Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы «Кадастр 2-топ»
СӨЖ
Тақырыбы: Өзіне-өзі қол жұмсаудың негізгі түрлері
Орындаған:Дайрабек Айдос
Тексерген:Арын Дүйсенкүл
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Өзін-өзі өлтіру
2.Дж. Ритцер еңбері
3.Өзіне-өзі қол жұмсаудың түрлері
III.Қорытынды
Өзі-өзі өлтіру
Өзін-өзі өлтіру — өзін өмірден қасақана айыру (суицид). Өзін-өзі өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Депрессивті жағдайлар «жиналып» соның салдарынан өзін-өзі өлтіру болуы мүмкін. Өзін-өзі өлтіру қарттарға, нашақорларға, жазылмайтын аурумен ауыратындарға, қылмыскерлерге тән әрекет. Балалардың өзін-өзі өлтіруі ашық қарсылық білдіру түрінде, көбінесе ата-аналарына қатысты жасалады. Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараналады. Мысалы:
Қорытынды өзін-өзі өлтіру (өзін-өзі өлтірер алдында өз әрекетеріне есеп беретін, бірақ кінәсыз қиын жағдайдаға түскен, ойлану нәтижесінде болашақтың жоқтығына көзі жеткен адамдардың өзін-өзі өлтіруі, қаржының жоқтығы, жазылмайтын ауру және т.б.);
Ашық қарсыласу түріндегі өзін-өзі өлтіру (бақытсыз махаббат, ажырасу т.б. себеп болатын жан күйзеліс әрекет);
Аяқ астынан өзін-өзі өлтіру (жаман хабар алғаннан кейін, отбасындағы не жұмыстағы ойда жоқта пайда болған қиыншылықтан кейін өзін-өзі өлтіруге аяқ астынан бел буу);
Психикалық ауырған кезде өзін-өзі өлтіру:
Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.
Балалық шақ – 13 жасқа дейін;
Жеткіншектік кезең – 13-16 жас;
Жастар арасы – 16-29 жас;
Ересектер арасы – 30-35 жас;
Қарттық кезең – 55-70 жас.
Дж Ритцер еңбектері
Джордж Ритцер – америкалық әлеуметтанушы, Мэриленд университетінің беделді профессоры. Жаһандану, метатеория, тұтыну үлгілері, қазіргі және постмодернистік әлеуметтік теорияны зерттеуші ғалым. Оның кітаптары әлемдегі жиырмадан астам тілге тәржімаланған, соның ішінде «Қоғамды макональдандыру» кітабының ғана оннан астам аудармасы бар. Мәртебелі атақ-дәрежелері: Австралияның Мельбурн қаласындағы Ла Тробе университетінің құрметті докторы; Дублиндегі Тринити колледжі Университеттік философия қоғамының Құрметті патроны; Америкалық әлеуметтанушылар қауымдастығының білім беру ісіне зор үлес қосқан. Америка әлеуметтану қауымдастығының төрт секциясын – теориялық әлеуметтану, ұйымдар мен кәсіптер, әлеуметтану тарихы секцияларына жетекшілік еткен. Ғаламдық және трансұлттық әлеуметтану секциясының бірінші басқарушысы. »Әлеуметтану теориясы» кітабында суицид жайлы айтып кеткен
Өзіне-өзі қол жұмсау түрлері
Өзіне өзі қол жұмсаудың 4түрі бар
1.Эгоисттік суицид
2.Альтруистік суицид
3.Аномиялық суицид
4.Фаталисттік суицид
1.Эгоисттік суицид- әлеуметтік байланыстардың бұзылуының нәтижесі, индустралды қоғамдағы жалғыздық сезімі
2.Альтруистік суицид- адам қоғамдардағы топтың ұжымдық мүдделері үшін өзін құрбан етуі
3.Аномиялық суицид-дағдарыс пен көтерілістің нәтидесі, егер адам күрт өзгерген өмір сүру жағдайларына бейімделе алмаған жағдайда
4.Фаталистік суицид- қоғамның жеке адамға шамадан тыс бақылауының нәтижесі
Достарыңызбен бөлісу: |