Ақмола облысы Қосшы қаласы
«Ақмола облысы Білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының Рақымжан Қошқарбай атындағы
№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Орындаушы: Казбекова Наргиз, Тұралы Арайлым 9-сынып оқушылары
Тақырыбы: Латын графикасына негізделген Қазақ тілі әліпбиін зерттеу
Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы
туристік маршруттар»
Секция: Тіл білімі
Жоба жетекшісі: Смагулова Жанар Аскаровна, педагог-зерттеуші санатты
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Ғылыми кеңесшісі: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті м.а.,филология ғылымдарының кандидаты С.С.Шоқабаева
Қосшы қаласы
2023 жыл
Мазмұны
Кіріспе ................................................................................................................7
1. Негізгі бөлім
1.1. Латын әліпбиінің шығу тарихы ............................................................8
1.2. Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі .....................................................9
2. Практикалық бөлім
2.1. Латын әліпбиін қолдану нәтижесі ..................................................10-12
Қорытынды .....................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер ..........................................................................14
Қосымшалар ..............................................................................................15-20
Эссе
"Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі"
Қазіргі кезде жиі қойылған ең өзекті мәселенің бірі - қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Латын әліпби әлемдегі ең көп таралған әліпби болып табылады. Қазіргі кезде әлемде латын тілі прогресспен және жаңа технологиялармен байланысты. Латын тілі - ол интернет тілі. Тілдердің көпшілігі латын әліпбиіне негізделген.
Осы жерде кереғар пікірлер мен сұрақтар туындайды. Латын әліпбиі арқылы біз не өзгертеміз? Бізге бұл графика қиыншылық тудыра ма? Ендігі ойланарлық жайт: Латын әліпбиіне ауыссақ та, ауыспасақ та сол бір қазақ тілімізді сөйлеп жүреміз бе?
Менің ойымша, латын әліпбиіне көшу арқылы біз әлемдік деңгейге жете аламыз. Оған дәлелім, біз латын әліпбиіне көшу арқылы техника мен ғаламтор жаңалықтарымен бірге болып, тіл тазалығы мәселесін біртіңдей жойып, түркітілдес халықтармен жақын араласамыз. Мысалы, біз мектепте ағылшын тілін үйреніп келгендіктен латын әліпбиін танимыз. Бұған зерттеу жұмысымда жүргізген сараптамалар арқылы көз жеткізе алдым. Әсіресе, жастар жаңа тілдік форматты меңгеруде қиындық көріп отырған жоқ. Оған мектеп оқушыларынан алған сауалнама қорытындысы дәлел болады . Біздің міндет оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Осылайша үлес қоса отырып, туған тілімізге деген құрмет арта түседі. Яғни, латиницаға ауысу ұтымдылық, ол ең бірінші тіл ауыспай, таңба ауысуы, тіл тазалығы. Жобаның мақсаттары мен міндеттері де зерттеу жұмысының мүдделері мен бірегейлігін осылайша айқындап берді.
Қорыта келе, бұл - жаһандық тіларалық стандарттарға жақындау. Ұлттық сана-сезімді нығайтуға ықпал ететін әлемдік тіл кеңістігіне бірігу жолындағы қадам. Бұдан шығатын қорытынды-қазақ әліпбиіннің латын графикасына көшірілуі ұзақ мерзімді болашақта стратегиялық тұрғыдан дәлелделген мәселе. Латын әліпбиіне көшу Қазақстанның болашаққа алып қадам басуына мүмкіндік береді деп сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: |