Орындаған: Беделхан Абзал



бет1/9
Дата03.01.2022
өлшемі270.42 Kb.
#451216
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Беделхан Абзал ЛР 102


Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Р
еферат

Тақырыбы:Сирек және жойылып бара жатқан жануарлардың түрлері. Жабайы жануарларды қорғау

Орындаған: Беделхан Абзал

ЛР-102тобы

Тексерген: Қыдыров Т.Н.

Жоспары:

1.Кіріспе

2.Жойылу қаупі төніп тұрған жануарлар

3.Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау

4.Жабайы жануарларды қорғау жөніндегі халықаралық қор

Біздің еліміздің табиғат байлықтарының бірі – жануарлар дүниесі. Жалпы ұлан байтақ жерді алып жатқан Қазақстан жерінің ормандары мен кең байтақ жазық даласында, өзен – көлдерінде құнды тері,дәмді тамақ,дәрі – дәрмектік шикізат беретін жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Оған Қазақстанда балықтың 104 түрі,құстың 488 түрі және сүтқоректілердің 175 түрі өмір сүретіндігін айсақ болады.

Қазіргі таңда табиғат байлықтарының жойылу қауіпі бар сирек кездесетіндерін қорғау,қадірлей білу мәселесі дүние жүзілік мәселе болып отыр. Сол көп мәселенің біріне айналып отырған жануарлар дүниесі болып табылады. Мұндай жағдай біздің республикамызда байқалады. Соңғы жылдардағы экологиялық жағдай ,өнеркәсіппен ауылшаруашылығының қарқынмен дамуы даламызды мекендейтін жануарлардың тіршілігін қиындатып жіберді. Мекндейтін ортасының өзгеруі және адам қызыметінің әсерінен олардың кейбіреу лерінің саны азайып кетсе, ал екінші біреулері тіпті жойылып кету қауіпінде тұр. Осған байланысты жедел шаралар қолдануға тура келеді

Сирек кездесетін және жойылырп кету қауіпі бар жануарлардың түрлері есепке алынып , республикамыздың Қызыл кітабына енгізілді.Бұл құжат үкімет шешімімен 1978 ж қаңтарда бекітіліп,омырқалыларға арналған бөлімі жарық көрді. Оған хайуанаттардың 87 түрі,оның ішінде балықтың 4, қосмекнділердің 1,бауырмен жорғалаушылардың 8, құстардың 43,сүтқоректілердің 31 түрі енгізілген.

Олардың барлығы қорғауға алынып, аулауға қатаң тыйым салынды. Ал Қазақстан Қызыл кітабының үшінші басылымына омырқалы жануардың 125, балықтың 16 ,қосмекенділердің 3,бауырмен жорғалаушылар 10, құстар 56, сүтқоректілердің 40 енген. Көптеген ғалымдардың еңбегінің арқасында 2006жылы бұл құжаттың омырқасыз жәндіктерге арналған бөлімі жарық көрді. Оған хайуанаттардың 96 түрі енгізілді.

Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.

Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар.Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады.Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және омыртқасыздардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (1978, 1991, 1996) жарық көрді.

2006 жылы Қазақстанның омыртқасыз жануарларға арналған Қызыл кітабы жарық көрді. Оған буылтық құрттардың — 2, ұлулардың — 6, шаянтектестердің —1, өрмекіштектестердің — 2, жәндіктердің — 85 түрі тіркелген (барлығы 96 түр). Қазір бұларға қоса жеке облыстардың Қызыл кітаптары жарық көре бастады. Мысалы, 2006 жылы республикамызда алғаш рет Алматы облысының жануарларға арналған Қызыл кітабы шықты. Бұл кітапқа облыс аумағында сирек кездесетін жануарлар тіркелген. Соңғы жылдары шығып жаткан жануарларға арналған Қызыл кітаптарда жеке түрлер 5 категорияға бөліп беріледі:

I—жойылып кету қаупі төнген түрлер;

II— саны күрт азайып бара жатқан түрлер;

III—сирек кездесетін түрлер;

IV—толық зерттелмеген түрлер;

V— қалпына келтірілген түрлер.

Қызыл кітапқа енген түрлер заң жүзінде катаң қорғалады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет