Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Калыптастырушы бағалауға арналған оқу мақсаты, ойлау дағдыларын, бағалау критерийі, тапсырма және дескрипторларын дайындау.
Орындаған: Сатыбалды Мереке
Тексерген: Набуова Роза
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушыарасындаүздіксізкерібайланысқамтамасызетіледі.Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады.
Тиімді оқыту мақсатында білім алушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін,ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Қалыптастырушыбағалаудың міндеттері;
• оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну;
• білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;
• білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті)кері байланысты қамтамасыз ету;
• білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;
• білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде жағдай жасау болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы тиіс, ол қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
• қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау; • қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
• қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
• кері байланыс беру.
Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Мұғалімдерге көмек ретінде қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған, онда оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге тапсырмалар үлгілері берілген.
Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін жинақта берілген тапсырмаларды қолдануына болады. Одан басқа мұғалімдерге қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өз бетінше дайындауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін жоспарлау кезеңінде мұғалімге:
• оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
• оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;
• тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
• бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
• әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.
Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады. Әр тапсырмаға дескрипторлар анықталады. Бағалау кезінде мұғалімнің шешімі анық болу үшін тапсырмалардың дескрипторлары дәл, нақты болуы қажет. Бұдан басқа дескрипторлар білім алушыға тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындық туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |