Жетісу бақатісі
Жоңғар Алатауының батыс бөлігіндегі тау өзендерінің бастауы мен бұлақтарда көп кездеседі. Әр 100 м жылға жағасынан 20-25 бақатісті кездестіруге болады екен. Дегенмен, бір кезеңдерде бақатістің емдік қасиетіне байланысты халық медицинасында көптеп пайдаланылуы, осы мақсат үшін ауланып, сатылуы, ал кейін таулы жерлерде елді мекендердің көбеюі бұл жәндік санының азайып, құрып кету қаупін туғызды. Қазір құйрықты қосмекенділер тритонның бір түріне жататын Жетісі бақатісі Қазақстан Республикасының “Қызыл кітабына” тіркелген; оларды қорғау жөнінде басқа арнайы іс -шаралар жүргізілмеген. Жетісу бақатісін жойылып кетуден сақтау үшін ең алдымен, оны көптеп аулауға тыйым салынуы және олар ең көп мекендейтін аймақта шағын қорықша болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |