- Ақын 1935 жылы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында.1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол жылы жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. 1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.
- Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. Қ. Мырза Әлі – 200-ге жуық әні бар. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді. Артына ең көп еңбек қалдырған ақынның туындыларының жалпы көлемі 32 том. Оның 20 томдығы былтыр ақынның 75 жылдығына орай «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген болатын. 22 қаңтардың күні қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлі 77 жасқа қараған шағында өмірден озды.
- Қадыр Мырза Әлидің
- кітаптары
- Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғұламаларының талайының шығармаларын Ш.Петеи, С.Есенин, Р.Гамзатов өлеңдерін қазақ тіліне аударады. Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды. Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), әзербайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бүрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты. 1993 жылы Қадыр Мырза Әлі әлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығын алды. Соңғы жылдары ақынның он алты томдық таңдамалары жарық көрді. 2003 жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять» атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты.
- Қадыр Мырза Әлидің
- өлеңдері
- Орыс, неміс, украин, литва, эстон, грузин, өзбек, тәжік, қырғыз, түрікмен, татар, башқұрт, қарақалпақ, ұйғыр тілдеріне аударылған.
- О состоянии Любви Не спрашивай! Не знаю их Хоть знаю, но тебе о них, Юнец, не дам я советы Есть ли учитель у Любви? Коль есть, зови! Пусть учит нас Влюбленным можно ль дать указ? Мы все Любви ученики
| - Қадыр Мырзалиев: «Ғашықтық жайын қозғама..»
- аудармасы
- О состоянии Любви не спрашивай
- Ғашықтық жайын қозғама, Қозғауды мақұл көрмес ем, Ол жайлы саған боз бала, Білгенмен ақыл бермес ем! Сүюге ешкім оқытпас, Оқытам десе, шақыртқыз. Ғашықтар үшін жоқ ұстаз, Бәріміз түгел шәкіртпіз.
| - Шындық
- Ақындық шығар айыпты,
- Әлі білмен себебін.
- Өлеңге айтып қойыппын
- Өмірдің айтпа дегенін.
- Өтірік жырдың қайдағы
- Болмайсың жетіп шетіне.
- Ақиқат – сөздің қаймағы,
- Тұрмайды шықпай бетіне.
- АУЫЛ-АТАМЕКЕН ПЕРНЕСІ
- Бұл сөзіме сенбе менің мейлің, сен мейлің,
- Сен тұрғанда сембеймін де, сөнбеймін!
- Бақытыңды таба алмасаң сүюден,
- Басқа тапқан Бақытыңа сенбеймін!
- Бұл сөзіме сенбе менің мейлің, сен мейлің,
- Отан барда сембеймін де, сөнбеймін.
- Туған жерден таба алмасаң қасиет,
- Басқа тапқан қасиетіңе сенбеймін!
- ТАБИҒАТ-ЖАРАТЫЛЫС ПЕРНЕСІ
- О, далам, менің байтағым,
- Далам деп өлең айтамын.
- Ұлың боп ойлап барам да,
- Құлын боп ойнап қайтамын.
- О, далам, менің байтағым,
- Далам деп өлең айтамын.
- Солған Ай болып барам да,
- Толған Ай болып қайтамын.
Достарыңызбен бөлісу: |