Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
3-бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика
|
Мектеп: «Ынтымақ» жалпы орта мектебі
|
Күні: 7.11.2018ж
|
Мұғалім аты-жөні: Карабаев Ж.
|
Сынып: 3 «А»
|
қатысқандар саны: 24
|
қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қауіпсіздік ережесі. Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту
|
Оқу мақсаттары
|
3.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсінеді және көрсетеді
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар: дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтармен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді.
|
Басым бөлігі: дене белсенділігінің маңыздылығын түсінеді.
|
Кейбірі: мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше дене жаттығуларын жасай алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы
Денсаулықты нығайту мен шынықтыру үшін жаттығулар орындайды
Жаттығуда кездесетін қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
|
Пәндік лексика және терминология
Мыналарды қамитды:
Кеңістік/ бағыт: алға, артқа, жанына
динамика: тез, баяу
байланыс, идеялар, іс-әрекет, жүйелі
ептілік, тепе-теңдік
координация, күш
шыдамдылық, иілгіштік
|
Талқылауға арналған сұрақтар
Ептілік, күш, шыдамдылық физикалық қасиеттерін не үшін дамыту керек?
Гимнастикалық жаттығулар ептілікті қалай дамытады?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.
Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу,
бір-бірін құрметтеу, мәдени, этикалық қасиеттерді дамытады
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау.
Мәдениетаралық түсінікті дамыту
|
|