Орындаушы: Казбекова Наргиз, Тұралы Арайлым 9-сынып оқушылары Тақырыбы: Латын графикасына негізделген Қазақ тілі әліпбиін зерттеу Бағыты



бет3/7
Дата19.04.2023
өлшемі2.37 Mb.
#472454
1   2   3   4   5   6   7
Латын графикасына негізделген Қазақ әліпбиін зерттеу

РЕЦЕНЗИЯ
«Латын графикасына негізделген Қазақ тілі әліпбиін зерттеу» ғылыми зерттеу жұмысына оқушылар Наргиз бен Арайлым Латын жазуына көшу арқылы бүгінгі техника жетістіктері мен ғаламтор жаңалықтарын ұтымды пайдалану жолдары мен латын қарпі түркі тілдес халықтарды жақындастыратын жан-жақты зерделеп, латын әліпбиін қабылдай отырып тілдік ерекшелігімізді сақтай алатынымызды жетекшісімен терең талдаған.
Латын әліпбиіне көшуді халықтың өткені мен бүгінгісін шығу тарихын зерттей арқылы, ғалымдардың да осы қаріпті қолану әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре алады деген пікіріне сүйене отырып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп жазған.
Оқушылар өз зерттеулерінде шағын эссе мен сауалнама, сұхбаттарын сыныптастарымен бөлісіп нәтижесін көрсете алған. Осы тұрғыда болашағынан үлкен үміт күтуге болатын Наргиз бен Арайлымды өз елінің патриоттары, тіл жанашырлары деп сеніммен айта аламыз. Мектеп оқушылары Казбекова Наргиз бен Тұралы Арайлымның «Латын графикасына негізделген Қазақ тілі әліпбиін зерттеу» атты ғылыми жұмысы өте өзекті тақырып. Жаңа Қазақстанның қуатты да табысты мемлекет бола түсуіне, мемлекеттік тілдің биік тұғырға көтерілуі үшін маңызды дей отыра, зерттеу жұмысын қорғауға ұсынамын.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті м.а.,филология ғылымдарының кандидаты С.С.Шоқабаева


Кіріспе
Жобаның өзектілігі: қазіргі таңда Қазақстан қуатты да табысты мемлекет болғандықтан мемлекеттік тілдің биік тұғырға көтерілуі маңызды. Латын әліпбиіне көшу арқылы тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алуды дәлелдеу. Латын жазуына көшу арқылы біріншіден, бүгінгі техника жетістіктері мен ғаламтор жаңалықтарын ұтымды пайдалану. Екіншіден, латын қарпі түркі тілдес халықтарды жақындастыратын жазу. Үшіншіден, латын әліпбиін қабылдай отырып тілдік ерекшелігімізді сақтаймыз. Жобаның мақсаты:латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің тиімді жолын қарастыру. Жобаның міндеті:1.Латын әліпбиін зерттеу. 2.Ақпараттар мен мәліметтер жинау. 3.Талдау жүргізу.
2017 жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қазақ тілі әліпбиін кириллацадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллацаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізінде жаңа әліпбиге көшіру туралы заң» қабылданды. Бұл-ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы-қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. оқушылар ағылшын тілін оқу арқылы латын әріптерін меңгерген, ғалымдардың, барша қоғам өкілдерінің көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы қабылдануы керек, жаңа әліпби үйрететін мамандар, оқулықтар дайындалып, әліпбиіміздің ғылымилығына басты назар аударып, әдістемелік жұмыстар жүргізу маңызды. Яғни жаңа әліпбиге көшу бірнеше кезең арқылы жүзеге асады. Ең бастысы, төл дыбыстарымыздың сипатын нақты көрсететін орфографиялық заңдылығымыздың табиғатына сай келетіндей болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет