Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі П. С. Паллас (1741-1811)



Дата24.11.2023
өлшемі21.94 Kb.
#484400
Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі

Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі

П.С.Паллас (1741-1811)
• ͘Академик, табиғат зерттеуші.
• ͘1768-1774 жылдары Қазақстанда экспедиция жасады.
• ͘1769 жылы өлкеге жасалған алғашқы ғылыми экспедицияның бірін басқарып, «Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат» еңбегін жазды.
Паллас Петр Симон (1741-1811) - танымал неміс және орыс оқымысты-энциклопедисі, табиғат зерттеушісі, саяхатшы, жаратылыстанушы.
1777 жылы Паллас Ресей империясыны топографиялық бөлімінің мүшесі болып бекітілді, 1782 жылы - әріптестер кеңесшісі, 1786 жылы Адмиралгейтс - әріптестеріне тарихи граф болып қызмет етті. Әр алуан саланың зерттеу жұмыстарымен айналысуды ары қарай жалғастыра берді.
Өзінің көптеген баспа жұмыстарында Паллас саяхатшы, зоолог, ботаник, палеонтолог, минералог, геолог, топограф, географ, медик, этнолог, археолог, филолог және шаруашылық иесі және технолог ретінде қолтаңбасын қалдырды. Оның осы бір сан алуан мамандығына қарамастан, оның ғылымға үстірт қарамай, нағыз энциклопедист болғанын білуге болады.
Филолог ретінде Паллас «Linguarum totius Orbis vocabularia comparativa. Sectio Linguas Eur. et Asiae complexa» (СПб., 1786—1789, 2 бөлімде) еңбегін жарыққа шығарды. Сол сияқты «Stralsundisches Magazin» жаратылыстану тарихы журналының бірінші томын (6 шығарылым) редакциялады.(Берлин және Штральзунд, 1767—1770).
Академик П. Паллас (1741-1811 жж.) табиғат зерттеуші, ғалым Қазақстанға дербес экспедиция ұйымдастырды. П. Паллас қазақтардың шаруашылығы туралы мынадай қорытынды жасайды: «Қазақтардың байлығы шынына келгенде мал шаруашылығынан тұрады, ал оларда жылқы мен қой айрықша көп. Оларда түйе әлдеқайда аз, ал сиыр одан да аз, себебі, оларды дағдылы жем-шөпсіз далада жақсы ұстау мүмкін емес». П. Палас өз жазбаларында «... қазақтарда мал шаруашылығы кең таралған, шын мәнінде, бірден-бір дерлік кәсіпшілік. Оларда аса тамаша малдың табындары бар». Тағы да оның дерегі бойынша Орынбор қаласындағы айырбас айналымда қазақ малы елеулі орын алады.
Паллас Қазақстанның батыс, солтүстік және солтүстік-батыс бөлігі (Орал, Гурьев, Троицк және Семей) жүріп өтті. Бұл экспедиция жұмысының нәтижесі ретінде П.С. Палластың «Ресей империясының әр түрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат» атты үш бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді. Онда қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнінде құнды материалдар бар.
П. С. Паллас Германияда дүниеден өткен. 

П.И.Рычков (1712-1777)


• ͘Академик, зерттеуші.
• ͘Орынбор өлкесінің Колумбы деген атпен даңқы щыққан.
• ͘Еңбектері: «Орынбор тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы»
• ͘1769-1772 жылдары баласы Н.Рычков өлкеде мәліметтер жинастырып,»Капитан Н.Рычковтың 1771 жылдардағы қырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік жазбалары» еңбегін жазды (1772).
• ͘Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған.
• ͘Әбілқайыр ханның бейітін суреттеп берді.
В.Н.Татищев (1686-1750)
• ͘Ресейдің тарих ғылымының негізін қалаушы, географ.
• ͘Орынбор өлкесін зерттеді.
• ͘Қазақ тарихын, тұрмыс тіршілігін және мәдениетін зерттеген.
Г.Ф.Миллер (1705-1783)
• ͘Белгілі тарихшы, этнограф.
• ͘Еңбегі: «Сібір патшалығының тарихы».
• ͘Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқан.
• ͘Қазақстан туралы бағалы мәлімет қалдырған.
• ͘»Сібір тарихының атасы» атанды.
Қазақстандағы шетелдік зерттеушілер: ағылшын теңізшісі Джон Эльтон (1735); суретші Джон Кэстль (1736); сауда қызметкері Реональд Гок (1741-1742)
XIX ғасырларда Қазақстанды зерттеуге ат салысқан:
• ͘1833-1841 жылдары В.И.Даль Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырды. ͘1839-1840 жылдары Хиуа жорығына қатысып, 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшыларына қолдау білдірді. «Бөкей мен Мәулен» повесінде Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмысын сипаттады.
• ͘І Петрдің жеке тапсырмасы бойынша «Азияға жол іздеу» талабымен құрылған әскери экспедицияны басқарды: И.Д.Бухгольц
• ͘Жоңғария картасын жасаған орыс экспедиция құрамында болып, тұтқынға түскен швед офицері: И.Г.Ренат
• ͘XIX ғ. 80 жылдары Жоңғария картасын алғашқы рет орыс география қоғамы жазбасына жазған: В.В.Веселовский
• ͘1833 жылы А.С.Пушкин Орынборда болып, 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев көтерілісі туралы мәлімет жинақтады. «Пугачев бүлігінің тарихы», «Капитан қызы» шығармалары. А.С.Пушкин Оралда «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» поэмасымен танысқан.
• ͘1848-1489 жылдары Г.С.Карелин Каспий теңізіне, А.Бутаков Арал теңізіне экспедиция жасады:
• ͘Сырдария өзенінің жағалауларын суртке түсірді;
• ͘Арал теңізі мен Сырдарияның тереңдігін анықтап, картада белгіледі.
• ͘Саяхатшылар Е.П.Ковалевский, Н.А.Северцов, П.И.Небольсин қазақ жерін топографиялық картаға түсіріп, табиғи байлықтарын зерттеді.
• ͘Ғалымдар А.Левшин, Э.Мейер, Н.Завалишин, Н.Красовский, В.Витевский қазақ халқының тарихына арнап еңбектер жазды.
• ͘XIX ғасырдың I жартысында Қазақ тарихы туралы кқлемді еңбек жазған орыс тарихшысы А.Левшин болды.
• ͘Орыс ғалымдарының Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарының негізгі қорытындысы А.Левшиннің «Қырғыз-қайсақтық ордалар мен далаларды зерттеу» атты еңбегі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет