Анар Бекмырзақызы Салқынбай Қазақ тілінің тарихи грамматикасы оқу-әдістемелік кешен



бет1/21
Дата18.10.2023
өлшемі0.71 Mb.
#480980
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
истрграмматика-кешен-1 (1)


Анар Бекмырзақызы Салқынбай
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХИ ГРАММАТИКАСЫ
Оқу-әдістемелік кешен
(050117 - мамандығы бойынша)

кредит көлемі 3 (135 сағат)


АЛМАТЫ, 2007


ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛҒЫ СӨЗ

Қазақ тілінің тарихи грамматикасы” пәні – тіл және әдебиет мамандарын даярлау үшін оқытылатын лингвистикалық пәндердің негізгілерінің бірі ретінде саналатын іргелі теориялық курс.


Курстың негізгі мақсаты – қазіргі қазақ тілі бойынша алынатын білімді тереңдете отырып, қазақ тілінің тарихи лексикалық қоры мен құрамын, толығу жолдары мен жүйесін, тіл тарихының қалыптасу, кемелдену жолындағы фонетикалық өзгерістердің рөлін, этимологиялық және этнолингвистикалық ерекшеліктерін, сөзжасам жүйесі мен оның теориялық номинациялық қисындарын, грамматикалық құрылымындағы тұлғалық және қызметтік, мағыналық өзгерістердің себебі мен салдарын, сөз және сөйлем құрылымының күрделену сипатын т.б. ғылыми негіздеп кешенді түрде оқыту.
“Қазақ тілінің тарихи грамматикасы” курсын оқу барысында студент қазақ халқының этногенездік құрамына сәйкес халық тілінің қалыптасу ерекшеліктерін, дыбыстық сипаты мен грамматикалық құрылымының ғылыми негіздерін, ұлт тілі ретінде өсу, даму жолдарын онтологиялық бағдарда кешенді түрде меңгереді. Тілдің даму жолдарын айқындау арқылы оның танымдық желісін таниды.
Қазақ халқының этногенездік құрамына сәйкес халық тілінің қалыптасу ерекшеліктерін, тіл дамуының негізгі кезеңдері мен жолдарын білумен қатар, қазіргі қазақ тілінің құрылымынан жаңа құбылыстар мен көне тілдік күйдің қалдықтарын ажырата білу, қазіргі тіл құрамындағы синонимдік, антонимдік, көпмағыналылық сияқты құбылыстардың болу себебін, омонимнің, варианттардың, дублеттердің, пайда болуы мен оның ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда түсінеді.
Сондай-ақ, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері мен ортағасырлық мұралар тілін лексикалық, фонетикалық, грамматикалық жағынан талдай білуі, қазіргі қазақ тілімен, басқа түркі тілдерімен салыстыра отырып, даму ерекшеліктерін саралауы, этимологиялық, этнолингвистикалық талдаулар жасай алуы қажет.
Тарихи грамматика қазіргі қазақ тілінің лексикасы, фонетикасы, грамматикасы пәндері бойынша алынған білімді тереңдете жүйелей келіп, болашақ маман иесіне тілдегі барлық деректерді, заңдылықтарды, тілдің жүйелі құбылыстарды дұрыс танып, оның тарихи қалпын, тарихи даму жолын саралауға мүмкіндік береді.
“Қазақ тілінің тарихи грамматикасы” курсының ұсынылып отырған бағдарламасы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алып, халық тарихын зерттеуге үлкен маңыз беріліп отырған кезеңге сәйкес, халықтық таным, дүниетаным, ұлттық менталитеттің қалыптасуындағы негізгі тұғыр тірегі – тіл екенін бағамдап, тіл тарихы оқытылуының ауқымдылығы мен мәнін ескеруге міндетті болады.
Ерекше ескерілген жай – түркологияда, сондай-ақ қазақ тілі білімінде соңғы кездердегі жарық көрген ғылыми зерттеулердің жаңа теориялық қорытындылары мен тұжырымдары. Олардың қазақ тілінің тарихын зерттеудегі ерекше сипаты мен өзгешелігі айқындалып көрсетілуі тиіс.
“Қазақ тілінің тарихи грамматикасы” – іргелі теориялық курс болғандықтан, студенттердің теориялық білігі мен тарихи танымын ғана жетілдіріп қоймай, практикалық дағдылар беруді де міндет етеді. Семинар сабақтары мен лабораториялық жұмыстар кезінде тарихи мұралар тілі талданып, сөз семантикасы мен этимологиясы нақты деректер негізінде талдануы тиіс. Сондықтан мұндай дәріс түрлерінде студенттердің көне түркілік ескерткіштер тілін талдауы, сөз мағынасының даму жолдарын айқындауы жүйелеуі, атау теориясы, семантика, уәжділік, ономасиологиялық теориялар негізінде тілдік деректерді талдай білуі басты бағыт ретінде ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет