«Орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» ҚР ОАМ-нің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 363 бұйрығымен бекітілген:
күзгі – 7 күн (2022 жылғы 31 қазан - 6 қарашаны қоса алғанда),
қысқы – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі - 9 күн (2022 жылғы 18-26 наурызды қоса алғанда);
Түсінік хат
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні
Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің және Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 5-11-сыныптарда «Қазақстан тарихы» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11-сыныптарда «Қазақстан тарихы» оқу пәні екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде сыныптарды топтарға бөлуге білім беру санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде жол беріледі. 2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (ҚР оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен өзгерістерімен және толықтырулар енгізілген): жүзеге асырылады.
399 бұйрық 16.09.2022
- осы бұйрыққа 61-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5- 9 сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;
- осы бұйрыққа 62-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5- 9 сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;
- осы бұйрыққа 63-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 9 сыныбына арналған «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;
- осы бұйрыққа 118-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің (жаратылыстану-математикалық бағыты, қоғамдық-гуманитарлық бағыты) 10-11 сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;
- осы бұйрыққа 119-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;
- осы бұйрыққа 120-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;
- осы бұйрыққа 121-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;
- осы бұйрыққа 122-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы бекітілген.
Оқу пәнінің мақсаты – отандық тарихтың негізгі оқиғалары мен процестерін оқыту негізінде тарихи санаға, азаматтылық пен отансүйгіштік қасиеттерге ие, тарихи білім мен дағдыларды оқу және қоғамдық іс-әрекеттерде тиімді және шығармашылықпен қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) Қазақстан аумағындағы қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі этникалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени дамуының негізгі мәселелері туралы білім қалыптастыру;
2) тарихи қалыптасқан мәдени, ұлттық дәстүр, әлеуметтік және адамгершілік нормаларды білім алушылардың түсінуі негізінде оларда азаматтылық пен қазақстандық бірегейлікті, дүниетанымдық ұстанымдарды тәрбиелеу;
3) әлемдік тарихи процестегі Қазақстанның орны мен рөлі туралы жалпы тұтас түсінік қалыптастыру;
4) тарихи оқиғалар, құбылыстарды тарихи заңдылықтарды ескере отырып зерттеу, оқиғалар мен тұлғаларға қатысты пікірлер мен берілген бағаларды салыстыру және сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту, өткен кезеңмен қазіргі уақытқа қатысты пікірталастық мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру;
5) өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын дамыту;
6) әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және жүйелеу дағдыларын дамыту;
7) әртүрлі деректерді қолдана отырып, жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
8) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
9) коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қолдану.
Бағдарламада оқыту мақсаттары кодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім мен бөлімше ретін, төртінші сан оқыту мақсатының реттік санын көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.2 кодында «10» – сынып, «2.1.» – бөлім мен бөлімше, «2» – оқыту мақсатының реттік саны.
Үлгілік оқу жоспары бойынша «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды;
2) 9 сыныптарда «Қазақстан тарихы» оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
|
9 сынып
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |