Орындаған: Д.Игембаева
Арнайы педагогика ДОТ 2 курс
Психикасының дамуы тежелген балалардың психологиялық- педагогикалық мінездемесі
«Психикалық дамудың тежелуі» түсінігі орталық нерв жүйесінің органикалық және функционалдық жетіспеушілігі кезіндегі бала әрекетіне байланысты қолданылады. Бұл балаларда есту, көру, сөйлеу, тірек-қимылдың бұзылуы, интеллектінің бұзылуы болмайды. Психикалық дамудың тежелу клиникалық картинасы тәртіптің күрделі формаларының дамымауы, мақсатты түрдегі әрекетке түсудің жетіспеушілігі, энцефалопатиялық бұзылулармен түсіндіріледі. Аталған симптомдардың патогенетикалық негіздерін Г.Е.Сухарева, Т.А.Власова, М.С.Певзнер, К.С.Лебединская, В.И.Лубовский, И.Ф.Марковская зерттеулері көрсеткендей, орталық нерв жүйесінің аурулары, олардың резидуалды-органикалық зақымдануы құрайды.
Психикалық дамудың тежелуі ұрықтық кезеңдегі ОНЖ-нің зақымдануынан, инфекциялық, созылмалы аурулардан болуы мүмкін. Психикалық дамудың тежелуінің этиологиясы биологиялық факторлармен емес, әлеуметтік факторлардың да әсерінен болуы ықтимал.
Нейрофизиологиялық зерттеулер 6-8 жастағы балалар арасында оқудағы қиындықтардың байқалуы ми құрылымдары мен олардың арасындағы байланыстардың дамуы нормадан ауытқуы салдарынан болады деп беріледі. Осы жастағы танымдық қабілеттердің төмендігі ми қыртыстары, соның ішінде маңдай және төбе бөлігіндегі қабықшалардың дамуындағы жетіспеушіліктерден болатындығы кӛрсетіледі. Аталған авторлардың зерттеулерінде клиникалық-психологиялық синдромдардың төрт түрі беріледі.
Психикалық инфантилизм синдромы баланың эмоциясының жетіспеушілігін анықтайды, яғни маңдайдағы диэнцефальды жүйелеріндің баяу дамуынан баланың эмоциясы өзінің жас шамасына сай келмейді. Күрделі түрінде К.С.Лебединская (1980), И.Ф. Марковская (1977) көрсеткендей, дисгармониялық инфантилизм, танымдық қабілеттердің бұзылуы орын алады.
Цереброастениялық синдром ақыл-ой және дене еңбегі кезіндегі нерв жүйелерінің тұрақсыздығымен түсіндіріледі. Аталған синдром гидроцефальды синдром кезінде (бас сүйекішілік қысымның жоғарылауы) байқалады. Бұл балалардың бас пішіні үлкен, маңдайлары жоғары, маңдай мен самай бөліктерінде қан тамырларының шығуы орын алады. Бұл балаларға тән белгілер: қимылдық қозғалыс кезіндегі дәлдіктің болмауы, ұсақ қол қимыл моторикасының бұзылуы, көңіл-күйдің аяқ-асты өзгеруі, жылауықтық, апатиялық жағдайларға берілгіштік.
Гипердинамикалық синдром жалпы қимылдағы тежелулер, қозу, импульсивті жағдайлармен сипатталады. Зейін, тәртіптегі ерікті қозғалыстар, қарым-қатынастың бұзылуы байқалады.
Психоорганикалық синдром бас миының ерте кездегі органикалық зақымдануынан танымдық қабілеттердің тӛмендеуі. Бұл балалар оқу мен жазудағы қиындықтар, сөйлеу тіліндегі кемшіліктер байқалады. Ұсақ қол қимыл моторикасы, кӛру қоординациясы, өз-өзіне қызмет ету дағдысының бұзылуынан мүсіндеу, жапсыру әрекеттері кезінде қиындықтар туындайды.
Психикалық дамудың кешеуілдеуі себептерінің кӛптігінен, оның анықталу белгілері де әр түрлі. Осыған байланысты ПДТ классификациялаудың да бірнеше түрі белгіленен. Бірінші клиникалық классификация Т.А.Власова мен М.С.Певзнердің (1967) ұсынған классификациясында ПДТ екі вариантта қарастырылады:
Бірінші вариантында психикалық және психофизикалық инфантилизм әсерінен тұлғаның эмоциялық-ерік сферасының жетіспеушілігі байқалады.
Екінші вариантында тұрақты церебральды астениялық жағдайдың әсерінен танымдық қабілеттердің бұзылуы байқалады.
В.В. Ковалевтің ұсынған классификациясы (1979) ПДТ биологиялық факторлардың әсерінен болатын тӛрт вариантын ұсынады.
мінездің дизонтогенетикалық кешеуілдеуі (психикалық инфантилиизм жағдайында орын алады);
— мінездің энцефалопатиялық кешеуілдеуі (ОЖЖ-нің әлсіз түрдегі органикалық
зақымдануы );
сенсорлық кемшіліктердің қайталануынан болатын түрі (есту, кӛру, сӛйлеудің бұзылуы);
ерте әлеуметтік депривация жағдайынан болатын ПДТ.
Тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген К.С.Лебединскаяның (1980) классификациясы тӛрт түрге бӛлінеді:
конституционалдық мінездеме бойынша;
сомотогендік мінездеме бойынша;
психогендік мінездеме бойынша;
церебральды-астениялық мінездеме бойынша;
Аталған тӛрт типтің ӛзіне тән ерекшелігі бар. Олардың арасындағы айырмашылық эмоционалдық жетіспеушілік пен танымдық қабілеттің жетіспеушілігі болып табылады. Одан басқа соматикалық және неврологиялық жағынан қиындықтар туындау да мүмкін. Бірақ аномальды дамудағы негізгі екі құрамдас бӛлім — инфантилизмдік мен барлық психикалық функциялардың дамуындағы ерекшеліктер.
Психикалық дамудың конституционалдық мінездемесі бойынша ПДТ баланың эмоционалдық-ерік аймағы физикалық және психикалық дамудың ерте кезеңіне сай келеді. Тәртібінде ойын мотивациясының басымдығы байқалады, тез шаршау анықталады. Жалпы білім беретін мектептегі білім алатын балалардың ӛзінде ойын әрекеті басым болады. ПДТ-дің бұл формасында гармониялық инфантилизмді психикалық инфантилизмнің негізгі формасы ретінде қабылдауға болады. Оқымыстылар гармониялық инфантилизмнің егіздерде жиі кездесетінін айтады. ПДТ-дің бұл формасындағы балалар арнайлы коррекциялық мекемелерде білім алады.
Психикалық дамудың сомотогендік мінездемесі бойынша ПДТ-дің себептері қайталанбалы, инфекциялық аурулар, балалар арасындағы невроздық жағдайлар, туа пайда болған және жүре пайда болған аурулардан болады. ПДТ-дің бұл формасында балалардың физикалық жағдайын ғана емес психологиялық статусында тұрақты түрде тӛмендетуге себеп болатын астениялық жағдайлар анықталады.
Психогендік түрдегі ПДТ ерте даму кезіндегі бас миының соққы алуынан болған невроздық жағдайлармен түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |