Орталық мешітте құран-хатым түсірілді



Дата11.06.2016
өлшемі17.36 Kb.
Орталық мешітте құран-хатым түсірілді
31-мамыр күні түске дейін Қайым Мұхамедханов ескерткішіне тағзым еткен зиялы қауым, түс кезінде Әнет баба атындағы қос мұнаралы мешітте саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске түсіруге арналған құран-хатымда жүздесті. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының басшысы Құрманбай Марат Серікжаныұлының ұйымдастыруымен өткен тағылымы зор шараға қала әкімі Айбек Кәрімов, Семей қалалық маслихатының хатшысы Жағыпарбек Елубаев, ШҚО әкімдігінің бас инспекторы Василий Ахаев бастаған жергілікті билік өкілдері де қатысты.

Ақсақалдардын батасын алып, қалалықтар игілігі үшін кез-келген істің басынан табылатын қала әкімі мұндай игілікті іске қолдау танытып келеді. Қала әкімі Айбек Кәрімов:

-Тарих әрқашан шындықты қалайды. Біз-шындық арқылы ғана болашаққа жол ашамыз. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы еткен бүгінгі күні өтен тарихымызды қайта парақтауға зор мүмкіндік алдық. Соның аясында осындай ізгі істер жасап, нәубет жылдары қуғын-сүргін құрбандарына айналғандарды еске алып, салауат айту сауапты істің бір белгісі, елдігіміздің айғағы, осы игілікті шараны ұйымдастырушы «Абыралы-Дегелең» қорының құрылтайшыларына алғыс айтуымыз керек-деп атап өтті.

«Абыралы-Дегелең» қорының төрағасы, облыстық маслихаттың депутаты Марат Құрманбай:



-1932-1933 жылдардағы ашаршылықтың 80 жылдығына және 1937 жылғы жаппай қуғын-сүргіннің шарықтау кезеңінің 75 жылдығын ел көлемінде еске түсіріп, атап өту жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үндеу тастаған болатын. «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорындағы ақсақалдармен ақылдаса келе осы істі қолға алып, ұйтқы болып отырмыз. Бұл-біздің тарих болғандықтан келер ұрпақ көрсін, білсін деген ниетте ұйымдастырылады. Тарихтан белгілі жайт – Абыралы көтерілісі де осы жылдары орын алған еді. Біздің қорымыз осы көтерілісті де назардан тыс қалдырмады. Былтыр Абыралы көтерілісінің 80 жылдығына арналған үлкен монумент бой көтерді, көтеріліске қатысқандарды мұрағаттан іздеп тауып, монументтің тақтатасына қашап есімдерін енгіздік.

Нәубет құрбандарына арналып берілген асқа-жазушы Медеу Сәрсеке, тарихшы-мұрағатшы Болат Нәсенов, халықаралық «Абай» қорының президенті Балтабек Ерсәлімов, белгілі ақын Мұрат Сұлтанбеков, Әзімхан Садуақасов сынды ақсақалдар қатысты. Жиын соңында ел ақсақалдары атынан Сейтіжан Тәбәріков бата берді.

«Семей таңы» газеті № 44

1 маусым 2012 жыл.



Ерзат Жанатұлы
Каталог: app -> webroot -> files -> deputatskaya%20deyatelnost -> Kurmanbai
deputatskaya%20deyatelnost -> Шығыс Қазақстан облысы №37 Ақсуат сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты Е. К. Құттыбаевтың есебі
deputatskaya%20deyatelnost -> Жемқорлықпен күрес Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті
Kurmanbai -> Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының №20 сайлау округі бойынша депутаты
Kurmanbai -> Халық қалаулылары әкімдердің есебін тыңдап қайтты
Kurmanbai -> ДепутаттықҚА 100 КҮн сайлаушылардың сенімін ақтап келеді


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет