Орындаған: Амантай Нұрлайым Тобы: 1505-12



бет1/4
Дата09.11.2022
өлшемі2.92 Mb.
#464419
  1   2   3   4
powerpointbase.com-1027

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Орта ғасырлар философиясы Қадырғали Жалаири

Орындаған: Амантай Нұрлайым

Тобы: 1505-12

Қабылдаған: Байдлаева А.Қ.

Қадырғали Жалаири — орта ғасырдағы қазақтың ғұлама тарихшысы, белгілі биі жəне мемлекет қайраткері.

  • Қадырғали Жалаири — орта ғасырдағы қазақтың ғұлама тарихшысы, белгілі биі жəне мемлекет қайраткері.
  • Қазақта ауызша тарихпен бірге жазбаша тарих та болды. Оның негізін салған, ХVІ ғасырда өмір сүріп, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының сол дəуірдегі ата тарихын хатқа түсіріп, артына өшпес мұра қалдырған тарихшы, ғұлама ғалым Қадырғали би Қосымұлы Жалаири (кейде Жалайыри деп те жазылып жүр).

Қадырғали би Қосымұлының өмірі туралы мəліметтер

  • «Мұсылман ғалымдары» атты жинақта: «Қадырғали Қосынұлы (Қосымұлы) Жалайыри 1530 жылдары туып, 1605 жылдары шамасында қайтыс болған. Өз өмірі туралы өте аз мəлімет қалдырған. Ал «Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық» деген еңбекте мынандай дерек келтірілген: «Қадырғали Жалайыри, Қыдырғали Қосымұлы Жалайыри, (1555–1607) — орта ғасырдағы қазақ халқының ғұлама ғалымы, белгілі биі. Жалайыр тайпасынан шыккан. Жалайыри атануы осыдан. Ата-бабалары Қарахан заманынан бері үздіксіз хан нояндары, уəзірлері, батырлары болып, аталық қызметін атқарған. Əкесі Қосым бек, атасы Темшік батыр атанған»
  • Ханның қарашысы (ақылшысы, кеңесшісі) ретінде іс атқарған адам. Қадырғалидың ата-бабалары жəне өзі хан ордасына жақын болғандықтан, ол үшін ХV-XVІ ғасырлардағы қазақ хандықтары жайында тарихи шығарма жазу оған онша қиынға түспеген жəне бұл шығармада шындықтың, ақиқаттың көбірек болуына мүмкіншілік туған.

Жалаиридің шежіресі — ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығарма

  • Шежіре қазақ тілінде алғаш 1989, одан соң 1991, 1997 жылдары жарық көрді. Сөйтіп, Қадырғали Жалаири шығармасы шым-шырғасы шықпай оқырман қолына тиді.
  • Жазбаның бас жағы Борис Годунов патшаға мадақ, орта тұсы Рашид-ад-Дин шежіресінің ықшам баяны, аяғы Орыс хан мен Оразмұхаммед аралығындағы оқиғаларды қамтыған Шыңғыс ұрпақтарының тарихы. Жалаири шежіресі Рашид-ад-Дин жазбасының көшірмесі емес. Көлемі шағын, бірақ тың тараулары бар жеке тарихи жазба


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет