ЭССЕ
Тақырыбы: Мұғалімнің басқару іс-әрекетінің тиімділігін бағалау мақсатындағы негізгі қадамдар
Орындаған: Кульжанова Маржан
Тобы: ДБОЖ-21-01
Нұр-Сұлтан қаласы 2021жыл
Жоспар
Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті
Инновациялық білім беру жолдары
Болашақ ұстаздың инновациялық іс-әрекеті төрт түрлі өлшем мен сипатталады:
Әдебиеттер тізімі
Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті
Бастауыш мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті
Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі- білім берудің жүйесінің жасалуы.Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты.Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым- катынас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу- әдістемелік кешендерге көшу, т.б.) жаңаша ойлау калыптасуда.
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп - мұның түп қазіргі , бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты және оны мектеп тәжірибесіне енгізуге шешуші орынды мұғалім қызметі алатыны анық.
Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психалогиялық мәселелерін аныктауда педагог пен оқушылардың арасындағы карым- қатынастарды ұйымдастыру мұғалімінің теориялык білімінің болуын қажет етеді. Осыған орай, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бөлімдерінде жаңа мазмұн, оны оқыту әдістемесін студенттерге игертудің түрлі жолдарын іздестірілуде.
Ғылыми-педагогикалык әдебиттерді зерттеу мұғалімнің инавациялық іс-әрекетіне байланысты мәселелер жан-жақты қарастырылғанын көруге мүмкіндік тудырып отыр. Жүйелері бағыттылық зертетеулерде инавациялық іс-әрекет креативті парадигманың жеке бас, регулятивтік-коммуникативтік және қорытынды жүйе бөлшегін талдауда анық айқын қарастырылады.
Соңғы он жылдықта «инновация» ұғымы кеңінен таралды. Инновациялық қозғалыстар білім беру жүйесінің жаңартуының маңызды айғағына айналды. Инновациялар бірнеше проблемалар тоғысында пайда болады және ауытқымай, жаңа мәселерді шешеді, білім беру үрдісінің үздіксіз жаңарып тұруына әкеледі.
Педагогикалық инновация- тұтас білім беру жүйесінің оның жеке бөлімдерінің компаненттерінің сипаттамасын жақсартатын және жаңалықтардан тұратын, мақсатты өзгерістер. Бұл- жаңалықты меңгеру үрдісі.
Бүгінгі күндегі инновациялык білім беру-оку және әлеуметтік- тәрбиелік іс-әрекеттің үрдісі мен нәтижесі, ол жеке адамның және жалпы қоғамның іс-әрекетінің жаңа түрін жоспарлайды және ынталандырады.
«Инновация» термині латынның іппоуагіоп -инновацияларды енгізу дегеннен пайда болған.Инноватика философия, психологоия, әлеуметтану, басқару теориясы, экономика және мәдиниеттану пәндерінің тоғысуында жүргізілген зерттеулердің пәнаралық саласы ретінде қалыптасты. Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да педагогикалық инноватиканың дамуы көпшіліктің қоғамдык-педагогикалық козғалыстарымен, мектептерді жылдам дамыту қажеттілікке байланысты қайшылықпен және мұғалімдердің оны іс-жүзіне асыра алмауымен байланысты. Жаңалықтарды қолдаушылардың жалпы сипаттары да өсе бастады. Осыған байланысты жаңа білімге деген, «инновация», «инновациялық үрдіс» деген жаңа ұғымдарды түсініп- білу қажеттілігі ұлғая түсті. «Жаңалықты еңгізу» (инновация) ұғымы жаңалық ретінде де, және осы жаналықты тәжірибеге енгізу үрдісі ретінде анықталады. Бүгінгі кезде инновациялық педагогикалық үрдістер білім берудің дамуын анықтайтын айғағы бола отырып, өзінің нақты теориялық базасы да бар.
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті құрылымын карастырған кезде, «инновация» және «педагогикалық іс-әрекет» деген негізгі түсініктердің мәнінің мағынасын талдауды колдану керек деген ғалымдардың (В.А.Сластенин мен Л.С.Подымова) ой-пікіріне қосыламыз.Белгілі зерттеушілердің (А.А Бодалев, ф.Н. Гоноболин, В.А. Кан-Калик,С.В. Кондратьева,Н.В Кузин және т.б.) еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы туралы түсінік жан-жақты қарастырылған. Олар мұндай қасиеттерге жатқызатындары: жалпы және кәсіби мәдениет, педагогикалық бағдарлылық, моральдық қасиеттер, дидактикалық қасиеттері. Сөйлеу қабілеттері, ұйымдастырушылық, коммунативтік, педагогикалық елестету. Бұл ғылымдардың еңбектерінде іскерліктің екі үлкен тобы жіктеліп көрсетілген; операциялық және жеке бас. Бірінші топ білім беру үрдісіне жататын болса, екінші балалармен, ата-аналармен, мектеп оқушысымен нәтижелі карым-қатнас құруға қажетті әлеуметтің жеке бас және операциялық және жеке бас. Бірінші топ білім үрдісіне жататын болса, екінші балалармен, ата-аналармен, мектеп оқушысымен нәтижелі карым-катынас құруға кажетті әлеуметтің және жеке бас іскерліктері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |