Керімбекова Н.Н.,аға оқытушы
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,Алматы
Банк өтімділігі:басқару,бағалау және талдау
Бүгінгі таңда коммерциялық банктің өтімділігін басқарудағы сенімділікті артыру мақсатындағы банк жүйесінің даму тенденцияларына байланысты өтімділікті басқаудағы қажеттілік күннен – күнге артуда. Сол себептіде қазіргі кезде өтімділікті және оны басқаруды талдау, толық саралау өте қажетті және ең маңызды мәселе болып отыр.
Жалпы, банк өтімділігі - бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттілігін білдіреді.
Негізінен«банк өтімділігі» мағынасын түсіндіруде, жалпы алғанда, көзқарастардың негізгі екі бағыттылығын айта кету керек. Заманауи әдебиеттерде, кейбір авторлар банк өтімділігінің мәні әр түрлі міндеттемелерді уақытылы және толық өтеу мүмкіндігінде десе, енді бірі - міндеттемелерді уақытылы және толық өтеуге қажетті өтімді активтерге ие болу мүмкіндігінде дейді.Бірақ,екі жағдайда да банк өтімділігін оның төлем қабілеттігіне, яғни өз міндеттемелерін уақытылы және толық орындауға міндетеледі. Оның мәні банк активтері мен пассивтерінің өзара байланысты қозғалысымен және олардың міндеттемелердің анықталған мерзімі мен оларды жабу көздері арасында үйлесімділікті қамтамасыз ететіндей жоғары сапалы болуымен анықталады.
Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.
Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаты - міндеттемелерді орындау мерзімі жеткен кезде оларды уақытылы өтеуді қамтамасыз ету, банктегі сондай-ақ жалпы экономикадағы жағымсыз жағдай салдарынан орын алған клиенттің ақша қаражаттарының кетуін болдырмау.
Өтімділікті басқарудың негізгі міндеттері өтімділіктің шамасын өлшеу мен оны басқару құрылымын қалыптастыру және төменде көрсетілген жағдайлар бойынша түзешараларын жүзеге асыру болып табылады:
-
баланстандырылмаған өтімділік тәуекелін шектеу;
-
қаржы нарығының әр түрлі құралдары бойынша ашық позицияны ұстану арқылы іс-әрекет нәтижесін оңтайландыру;
-
барлық төлемдерді (міндеттемелерді) уақытылы жүзеге асыру;
-
- еншілес банктерді несие ресурстарымен қамтамасыз ету үшін тапсырысты орындау;
-
ресурстарды тиімді пайдалану;
-
банк өтімділігінің жағдайы туралы шешімдерді айқындау;
-
өтімділік дәрежесін төмендетуге әкелетін факторларды анықтау және талдау, мүмкін болатын шығындарды бағалау;
-
тәуекелдің көздерін анықтау.
-
Банк өтімділігін басқаруды отандық банк тәжірибесінде активтер мен пассивтерді басқару комитеті жүзеге асыра отырып келесі қызметтерді атқарады:
-
-Банк активтер мен пассивтерді басқару қызметін атқаратын әдістемелерді және регламенттерді даярлайды;
-
-Қаражаттарды тарту және орналастыру параметрлері туралы шешімдер қабылдау;
-
-Бекітілген стратегиялық жоспарларға банк балансы құрылымының сай келуін бақылау;
-
-Банктік тәуекелдерді басқаруға байланысты әдістемелерді жасау;
-
-Банк балансының өтімділігіне және өтімділік ұстанымын болжауға бақылау,өтімді қаражаттарға деген қажеттілікті анықтау және балама қаражат көздерін таңдау;
-
-Банктің баға саясатын жасау;
-
-Нарықтық пайыз мөлшерлемелерінің өзгерісінен туындайтын тәекелге қатысты банк балансын бағалау;
-
-Банк жұмысының рентабельдігін талдау және мониторинг жүргүзү;
-
-Қаражаттарды тартатын және орналастырумен айналысатын құрылымдық бөлімшелер арасындағы жұмысты ұйымдастыру;
-
-Банк капиталын басқару;
-
-Тәуекелге қатысты реттеуші ұйыьдардың заңи және нормативтік актілерінің орындалуын бағақылау;
Банк өтімділігінің екі формасы, яғни, міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.
Ішкі факторлар қатарына жататындар:
■ банк капиталының базасы;
■ банк активтерінің сапасы;
■ депозиттердің сапасы;
■ сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;
■ мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
■ сауатты менеджмент;
■ банктің жоғары дәрежелі беделі.
Сыртқы факторлар қатарына жататындар:
■ елдегі жалпы саяси және экономиклық жағдай;
■ бағалы қағаздар нарығының дамуы;
■ банқаралық несие нарығының дамуы;
■ қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру;
■ Орталық банктің қадағалау қызметінің тиімділігі
Өтімділік теориясы мен өтімділікті анықтау әдістерінің бүкіләлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, ҚР республикасы банктік жүйесінің дамуының қазіргі жағдайына сәйкес келетін банк өтімділігін анықтау үшін коэффициенттерді қолдану ұсынылады. (№ 1- кесте)
№ 1- кесте. Банктік өтімділік көрсеткіштерінің жүйесі
Өтімділік көрсеткіштерінің
атауы
|
Формула-сы
|
Алымы
|
Бөлімі
|
Өтімділік теориясына негізделеді
|
Капиталдың жеткіліктігі коэффициенті, (К)
|
Км> 0,08
Ат
|
Меншікті капитал
|
Тәуекел ескеріле отырып есептелген активтің жалпы сомасы
|
|
Ағымдағы өтімділік коэффициенті(ӨКа)
|
ӨАа>02
Ма
|
Ағымдағы өтімді активтер
|
Ағымдағы міндеттемелер
|
Коммерциялық ссудалар, орын алмасулар
|
Лездік өтімділік коэффициенті, (ӨКл)
|
ЖАа
Мл
|
Жоғары өтімді активтер
|
Талап етуге дейінгі міндеттемелер
|
Коммерциялық ссудалар, орын алмасулар
|
Ұзақ мерзімді өтімділік коэффициенті, (ӨКұм)
|
Сұм
К+M
|
Ұзақ мерзімді ссудалар
|
Меншікті капитал+1 жылдан жоғары мерзімдегі депозиттер бойынша міндеттемелер
|
Күтілетін табыс, пассивтерді басқару
|
Жалпы өтімділіктің коэффициенті, (К жө)
|
ӨА+ҚК
МС
|
Өтімді активтер+қорғалған капитал
|
Міндеттемелердің жалпы сомасы
|
Алмасулар және пассивтерді басқару
|
Базель келісімі бойынша өтімділік коэффициенті
|
А+Нба+Өбқ
Аж
|
Ақша қаражаттары+банкаралық несиелер+өтімді бағалы қағаздар
|
Активтердің жалпы сомасы
|
Коммерциялық ссудалар, орын алмасулар
|
Активтердің қолма-қол ақшаға тез ауысу қабілеті
|
ӨА
А
|
Өтімді активтер
|
Активтер
|
Коммерциялық ссудалар, орын алмасулар
|
Сыртқы көздерге қол жетімділік
|
Нба
М
|
Банкаралық несиелер
|
Міндеттемелер
|
Коммерциялық ссудалар, орын алмасулар
|
Депозиттердің тұрақтылық деңгейі
|
Дт
Дж
|
Тұрақты депозиттер
|
Депозиттердің жалпы сомасы
|
Пассивтерді басқару
|
Көрсеткіштердің мәні, мазмұны, құрамы, сонымен қатар, оларды қолдану аясы жоғарыдағы кестеде берілген әдістеме бойынша банктің өтімділігін талдауға болады.
Бұл құрастырған банктің өтімділігінің көрсеткіштер жүйесінің ерекшелігі мен жаңалығы мынада:
-
Жүйенің жекелеген бөлек көрсеткіштері жүйелендіріліп, біздің банктік жүйенің қазіргі жағдайына сәйкестендіріліп жасалған.
-
Көрсеткіштер жүйесі тек қана сандық емес, сонымен қатар, банктік қызметтің сапалық жағдайын да сипаттайды. Өз кезегінде банктің сапалық қызметі банктің өтімділгімен анықталады.
-
Жүйеге енгізілген көрсеткіштер ақпараттық базаға негізделген, Қазақстанның банктік жүйесіне енгізіліп отырған баланстың және шоттар жоспарларының жаңа нысандары бойынша анықталады.
-
Өтімділіктің жекелеген көрсеткіштерінің атаулары халықаралық тәжірибедегідей атаулармен барабар, бірақ олардың мазмұны мен оларды есептеу әдістемесі еліміздің банктік жүйесінің қазіргі жағдайына лайықты етіп келтірілген. Мәселен, ресей әдістемесінде жоғары өтімді активтерді анықтау үшін отыз күнге дейінгі мерзімге берілетін несиелерді қосады, ал біздің әдістемеде біз оларды қоспаймыз. Себебі біздің тәжірибемізде мұндай несиелер жиі пролонгацияға ұшырап, мерзімінде қайтарылмай жатады, ал бұл өтімділіктің нақты сипатын бұрмалауға және банктердің тұрақты жағдайына күмәндануға алып келеді.
Банктің өтімділігін талдаудың негізгі мақсаттары:
-
Банк өтімділігінің коэффициенттер жүйесінің есептеулерінің дұрыстығы мен толықтығын растау;
-
Банк өтімділігінің жағдайы туралы қорытындыларды құрастыру,
-
Банк балансының өтімділігінің нашарлауын куәландыратын нақты және болашақтағы жағымсыз үрдістерді (тенденцияларды) анықтау;
-
Жағымсыз үрдістердің (тенденциялардың) пайда болуына алып келген факторларды анықтау;
-
Балансының өтімділігін тексеру мен талдаудың қорытындылары бойынша банкке берілетін ұсыныстарды анықтау.
Банк қызметін талдауға қажетті ақпараттың негізгі көзі болып банк балансы табылады. Қаржылық талдаушы баланстық мәліметтерді талдау арқылы негізгі мақсатты шаралар, банк операциясының табыстылығы мен тәуелділігі, активтік және пассивтік операциялардың баланстылығы, сонымен қатар банктің бекітілген заңнамалық нормативтерінің орындалу үрдісі туралы шешімдер қабылдай алады.
Өтімділік көрсеткіштерінің талдауы сондай-ақ банк балансын талдаудан алынған ақпаратқа негізделеді. Банк өтімділігін талдаудың негізгі кезеңдерін 1-суретте көрсетілген.
№ 1-сурет. Банк өтімділігін талдаудың негізгі кезендері
Банктің қызметін оның өтімділігі тұрғысынан талдау процесінде төмендегідей шарттар қойылады:
-
нақты өтімділікті анықтау;
-
өтімділіктің нормативтерге сәйкестілігін анықтау;
-
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілген өтімділік нормативтерінен нақты өтімділік нормативтер мәндерінің ауытқуына әсер еткен факторларды анықтау.
Қорыта келе қазіргі әлемдік қаржы дағдарыс жағдайында банк өтімділігін тиімді басқару,дұрыс бағалау және талдау –банк табыстылығының кепілі болып табылады.
Әдебиеттер:
1.«Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелді басқару және ішкі басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар туралы»№434 06,12,2007ж
2.Мақыш С.Б. Банк ісі. Алматы: Жеті жарғы,2009ж
3.Сейткасымов А .Г.Управление банковской ликвидностью и методы ее анализа. Алматы:Қаржы-қаражат-1998
4.WWW.inform.kz
5.WWW.newsfaktory.kz
Резюме
В этой статье рассматриваются основные цели управления ликвидностью банка,расчет коэффицентов ликвидности в Республики Казахстан,основные цели,этапы и условия анализа ликвидности банка.Высокая ликвидность банка являются источником постоянного дохода.
Достарыңызбен бөлісу: |