Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімі - Алғашқы медико–санитарлық көмек (АМСК) деңгейінде:
- – АҚөлшеу;
- – жалпы несеп талдауы (нәруыз);
- – жалпы қан анализы (гемоглобин, тромбоциттер).
- Стационар деңгейінде:
- – АҚөлшеу;
- – ЭКГ;
- – жалпы несеп талдауы, тәуліктік несептегі протеинурия;
- – жалпы қан талдауы (гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер, ұю уақыты);
- – биохимиялыққан талдауы (жалпы нәруыз, креатинин, АлАТ, АсАТ,
- мочевина, билирубин);
- – коагулограмма;
- – нәрестеніңКТГ-сы;
- – УДЗ;
- – допплерометрия.
Емі - Босану қызметі немесе қағанақ суының босануға дейін кетуі анықталса, жүкті әйелді босану бөліміне жатқызу керек. Акушер-гинеколог анестезиолог-реаниматологпен бірлесе науқастың жағдайына қарай сәйкес бөлімге (жүктілік патология бөлімшесі, қарқында терапия жүргізу палатасы(ҚТЖП)) жатқызуын шешеді. Науқасты кез-келген бөлімге алып бару тек қана сырғымалы төсекпен іске асырылады.
- Босану қызметі жоқ ауыр преэклампсия белгілерімен 34-аптаға дейінгі жүкті әйел магнезийлік және гипотензиялық емді бастаған соң III- деңгейлік мекемеге ауыстырылады.
- Ауыр преэклампсияның жалғыз нәтижелі емі – тек босандыру болып табылады.
Мерзіміне дейін босандырып алуға көрсеткіштер (гестация мерзіміне байланыссыз): – нәресте жағдайының нашарлауы; – преэклампсия симптомдарыныңөршуі. 37 апта және одан жоғары жүктілік мерзімінде ауырлық дәрежесіне қарамастан босандыру көрсетілген. Ауыр преэклампсия кезінде кесар тілігіне көрсеткіштер: HELLP-синдром - HELLP - синдром — акушерлік істегі сирек кездесетін және қауіпті патология. Н — hemolysis (гемолиз); ЕL — еlеvated liver enzymes (бауыр ферменттерінің белсенділігінің көтерілуі); LP — 1оw рlаtelet соunt (тромбоцитопения). Ең алғаш бұл синдромды 1954 жылы Придчард Дж. А суреттеген болатын, ал Гудлин Р.С (1978) бұл синдромның пайда болуын преэклампсиямен байланыстырды. 1982 жылы Вейнштейн Л ең алғаш болып HELLP-синдромом патологиясына симптомдар үштігін кіргізді. Бұл жеке бір ауру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |