Машинаның жұмыс істеу тәртібі. Жетек ішке қосылған кезде электроқозғалтқыштан қозғалыс алатын жұмыс органы айналады. Көтеру механизмі жетек орналасқан кронштейінді орнынан қозғайды және сыйымдылық көтерілген ол төмен түсіріледі де қамыр илеу механизмі сыйымдылыққа енгізіледі. Сыйымдылық төмен түсірілген кезде бұл процесс керісінше жүреді. Машина қоршаулармен жабдықталған.
Маркісі ТММ-60М машинасы әр түрлі тұтқырлықтағы қамырларды дайындауға арналған. Машина корпустан, араластыру қалағынан , оны бекітетін құрылымнан, дежадан және жетектен тұрады.
Дежа мен араластыру қалағының айналуы электроқозғағыш сына белдікті беріліс және ирек тісті редукторлар көмегінен жүргізіледі. Араластыру органы жоғары көтеріліп, серіппе көмегімен тұрақтандарылады. Машинаға дежа орналасқан кезде жұмыс органы төмен түсіріледі. Мишана уақыт релесімен жабдықталынған. Оның көмегімен илеу уақыты реттеледі.
2.1.Илеу – араластыру машиналары. Тамақтандыру кәсіпорындарында араластыру процесі кеңінен қолданылады.Туралған етті және оған қосатын компоненттерді біркелкі етіп араластыру және оларды оттегімен қанықтыру үшін маркалары МС-8-150, МВП-11-1, МС4-7-8-20 және МС 25-200 құрылымдары пайдаланылады. Бұл машиналардың барлығы жай қозғалатын машиналар класына жатады. Себебі бұл машиналардағы Фруд саны:
Fr = v2 / (Rg)<30
аз болады. Мұндағы v – қалақтардың айналу жылдамдығы, м/с; R – калақтар радиусы, м; g – еркін түсу үдеуі, м/с2. МС8-150 деп аталатын араластырғыш алюминийден жасалынған корпустан және тиеу шанағынан тұрады. Корпустың алдыңғы жағы қақпақпен жабылады. Машина жұмыс камерасының ішінде жұмыс білігі қойылған және оған 30° градустық бұрышпен қалақшалар бекітілген. Тиеу шанағына сақтандыру торы орнатылған. Механизмнің жұмыс істеу тертібі. Қалақшалары бар жұмыс білігі айналған кезде туралған ет немесе котлет массасы араласып түсіру жеңіне қарай жылжиды. Дайын өнім арнаулы ыдысқа түседі. Жұмыс істеудің алдында МС8-150 ет араластырғышын әмбебап жетектің мойынына бұрандамен бекітеді. Бұдан соң қалақшалары бар жұмыс білігі корпусқа салынады да қақпағы жабылып, оны гайкамен бұрап тастайды. Содан соң жетекті жұмысқа қосады. Егер машина дұрыс жұмыс істесе камераға 5…7 кг мөлшерінде ет салынады. Араластыру процесі аякталған соң жапқыш көтеріледі де дайын өнім айналып тұрған қалақшалар арқылы арнаулы ыдысқа карай ығыстырылып шығарылады. Тиеу шанағында сақтандыру торы жоқ машиналармен жұмыс істеуге болмайды. Маркасы МВП-11-1 бұлғау-араластыру механизмі 2-кронштейнге бекітілген 1-редуктордан, 3-сиымдылықтан және 4-ауыстырмалы жұмыс органдарынан тұрады. Көкөністер, салаттар және винегреттер араластыруға арналған маркасы МС 25-200 араластыру машинасы редуктордан 1-барабанды сиымдылықтан және ПХ-0,6 әмбебап жетектен тұрады. Редуктордың 12-корпусының ішіндегі 9-, 11-қапсырмаларда айналатын 10-ирек тісті білік қозғалысты әмбебап жетектен 6-ирек тісті дөңгелекке береді. Үш саусақшалары бар 3-фланец 5-білікке штифт арқылы бекітілген, ал ол 1-сиымдылық астына бекітілген фланецке жалғасады. Айналған сиымдылық ішіндегі өнім 2 минут ішінде араласып, электрқозғаушы тоқтатылған соң сиымдылық төңкеріліп төгіледі.
2.2.Н.Ф.Гатилиннің үлкен шанақты қамыр дайындау агрегаты.
Қамырды илегенде оған әсер ететін механикалық әрекеттер де желімшенің сұйылуын тездетеді. Ол әсіресе осал ұннан қамыр илегенде оны тез сұйылтады. Егер қамыр ұзақ және қарқындата иленсе, онда ол жұмсарады, ал осал қамыр сұйылып та кетеді. Сондықтан әр қамырдың өзіндік илеу мерзімі жеке тағайындалады. Күшті қамыр қарқындата ұзақ илеуге шыдамды, ал осал қамырды қысқа мерзімде илеу керек.
30>
Достарыңызбен бөлісу: |