Түркі тілдерінің зерттелуі



Дата21.04.2024
өлшемі1.61 Mb.
#499442
Түркі тілдерінің зерттелуі Касенова

Түркі тілдерінің зерттелуі

Дүниежүзі бойынша әлемдік өркениетке өзіндік кескін-келбетімен келіп жеткен,оған өзіндік үлесін қосқан халықтар аса көп емес.Әлемдік өркениетке өзіне тән табиғи бітім-болмысын сақтап келгендердің бірі – түркі тілдес халықтар.

Түркі тілдері - Қиыр Шығыстан Жерорта теңізі мен Үнді мүхитына дейінгі кең байтак өлкеде тұрып жатқан 40-қа жуық туыстас халыктардың тілі. Түркі тілдері - алтай семьясы бұтағының бір бөлігі. Казіргі таңда түркі тілдері 170 млн-ға жуық адамдардың сөйлеу тілі (2008). Олардың басым көпшілігі ТМД елдері мен Түркия, Иран, Әзірбайжан, Өзбекстан мемлекеттерінде тұрақтанған. Ресей, Кытай, Қазақстан секілді іргелі елдердің әркайсысында 12-15 млн. түркі тілдес халыктар мекендейді.2008 жылғы мәлімет бойынша түркі тілдес халықтар өкілі Еуропалық одақ - 2 млн (Ұлыбритания, Германия жене Фран-цияны қоспағанда), АҚШ - 1 млн, Германия - 5 млн, Франция 0,4 млн, Ұлыбритания - 0,4 млн, Моңғолия - 80 мын, Жапония - 0,1 млн, Канада - 0,2 млн, Бразилия - 0,1 млн, Аргентина 0,1 млн, Украина жене Беларуссия - 0,3 млн, Латын Америкасы (Бразилия жене Аргентинаны қоспағанда) - 0,8 млн, Австралия-60 мың. Дүниежұзінің қалған аймақтарында - 1,4 млн

Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков түркі тілдерінің даму тарихын мынадай кезеңдерге бөледі:

Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков түркі тілдерінің даму тарихын мынадай кезеңдерге бөледі:

  • алтай дәуірі;
  • ғұн дәуірі;
  • көне түркі дәуірі:
  • орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының дамуы мен қалыптасу дәуірі;
  • жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының калыптасуы мен даму дәуірі;
  • ең жаңа дәуір немесе түркі тілдерінің қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі даму дәуірі.

Тағы да бір түрколог А.Н.Самойлович (1922) түркі тілдерін алты топқа бөлді. Олар: р-топ немесе булгар, д-топ немесе ұйғыр, болмаса солтүстік-шығые, тау тобы немесе қыпшақ, болмаса солтүстік-батыс, тағлық тобы немесе қыпшақ, болмаса онтүстік-шығыс, тағлы тобы немесе қыпшақ - түркімен, ол тобы немесе онтүстік-батыс.

  • Тағы да бір түрколог А.Н.Самойлович (1922) түркі тілдерін алты топқа бөлді. Олар: р-топ немесе булгар, д-топ немесе ұйғыр, болмаса солтүстік-шығые, тау тобы немесе қыпшақ, болмаса солтүстік-батыс, тағлық тобы немесе қыпшақ, болмаса онтүстік-шығыс, тағлы тобы немесе қыпшақ - түркімен, ол тобы немесе онтүстік-батыс.
  • Мысалы, Г.И Рамстедт (1935) түркі тілдерін мынадай алты негізгі топқа бөледі: 1) чуваш тобы, 2) якут тобы, 3) солтүстік тобы (1949 жылы Ряснен дәл осылай бөле отырып, бұларды солтүстік-шығыс тобы деп аталады, 4) батыс тобына (Рясяненде бұл солтүстік-батыс тобы деп аталады), қырғыз, қазақ,қарақалпақ, ноғай, құмық, қарашай-балқар, шығыс-қарайым және батыс-қарайым, татар жене башқұрт,ескерткіштерінде сақталған половец (куман) тілі, сондай-ақ қыпшақ тілі, сондыктан бұл топ «қыпшық» тобы деп аталған, 5) шығыс тобы (Рясненде онтүстік-батыс): түркмен , әзербайжан, түрік, гагауз тілдері.

И.Бенцинг пен К.Менгес (1959 ж.) түркі тілдерін бес топқа бөледі: 1) бұлғар тобы (чуваш, өлі бұлғар тілі);

И.Бенцинг пен К.Менгес (1959 ж.) түркі тілдерін бес топқа бөледі: 1) бұлғар тобы (чуваш, өлі бұлғар тілі);

2) онтүстік немесе оғыз тобы (турі, гагауз, қырым-осман, әзербайжан, түркмен);

3) батыс тобы(қарайым, қарашай-балқар, құмық, татар, қырым татарлары, башқұрт, қазақ, қарақалпақ, ноғай,қырғыз);

4) шығыс немесе ұйғыр тобы (өзбек, жанаұйғыр, сарыұйғыр);

5) солтүстік тобы (алтай, шор, хакас, якут, долған) . Бұлғар тобынын фонетикалық белгісі ретінде сөз соңында г,ғ дыбыстарынын болмауы алынады (чуваша ту-тав «тау»); шығыс немесе ұйғыр тобы сөз соңындағы г,ғ ұяңдарының к/қ-ға айналуымен ерекшеленеді ( йайақ «жаяу»); онтүстік немесе оғыз тобының ерекше белгісі болып ілік жене барыс септіктерінің - ин, -а аффикстері табылады, осы шақтың формасы түрік тілінде ийор, әзербайжан тілінде - ир т.с.с

Қазір тәуелсіз қазақстанның мемлекеттік саясаты, саяси ұстанымы өзгеше. Бүгінде түркілік рух, ата-баба дәстурі, ұлт, ұлттық, ұлтжандылық мәселесі адамзат болмысына біткен ең нәзік сезім ретінде мойындалып, жақсы мағынада отаншылдық, елжандылық деген сияқты елдік санаға ұласып отыр. Енді ұлттық ой-сана мен дүниетанымды қалай қалпына келтіріп өзектендіруге болады және оны жүзеге асырудың жолдары қандай деген мәселелер алға шықты.

Қазір тәуелсіз қазақстанның мемлекеттік саясаты, саяси ұстанымы өзгеше. Бүгінде түркілік рух, ата-баба дәстурі, ұлт, ұлттық, ұлтжандылық мәселесі адамзат болмысына біткен ең нәзік сезім ретінде мойындалып, жақсы мағынада отаншылдық, елжандылық деген сияқты елдік санаға ұласып отыр. Енді ұлттық ой-сана мен дүниетанымды қалай қалпына келтіріп өзектендіруге болады және оны жүзеге асырудың жолдары қандай деген мәселелер алға шықты.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет