Туған жердің қасиетті тарихи орындары – патриотизмнің қайнар бұлағы



бет1/2
Дата11.01.2022
өлшемі24.84 Kb.
#454530
  1   2
Нурмахан публицистика


Туған жердің қасиетті тарихи орындары –

патриотизмнің қайнар бұлағы
Еліміздің еңселі оғландары ұлтымыздың қадір-қасиетін тіктеп, талай тар жол тайғақ кешуден өтіп, алдыңғы аға буын өкілдерінің өсиет еткен аманатын орындап, бар болысты біріктіріп, елдігіміздің мызғымас айғағы көк байрағымызды көкке көтеріп, Қазақ елі қайта тіктелгені жайлы жаһанға жар салған уақыт.

Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаев минутты әрбір бағалап, секундты әрбір саралап, біріге қалса, басы барды идірер, тізесі барды бүктірер, жел қайыстырар құдыреті күшті халқымен бірігіп, ұлт намысы, болашақ қамы үшін тәуелсіздікті тұғырлы шебіне жеткізу жолында бір тән, бір жан болып білек сыбана кірісе бастады.

Ел басшысы жанына ел жақсыларын жинап, ел ертеңін тіктеу мақсатында, тарихи сананы қайта жаңғыртып, ұлтымыздың өсіп-өркендеуі, даму болашағы үшін үлкен үлес қосар бірнеше жарғыларын жариялады. Қазақ елінің әлеуетіне жасалған әрбір жарғы көп ұзамай оңды нәтижесін көрсете бастады. Жасалған жарғылар нәтижесі ұлтымыздың қанша уақыт өтсе де, рухани жұтаңдықтан сақтап қалар қалқаны мен ұлт мақтанышы болары ақиқат еді. Сондай жарғылардың бірі тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында «Туған жер» және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағдарламасының жобасында көрініс тапты. Жоба аясында рухы биік ел ардақтылары бүкіл елді аралап, тарихи маңызы мол саяхатқа жол тартты. Ел тарихын жаңғырту жолындағы құндылығы жоғары зерттеу жұмыстары Мырзашөл өңірі мен төңірегіндегі ортағасырлық қалалар мен отырықшы елді-мекендер, әз-әулиелердің кесенелері мен тарихи орындары да қарастырыла бастады. Осы орайда тарихи жадымыздың қайта жаңғыруына орасан зор үлес қосқан ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласының ашылуы болды. Бұл тарихи оқиға өзінің ұлтжанды азамат екендігін көрсетіп, кеудесінде отансүйгіштік пен патриоттық сезімін оята білген ұлы тұлғалар арқасында жүзеге асты. Нақтырақ айтар болсақ, ел тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде бұл ортағасырлық қалаға алғаш назар аударып, зерттеуді қолға алған Түркістан облысының Жетісай ауданында орналасқан «Сырдария» университеті «Отан және шетел тарихы» кафедрасының профессор-оқытушылары С.Н. Апашева мен М.Б.Мейірбековтің үндеуімен ортағасырлық Үтіртөбе қаласына университет тарапынан қаржы бөлініп және кәсіби археолог мамандар шақырылып, археологиялық зерттеулер жүргізіле бастады.

Бұл ортағасырлық қала туралы жергілікті халық арасында қаланың су басып төбе болуы туралы мынадай үш аңыз таралған екен:

«Ежелгі заманда бұл қала гүлденген, мәдениетімен атағы шартарапқа жеткен, тоғыз жолдың торабында орналасқан сәулетті қала болған екен. Қалада бір атақты бай тұрыпты. Ол бір перзентке зар болыпты. Қартайғанда әйелі ұл туып, бай ұлан-асыр той жасайды. Мыңдаған қой мен ірі қара сойылып, қанын судай ағызады. Қанның көптігі сонша, ол өзен болып ағып, Сырдария өзеніне қосылып, өзеннің суы қаннан қып-қызыл болып тасып, қаланы басып қиратқан. Қала жер астына көміліп төбе болып қалған» - дейді бір аңызда.

Екінші аңыз. Осыдан жүздеген жылдар бұрын Үтіртөбе Сырдың бойындағы үлкен қалалардың бірі болыпты, оның базарларында жер-жерден әкелінген бағалы дүние, неше түрлі көздің жауын алатын тастар сатылады екен. Тіпті күнделікті сатылатын затта есеп болмапты. Сырдарияға құятын шағын өзектің жағасында тұрған қаланың зәулім үйлерін, сарайларын қоршаған қамалы биік, қақпасы берік екен. Қала маңындағы сансыз арықтардың жағасында жайқалған бау-бақша, егістіктерге көз сүйсінерлік болыпты. Бір жылы ерте көктемде жеті күн, жеті түн алапат нөсер жауып, қаланы бір түнде су басыпты. Қаланың қамалын шайып аққан топан су зәулім үйлерді жермен-жексен етіп, қала маңындағы бау-бақша, егістіктер су астында қалыпты. Топан су қайтқанда қаланың жанынан аққан шағын өзектің орнында арнасы кең, жарқабағы биік, әрі терең өзек пайда болыпты, халық оны «Сорөзек» деп атапты.

Үшінші аңыз. Осыдан жүздеген жылдар бұрын Сырдың бойындағы «Түрік өткелдің» басында Үтіртөбе деген әрі үлкен, әрі көрікті қала болыпты. Оның неліктен Үтіртөбе атанғанын ешкім білмепті. Қаланың биік-биік үйлері, күмбезі күнмен шағылысқан мұнара, сарайлары алыстан көрінеді екен. Үтіртөбеге Сырды жағалап жүрген бірде-бір керуен соқпай жүрмепті. Оның базарларында күні-түні сауда қызып жатады екен. Алыстан келген керуендер бұл қалада бірер күн сауда жасап, ұзақ жолға шығарда көліктерін тынықтырыпты. Үтіртөбеден шыққан керуендер шар тарапқа жүріп жатыпты, Сырды жағалап жоғары жүрген керуен бір күнде Шыршықтағы өткелге жетсе, Келесті жағалап жүрген керуендер 4-5 күнде Шаштан шығатын үлкен жолдың бойындағы қалаларға, керуен сарайларға үзбей қатынап жүретін болыпты. Сондықтан болса керек, «Жызақ жолы» деп аталатын керуен жолдың Жызақ-Сайрам аралығын кейде «Түйе жолы» деп те атайды екен. Бір жолы Үтіртөбені топан су басып, керуендер судан Сырдың бойындағы басқа өткелмен өтетін болыпты.

Осы аңыздың келесі бір нұсқасында Үтіртөбені қалай топансу басқаны төмендегіше баяндалады. Бір жылы Асықатадан келген елге белгілі мұрап ханға барып: «Хан қаланың жанынан терең, әрі үлкен канал қазғыз, тоғандарды биіктет, жақында топан су келеді» – депті. Хан мұраптың айтқанына құлақ аспапты. Келесі жылы көктемде Үтіртөбені топан су басып, оның халқы апат болыпты.

Сонымен қатар археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған көз қуантарлық құнды жәдігерлер (жебе ұшы, найза ұшы, көзе, құмыралар т.б) еліміздің тарихы тым тереңде жатқандығының бұлтартпас айғағы ретінде «Сырдария» университетінің мұражайында сақтаулы тұр. Ел тарихымен жақыннан танысқысы келген кез келген ұлтжанды азамат шалғай жатқан аудан жастарын жоғары біліммен қамтамасыз етіп отырған «Сырдария» университетіне келіп тарих қойнауында жатқан сырлардан хабардар болып қайта алады. Дегенмен «мың рет естігеннен, бір рет көрген жақсы» дегендей қазба жұмыстары барысында құнды жәдігерлерді тапқан кездегі қуанышты ләззатты тек археологиялық экпедицияға қатысушы студенттер ғана тамаша сезіне алады. Сонымен қоса қазба жұмыстары барысында профессор-оқытушылар тарихи, қызықты оқиғаларды айтып, әр өткен уақытты текке жібермеуге тырысады. Тағылымды тәрбие мен білімді жастардың санасына жайластыру жолындағы ерен еңбегі үшін ұлағатты ұстаздарға мың алғыс айтқым келеді. Білімді де, білікті профессор-оқытушылардан өздеріне керегін санасына сіңдіре алған білім алушылар кемел болашақ құру жолында мықты баспалдақ болары сөзсіз. Оның бір дәлелі ретінде тарих білім беру бағдарламасы студентінің өлең жолдарынан көруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет