер, жұмыстарды орындау мерзімі жобалау құжаттамасына сәйкес бір қаржы жылынан асатын болған жағдайда жұмыстарды орындау кезеңдері, түрлері және көлемдері, сондай-ақ әрбір қаржы жылындағы осындай жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың сомасы туралы ақпарат қоса беріледі,
7) Мемлекеттік сатып алу жұмыстар, қызметтер бойынша осы конкурс үшін, құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құны бекітілген ТЭН-ге байланысты бөлінген ҚҚС-мен есептегенде жалпы сомасы 21 001 123 000,00 тиынды құрайды, оның ішінде:
-431- ерекшелік бойынша ҚҚС-сыз соммасы: 18 751 002 678,50 (Он сегіз миллиард жеті жүз елу бір миллион екі мың алты жүз жетпіс сегіз) теңге 50 тиынды құрайды.
- 168 ерекшелік бойынша ҚҚС-ның сомасы 2 250 120 321,50 (Екі миллиард екі жүз елу миллион жүз жиырма мың үш жүз жиырма бір) теңге 50 тиынды құрайды.
Қаржы жоспарына байланысты 2013 жылғы ағымдағы бағамен 2013 жылға берілген соммасы: 247 000 000, 00 тиын, оның ішінде:
-431- ерекшелік бойынша ҚҚС-сыз соммасы: 220 535 714,28 (Екі жүз жиырма миллион бес жүз отыз бес мың жеті жүз он төрт) теңге 28 тиынды құрайды.
- 168 ерекшелік бойынша ҚҚС-ның сомасы 26 464 285,72 (Жиырма алты миллион төрт жүз алпыс төрт мың екі жүз сексен бес) теңге 72 тиынды құрайды.
Жүзеге асыру кестесіне сәйкес 2014 жылғы ағымдағы бағамен 2014 жылғы соммасы: 8 543 260 000,00 тиын, оның ішінде:
-431- ерекшелік бойынша ҚҚС-сыз соммасы: 7 627 910 714,28 (Жеті миллиард алты жүз жиырма жеті миллион тоғыз жүз он мың жеті жүз он төрт) теңге 28 тиынды құрайды.
- 168 ерекшелік бойынша ҚҚС-ның сомасы 915 349 285,72 (Тоғыз жүз он бес миллион үш жүз қырық тоғыз мың екі жүз сексен бес) теңге 72 тиынды құрайды.
Жүзеге асыру кестесіне сәйкес 2015 жылғы ағымдағы бағамен 2015 жылғы соммасы: 7 018 080 000,00 тиын, оның ішінде:
-431- ерекшелік бойынша ҚҚС-сыз соммасы: 6 266 142 857,14 (Алты миллиард екі жүз алпыс алты миллион жүз қырық екі мың сегіз жүз елу жеті) теңге 14 тиынды құрайды.
- 168 ерекшелік бойынша ҚҚС-ның сомасы 751 937 142,86 (Жеті жүз елу бір миллион тоғыз жүз отыз жеті мың жүз қырық екі) теңге 86 тиынды құрайды.
Жүзеге асыру кестесіне сәйкес 2016 жылғы ағымдағы бағамен 2016 жылғы соммасы: 4 489 730 000,00 тиын, оның ішінде:
-431- ерекшелік бойынша ҚҚС-сыз соммасы: 4 008 687 500,00 (Төрт миллиард сегіз миллион алты жүз сексен жеті мың бес жүз) теңге 00 тиынды құрайды.
- 168 ерекшелік бойынша ҚҚС-ның сомасы 481 042 500,00 (Төрт жүз сексен бір миллион қырық екі мың бес жүз) теңге 00 тиынды құрайды.
Жүзеге асыру кестесіне сәйкес 2017 жылғы ағымдағы бағамен 2017 жылғы соммасы: 703 053 000,00 тиын, оның ішінде:
-431- ерекшелік бойынша ҚҚС-сыз соммасы: 627 725 892,86 (Алты жүз жиырма жеті миллион жеті жүз жиырма бес мың сегіз жүз тоқсан екі) теңге 86 тиынды құрайды.
- 168 ерекшелік бойынша ҚҚС-ның сомасы 75 327 107,14 (Жетпіс бес миллион үш жүз жиырма жеті мың жүз жеті) теңге 14 тиынды құрайды.
3. Электронндық конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманның бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысу өтінімді қамтамасыз етуді осы КҚ-ның 6-қосымшасына сәйкес банктік кепілдік енгізеді. Электрондық конкурсқа қатысу өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімін өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.
-
Ұйымдастырушының веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім
берушілерге КҚ-ның ережелерін түсіндіруі
4. Веб-порталға әлеуеті өнім беруші қажет болған кезде веб-порталды пайдалана отырып, бірақ 2013 жылғы «14» тамыз 10 сағ. 00 мин. кешіктірмей КҚ-ның ережелерін түсіндіру жөнінде электрондық сұрау салу жібереді.
5. Ұйымдастырушы КҚ-ны алған веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде КҚ-ның ережелерін түсіндіру мәтінін веб-порталда жариялауға міндетті.
6. Ұйымдастырушы қажет болған кезде, мерзімнен кешіктірмей 2013 жылғы «19» тамыз 15 сағ. 00 мин. жеке бастамасы бойынша немесе әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде КҚ-ға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді. КҚ-ға өзгерістер енгізу КҚ-ны бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді. Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және КҚ-ға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күннен аспайтын мерзімде КҚ-ны алған веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда жарияланады. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі мұндай жағдайда әлеуетті өнім берушілердің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді есепке алуы үшін кемінде күнтізбелік он күнге ұзартылады.
-
Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынуы
Электрондық конкурсқа қатысуға өтінім
7. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінім осы КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге) электрондық конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
8. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық конкурсқа қатысу туралы келісімді қабылдайды.
9. Электрондық конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға беретін электрондық конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды:
1) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың электрондық сандық қолтаңбамен расталған қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін:
құқықтық қабілеттілігін (заңді тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісіретінде тіркелгені туралы құжатты, жеке куәлікті):
заңды тұлғалар үшін, заңды тұлға өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғыны;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өндіруге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерды көрсетуге құқығын растайтын лицензиялар және / немесе патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттарды;
заңды тұлғалар үшін электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берілген, акция ұстаушылар тізілімінен құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған, құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын үзіндіні;
төлем қабілетін растайтін құжаттарды:
осы КҚ-ның 7-қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе филиалының қолы мөрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердігі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берілген болуы тиіс;
электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтама қамтуы тиіс.
Әлеуетті өнім беруші, қажет болған кезде электрондық конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдіктері түріндегі шартты орындауды қамтамасыз ету беру арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растайды. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін КҚ-да белгіленген мерзімге банктік кепілдік түрінде береді, оның түпнұсқасы электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзіміне дейін беріледі.
Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде, өзінің, сондай-ақ тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардын) жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін мындай құжаттардың электрондық қағаз көшірмелерінің беруін:
а) әлеуетті өнім берушіге (қосалқы мердігерге, бірлесіп орындаушыға) халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингі берілгенің растайтын құжаты;
б) әлеуетті өнім берушінің (қосалқы мердігердің, бірлесіп орындаушының) биржаның ресми листингіне енгізілгені туралы қор биржасынан үзіндіні беру арқылы растайды.
2) әлеуетті өнім берушінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:
осы КҚ-ның 4, 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу процессіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер;
осы КҚ-ның 8-қосымшасына сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мәрдігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызметтер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шарты.
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынуы тиіс;
3) қағаз құжаттарды растайтын электрондық көшірмелерді қоса бере отырып, осы КҚ-ның 9-қосымшасына сәйкес шартты жеңілдіктерді есептеу үшін мәліметтерді;
4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдерін, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға сапа кепілдігін, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кестесін (әдістерін) және шарттарын сипаттай отырып, техникалық ерекшелігін;
5) Заңда белгіленген мөлшерде электрондық конкурсқа қатысу өтінімін қамтамасыз ету, мынадай:
банктік кепілдік, бұл ретте оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға электрондық конкурсқа қатысуға өтінім ұсынудың соңғы мерзіміне дейін конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 6-қосымшасына сәйкес беріледі;
ұйымдастырушының банктік шотында орналасқан кепілдік ақшалай жарнаны растайтын қағаз төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде;
6) әлеуетті өнім берушінің жарғасына сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге қол қоюға сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) берілетін қағаз сенімхаттың электрондық көшірмесін қамтуы тиіс.
Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылатын күннен бастап 35 күнді құрауы тиіс.
Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылытын талаптар
10. Электрондық конкурстқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында ұсынады.
11. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылған қағаз құжаттардың электрондық көшірмелері дәл және айқын болуы тиіс.
12. Әлеуетті өнім беруші дайындаған электрондық конкурсқа қатысуға өтінім, сондай-ақ электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты хат-хабарлар мен құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалады және беріледі. Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және берген жағдайда оған (нотариалдық расталған) дәл аудармасы қоса беріледі.
Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімді беру тәртібі
13. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұймдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.
14. Әлеуетті өнім берушілер берген электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда электрондық өтінімдер журналында тіркеледі.
15. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жіберген сәтте электрондық конкурсқа берілген өтінім қабылданған болып есептеледі.
16. Әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға берген өтінімі мынадай:
1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы электрондық конкурсқа қатысуға өтінім берген;
2) электрондық конкурсқа қатысуға берілген өтінім электрондық конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдері қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;
3) Заңның 6-бабының 1 тармағының 3), 3-1), 3-2), және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.
Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
17. Әлеуетті өнім беруші өзінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мімкін.
18. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
19. Ұйымдастырушы КҚ-мен белгіленген электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге олардың өтінімдерінің қолданылу мерзімін нақты уақыт кезеңіне ұзарту туралы қажет болған кезде сұрау салады. Әлеуетті өнім беруші электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімін ұзартудан электрондық конкурсқа қатысуға оның өтінімді қамтамасыз етуін қайтару құқығын жоғалтпай, электрондық конкурсқа қатысуға берген өзінің өтінімін кері қайтарып, бас тартуға құқылы.
20. Әлеуетті өнім беруші, оның электрондық конкурсқа қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы (сарапшы) электрондық конкурстың қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
-
Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуы
21. 2013 жылғы «19» тамыз 15 сағ. 00 мин. электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуды веб-портал автоматты түрде жүргізеді. Егер электрондық конкурсқа (лотқа) электрондық конкурсқа қатысу бір ғана өтінім ұсынылған жағдайда, онда электрондық конкурсқа қатысуға бұл өтінім де ашылады.
22. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашудың хаттамасына конкурстық комиссиясын барлық мүшелері қол қояды және оны хатшы ашылған күні веб-порталда жариялайды. Бұл ретте, электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді ашудың хаттамасын жариялау туралы мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурстық комиссияға, веб-порталда автоматты түрде тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерге хабарды автоматты түрде таратады.
-
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру
23. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және КҚ талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
24. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия қажет болған кезде:
1) электрондық конкурсқа катысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден электрондық конкурсқа катысуғаөтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін электрондық конкурсқа катысуға арналған өтінімдерге материалдар мен түсіндірмелерді жазбаша нысанда веб-портал құралдармен сұратады;
2) электрондық конкурсқа катысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда немесе веб-портал құралдарымен сұратады.
Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа катысуға өтінімдерді КҚ талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекетеріне жол бермейді. Электрондық конкурсқа катысуға өтінімдерді КҚ талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа катысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, электрондық конкурсқа катысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа катысуға өтінімді, егер онда электрондық конкурсқа катысуғаұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, КҚ талаптарына жауап береді деп қарайды.
25. Конкурстық комиссия:
1) жұмыстарды не қызметтерді әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжатты (құжаттарды) әлеуетті өнім берушінің ұсынбауы не тиісінше ресімделмеген күйде ұсынуы;
2) әлеуетті өнім беруші оның сәйкестігін растау үшін ұсынған құжаттарда қамтылған ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталуы;
3) біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат ұсынған жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағында және Қағидалардың 46 және 47-тармақтарында көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.
Конкурстық комиссия соманың бір пайызынан астам мөлшерде электрондық конкурсқа катысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімді енгізілген қамтамасыз етуді осы КҚ талаптарына сәйкес келеді деп таниды.
26. Конкурстық комиссия мынадай жағыдайда енгізілген электрондық конкурсқа катысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы КҚ талаптарына сәйкес деп таниды:
1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған электрондық конкурсқа катысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болса;
2) конкурстық комиссияның:
электрондық конкурсқа катысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
қатысу үшін өтінімді қамтамасыз ету енгізіліп отырған электрондық конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауын;
банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтінімді қамтамасыз етудің сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
электрондық конкурсқа катысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәләметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
3) конкурстық өтінімді қамсыздандыруға конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізілсе.
Электрондық конкурсқа катысуға өтінімді енгізілген қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.
27. Электрондық конкурсқа катысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
3) оның электрондық конкурсқа катысуға өтінімі КҚ талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, оның ішінде, егер ол электрондық конкурсқа катысуға отінімді қамтамасыз етуді конкурстық құжаттама мен Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынбаса, электрондық конкурсқа катысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
28. Конкрстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру үшін Заңның 17-бабының 4-тармағына санамаланған өлшемдерді ескереді және конкурсқа қатысуға бір конкурстық өтінім ұсынылған жағдайларды қоспағанда, оларды электрондық конкурсқа катысуға арналған барлық өтінімдерге тең мөлшерде қолданады.
Әлеуетті өнім беруші осы өлшемдерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты жеңілдікті қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілуі тиіс.
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі электрондық конкурсқа катысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы электрондық конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжирибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімінің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардын, жұмыстардың, қызметтердің нарықта болған жұмыс тәжірибесін әрбір жылы үшін нөл бүтін оннан бес пйыз (0,5%) мөлшерінде, бірақ бес пайыздан аспайтын шартты жеңілдік береді. Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгіленбейді. Конкурстық өтінімнің шартты бағасына осы өлшемнің жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспауы тиіс.
Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеудің ең аз құны бар электрондық конкурсқа өтінімді айқындайды және оған екі пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Конкурстық өтінімнің шартты бағасына осы өлшемнің жиынтық пайыздық әсері екі пайыздан аспауы тиіс.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес отандық тауарөндіруші үшін ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия екі пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Сатып алынатын жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия үш пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Сатып алынатын жұмыстар, қызметтер жөніндегі мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған орта басқармасының сапа менеджементі жүйесін сертификаттауды растайтын құжаты болған кезде және (немесе) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растайтын құжаты болған кезде конкурстық комиссия екі пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Конкурстық комиссия жеткізілетін тауарларының функционалдық сипаттамалары ең үздік конкурстық өтінім айқындалған кезде, жарты пайыз (0,5%) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Конкурстық комиссия жеткізілетін тауарларының сапалық сипаттамалары ең үздік конкурстық өтінім айқындалған кезде үш пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Жергілікті мазмұнның болуын қарау кезінде конкурстық комиссия жергілікті мазмұнның әрбір бір пайызы үшін электрондық конкурсқа қатысу өтінімнің шартты бағасын оннан бір (0,1%) пайызға азайтады.
Тауарда жергілікті мазмұнның СТ-KZ нысанды тауардың шығуы туралы сертификатпен расталады.
Егер тауарлардың әлеуетті өнім берушісі сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысу өтінімнің бағасын жергілікті мазмұн болғаны үшін он пайызға азайтады.
Жұмыстардың, қызметтердің әлеуетті өнім берушісінің жергілікті мазмұны жалпы еңбекақы қорынан және осы электрондық конкурс (лот) бойынша жұмстарды, қызметтерді тікелей де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шартын жасасу арқылы да мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші сатып алатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасының резиденттері жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндіру өлшемдеріне сәйкес тауардың (тауарлардың) белгіленген қазақстандық шығу тегі үлесінің (үлестерінің) құнынан мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылатын Қазақстан Республикасының азматтарына еңбекақы төлеу құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.
Конкурстық комиссия отандық тауар өндірушіге он пайыз мөлшерінде, жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушіге бес пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
29. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:
1) біліктілік талаптарына КҚ талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес КҚ-да көзделген шартты жеңілдіктердің мөлшерлерін анықтайды.
30. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданған (конкурс қатысушылары деп танылған) күні электрондық конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің барлығына автоматты түрдегі хабарламалар тарата отырып, веб-порталда жариялайды. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешімі Заңның 45-быбында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
-
Достарыңызбен бөлісу: |