Аталуы
Сыйымдылығы
Электр өрісінің кернеулігі
Схемасы
Жазық конденсатор
Цилиндр тәріздес конденсатор
Шар тәріздес конденсатор
Егер конденсатор жапсарларының саны n болса, онда:
Мұндағы:
С- электрсыйымдылығы;
- жапсарлардың арасындағы ортаның салыстырмалы диэлектрик өтімділігі;
=8,85*10 -12 - диэлектрик тұрақтысы;
d- диэлектрик қалыңдығы немесе жапсарлардың ара қашықтығы;
S- жапсардың ауданы;
r- шар немесе цилиндр табанының радиусы;
Е- электр өрісінің кернеулігі;
q-электр заряды;
l- цилиндр құраушысының ұзындығы.
Конденсаторлардың жалғануы:
Сыйымдылықты арттыру үшін конденсаторларды параллель қосады. Бұл кезде конденсаторлардың аттас зарядталған жапсарлары бірге қосылады.
не месе
Параллель жалғағанда кернеу бірдей және тізбектің кернеуіне тең, яғни
U=U1=U2=…=Un
Ал конденсатор батареяларының толық заряды
болғандықтан
С=С1+С2 немесе С=C1+C2+…+Cn
Конденсаторларды тізбектей жалғаған кезде барлық конденсаторлардағы заряд бірдей болады және олардың әр аттас зарядталған жапсарлары қосылады.
Әрбір конденсатордың кернеуі ;
Конденсатордың жалпы кернеуі U=U1+U2+…+Un
Немесе
Орнына қойсақ осыдан
немесе
Зарядталған конденсатор энергиясы:
болады.
және формуласын кезек қойып энергияның келесі формулаларын аламыз
немесе
Біртекті электр өрісінің энергиясының көлемдік тығыздығы деп бірлік көлемде жинақталған өріс энергиясымен өлшенетін шаманы айтамыз
Алмастыруларды енгіземіз
*
т ағы алмастыру енгіземіз Sd=V,
олай болса осыдан
Бұдан электр өрісінің энергиясының тығыздығы осы өріс кернеулігінің квадратына тура пропорционал деп тұжырымдауға болады.
IV. Cабақты қорытындылау:
Сабақты қорытындылай келе конденсаторлар электротехниканың барлық облыстарында қолданылады деп айтуға болады.
Конденсаторлар катушка немесе резистормен бірге жиілікке тәуелді әртүрлі тізбек құрастыру үшін қолданылады(тербелмелі контур, кері байланыс тізбегі).
Конденсаторды жылдам разрядтау кезінде үлкен қуатты импуль алуға болады(фото жарқыл, импульстік лазерде).
Конденсатор электр зарядын көпке дейін сақтайтын болғандықтан электр энергиясын сақтаушы құрал ретінде қолданады (аккумуляторлар).
Өндірістік электротехникада реактивті қуатты толықтыру үшін қолданылады.
Конденсаторлар көп заряд жинақтай алатындықтан жапсарларындағы кернеу үлкен болады, сондықтан оны зарядталған бөлшекті үдету үшін де қолданылады.
Сыйымдылығының өзгерісіне байланысты өлшеуіш түрлендіргіштер жасалады және т.б салаларда кең қолданыс тапқан.
V. Cабақты бекіту.
Деңгейлік тапсырмаларды аяқтату.
Тақтада есеп шығару.
VI.Үйге тапсырма.
Бүгінгі тақырыпты оқып келу, есепті аяқтау. 17- жаттығу. Реферат «Конденсаторлардың түрлері және қолданылуы»
VII.Бағалау.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№7 Кәсіптік лицей
Ашық сабақ:
Достарыңызбен бөлісу: |