Орындағын: оп-19у қыс тоб студенті Кусаинов Ғ. Е. Тексерген



Дата06.12.2019
өлшемі101.92 Kb.
#447655
Жер бедерінің түрлері - жазық, дөңді жер, таулы жер.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Пән атауы: Инженерлік геодезия



Орындағын:

ОП-19у қыс. тоб. студенті

Кусаинов Ғ.Е.

Тексерген: Каранеева А.Д.

Қарағанды 2019



  1. Жер бедері , рельеф (фр. relіef, лат. relero — көтеремін деген сөзінен шыққан) — жер бетіндегі құрлықтардыңмұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы.

Жер бедері тау, жазықойпаттаулы үстірттөбеқырқааңғаржыра, т.б. болып келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Әрбір аймақтың бедері оның геологиялық құрылысына, ішкі және сыртқы процестердің біреуінің басым болуына байланысты. Жер бетінің бұдырлылығы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мөлшеріне (масштабына) қарай Жер бедерін планеталық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны) мегапішінді (тау жүйелеріаумақты жазық жерлермұхит ойпаттары), макропішінді (жоталар, тауаралық аңғарлар), мезопішіндер (төбелераңғарларсай-жыралар), микропішіндер (шұқанақтардала бидайықтары) және нанопішіндер (түбіршіктертөбешіктер) деп бөледі. Осы заманғы Жер бедері шамамен бұдан 150 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі кезде бүкіл құрлықтардың 55%-і таулы және 45%-і жазық өлкелер. Жер бедерін геоморфология ғылымы зерттейді.

2) Беткей — Жер бетіндегі және су астындағы табиғи объектілерде (таутөбежотаойыскемерқияэкзогендік (сыртқы) және эндогендік (ішкі) процестер нәтижесінде қалыптасатын еңіс бет. Беткейдің құрылысы тау жыныстарының құрылымына, абсолюттік және салыстырмалы биіктігіне, беткейді түзеуші гравитациялық қозғалыстардың қарқындылығына тәуелді. Беткейдің негізгі көрсеткіші — оның құламалығы (қиялығы). Пішініне қарай беткейлер құламалы (900-қа жуық), тіктеу (550 шамасында) және еңістеу келген (200-қа дейін) болып ажыратылады. Беткейдің жер бедерін құрайтын жыныстардың гравитациялық қозғалысына қарай ысырынды, опырмалы, жылжымалы, сырғымалы (солифлюкциялы), шайынды (делювийлі) және эрозиялық болып жіктеледі. Беткей - құрлықта (таулардың, қыраттардың шегінде, өзен аңғарларының бойында және тағы да басқалары), сонымен қатар теңіз бен мұхит түбінде эндогендік және экзогендік процестер нәтижесінде қалыптасқан жер бетінің еңісті бөліктері. Беткейлердін сипаты оларды түзетін тау жыныстарынын құрамына, құрылысына, жердің абсолют және салыстырмалы биіктігіне, беткейлік процестердің қаркындылығына, климат ерекшеліктеріне, өсімдік түрлеріне, беткейлер экспозициясына және табиғи ортаның басқа да құрамбөліктеріне байланысты. Қандай да бір түрінің гравитациялық қозғалыстарының басымдығы бойынша және бедер түзуші процестердің сипатына байланысты опырылымды, жылжымалы, солифлюкциялық, делювийлік, эрозиялық және тағы да басқалары деп бөледі. Бедердің маңызды көрсеткіші - олардың еңістігі. Таулы бедердің орташа еңістігі 20°-тан жоғары, ал жазық өлкелерде 2—3° шамасында.

Уақыт өткен сайын беткейлердің пішіні мен еңістігі өзгеріп тұрады.

3) Географиялық карта — Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.[1]

Бұлайша көрсетілген географиялық карта Жердің географилялық қабығындағы табиғат және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен ұштасуы мен олардың қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан іріктелініп алынғанын көрсетеді. Географиялық карта Жердің геогр. қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге болады.

