3.Асикага сегунатының құрылуы және саяси тарихы. Жапония тарихында 1336-1573 жылдары Асикага сегунаты өмір сүрді. Жапониядағы биліктің Асикага әулетіне өтісімен елде өзара соғыс басталды. Биліктен үміткер император Гадайго тауға қашып барып, Ёсино деген жерде оңтүстік сарайдың негізін салды. Ал Асикага әулеті Киотадағы император тағына Комёні отырғызып, Солтүстік сарайды басқарды. Екі патшалық екі әулет бір орталыққа Киотаға біріккенге 1392 жылға дейін сақталды.
Асикага сегунаты кезінде орталық мемлекеттік аппарат өмір сүгенімен, үкімет Сиба, Хосокава, Хатакэяма және тағы басқа ірі феодалдардың бақылауында болды.
Токугав сегунатының орнығуы.
1603 жылы Токугав Иэясу Сегун атағын алып, Жапонияда феодалдық династияны орнатып, елдегі билікті қолына алды. XVII ғасырдың басында елде 260 үлкенді-кішілі княздық болды, халық саны 28 миллионға жетіп, олардың 80 пайызы ауыл шаруашылығымен айналысты. 1590 жылы өзіне Токугав Иэясу бұрынғы Жапония басшысы Хидэесиден мақтау қағазын алып, Канто облысының 8 провинциясы бойынша елде ең мықты феодалға айналған. Сол кезден бастап байыған феодал өзінің билігін күшейтіп, басқа княздықтарға көз тіге бастады. Токугав жанұясына елдің территориясының төрттен бірі берілді.
Токугав халықты 4 сословиеге бөлді. Бұл әлеуметтік жіктелу си-но-ко-се деп аталды. Си-самурайлар, но-шаруалар ко-қолөнершілер, се-саудагер, көпестер болды. Жапонияда император-«тірі құдай» билік етеді, бірақ елді басқару ісі сегунның қолында болды. Сегунның айналасындағы жақындары және самурайлар жоғары сатыда тұрды. Импетратор өзінің астанасы Киотода өмір сүрді, оның сарайында онымен бірге өз елігінде жерлері жоқ ақсүйектер тұрды. Олар-кугэлер деп аталды. Ірі княздықтар феодал Токугавтың үйіне 1 жылда әкелетін күріштің көлемі бойынша жіктелді. Күріш ең қыбат өнім болды. Орта феодалдық княздықтар жылына 10 мың коку күріш Токугав үйіне төледі. Бүкіл елге 11 миллион коку күшін жиналса, оның 4 миллионы Токугав үйіне тиесілі болды. Ең бай феодалдық княздықтар, мысалы, Мори, Маэда, Уэсуги сияқты жер иеленушілер жолына 1 миллион 200 мың коку күріш жинады.
Жапонияда сегунның қарамағындағы жер мемлекеттік болып саналады және княздықтардың, храмдардың, діни монастырлардың қарамағындағы жерлер болды. Шаруалар өз қарамағындағы жердер де өз шаруашылықтарын жүргізіп, мұрагерлікке қалдырып отырды. Өз жерлерінде феодалдардың билігі жүрсе де, олардың шаруаларды сатуға немесе сатып алуға құқығы болмады. Қарапайым шаруалар жерді пайдалану үшін арендаға алды, жер салығын «нэнгумен» (салық түрі-күріш рентасы) өтеді, кейде феодалдар салықты ақшалай жинады. Жапонияның кейбір аудандарында самурайлардың жерлерінде ғана «барщина» салығы кездеседі. Барщина салығын адамдар феодалдардың үйін жөндеумен, малдармен қараумен, жеке жұмыстарын істеумен немесе жол жөндеу, көпір салу сияқты жұмыстар істеумен өтеді.
Токугава тұсында Жапонияда көптеген ірі қалалар болды. Атап айтар болсақ, ірілері-Эдо, Осака, Киото, Ногая, Нагасаки, Сакай, Хаката. Өз билігін орнатқан Токугава сегунның астанасын салуды қолға алды, оған Канто ауданының шығысын таңдады. Эдоны салу үшін үлкен тастарды Идзи жағалауынан тасыды, бір тасты 100 адам көтерді. Ауқатты феодалдар әрбір жұмысшы басына 1000 коку күріштен берді. Астананы салуға 10 мыңға жуық адам қажет болды. XVII ғасырда Жапония қалаларының халық саны өсті. Эдода 500 мың адам, Киотода 500 мың адам, Осакада 270 мың адам болды.
Токугав шет елдерімен қарым-қатынасы қадағалап отырды. Ол шетелдіктердің техникалық білімдерімен жасалған қару-жарақ алмасуды көздеді. Бірақ қару-жарақтың алмасуы мемлекеттік ақпаратқа қауіп төңдірді. Бұдан кейін шетелдіктермен қарым-қатынас тоқтады, жасырын түрде жасалған әрекеттерге жаза қолданды, 1614 жылы заңды түрде тыйым салынды.
1636 жылы Жапондықтарға өз елінен шығуға, ұзақ жолға жүретін, жүзетін кемелер жасауға рұқсат беріледі. Тек саудагерлер ғана Нагасакида Дэдзима жағалауында өз саудаларын істеді. 1637 жылы Симабарада ауқатты тұрғылықты даймелердің басшылығымен, шаруалардың қарсылығы басталды. Бұл наразылық әртүрлі ұрандармен кең жайылды. Шаруалар миссионерлерден алған отты атқыш қарумен қаруланады. Олар Кюсюдің барлық аудандарын тез арада қамтыды. Сегунның әскері оларды баса алмады. Тек голландиялық кемелердің бомбылаушы отрядтардың көмегімен Токугав көтерісшілерді басып тастады. 1638 жылы Токугавтың бұйрығы бойынша елден португалдықтар, испандықтар, т.б. шет елдіктерді шеттетілді, тек көмек көрсеткен үшін голландиялықтар ғана қалды. 1 жылда 2 рет ғана голландия, корей, қытай кемелеріне Жапонияға кіруге рұқсат берілді. Токугав егунатының орнығуы ың мақсаты елде қатаң тәртіп орнатып шеттен төңген қауіп-қатерге қарулы қарсылық көрсете алу еді.
Феодалдық жіктелу және оның әлеуметтік-саяси ұйымы. Токугав Иэясу дворяндарды бірнеше разрядтармен категорияларға бөлді. Әскери дворяндардың өкілдері-әскер үйіне «букэлардың» құрамына кірді, олар самурайлық білім алды. Киоталық ақсүйектер, феодалдық дворяндардың ең жоғарғы сатысындағылар кугэлар деп аталды. Қатардағы басқада дворяндар «бусилар» деп аталды. Даймерлердің ең жоғарғы сатысындағылар «симпандар» деп аталды. Олар сегунның үйімен туыстық қарым-қатынасы бар адамдар. Сэкигахарамен соғысқа қатысқан Токугавтық жақтаушылармен, қарсылыстарын Иэясу «екі категорияға» бөледі. Бұл «даймелер» 2-ге бөлінеді. «Даймелер» букэлерден жоғарғы лауазымды княздар. Олар Токугав тұсында феодал үйіне 1 жылда 10 мың коку (шамамен 1500 тонна) күріштен кіріс әкелді. Даймелер мынадай 2 топқпа бөлінді.
«фудай дайме» (мұрагер даймелер)-Токугавтың сегун болмай тұрғаннан бері келе жатқан жақтастары. Токугав сегун атағын алғаннан кейін олар оның сенімді серіктерімен тірегіне айналды.
«тодзама дайме» (бөтен даймелер)-Токугавқа қарсы күресіп келген ауқатты княздар. Олар өз істерін басқаруда еркін болған. Бұларды Токугав өзінің қарсылыстары ретінде үнемі қадағалап отырды, өйткені олар фудай даймелер сияқты сегунның экономикалық күшіне көп бағына қоймады. Тодзама даймелерге билік орындарында қызмет етуге рұқсат берілмеді. Кюсю, сихоку және онтүстік хансюдің алыс аудандарында тодзама даймелер еркін билік етті, олар сегунның билігіне қарсылық көрсету үшін орталық билік құрды.
Осыған байланысты сегун үсті жаңа репрессиялық система құрды. Ол система бойынша тодзама даймелердің мүлкі тәркіленіп, жерлері бөлініске салынды. 1600 жылдан 1602 жылға дейін 72 даймелердің жерлері тәркіленді, 61 ауқатты даймелер бір ауданнан екінші ауданға көшірілді. Тодзама даймелердің билігі орнаған Морида, Уэсугиде, Хатакэда, Акитада да тодзамалардың жерлерін тәркілеу ісі жүргізілді. Осы 2 жылдың ішінде Токугав тодзама даймелердің княздық билігін өзгертті. Тәркілеу тек даймелерге ғана жүргізілген жоқ, олардың вассалдары бусилар мен самурайларды да қамтыды. 100 мыңдаған самурайлар Токугавтың бұл ісіне қарсы шығып құрбан болды. Даймелердің енді кепілдікке ала бастады, кепілдік жазасы даймелер үшін өте қиын болды. Бұл сегун ІІІ Иэмицудың кезеңіне 1634 жылға дейін, Асикага мен Хидэесудың билік етуінінен бері жалғасып келген. Кепілдіктегі даймелер княздықта еркін өмір сүре алмады, олар күнделікті Осака мен Фусимидың қарамағында кериті диктатураның қол астында өмір сүрді.
Токугав тодзама даймелердің Эдоға келуге көндірді, оларға сегун үйінің берді. 1604 жылдан кейін барлық даймелер бір жыл сайын сегун астанасы Эдоға келіп тұруға міндетті болды. Бір жыл өткен соң даймелер әйелдері мен балалары сегун үйінде кепілдікте қалды. Бұл әрекетке қарсы тұрғандар жазаланды. Кепілдіктегі адамдар сарайлар салуға пайдаланылды, осындай қиыншылықтар княздықтарды әлсірете бастады.
Сегун феодал кнзядықтарына салық салумен қатар, дәстүр бойынша кнзядар сегунға сыйлық ретінде күміс және алтын тиын ақшалар берді. Сегун орнатқан жоғары қадағалай тәртібіне қарамастан, княздар еркін жүре алды, олар шаруалармен, саудагер-көпестермен, қолөнершілермен жақсы қарым-қатынас орнатты.
Әскери-феодалдық дровяндардың төменгі бөлігі «хатамото» деп алады. Олар сегунның тұрақты вассалы емес, олардың иеліктерінде өз жерлері болған жоқ, олардан сегунның әскері құралды. Әскердің басында жоғары орынды чиновниктер иеленді. Чиновниктер «мэцукэ» деп аталды. Олар сақшылық қызмет атқарып, мемлекеттің орталық аппаратын қорғады.
Осы уақытта дворяндардың қызметіне өзгертулер енгізілді. Самурайлық құқық бойынша, самурай дворяндар әскери қызметтен басқа іспен айналысуға құқықтары болмады. Жалпы 100 мың коку күшін өнім табатып княздықтарға 2 мыңға дейін әскер иеленуге рұқсат берілді. Аз өнім табатын самурайларға қысым көрсетірліп, самурайлар наразылық білдірді. Көптеген самурайлық дворяндар әскери қызметтен бас тартып, өз еріктермен мұғалім, дәрігер, суретші сияқты ұсақ қызметтермен айналысып кетті. Осыдан барып Токугавтың бұл ережесіне наразы үйсіз самурайлардың саны көбейе бастады.
Токугавтың династияда сегун орнатқан тәртіп діни тұрғыныда қадағалады. Сегун монастырлардың әскери-экономикалық күшінен қауіптенді, өйткені монастырларды жасырын түрде Токугавқа қарсы тодзама даймелер қолдап отырған болатын. Монастырлардың сеніміне кіру Токугав сегунатының мақсаты болды.
ІІ. Феодалдарға қарсы ауыл және қала тұрғындарының наразылығы
XVII ғасырдың бірінші онжылдығында қолданыстағы жер мен егістік көлемі ұлғайды, Хидэеси кезінде орныққан 2-3 егістік көлеміне салынатын салық нэнегу Токугав кезеңіне қарағанда 40 пайызға төмен болған. Ауыл шаруашылық мәдениеті дамып, тәтті картоп өсіру, темекі, шай, қант өсіретін жерлер ұлғайған болатын.
Токугав тұсында феодалдық биліктегілер ауыл шаруашылығында қатаң тәртіп орнатты. Бұл тәртіп бойынга адамдарға тамақ ретінде күрішті пайдалануға тиым салды, мерекелік күндерде ғана күріштен тамақ жасалды, басқа күндер тамақты сұлы, арпадан жасады. Қымбат бағалы мата жібектен киім киіуге рұқсат етілмеді. Әр отбасына тұрғын үйдің көлемі өлшеніп берілді және көңіл төтеруге, театрға баруға, мерекелер өткізуге тиым салынды. Үйлену тойы, өлген адамдарды жерлеу сияқты қарапайым түрде өткізілді.
Феодалдар ауылдарды басқаруда ауыл жұмысшыларын биліктерге бөлді, әр бөліктің өз басшысы болды. Қиын жағдайларда ауылдан қашқан шаруалар үшін басшылары оның бөліміндегі басқа адамдарға салық салды.
Токугав сегунатының қатал полицейлік тәртібі феодалдарға қарсы бас көтерулерді тоқтата алмады. Сегун шаруалардың осы кезде әр ауданда болған 2726 бас көтеруін басқан еді. Сегундық билікке қарсы шыққандарды жанұясының алдында қатаң жазалады.
XVII ғасырдың 50 жылдарында әйгілі болған шаруалар арасында шыққан Согороны айтуға болды. Сегунның қатаң тәртібіне наразылық білдіргені үшін оның 4 баласын көз алдында өртеп, өзі ағашқа шегелеген.
Шаруалар даймелер мен байларға қарсылықтарын жалғастыра берді. Ауыл байлары феодалдардан рұқсат алып ауыл кедейлеріне салық салып, тонай бастады. Тарихи деректерде бұл оқиға XVII ғасырда болған шаруалардың феодалдарға қарсы бас көтерулерінің ішіндегі ірі қозғалыс еді, олар феодалдардың кеңсе, қоймаларын қиратып, олардың жақтаушыларын өлтірген.
Қала халқы феодалдар құрамына кірмеді, олар Токугавтың әлеуметтік жіктелуде төменгі сатыны иемденді. Олар көбінесе қолөнершілер мен саудагерлер еді, олардың басқа сословиялерге қарағанда құқықтары төмен болды. Сегун мен даймелер қала байлығына көз тігіп, қалада феодалдық тәртіпті орнатуға тырысады. Қалаларда ішкі сауда ісі өркендеді, ірі қалалар экономика мен саясаттын қызған орталықтарына айналды. Жапонияда мұндай қалалар саны 17-ге жетті. Маңызды сауда орталықтары Эдо, Осака, Киото, Сакай, Нагасаки болды. Сегундық астана Эдода байлардың кәсіпорындары жоғары биліктегілерге бағынды. Киото-император астанасы болды. Осака үлкен сауда орталығына айналды, онда саудагерлермен көпестер табыстарға жетті және де мұнда жұмысшылардың әр түрлі цехтары ашылды.
Осака қаласында жапонияның басты базары ашылды, көпестер мен даймелер онда өздерінің қымбат товарларын: күріш, жібек мата, фарфор, қағаз т.б. заттарын апарды. Осы жерде күріш қоймасы ашылып, адамдар жерлерін кепілдікке қойып күріш алды. Сонымен қатар балық, жеміс қоймалары да ашылды. Бірақ басты құндылық әлі де күрішпен өлшенді. Солтүстік және Онтүстік-батыс Кюсюда фарфор және қағаз өнірілді; Киота ауданы Нарада-жібек мата, сакэ, металдан жасалған бұйымдар; Нагоя Сэто аудандарында-керамика мен фарфор; Наганода-жібек мата; Сацумада-қант; Тоса мен Тесюда-қағаз өндірілді.
Мемлекетті басқару үшін үлкен аппарат құрылды. Оны жоғарғы мемлекеттік кеңес (додзекан) басқарды. Ол кеңеске 8 министрлік бағынды. Ел провинцияға (кундер) уездерге (корлер) бөлінді. Жалпыға бірдей әскери міндеткерлік енгізілді. Білім беру жүйесі Қытай үлгісімен құрылды. Қытай тілі үкімет басшыларының тілі болды. Мықтылар қытай тілінде сөйледі.
Жапониядағы феодализмнің орнығуы құл иеленушілікті толық жойған жоқ. Жартылай құл жартылай ерікті томобэ мен какибэлер жойылды. «Яцуко» деген үй шаруашылығындағы жекеменшік малай – құлдар сақталып қалды. Мемлекеттік құлдардың жаңа категорясы – мемлекеттік мекемелердегі малайлар пайда болды. Құл иелену ол кезде жер алу жолдарының бірі болды. Әр құл үшін оның иесі үкіметтен үлестің үштен бірін алатын. Құл табу барған сайын қиындай түсті. Кейбіреулер кедейлердің балаларын құлдыққа сатып алды, кейбіреулер ұрлап немесе тартып алды. Сондай – ақ, қылмысы үшін жазаланғанар мен қарызын өтей алмағандар құлға айналатын. Өмір сүруге қаражаты жоқ адамдардың өзін - өзі құлдыққа сатуы да кездесетін.
VII – VIII ғасырларда жапон халқының 10 -20 % - ке жуығын құлдар құрады. Олардың еңбектері негізінен құрылыстарда пайдаланылды. VIII ғасырдың аяғына қарай құлдар еңбегі жойыла бастады. Егіншілікте құлдар еңбегі толық жойылды.
Жапониядағы феодализмнің дамуы самурайлардың қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Өйткені самурайлар феодализмінің негізін қалады. Сондықтан олардың қалыптасу тарихын қарастыру қазіргі таңда шығыс елдері тарихының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Жапон қоғамындағы самурайлар Европа елдерінегі рыцарлардан экономикалық көзқарастары бусидо этникалық ілімдері және діндеріне байланысты ерекшеленген. Алайда екеуі де қоғамның әлеуметтік сатысында ерекше орын алады.
Самурай деген не? Бұл сөз жапон тілінде «Ұлы адамға, жоғары топқа қызмет ету» немесе «қожасына қызмет ету және оны қорғау» мағынасын береді екен. VII –VIII ғасырлардың аяғында самурай деген сөз «Жеке құл» деген мағына берген. Жапониядағы Тайхорицуре заңы бойынша 60 жастан асқан және науқас адамға бір самурай, 90 жастан асқан адамға екі самурай, 100 жастан асқан адамға бес самурай қызмет ететін болған.
ІХ ғасырда самурай деп сарайда қызмет ететін ханзадалар мен уәзірлердің жеке құлын атаған. Ал Х – ХІ ғасырларда самурай терминімен көп жағдайда вассалы, жасағы және атқа шаба білетін жоғарғы және орташа әскери феодалдардың құлын атаған. Самурай деп ХІІ ғасырдың соңында әскери феодалды, билеуші сёгунның тәуелді вассалын атаса, XVII ғасырда олай деп хамота – жоғарғы және артықшылығы бар әскери феодалдар тобының бір бөлігін атаған.
Самурай тарихының қалыптасу кезеңі төртке бөлінеді. Біріншісі – самурай тобының пайда болу және қалыптасу – VІІ – ХІ ғасыр; екінші кезең–топтың нығаю және дамуы – XI – XIV ғасыр; үшінші – самурай тобының толығымен қалыптасуы және кемелдену сатысы – XV –XVII ғасырлар; төртінші кезең – XVIII ғасыр -самурай тобының ыдырай бастауы және оның тап ретінде жойылуы.
Самурайлардың құрылымы феодалдық топтың ажырамас бөлігі ретінде билеуші топтың жалпы құрылымына сәйкес келеді. Самурайлар ұсақ жер иеленушілердің әскери феодалы ретінде қалыптасады. Е.А.Мельникова оларды ХІ ғасырдағы скандинавиялық хускарлармен салыстыра отырып, олар құл немесе жасақтар ретінде феодалдардың құзырында қызмет еткен деген байлам жасайды. Ал, А.Б. Спеваковский самурайлар тобын Жапониядағы әскери қызмет ететін дворяндар деп, олардың пайда болуын VII – VIII ғасырларға жатады деген пікір айтады. Сонымен самурайлар деп Жапонияда алғашқы кезеңде текті адамның, феодалдың құлын айтқан. Ал кейінірек ұсақ дворяндардың әскери тобын атайды. Самурай термині жапон әскеріне де қолданады
ІХ - Х ғасырларда Жапонияда мемлекет жерін жеке меншікке айналдыру үдерісі кең өріс алады. Өйткені мемлекет тарапынан иесіз, тың жатқан жерлерді ақысын төлеп, жеке меншікке айналдыруға рұқсат берілген болатын. ІХ ғасырдан бастап жапон қоғамында негізгі екі топ пайда болады: жер иелері феодалдар мен оларға тәуелді шаруалар. Жергілікті феодалдардың нығаюының айғағы – олардың өз қарулы күштерін құруы. Оған мемлекеттік басқару жүйесінің әлсіреуі де себеп болады. ХІ –ХІІ ғасырларда феодалдық поместьенің екі түрі пайда олды. Оның бірі – Жапонияның шығысы мен солтүстігінде, екіншісі – орталық және оңтүстік батысында бой түзейді. Біріншісі орталықтан қол үзген және айну тайпасымен тынымсыз күрес жағдайында қалыптасады. Мұнда феодалдық поместьелердің жаңа түрлері тез, қысқа мерзімде пісіп жетіледі. Шығыс солтүстікте қашқын шаруалардың көп шоғырлануы ірі жер иеленушілердің өз жасақтарын құруы, ұсақ жер иелерінің қол астынан пана табуы өте тез қарқынмен және ашық түрде жүреді. Жасақшылар өз қожайындарынан жер үлестерін алады. Осылайша солтүстік – шығыста жаңа тап – самурайлардың қол астында ұсақ тоғайлық жер иелері өмірге келеді. Самурайлар бір әскер басының үйіне топтасады Оларды жерді өздерінің сюзерендерімен алған сыйлық грамоталары негізінде иемденеді. Үстем етуші феодалдар тобы - әскери поместьелік дворяндар, самуайлар елдің негізгі жер қорын қолына ұстап, өзінің мемлекеттік аппаратын құрады. Осы оқиғадан кейін Жапониядағы самурайлар тобын әскери тобын әскери дворяндар деп атайды. Сонымен самурай тобы ХІІ ғасырда әскери сипатқа ие болды. Самурайлардың ерекше шоғыры немесе жоғарғы тобы феодалдық князьдар, жер иеленушілер болып табылады. Бұлардан кейінгі сатыда – орта және төменгі жағдайдағы самурайлар. Олар бір – бірінен пайда табу табу ерекшеленеді. Самурайлардың пайда болу кезеңінде шаруаларға жақын тұрғандарының негізгі бөлігі ауқатты шаруадан құралады және жер иеліктерімен тығыз байланыста болады. Осы кезеңде топ арасында айырмашылық болмаған, кейін самурайлар айнуларға қарсы соғыста шығындалып, әскери қасиеттерге ие болып, самурай тобына айналады. ХІІ ғасырдың соңы бірінші сёгунаттың нығаюы деп аталады, яғни бұл кезеңде самурайлар жапон қоғамында ерекше топ болып өзгешеленеді. Самурайлар тобы біраз артықшылықтарға ие болады.
Сёгун Токугава билігі тұсында самурай тобының нақты қалыптасу кезеңі деп есептелінеді, топ дамуың ең жоғарғы даму дәрежесіне жетеді. Ал, феодализмнің дамуымен самурай тобы үстем топқа айналады. Орта ғасылардың екінші кезеңі – дамыған феодализм кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық қатынастардың дамуы қоғамның жаңа тобы – қоғамның жаңа тобы самурайлар тобының өмірге келуіне, қалыптасуына әкеп соғады. Соңғы кезеңінде XVIII –XIX ғасырларда самурайлар тобы ыдырай бастады. Бұған жапон қоғамындағы буржуазиялық өзгерістер себеп болады. Ол өзгерісердің нәтижесінде самурайлар тобы өз құқықтарынан айрыла бастайды, ал Мэйдзи өзгерістерінен кейін самурайлар топ ретінде жойылады.
710 -794 жылдары жапон тарихнамасында Нара кезеңі деп аталады. Себебі, сол кезде Жапонияның астанасы Нара қаласы болды. Бұл кезең елдің материалдық және рухани байлықтарының гүлдене түсуімен сипатталады. Ең алдымен Нара қаласының салынуы соған дәлел. Бұл қала Қытай астанасы Чан–ань қаласының үлгісімеғн қытай құрылысшыларының басшылығымен салынды.
Нара қаласындағы Тодайдзи монастырында «Дайбуцу» немесе «үлкен Будда» деп аталатын биіктігі 16 метр қола мүсін тұрғызылды. Астана маңында алты қабат Хорюдзи монастыры болды. Ол тек сыртынан ғана әдемі, таңғажайып болған жоқ, ішкі суреттері де керемет әсем еді.
Жапонияда алғашқы тарихнамалар: «Кодзики» (ежелгі тарих) және «Нихонги» ( жапон анналдары) жазылды. Бұл шығармаларда ежелгі мифтер, ертегілер, тарихи мұралар, жылнамалар жинақталған. Сарай маңындағы ақсүйектер қатарынан шыққан бұл шығармалшардың авторлары император билігінің құдайдан тарайтынын дәлелдейді.
VIII ғасырдың екінші жартысында «Маньесю» (мириад гүлдерінің жиынтығы ) өмірге келді. Ол жапон өркениетінің халық өлеңдері мен гүлдене бастаған әдеби поэзияның алғашқы жинағы еді. Жапонияның көрнекті ақындары Хитомара мен Якомоти болды. Хитомара әсерлі элегиялардың авторы болса, Якомото махаббат жайлы лириканың көрнекті өкілі болды. Сондай – ақ жапон әдебиетінде ақын Окура айтарлықтай із қалдырды. Оның өлеңдерінде феодалдар езгісінен қалжыраған халықтың ащы тағдыры көрініс тапты.
ІХ ғасырда Жапонияда өз жазуы қалыптасты. Ұлттық жазудың қалыптасуы көркем әдебиеттің, әсіресе лирикалық поэзия мен прозаның дамуына жол ашты. ІХ – Х ғасырлардағы ақын – жазушылардың таңдаулы шығармаларының жинағы – «Кокинсю» жарық көрді. Өлеңнің ішінде 31 буыннан тұратын «Танка» деп аталған түрі кең тарады.
Х – ХІ ғасырларда «Гендзи туралы повесть» деген роман жазылды. Оны Муросаки Сикибу жазды. Муросаки император сарайының фрейлинасы болатын. Тағы да бір ірі шығарма – «Макура но сосидің» («жастық астындағы жазбалар») авторы да сарай маңындағы Сэй Сенагоя болды.
ХІІ –XV ғасырларда - өзара қақтығыстар мен саяси биліктің әскери күштер қолына көшуі кезінде мәдениеттің жаңа салалары өмірге келді. Әсіресе, рыцарлар өмірін баяндайтын эпикалық әңгімелер кең тарады. Мұндай әңгімелерден үлкен жинақ құрастырылды. Сондай жинақтардың бірі «Хэйке – Моногатари» ( Тайра туралы повесть). Онда Тайраның Жапонияны гүлдендіру үшін күресі баяндалады. Кезбе жыраулар айтатын «Сеген», «По» деген сақыналық өнер түрлері қалыптасты. Пьесаларды будда шіркеуі дінді насихаттау үшін шебер пайдаланып отырды. Сонымен бірге пьесаларда батырлық пен адалдық кеңінен насихатталды.
Төбесі сабанмен жабылған ағаш құрылыстар Жапон архитектурасының ежелгі ескерткіштеріне жатады(Б.з.д І ғ. Идзумо Исэ ғибадатханалары). VІ ғасырда буддизммен қабат келген Қытай мәдениеті Жапон архитектурасында өз таңбасын қалдырды. (Хорюдзи, Якусидзи, Тодайдзи ғибадатханалары).VIII ғасырда қытай үлгісімен Жапонияның астанасы Нара салынды. Х – ХІІ ғасырда феодализмнің өркендеуіне байланысты Жапонияда тұрғын үйлер мен ғибадатханаларды ағаштан салу әдісі қалыптаса бастады. ХІ – ХІІ ғасырларда құрылыстың бұл түрі мәнерлене түсті. ХІІ - XVI ғасырда жапон тұрғын үйінің жаңа түрі қалыптасты. Үйлердің көлемі кішірейтіліп, бөлмелер саны көбейтілді. Бөренелерден құрастырылып, айналдыра құрсауланған, еденіне бойра төсеген, қабырғалы сырғыма немесе алмалы болыпе келген мұндай үйлер жапон тұрғындарының осы күнге дейінгі негізгі баспанасы болып келеді. XVI-XVII ғасырларда қамалдар салу өріс алды. XVII ғасырда қала салу ісі өркендеді (Эдо – қазіргі Токио салынды). 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап Жапон архитектурасы Батыс Европа мен Американың ықпалында болды. Бұдан кейінгі жылдарда жапон архитектурасы түрлі теориялық көзқарастарды басынан өткерді.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жапон архитектурасы ұлттық мәнерде дами бастады. Ірі қалаларды жаңарту ісі қолға алынды. (Токио, Нагасаки, Хиросима) Ескі дәстүрмен салынған жатаған үйлердің ортасынан жер сілкінісіне төзімді етіп, темір блокты зәулім үйлер салу – қазіргі жапон архитектурасына тән қасиет. Көрнекті архитекторлары Тангэ, Кэндзо, Отани, Сатио, Маэкава Кунио, Дзюндзе Сакакура.
Жапон бейнелеу өнерінің ежелгі ескерткіштері неолит дәуіріне саяды. Б.з.д ІІІ ғасырда қоңырау пішінді қола бұйымдар мен айналарға жанрлық суреттер салу, ІІІ – VІ ғасырларда «ханива» - адамдар мен аңдардың балшықтан тжасалған бейнелерін жасау өркен жайды. ІХ – ХІ ғасырларда діни мүсінді нақыштай түсуге назар аударылса, XII – XIV ғасырларда өнердің бұл түрі монументтік сипат алды. XVIII - XІX ғасырларда түрлі – түсті гравюраға қалам тартқан суретшілер Харунобу Судзуки, Утамаро Китагава, т.б құнды туындылар берді. ХІХ ғасырда европа бейнелеу өнерінің жетістіктері кеңінен қолдау тауып, майлы бояумен сурет салу етек алды. Оно Тадасиге, Уэно Макото, Такидайра Дзиро, Хирокару Нии т.б көптеген суретшілердің шығармаларыЖапон табиғаты мен қарапайым халық өміріне арналған. Қазіргі көрнекті шеберлері: Маэкава Сэмпан, Хирацке Унъити, Онти Косиро, Мунаката Сиконың шығармаларынан ұлттық дәстүрді европалық әдіспен ұштастыруға талпынушылық байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |