Қорлар есебі



бет2/2
Дата08.12.2022
өлшемі30.8 Kb.
#466828
1   2
лекция 8

Берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы (у.№М-3). Берілген сенімхаттар мен оларды алғандығы туралы қолхаттарды тіркеуге қолданылады. (ү.№М-2) сенімхатты пайдаланған кезде оның берілгендігі және алынғандығы сенімхаттың түбіртегіне жазылады. Мұндай жағдайда берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы жүргізілмейді.
Kіpіc ордері (ү№М-4) жабдықтаушылардан немесе өткізілгеннен кейін субъектілерге келіп түсетін босалқыларды есепке алуға қолданылады. Босалқылар қоймаға келіп түскен күні материалдық жауапкершілігі бар тұлға кіріс ордерін 1 дана етіп толтырады.
Материалдардың қабылданғаны туралы AKT (ү.№М-7). Жабдықтаушылардың жолдама құжаттарындағы мәліметтерден сандық және сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен материалдарды қабылдағанда жасалады.
Материалдың құндылықтардың өндірісте дайындалу, сортталу процесінде жетіспеушілігі мен жоғалуы жөніндегі AKT (ү. №M-7)
Табиғи шығьн нормаларына сәйкес материалдардың жоғалуы туралы АКТ(ү№М-7б). Субъектінің қоймасына жабдықтаушылардан келіп түскен кезде табиғи шығын нормаларына сай қорлардың кемігені анықталса немесе өңделгеннен кейін оларға табиғи шығын нормалары қойылған болса, осы AKT жасалады.
Материалдардың (тауарлардың) бұлінуі, сынуы, қирауы туралы AKT (ү.№М-7в). Кәсіпорында бұлінудің, сынудың, қираудың нәтижесінде арзандауға және шығарылуға тиіс қорлардың (тауарлардың) есебін алу үшін пайдаланылады. Ол 2 дана етіп жасалынады да, қол қойылады. 1-ші дана бухгалтерияға жіберіліп, қорлардың жоғалуына материалдық жауапты кісілерден шығарып тастауға негіз болады, 2-ші данасы бөлімшеде қалады.
Материалды айырбастауға (қосымша босатуға) талап-актсы (ү. №М-10), Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық бо-сатылуын немесе оларды ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай-ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады.
Қоймалардан түскен құжаттар жік-жігімен жинақталып, жөнелту қағаздарымен жабдықталып, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметтерімен салыстырады. Құжаттардың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге пайдаланылады, ал екінші даналары материалдар сақталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары және номенклатуралық нөмірлер бойынша орналасады. Олар анықтамалық мақсаттарда және қоймалар мен бухгалтериядағы есеп деректерін салыстырып тексеру үшін пайдаланылады.

Бақылау сұрақтары:



  1. 2 ҚЕХС «Қорлар».

  2. Тауарлы – материлдық қорлардың жіктелуі.

  3. Материалдардың түсуін құжаттау және оның тәртібі.

  4. ТМҚ қозғалысын құжаттау.

  5. ТМҚ бағалау әдістері.

  6. ТМҚ түгендеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет