Орта білім оқу жетістектерін сырттай бағалау бойынша дүние жүзі тарихы
пәнінен тест спецификациясы
1. Мақсаты: 9 сынып оқушыларының дүние жүзі тарихы пәні бойынша дайындық деңгейі мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасқандығын бағалау.
-
Тест мазмұны.
Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 6, екінші деңгейде – 10, үшінші деңгейде – 4 тапсырма.
Дүние жүзі тарихы пәні бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған оқу бағдарламасына сай құрастырылған.
№
|
Бөлім
|
№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпша
|
01
|
Ежелгі Шығыс елдері
Антикалық өркениет
|
01
|
Ежелгі Шығыс елдері
Антикалық өркениет
|
01
|
Қосөзен мемлекеттері, Ежелгі Египет, Азияның оңтүстік-батысындағы ежелгі мемлекеттер
Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия мемлекеттері (әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси тарихы)
|
02
|
Ежелгі Грекия, Македония, Ежелгі Рим: Республика мен Империя кезеңі (әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси тарихы)
|
02
|
Орта ғасырлар
(Ерте орта ғасырлар V-X ғғ.,
дамыған орта ғасырлар XI-XV ғғ., кейінгі орта ғасырлар XV-XVII ғғ.)
|
02
|
Орта ғасырлар
(Ерте орта ғасырлар V-X ғғ.,
дамыған орта ғасырлар XI-XV ғғ., кейінгі орта ғасырлар XV-XVII ғғ.)
|
01
|
Батыс және Орталық Европа,
Византия империясы және Таяу Шығыс,
Орталық Азия, Орта Азия, славяндар, Киев Русі,
Шығыс елдері, XI-XIII ғғ. Русь, Ресей XV-XVII ғасырларда (әлеуметтік-экономикалық дамуы)
|
02
|
Батыс және Орталық Еуропа,
Византия империясы және Таяу Шығыс
Орталық Азия, Монғол-татар шапқыншылығы,
Орта Азия, Славяндар, Киев Русі,
Шығыс елдері, XI-XIII ғғ. Русь, Ресей XV-XVII ғасырларда (қоғамдық-саяси тарихы) XI-XIII ғасырлардағы христиан шіркеуі.
|
03
|
Ежелгі дүние тарихы мәдениеті (V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы мәдениеті
|
03
|
Ежелгі дүние тарихы мәдениеті (V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы мәдениеті
|
01
|
Ежелгі Шығыс, Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим
|
02
|
Батыс және Орталық Еуропа,
Византия империясы және Таяу Шығыс,
Орталық Азия, Орта Азия, славяндар, Киев Русі,
Шығыс елдері, XI-XVII ғасырлардағы Ресей мемлекеті. Ұлы географиялық ашылулар.
Қайта өрлеу.
|
04
|
Еуропа және Солтүстік Америка, Азия және Африка елдері (XVII ғ. - XX ғ. басы)
|
04
|
Еуропа және Солтүстік Америка, Азия және Африка елдері (XVII ғ. - XX ғ. басы)
|
01
|
Англия, Солтүстік Америка, Франция, Ресей, Германия, Италия, Австрия, Үндістан, Осман империясы, Қытай, Монғолия, Жапония, Иран.
Англияда капитализмнің орнауы (XVII- XVIII ғғ. қоғамдық-саяси тарихы және әлеуметтік-экономикалық дамуы)
|
02
|
АҚШ, Англия, Ресей, Франция, Германия, Италия, Австро-Венгрия, Қытай, Жапония, Үндістан, Осман империясы, Иран, Араб елдері (XIX ғ. – XX ғ. басы. қоғамдық-саяси тарихы және әлеуметтік-экономикалық дамуы)
|
05
|
Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Африка елдерінің мәдениеті (XVIIІ ғ. - XX ғ. І жартысы)
|
05
|
Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Африка елдерінің мәдениеті (XVIIІ ғ. - XX ғ. І жартысы)
|
01
|
Ағартушылық дәуірі. XVII-XVIII ғғ. ғылым мен техниканың дамуы. Мәдениеттің дамуы (XIX ғ.)
|
06
|
Халықаралық қатынастар (XVIІ ғ. – XX ғ. І жартысы)
|
06
|
Халықаралық қатынастар (XVIІ ғ. – XX ғ. І жартысы)
|
01
|
Отарлау жүйесі мен халықаралық қатынастар (XVII- XVIII ғғ.)
|
02
|
XIX ғ.- XX ғ. І жартысы халықаралық қарым-қатынастар
|
07
|
Дүние жүзілік соғыстар және олардың салдарлары
|
07
|
Дүние жүзілік соғыстар және олардың салдарлары
|
01
|
Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918 жж.)
Версаль – Вашингтон жүйесі
|
02
|
Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945 жж.). ІІ дүниежүзілік соғыс барысындағы Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, КСРО, АҚШ, Жапония, Қытай, Монғолия, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Түркия, Азиядағы және Африкадағы Араб елдері
|
08
|
Еуропа және Америка елдері(1918-2014 жж.), Азия және Африка елдері(1918-1945 жж)
|
08
|
Еуропа және Америка елдері(1918-2014 жж.), Азия және Африка елдері(1918-1945 жж)
|
01
|
Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Еуропа және Америка елдері (1918-1939 жж.) (Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Кеңестік Ресей, КСРО, АҚШ, Жапония, Қытай, Монғолия, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Түркия, Азиядағы және Африкадағы Араб елдері)
|
02
|
Батыс Еуропа және Америка елдері, Оңтүстік, Орталық, Шығыс Еуропа елдері (1945-2014 жж.) (Ұлыбритания, Франция, ГФР, АҚШ, Орталық және оңтүстік-шығыс Еуропа елдері, КСРО. Ресей Федерациясы)
|
09
|
Құжаттардағы тарих
|
09
|
Құжаттардағы тарих
|
01
|
Тарихи оқиғалар туралы жазба деректер
1. Ежелгі Шығыс елдері
Антикалық өркениет
2. Орта ғасырлар
(Ерте орта ғасырлар V-X ғғ.,
дамыған орта ғасырлар XI-XV ғғ., кейінгі орта ғасырлар XV-XVII ғғ.)
3. Ежелгі дүние тарихы мәдениеті (V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы мәдениеті
4. Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Африка елдері (XVII- XX ғ. басы.)
5. Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Африка елдерінің мәдениеті (XVIIІ ғ. – ХІХ ғ.)
6. Халықаралық қатынастар (XVIІ ғ. – ХХ ғ. І жартысы)
7. Дүние жүзілік соғыстар және олардың салдарлары
8. Еуропа және Америка елдері(1918-2014 жж.), Азия және Африка елдері (1918-1945 жж.)
|
3. Тест жоспары: Ежелгі дүние тарихы (01, 03 тақырып 01 тақырыпша) – 3 тапсырма
Орта ғасырлар тарихы (02, 03 тақырып 02 тақырыпша) – 3 тапсырма
Жаңа заман тарихы (04-06 тақырыптар) – 4 тапсырма
Қазіргі заман тарихы (07-08 тақырыптар) – 4 тапсырма
Құжаттардағы тарих (09 тақырып) – 6 тапсырма
4.Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Ежелгі дүние тарихы: жыл мен ғасыр арақатынасын, оқиғаның реті мен ұзақтығын, тарихтағы жыл санау; ежелгі дүние тарихының даму кезеңдері, батыс пен шығыс өркениетерінің даму ерекшеліктерін сипаттау.
Орта ғасыр тарихы: орта ғасырлық мемлекеттердің саяси, экономикалық, мәдени даму кезеңдерінің хронологиясы; феодалдық қоғамның сипаты мен ерекшеліктері.
Жаңа заман тарихы: Тарихи кезеңнің сипаттамасы мен хронологиялық шеңбері; буржуазиялық революцияның әр мемлекеттік және аймақтардағы ерекшеліктері және салдары; капиталистік қатынастардың орнауы; отарлау жүйесінің қалыптасуы.
Қазіргі заман тарихы: Қазіргі даму барысында саяси, экономикалық және мәдени даму ерекшеліктері.
Құжаттардағы тарих: тарихи құжаттармен жұмыс.
5.Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындауға берілетін уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 30 минут.
6. Нұсқа және тапсырмалар саны:
Бір тест 20 тест тапсырмасынан тұрады.
Тест нұсқаларының баламалылығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
7.Тапсырмалар формасы:
Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
8. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін оқушы 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл алады. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған кезде оқушы 20 балл алады.
Достарыңызбен бөлісу: |