Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қамыр илеу жабдығын жетілдіріп, нан өндіру желісіндегі қамыр араластыру машинасын жөндеу.
Орындаған: Серікпаев А.
Тобы:ТО-207
Тексерген: Джилкишева А.Г
Семей – 2015ж.
Жоспар
I. Кіріспе
1.1. Қамыр араластыру машиналары туралы түсінік беру.
II.Негізгі бөлім
2.1.Илеу – араластыру машиналары.
2.2. Н.Ф.Гатилиннің үлкен шанақты қамыр дайындау агрегаты.
2.3. Қамыр бөлшектеу машиналары.
III.Қорытынды
3.1.Қолданылған әдебиеттер
1.1.Қамыр араластыру машиналары туралы түсінік беру. Тамақтандыру кәсіпорындарындарының кондитерлік цехтарында қамыр дайындау үшін көптеген машиналар пайдаланылады. Олардың жұмыс органдары ретінде қамыр илеуге арналған әр түрлі үлгідегі араластыру механизімдері қолданылады. Бидай және қарабидайдың ұнынан қамыр дайындауға маркілері ТММ-1М, МТМ-15, ТММ-60М, МТИ-100 және басқа машиналар пайдаланылады.
ТММ-1М қамыр илеу машинасы шойыннан құйылған тақтадан, станинадан, қоршамадан, электроқозжалтқыш, жетектен, араластыру иінінен, қалақтан, дежадан және жылжыту арбашасынан тұрады. Арбашаның айналу дөңгелектері бар. Тақтаға редуктор, ал онымен электроқозғалтқыш жалғасқан.
Машинаның жұмыс істеу тәртібі. Электроқозғаушы, оған жалғасқан редуктор шынжырлы беріліс арқылы қамыр илеу механизмі және дежа бір мезгілде айналады. Дежадағы шикізаттар араласып қамырға айналады.
МТМ-15 деп аталатын шағын өлшемді қамыр илеу машингасы корпусқа бекітілген электроқозғалтқыштан, редуктордан,қамыр илеу сыйымдылығынан, қалақтардан, станинадан тұрады. Сыйымдылық жоғарғы жағынан торлы қақпақпен жабылады.
Қамыр илеуге арналған МТИ-100 деп аталатын машина. Бұл машина жоғары өнімділікті цехтарда пайдаланылады. Мишина станинадан, жетектен, көтеру механизімінен, қақпағы бар сыйымдылықтан, арбашадан, араластыру органынан және басқару пультінен тұрады. Машинадағы элетроқозғалтқыш, сына белдікті беріліс, цилиндірлі және планетарлы тісті берілістер арқылы араластыру органы айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |