1.8 Қорлар есебі
Тауарлық-материалдық құндылықтар бір жылдың ішінде немесе компанияның бір операциялық циклының ішінде сатылатын немесе пайдаланылатын болғандықтан ағымдағы активтер қатарына жатады. ТМҚ шаруашылық субъектісінде келесі түрлерге бөлінеді:
өндіріс процессінде немесе жұмыстар орындағанда және қызмет көрсетілгенде пайдалануға арналған шикізат, материалдар, шала фабрикаттар және құрастырмалы бұйымдар, отын, ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірістік және шаруашылық инвентарьдың өзге де материалдары (материалдар шоттары);
аяқталмаған өндіріс. Оның өзіндік құнына тек шикізат шығындары ғана емес, сонымен бірге еңбек шығындары және жанама үстеме шығыстар да кіреді (негізгі және көмекші өндіріс, меншікті өндірістің шала фабрикаттары шоттары);
дайын өнім және шаруашылық субъектісінің қалыпты қызметі барысында сатуға арналған тауарлар (дайын өнім және тауар шоттары).
Тауарлық-материалдық құндылықтар құрамына кірмейтін тауарларға мыналар жатады:
Консигнациядағы тауарлар.
Жолдағы тауарлар.
ТМҚ бағалау күрделі процесс болып табылады және келесі сатылардын тұрады:
ТМҚ-ға жатқызылатын тауарлардың санын анықтау;
ТМҚ-ның өзіндік құнына кіруге тиісті шығындарды анықтау;
ТМҚ құнын шығысқа жатқызу тәртібін анықтау.
Қорлардың өзіндік құнына келесі шығындар кіреді:
ТМҚ сатып алуға кеткен шығындар;
өнімді өндіруге кеткен шығындар
өзге де шығындар(тмқ‑ны орналасқан жеріне тасымалдау кезінде немесе оларды тиісті жағдайға келтіру барысында пайда болса ғана өнімнің өзіндік құнына кіреді).
Келесі шығындар ТМҚ-ның өндірістік өзіндік құнына кірмейді:
өткізу шығыстары;
әкімшілік шығыстар;
өзге де операциялық шығыстар.
Жалпы, ТМҚ есебі №2 «Қорлар» Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес жүргізіледі. Қорлардың құнын анықтау барысында олардың бағасын дұрыс белгілеу маңызды болып табылады. Есепті кезең ішінде материалдардың көптеген түрлерінң бағалары өзгеріп тұрады. Материалдың бір түрі, мысалы, бір ай ішінде әр түрлі бағамен келіп түсуі мүмкін. Сонымен бірге, материалдардың бір түрін сатып өткізгенде, оның қандай ретпен және бағамен сатылғандығын анықтау мүмкін емес. Сондықтан, материалдар құнының болжамды қозғалысын аталмыш стандарттарға сәйкес келесі әдістермен бағалау ұсынылады:
арнайы сәйкестік тәсілі;
орташа өлшенген құндық тәсіл;
бірінші тауарлар бағасы арқылы қорларды бағалау тәсілі.
Қараша айы бойынша материалды құндылықтардың мөлшері және қозғалысы туралы мәліметтер 1 кестеде көрсетілген.
Кесте 1.9.1 - Қараша айы бойынша материалды құндылықтардың мөлшері және қозғалысы туралы мәлімет
Көрсеткіштер
|
Көлемі, дана
|
Бағасы, тңг
|
Сома, тңг
|
1.11 қалдық
|
1000
|
20
|
20000
|
Қарашада алынған
1 партия
2 партия
3 партия
4 партия
|
200
300
600
200
|
21
23
20
22
|
4200
335000
12000
4400
|
Кірістегі қорытынды
|
1300
|
|
27500
|
Қалдықпен қорытынды
|
2300
|
Орташа баға 20-65
|
47500
|
1 желтосанға қалдық
|
8100
|
|
|
Сәйкестіктің арнайы тәсілі ТМҚ өзіндік бірлігінің есебін болжайды. Ол көбінесе арнайы тапсырыстар мен жобалар үшін ауысымды және жасамды болып келмейді. Бұл тәсіл партия арқылы қорлар есебін құрастыру мүмкін болғанда қолданылады. Осы мысалда 8100 дана қалдығын болжамданған, 6 кестеде көрсетілген.
Кесте 1.9.2 - Шешуі
Ай басындағы қалдықтан
|
300 дана
|
20
|
6000
|
1 партия
|
100
|
21
|
2100
|
3 партия
|
300
|
20
|
6000
|
4 партия
|
200
|
22
|
4400
|
|
8100
|
|
18500
|
Осыдан ай ішіндегі шығындалған материалдар құны 281000 теңге (47500-18500).
Орташа есептелген құн тәсіл. Осы тәсілбарысында материалдық қорлар құны - ай басындағы бар қордың орташа құны және осы айда түскен ТМҚ құны.біздің мысалымызда материал бірлігінің орташа құны 20 теңге 65 тиын (47500 2300) болады, ай ішінде шығындалған материал 28910 теңге (2300-8100)=1400 20,65.
FIFO тәсілі - бірінші түскен тауар бағасы бойынша қорларды бағалау тәсәлә. Бұл тәсіл болжаумен негізделген, алдымен қорлардың фактілік өз құны шығындалған материалдарға енгізілуі тиіс. Ай аяғында қордың өз құны ақырғы жеткізілген тауарға сәйкес келеді, ал олардың сатылғандары бұрын жеткізілгендерге жатады.
Ай аяғында 8100 бірлік қалдық былай бағаланады: 4 партия 200 22 = 4400, 3 партия 600 20=12000, 2 партия 100*23=2300.
Қор шығын 1400 (18700) 47500-18700=28800 тең болады.
Қорларды бағалаудың тәсілдерін салыстыру 7 кестеде көрсетілді.
Кесте 1.9.3 - Қорларды бағалаудың тәсілдерін салыстыру
Көрсеткіштер
|
Сәйкестендірудің арнайы тәсілі
|
Орташа құн тәсілі
|
FIFO тәсілі
|
Үлкен кіріс
|
30000
|
30000
|
30000
|
Қорлар шығыны
бірлік мөлшері құны, теңге
|
1400
281000
|
1400
28910
|
1400
28800
|
Ай аяғындағы қорлардың қалдығы
бірлік мөлшері
құны, теңге
|
8100
18500
|
8100
18580
|
8100
18700
|
Сатудан кіріс
|
1000
|
1098
|
1200
|
Әр тәсілдің айырмашылықтары мен кемшіліктері бар және ешқайсысы ең қолайлысы және жетік деп қарастырылмайды. Бағаның тәсілін таңдау оның Балансқа, Есепке, қаржылық нәтижелерге, салықтық есепке әсеріне байланысты болады. FIFO тәсілі көбінесе Балансты құру үшін қолайлы, себебі есептік периодтың соңында қорлардың бағасы өтпелі бағаларға жақын болады. Осылайша кәсіпорын активтеріне нақты боп көрінеді. Сонымен қатар, тәсілді таңдау кезде есептелетін салықтың көлеміне жақсы әсер етуін ескеру керек.
Материалдық құндылықтардың барлық түрлері 1300 бөлімшенің активті шоттарында жүргізіледі.
1310 "Шикізат пен материалдар" онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикзаттар және материалдар есепке алынады;
1320 "Дайын өнім”, онда дайын және аяқталмаған өнім есепке алынады;
1330 “Тауарллар” онда сатып алынған және қайта сатуға сақталған тауарлардың қлзғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
1340 «Аяқталмаған өндіріс», онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады;
1350 «өзге қорлар», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады;
1360 «қорларды есептен шығару бойынша резерв», онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескертуге байланысты есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасын есепке алуға арналған.
Материалдық босалқылардың қозғалысына байланысты барлың операциялар бойынша құжаттар дайындалып, аз данамен шығарылады. Материалдық босалқылардың қабылдануымен байланысты келіп түскен құжаттар (шот-фактуралар, төлем талап тапсыр-малары, тауарлық-көліктік жөнелтпе қағаздары) жабдықтау бөліміне тексеруге және акцептке (төлеуге) қабылдауға беріледі. Бұл жерде оларды келіп түскен жүктерді есепке алатын журналға (ү. №М-1) тіркейді. Бұл журнал қорлардың түсуі мен кіріске енгізілуін бақылауға, сондай-ақ шоттарды төлеу мерзімдерін немесе акцептен бастартуды жедел түрде бақылауға арналған.
Материалдардың қозғалысын есепке алу бойынша төмендегідей типтік құжаттар пайдаланылады.
Ceнім-хат (№ М-2 немесе М-2а үлгілері). Материалдық қорлар-ды қабылдау кезінде лауазымды тұлғаның, субъектінің сенімді өкілінің құқысы бар адамға сенімхатты рәсімдейді. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. №М-2а үлгісін, материалдық құндылықтардың алынғандығы, берілген сенімхаттарды есепке алатын, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға (ү. №М-3) тіркейтін субъектілер қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |