«Жылнамалар жинағының» екінші бөлімінде: - Ғалым XVI ғасырдың басынан бергі қазақ хандықтарының ішкі, сыртқы жағдайларына тоқталады. Қазақ хандарының саяси-əлеуметтік жағдайы туралы көптеген мағлұмат береді:
- а) Орыс хан туралы былай деген: Оны «барлығы аға тұтып, патшалыққа отырғызды. Одан соң Орыс хан Алатау төңірегіне қоныс тепті. Ол жер өте үлкен жəне биік тау еді жəне онда жақсы жайылымдар, сулар мен бұлақтар да көп болған... Отырар, Сайрам шаһарлары... Шу, Талас, Ыстықкөл, Теклік əулəяттары болған. Халқы өте көп, іргелі, мықты, даңқты жəне батыр болған»;
- ə) автор бұдан кейін Құйыршық хан, Барақ сұлтан, Кіші Жəнібек, Қасым хан жайында баяндайды. «Оразмұхаммед Орыс ханнан Жəнібек ханға дейін төртінші буын еді» — дейді. «Шығай хан батырлығымен мəлім болды. Оның ұлы Ондан сұлтан ержүрек, батыр, садақ атудың керемет мергені еді. Əрқашан сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік көрсетті... Ақырында қалмақтармен шайқаста отыз жасқа келген жігіт шағында шаһит болды», — деп жазды;
- б) Қадырғали Қосымұлының еңбегі қай сұлтанның, қай ханның, қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де құнды. Тəуекел ханды «ислам мемлекетінің басшысы» деп атаған. Ондан сұлтан шаһит болғанда Оразмұхаммедтің он үш жаста жетім қалғанын айтады. «Он алты жасында жалпы христиан басшысы Борис Федоровичке қызмет істеуге дайын болды» дейді. (Оразмұхаммед 1610 жылы Лжедмитрий мен Василий Шуйский арасындағы қантөгісте ерлікпен көз жұмған
«Жылнамалар жинағының» ғылыми құндылығын əйгілі ғалымдардың бағалауы - Белгілі ғалымдар Жалаиридің еңбегінің ғылыми құндылығын жоғары бағалап, оны Орта Азия мен Монғолияның көптеген көрнекті тарихшыларымен тең дəрежеде деп санаған. Əсіресе Қадырғали Жалаиридің ғылыми еңбегін атақты орыс ғалымдары, Қазан университетінің профессорлары Н.И.Ильминский, И.Н.Березин, академик В.В.Вельяминов-Зернов жəне Ш.Уəлиханов жоғары бағалаған [10; 99–100].
- Қадырғали шығармасымен Ресейде алғаш танысқан ғалымдардың бірі — шығыстанушы, академик X.Д.Френ. Ол шығарманың Тəуекел ханның немере інісі, Қасымов хандығының ханы Онданұлы Оразмұхаммедтің сандығында сақталған Қосымұлының өз қолымен жазған түпнұсқасымен таныс болған. X.Д.Френ Ибрагим Халфинге Абылғазы еңбегін осы нұсқамен салыстырып оқуға кеңес берген
Достарыңызбен бөлісу: |