Тасқа жер беттерінің сызбаларын шекіп салуды адамдар оқып, білмей тұрып - ақ үйренген.Қорғанда қазба жұмыстарын жүргізгенде бүйірінде Кавказ жоталары бейнеленген ыдыстар табылған.Ол ыдыстың жер астында 4000 мың жыл жатыпты.Ертеде картаны қыштарға, теріге сызып, түрлі-түсті шөптермен бұталардан тоқыған.Мысалы, Маршалл аралдарының тұрғындары аралдарды ұлу қабыршақтарымен белгілеген. Қазіргі карталардың түрін санап тауысу қиын.Олардың түрлері көп:жердің физикалық және экономикалық карта түрлері, планеталардың, т.б.карталары бар.Бедерлі,стереоскопиялық карталар да жеткілікті.Ондай карталарға арнайы көз әйнекпен қарасаң, өркеш - өркеш таулардың арасында, теңіз түбінде жүргендей әсерде боласың

1) Координаттар (лат. co – бірге және ordіnatus – тәртіптелген, анықталған) — жазықтықтағы, кез келген беттегі не кеңістіктегі нүктенің орнын анықтайтын сандар. Ғылымға, ең әуелі, аспан сферасындағы не Жер шары бетіндегі нүктенің орнын (ендік пен бойлық) анықтайтын астрономиялыһ және географиялық кординаттар енді (қараңыз). 17 ғасырда Р.Декарт кординаттар әдісі арқылы геометрия мен математикалық анализдің арасындағы өзекті байланысты ашты (қараңыз).

Механикадаматематикада физикада, т.б. салаларда сфералық Координаттар (,r,), цилиндрлік Координаттар (,z, ), эллипсоидтық Координаттар жиі қолданылады. Кеңістіктегі біртекті Координаттар жазықтықтағы Координаттар сияқты енгізіледі.

Декарттық координаттар жүйесі немесе картезиандық координаттар жүйесі - координаттар осіндегі межелері немесе базистік векторларының ұзындықтары тең, жазықтықтағы немесе кеңістіктегі түзу сызықты координаттар жүйесі. Әдетте, тікбұрышты декарттық координаттар жүйесі қолданылады. Бұл жүйені 1637 жылы француз ғалымы Рене Декарт (1596 - 1650) енгізген. Нақты сандарды көрнекі түрде өрнектеу үшін сан түзуі пайдаланады. Әрбір нақты санға сан түзуінің бір нүктесі сәйкес болады және керісінше - сан түзуінің әрбір нүктесіне бір нақты сан сәйкес болады. Өзара перпендикуляр екі сан түзуі тікбұрышты(декарттық) координаттар жүйесін түзеді.Сан түзулері координаттар осьтері деп аталған.Осылардың қиылысу нүктесіне екі сан осінің бас нүктесі 0(нөл) саны сәйкес болады.Осы коорлинаттар жүйесі жазықтықты төрт бөлікке - квадранттарға бөледі.

Гаусс (Гс) — магнит индукциясының бірліктердің халықаралық жүйесі мен бірліктердің СГСМ жүйесіндегі бірлігі. Неміс ғалымы К.Ф. Гаусстың құрметіне қойылған. 1Гс = 10-4 тесла.

1 Гс = 100 мкТл

Тл = 104 Гс

СГС негізгі өлшем бірліктері арқылы да өрнектеле алады:

1 Гс = 1 г1/2•см-1/2•с−1

3)

Абсолюттік биіктік (Абсолютная высота) — жергілікті жердің метрмен есептегендегі теңіз деңгейінен биіктігі (бұрынғы КСРО-да Балтық теңізінің деңгейінен жоғары нүкте есепке алынды). Топографиялық карталарда нүктенің абсолюттік биіктігі "жазу" деп аталады. Екі нүктенің абсолюттік биіктіктерінің айырымы (жергілікті жердің бір нүктесінің екіншісіне қарағаңда биік болуы) салыстырмалы биіктік деп аталады.



Салыстырмалы биіктік — тереңдік немесе биіктік бағытта қатар жатқан екі нүктенің арасындағы биіктік айырмашылығы. Мысалы, тау шыңдарының тау аңғарының табанынан немесе тау аралық жазықтар деңгейінен көтерілген биіктігі салыстырмалы биіктік болып табылады. Салыстырмалы биіктік арқылы эрозиялық кешендердің тереңдіктері, даму қарқындылығы анықталады.
№ 1 практикалық жұмыс

Кадастр жұмыстарында электронды тахеомехрлермен жұмыс жасаудың тиімділігі Қазіргі кездегі дәлдігі мен өнімділігі жоғары геодезиялық өлшеу аспаптарына электронды теодолиттер мен тахеометрлер жатады. Олар арқылы барлық өлшеулерді автоматтандырылған режимде орындауға мүмкіндік туды. Бұндай өлшеу аспаптары өлшеу нәтижелерін тіркеу және сақтау, әрі қарай ЭЕМ-ы арқылы өңдеуге мүмкіндік беретін есептеу және ақпараттарды сақтау құралдарымен жабдықталған. Дыбыс арқылы топографиялық-геодезиялық ақпараттарды далалық жағдайда өңдеу еңбек өнімділігін арттырады және есеп алушының қателерін азайтады. Топографиялың түсіріс және басқа инженерлік-геодезиялық жұмыс түрлерін жүргізуде далалық өлшеулерді автоматтандыру үшін жоғары дәлдіктегі электрондық тахеометрлер жасалып шығарылған. Электрондық тахеометр құрылысы кодты теодолиттің негізінде жасалған. Ол бұрыш өлшеу бөлігінен, сәулелі арақашықтық өлшеуіштен және біріктіріп орналастырылған ЭЕМ-нан тұрады. Бұрыш өлшеуіш бөлігімен горизонталь және вертикаль бұрыштар өлшеніп, сәулелі арақашықтық өлшеуіш арқылы ұзындық анықталады, ал ЭЕМ әр түрлі геодезиялық есептерді шығаруды, аспаптың жұмысын басқаруды, өлшеу нәтижелерін бақылауды және оларды сақтауды қамтамасыз етеді. Мысал ретінде Ресейде шығарылатын (1-сурет) электрондық ТаЗМ тахеометрін атауға болады: ол арқылы горизонталь бұрыштарды, зенит аралығын, көлбеу аралықты 10 мм үйлеспеушілікпен анықтауға болады және горизонталь салындылар, өзара биіктіктер, көздеу биіктіктері, координата өсімшелері немесе көздеу нүктелерінің координаталары анықталады. Аспап үш режимде жұмыс істей алады: жекеленген, жартылай автоматты, автоматты және бақылау режимінде. Геодезиялық есептер атмосфераның рефракциясын, жердің қисықтығын, температураны, қысымды, аспап штативтерінің және шағылыстырушылар биіктіктерінің айырмашылықтарын есепке ала отырып шығарылады. Бұрыштық өлшемдер градустар мен гон арқылы өлшенеді. Аспаптың бұрыштың сезгісі кодты жинағыш типті болып келеді. Тахеометрдің жиынтығында шағылыстырушылар, штативтер, ток көзі, заряд беру, зарядты жою құрылғылары, аспапты түзету және күту жабдықтары кіреді. Түнде жүмыс істеу үшін ТаЗМ тахеометрі электр жабдығымен қамтамасыз етілген. Цифрлық таблоға түсетін оперативтік ақпаратты тахеометрдің жадысына немесе сыртқы жинағышқа енгізуге болады. Ресейде шығарылатын 2Та5 тахеометрі ТаЗМ атқаратын жұмыстарды орындайды, бірақ оның техникалық сипаттамалары өзгеше: горизонталь бұрыш өлшеу қателігі - 5", зенит аралығын өлшеу қателігі - 7", көлбеу аралықты өлшеу қатесі - (5+3 D км) мм. Шетелдік фирмалар (АҚШ, Германия, Швеция, Жапония және басқа) бұрыш өлшеу дәлдігі 0,5-тан 20"-қа дейін, арақашықтық өлшеу дәлдігі 2-ден 10 мм-ге дейін, ішкі жады 10000 нүкте бойынша бақылау нәтижелерін сақтай алатын әр түрлі электронды тахеометрлер шығарады. Роботталған электронды тахеометрлер де баршылық, мысалы, «Геотроникс» (Швеция) фирмасының «Геодиметр-640» электронды тахеометрі берілген бағдарлама бойынша шағылыстырушылардың орнын өзі таба алады, оларға дейінгі аралықты, горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшейді және әр шағылыстырушының координаталарын есептейді. Карьерлерде бұндай аспаптардың көмегімен карьер ернеулерінің, кертпештерінің деформацияларын анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет